Сынып: 5
Диктант
Оқымысты бала
Ауыл жайлауға көшті. Шідерті өзенінің бойын жағалай киіз үйлер тігілді. Айнала көкорай шалғын.
Әлкейдің қолынан кітап түспейді. Үйінде 5-6 кітабы бар. Соны қайта-қайта ақтарады. Тіпті бәрін де жаттап алған. Әлкей – зерек бала. Бір айтылған әңгімені ұғып алады. Ертегіні жақсы көреді. Ұйып тыңдайды.
Бір күні ауыл балалары жидек теруге шықты. Әлкейді де ертіп алды. Өзеннің арғы жағына өткенде Әлкей кейіндеп қалды. Жалғыз өзі судың жиегінде отыр. Оңаша отыр, түске дейін батырлық дастанын жаттаумен болды. Қайталап оқып, ұмытқан жерін есіне түсірді. Балалар қайтқанша жырдың біразын жаттап үлгерді.
(95 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: Шідерті, көкорай, жиегінде.
Тапсырма. Мәтіндегі жалқы есімдердің астын сызыңдар.
Диктант нормалары
Сыныбы
|
Диктант саны
|
Сөздер саны
|
Орфограмма саны
|
Тыныс белгілері
|
5
|
8
|
90-100 сөз
|
12
|
2-3
|
6
|
6
|
100-110 сөз
|
16
|
3-4
|
7
|
5
|
110-120 сөз
|
20
|
4-5
|
8
|
5
|
120-150 сөз
|
24
|
10
|
9
|
4
|
150-170 сөз
|
24
|
15
|
10
|
4
|
170-190 сөз
|
26
|
18
|
11
|
4
|
190-200 сөз
|
26
|
18
|
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
1
| |
1
|
2
|
Жазба жұмыстарын орындау барысында каллиграфиялық заңдылықтарды қолданады;
|
1
|
3
|
- Мәтіндегі сөздерді өзгертпей жазады;
|
1
|
4
|
- Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді дұрыс жазады;
|
1
|
5
|
Айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді дұрыс жазады;
|
1
|
6
|
Тыныс белгілерін дұрыс қояды;
|
1
|
7
|
Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындайды.
|
1
|
Барлығы
|
7
|
Достарыңызбен бөлісу: |