5. Логикалық позитивизм Неопозитивизм ол позитивизмнің қазіргі түрі болып табылады



Дата01.12.2022
өлшемі14.35 Kb.
#466234
№4 срс. 5-сұрақ


5.Логикалық позитивизм
Неопозитивизм - ол позитивизмнің қазіргі түрі болып табылады.
Еуропада ХХ ғ. 20-шы ж. қалыптасты.
Неопозитивизмде позитивизмнің алғашқы принциптерін қолдайды (философияны терістеу). Неопозитивизм өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтті. Логикалық позитивизм - оның тарихи алғашқы түрі (басқа түрлері осының модификациясы). Логикалық позитивизмнің негіздері екі танымал философ, логиктардың шығармаларында қалыптасқан: ағылшын философ, математик, логик Бертран Рассел мен австриялық философ, логик Людвиг Витгеншейннің «Логикалық-философиялық трактаты» (1921 ж.).
Неопозитивизмнің келесі кезеңі логиктерден, математиктерден, əлеуметтанушылардан тұратын Вена ұжымының (1923 ж.) қызметімен байланысты. Оның меңгерушісі Мориц Шлик (австриялық философ, физик), өкілдері Р. Карнап, Г. Рейхенбах, А. Айер, Львов-Варшава мектебі (Н. Тарский, К. Айдукевич).
Философияның пəні болуына тек қана тіл мүмкін, себебі, ғылыми тіл - ол білімді жеткізу түрі, тəсілі.
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы. «Логика философияның мəні» деп Рассел жазған. Карнап
«Философия - ол логика» дейді. Адамдармен айтылатын пікірлерді логикалық позитивистер екі бір-бірін терістейтін түрге бөледі: 1. мағыналы пікірлер, яғни, логикалық жетілген тілмен көрсетіледі; 2. мағынасыз пікірлер, яғни, логика заңдарын бұзған. Дəстүрлі түрде метафизикалық, философиялық пікірлерді логикалық позитивистер мағынасыз түрге жатқызады. Мағыналы пікірлерді олар екі түрге бөледі:
1. аналитикалық, тавтологиялық, яғни, бағдарлама жарияламайды (логика мен математиканың пікірлері);
2. синтетикалық, тəжірибе ғылымдардың нəтижесін қамтиды.
Осы пікірлердің ақиқат деңгейі екі тəсіл арқылы шешілуі мүмкін:
1. фактілерге бет бұрмай, тілдік түрін логикалық талдау (анализ) арқылы;
2. тікелей əлде айналмалы түрде сезім тəжірибемен салыстыра отырып.
Верификация процедурасы арқылы тек синтетикалық пікірлердің ақиқатқа лайықтығы шешілуі қажет. Пікірдің верификациясы (оның шындық, ақиқат екендігін тексеру) дегеніміз, ол бақылаудың нəтижесінде пайда болған пікірлерді (хаттамалық ұсыныстарды) сараптап, соңғы пікірді шығару.
Сөйтіп, тəжірибе ғылымдардың мағыналы ережелерін синтетикалық пікірлер класына айналдыру үшін екі рұқсат еңгізу қажет:
1. білімнің негізгі деңгейі бар - көптүрлі хаттамалық сөйлемдер;
2. ғылыми анықтамалар арасындағы қатынас формалды-логикалық түрмен шектеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет