5. Тақырып. Бас мидың анатомиясы мен физиологиясы. Ми қабығы. Дәріс мазмұны: Бас мидың қабығы бар



бет1/4
Дата05.12.2022
өлшемі0.75 Mb.
#466541
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Бас ми анатомиясы


15.5 Тақырып. Бас мидың анатомиясы мен физиологиясы. Ми қабығы.
Дәріс мазмұны:
Бас мидың 3 қабығы бар: Ми қабықтары дәнекер тінді (қабықтардан) жапырақшалардан түзілген, үлкен шүйде тесігінің тұсында жұлынның қабығына жалғасады. Сыртқы қатты - қабық, ортаңғы - торлы қабық, ішкі - мимен бірігіп орналасқан жұмсақ (тамырлы) қабық деп аталады.
1. Мидың қатты қабығы (dura mater) - тығыз, мықты және құрамында коллагенді және эластикалық талшықтан тұрады. Қатты қабық ми
сауытының сүйектерімен тығыз байланыспайды. Ми сауыты негізінде қатты қабық сүйекке жақсы бекиді, әсіресе сүйектер бір-бірімен
байланысатын жерлерде және бас ми жүйкелері ми сауытынан
шығатын тесіктер тұсында. Қатты қабық кейбір жерлерінде екі
жапырақшаға бөлінеді, ішкі жапырақшалары ойыстар жасайды, осы
жерлерде қатты қабық қойнаулары пайда болады. Қойнауларда
веналық қан орналасады, мидан вена тамырлары арқылы келеді. Қатты
қабықтың ең ірі өсіндісі үлкен мидың орағы. Үлкен ми орағы сүйелді
денеге дейін орналасып ми сыңарларын бөліп тұрады. Ми орағының
негізінде жоғарғы сагитальді қойнау, бос бөлігінде төменгі сагитальді
қойнау орналасады.
2. Торлы қабық (arachnoidea encephali) - жұқа, мөлдір қабық. Жұмсақ қабық торлы қабық асты кеңістік арқылы
бөлініп тұрады, бұл кеңістікте жұлын ми сұйықтығы бар. Торлы қабық
асты кеңістік және кең ми сайларының тұсында әртүрлі көлемді торлы қабық асты цистерна пайда болады.
3. Жұмсақ ми қабықтары (pia mater encephali) - ең ішкі ми қабығы. Мидың сыртқы бетіне тығыз жанасып орналасады. Болбыр дәнекер тінінен түзілген, қан тамырларына өте бай. Жұқа ми қабығы кейбір жерлерде ми қарыншаларына өтіп, тамырлы өрім құрайды, өрімде жұлын ми сұйықтығы пайда болады. Жұлын ми сұйықтығы ми қарыншаларының тамырлы өрімінде пайда болады, бүйір қарыншалардың оң және сол қарынша аралық тесік арқылы жұлын ми сұйықтығы ІІІ қарыншаға, суағар арқылы ІҮ қарыншаға өтеді. Қатты қабық қойнаулары тұсында торлы қабықтан өсінділер-торлы қабық грануляциялары пайда болады. Бұл өсінділер веналық қойнауларға ашылады. Грануляциялар жұлын ми сұйықтығын веналық жүйемен байланыстырады.

Суретте бас мидың қабаттары мен кеңістіктері көрсетілген
Бас миы - орталық жүйке жүйесінің негізгі бөлігі. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400 -1450 г құрайды. Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты жүйкелері жатады.
Бас миы - артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыңарларынан тұрады.
Артқы ми. Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп жүйкелepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар: үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты жүйкелеpi. Осы жүйкелердің қатысуымен тыныс алу, жүрек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет