ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ
құжаты
|
УМКД
|
УМКД 042-16.1.32/03-2013
|
УМКД
« Орфографиядағы қиындықтар»
пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
______2013 жылғы
№ 3 басылым
|
5 В 0117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
«Орфографиядағы қиындықтар»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмысы
Пән бойынша глоссарий
Аккомодация (лат. Accommadatio - бейімделу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі.
Акцентология (лат. Accentus - екпін және грек logos - сөз, ілім) - 1) Екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала; 2) Екпінге байланысты болатын тілдік құбылыстардың жүйесі.
Аллофон – фонеманың әр түрлі айтылуы.
Апокопа – морфологиялық құбылыс. Соңғы буындардың түсіріліп айтылуы. Мысалы: «барады- барад», «барамын – барам» т.б.
Ассимиляция (лат.Assimilation – үндесу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. Ассимиляция сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі.
Толық ассимиляция (жазса, сүзсе, жас+са, сүс-се). Жартылай ассимиляция (қазға, тасқа) болып бөлінеді.
Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі.
Биллингвизм (лат. Bi- екі, lingua- тіл) – қостілділік; белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттік) екі тілде сөйлеуі.
Бихевиоризм (ағылшын –behaviour- мінез-құлық, тәртіп)- тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан, бихевиоризм теориясы туындайды.
Вокализм (лат. Vocalus – дауысты дыбыс) – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі.
Гаплология (грек. Hapleos – қарапайым және logos - сөз, ілім) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесе ұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұл күн – бүгін, алып кел- әкел.
Деривация (лат. Depivatio – жасалу) – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі. Дериваттарды суффикс қосу арқылы, сөз тіркесі арқылы, сөздерді біріктіру арқылы т.б. жасауға болады. Лексикалық деривация түпкі (түбірлі) бірліктің лексикалық мағынасын өзгертуге бағытталса («бас» - «бастық»), синтакситік деривация тек синтакистік қызметтің өзгеруін білдіреді («сайла» - «сайлау»).
Диахрония (грек. diachoponos – уақыттың өтуі) – тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.
Диссимиляция (лат. Dissimilatio - өзгеру) – сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы. Диссимиляция біртектес дыбыстар арасында пайда болады.
Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.
Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері – сөйлеу кезінде дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Оның негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция.
Жасанды тілдер – табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның түрлері - мамандырылмаған тілдер – халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер – ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі, химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б.
Жест тілі (ым тілі) – кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе.
Интерференция (лат. inter - аралық, ferio -соғу, тигізу) – қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы.
Конверсия (сөзжасам) – бір сөз табындағы өзгеріске ұшырамай, басқа сөз табы ретінде қолданылуы (соғыс – соғыс, ақ-ақ-ақ, ат-ат т.б.).
Консонантизм (лат. consonantig - дауыссыз дыбыс) – тілдегі диалектідегі , говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі.
Көптілділік (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі.
Ларингал (грек. Larynx - көмей) - көмейлік дауыссыз дыбыс.
Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы.
Морфема – (грек. Morrhe - форма) – тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінде белгілі бір мағына береді.
Ономасиология - номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді.
Ономастика (грек. Onomastike (techne) - атау өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.
Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай.
Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б.
Редупликация (лат. Reduplication - қосралану) - алғашқы буынның (жартылай редупликация) немесе бүтін түбірдің (толық редупликация) қосарлануынан пайда болатын құбылыс. Мысалы: қап-қара, тәй-тәй т.б.
Семиотика (грек. Semeion - таңба, белгі) – хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Сингармонизм (грек. Syn - бірге және harmonia - қос үнділік, үндесу)- морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң.
Синхрония (грек. Sync – hronos- бір мезгілде болатын) – белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы.
Субстрат (лат. Sub. Астыңғы, және stratum - қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер.
Транскрипция (лат. Trancriptio - көшіріп жазу) – сөз дыбыстарын хатқа түсіру (жазу) әдісі.
Фонема (грек.phonema – дыбыс, дауыс) – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік. Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет.
Фонология (грек. phone – дыбыс және logos – сөз, ілім) – тілдің дыбыстық құрылысы мене қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білмінің бір саласы.
Фузия (лат. fusio – қосылған жер) – көрші тұрған морфемалардың (негіз бен аффикстің) қосылып кетуі. Фузия түбір мен қосымшалар арасында болады, олар: н// д/т; м//б-п
Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады.
Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы.
Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует.
Этимон (грек. etumon– ақиқат) – сөздің бастапқы тұлғасы мен мағынасы.
Дәрістердің қысқаша сипаттамасы.
№1 Дәріс. Кіріспе. Қазақ орфографиясының принциптері жөнінде. Қазақ орфографиясының негізгі морфологиялық, фонематикалық, және фонетикалық принциптері
Дәрістің мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында оқытылатын «Орфографиялық қиындықтар» пәні тәжірибелік сабақтар арқылы студенттерге тіл фактілерін нақты танытып, олардың сөйлеу мәдениетін, жазу сауатын жетілдіруді міндет етеді.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны.
1. «Орфографиядағы қиындықтар» пәні - сөздердің дұрыс жазылуын оқытатын ең негізгі пән.
2. «Орфографиялық қиындықтар» пәні төмендегідей мәселелерді қарастыруды өзіне мақсат етіп қояды:
- кейдір дыбыстардың жазылуы;
- түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы;
- сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы;
- шылаулар мен одағайлардың жазылуы;
- бас әріптердің қолданылуы;
- сөздерді тасымалдау.
3.-Фонематикалық принцип.
4. Т а р и х и-д ә с т ү р л і к принцип.
5. А й ы р ы м принципі
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Пәннің зерттеу нысаны, міндеттері.
-
Фонематикалық принцип.
-
Т а р и х и-д ә с т ү р л і к принцип
-
А й ы р ы м принципі
Әдебиеттер:
1.Байтұрсынов А. Тіл құрал, ІІІ тіл танытқыш құрал – тіл тағылымы. – А., 1992.
2.Сыздықова Р., Емле мен тыныс белгілері. А., 1996.
3.Уәлиев Н., Алдашева А., Қазақ орфографиясындағы киындықтар. А., 1988
4.Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Алматы, 2000.
5.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1966.
№2. Дәріс. Орфография ережелері. Фонема, дыбыс және әріп.
Дәрістің мақсаты: Графика мен орфографияның зерттелуі. Араб жазуындағы үйлесімсіздіктерді жоюға арналған алғашқы жұмыстар. Латын әліппесіне негізделген жаңа жазуға көшу жұмыстары туралы баяндау.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Алғаш 1914 жылы араб жазуын қазақ, тіліне сәйкестендіру жолдарын баяндаған оқу құралы
2. Графика мен емле мәселелеріне байланысты 20-жылдар ішіндегі негізгі проблемалар.
3. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің бесінші сессиясы 1940 жылдың 10 ноябрінде «Қазақ жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы негізінде жасалған жаңа алфавитке көшіру туралы заң».
4. 1938 жылы қабылданған орфографиялық принциптерге негізделген ережелер.
5. 1957 жылы бекітілген «Қазақ тілі жаңа орфографиясының негізгі ережелері» туралы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Графика мен орфографияның зерттелуі.
-
Араб жазуындағы үйлесімсіздіктерді жоюға арналған алғашқы жұмыстар.
-
Латын әліппесіне негізделген жаңа жазуға көшу жұмыстары.
Әдебиеттер:
1.Байтұрсынов А. Тіл құрал, ІІІ тіл танытқыш құрал – тіл тағылымы. – А., 1992.
2.Сыздықова Р., Емле мен тыныс белгілері. А., 1996.
3.Уәлиев Н., Алдашева А., Қазақ орфографиясындағы киындықтар. А., 1988
4.Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Алматы, 2000.
5.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1966.
№З. Дәріс. Дауыссыз дыбыстардың орфографиясы.
Дәрістің мақсаты: Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы туралы. Студенттердің сауатылықтарын арттыру.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы.
2. Б, в, г, д әріптері емлесі.
3. Ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ш әріптері сөздің басында, ортасында, соңында жазылу ережесі.
4. Ң әрпі сөздің ортасында және соңында ғана, ал ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана жазылу ережесі.
5. Ф, ц, ч, щ әріптерінің емлесі.
6. Й әрпі.
7. һ дыбысы.
8. ь, ъ белгілерінің қолданылуы
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Дауыссыз дыбыстардың орфографиясы.
Әдебиеттер:
1.Байтұрсынов А. Тіл құрал, ІІІ тіл танытқыш құрал – тіл тағылымы. – А., 1992.
2.Сыздықова Р., Емле мен тыныс белгілері. А., 1996.
3.Уәлиев Н., Алдашева А., Қазақ орфографиясындағы киындықтар. А., 1988
4.Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Алматы, 2000.
5.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1966.
№4. Дәріс. Дауысты дыбыстардың орфографиясы.
Дәрістің мақсаты: Дауысты дыбыстардың орфографиясы туралы.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
2. А, ә, е, о, в, ұ, ү, ы, і, э әріптерінің ережесі.
3. Ә, о, ө, ұ, ү әріптерінің ережесі.
4. И әрпінің жазылу орындарды.
5. Я, ю әріптерінің ережесі.
6. Уәрпінің жазылу орындарды.
7. э, ё, ю әріптерінің жазылу орындарды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Дауысты дыбыстардың орфографиясы.
Әдебиеттер:
1.Байтұрсынов А. Тіл құрал, ІІІ тіл танытқыш құрал – тіл тағылымы. – А., 1992.
2.Сыздықова Р., Емле мен тыныс белгілері. А., 1996.
3.Уәлиев Н., Алдашева А., Қазақ орфографиясындағы киындықтар. А., 1988
4.Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Алматы, 2000.
5.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1966.
№5. Дәріс. Дыбыс құбылыстарының орфографиядағы көріністері.
Дәрістің мақсаты: Дыбыс құбылыстарының орфографиядағы көріністері жайлы.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Дыбыстық қүбылыстар - сөздін құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер.
2. Протеза – сөздің алдынан басы артық дыбыстың косылуы.
3. Элизия - бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы.
4. Редукцияны қысаң дауыстылардың әлсіреп, көмескі айтылуы.
5. Метатеза - сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Дыбыс құбылыстарының орфографиядағы көріністері.
2. Протезалық құбылыс.
3. Элизиялық құбылыс.
4. Редукциялық құбылыс.
5. Метатезалық құбылыс.
Әдебиеттер:
1. Сыздықова Р., Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайынан анықтағыш. А., 1959.
2. Сыздықова Р., Емле және тыныс белгілері. А., 1996.
3. Жәркешова Г., Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. А., 1960.
№6. Дәріс. Қазақ тілі орфографиялық сөздіктердің түзілу принциптері мен жетілдіру бағыттары.
Дәрістің мақсаты: Қазақ тілі орфографиялық сөздіктердің түзілу принциптері мен жетілдіру бағыттары туралы түсінік.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Орфографиялық сөздік (емле сөздік) — тілдегі сөздердің жазылу нормасын көрсететін сөздік.
2. Қазақ тілінің тұңғыш Орфографиялық сөздігі 1941 жылы түзілді.
3. 1948 ж. М. Балақаев мектеп оқушыларына арналған қысқаша "Емле сөздігі" туралы.
4. 1995 ж. мектеп мұғалімдері мен баспа қызметкерлеріне арналған "Қазақ орфографиясы жайында анықтағыш" (Р. Сыздықова).
5. Мектеп оқушыларына арналған Орфографиялық сөздік 1960 ж., 1972 ж..
6. Қазақ тілінің үлкен 1963 ж. " Орфографиялық сөздігі. өңделген 2-басылымы 1978 ж.
7. "Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің Орфографиялық сөздігі " (Г. Жәркешова).
8. ҚР ҒА-ның Тіл білімі ин-тының әзірлеуімен "Қазақ тілінің Орфографиялық сөздігі" 1988 ж.
9. Орфографиялық сөздіктің құрылысы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі.
-
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің құрылысы.
Әдебиеттер:
-
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А, 1941.
-
Балақаев М., Емле сөздігі. Бастауыш, жеті жылдық, орта мектептерге арналған. А., 1948.
-
Сыздықова Р., Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайынан анықтағыш. А., 1959.
-
Сыздықова Р., Емле және тыныс белгілері. А., 1996.
-
Жәркешова Г., Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. А., 1960.
-
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963, 1918, 1988.
-
Уәлиев Н., Алдашева А., Қазак орфографиясындағы қиындықтар. А., 1988.
-
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Редакциясын басқарған: І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. ССР ҒА-ның баспасы.Алматы, 1963ж.
2 Модуль. Түбір мен қосымшалардың жазылуы.
№7. Дәріс. Бөлек жазылатын сөздер. Бірге жазылатын сөздер. Біріккен сөздер. Күрделі сөздер емлесі. Талдау жұмыстары.
Дәрістің мақсаты: Бөлек жазылатын сөздер туралы.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Бөлек жазылатын сөздер.
2. Күрделі атаулардың жазылуы.
3. Зат есім, күрделі сан есімдер, күрделі етістіктер, есім, еліктеуіш сөздер сөздердің жазылуы.
4. Идиомалык, фразалық тіркестердің жазылуы.
5. Бірге жазылатын сөздер.
6. Тұлғасы өзгертілген сөздердің қосылып жазылуы.
7. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғаларының жазылуы.
8. Екі түбірден кұралып, ғылымның әр алуан саласында терминдік мәнге ие болған атаулардың жазылуы.
9. Екі, кейде үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, кұрт-құмырска, өсімдік атауларының жазылуы.
10. Сын есімдер немесе әр түрлі есім сөздердің жазылуы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Бөлек жазылатын сөздер.
2. Күрделі атаулардың жазылуы.
3. Зат есім, күрделі сан есімдер, күрделі етістіктер, есім, еліктеуіш сөздер сөздердің жазылуы.
4. Идиомалык, фразалық тіркестердің жазылуы.
Әдебиеттер:
1. Сыздықова Р., Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайынан анықтағыш. А., 1959.
2. Сыздықова Р., Емле және тыныс белгілері. А., 1996.
3. Жәркешова Г., Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. А., 1960.
№8. Дәріс. Дефис арқылы жазылатын сөздер және тасымал. Қысқарған сөздердің жазылуы. Қос сөздер. Саяси - әлеуметтік терминдер.
Дәрістің мақсаты: Дефис арқылы жазылатын сөздер туралы түсінік.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Дефис (латын. – бөлу, бөлшектеу).
2. Дефистің пайдаланылуы.
3. Дефис арқылы жазылған күрделі сөздер.
4. Дефистің морфологиялық белгі екендігі
5. Белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынадағы қос сөз сан есімдерінің дефис арқылы жазылуы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Дефис (латын. – бөлу, бөлшектеу).
2. Дефистің пайдаланылуы.
3. Дефис арқылы жазылған күрделі сөздер.
4. Дефистің морфологиялық белгі екендігі
5. Белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынадағы қос сөз сан есімдерінің дефис арқылы жазылуы.
Әдебиеттер:
1. Сыздықова Р., Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайынан анықтағыш. А., 1959.
2. Сыздықова Р., Емле және тыныс белгілері. А., 1996.
3. Жәркешова Г., Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. А., 1960.
.
№9. Дәріс. Буын. Интонация.
Дәрістің мақсаты: Буын. Интонация туралы түсінік.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны: Дыбыс олардың жіктелуі. Буын оның түрлері, сөздердің буынға бөлінуі. Үндестік заңы. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымшаның жуаннан, жіңішке болса жіңішкеден жалғануы. Дыбыс үндестігі. Олардың ілгерінді, кейінді, тоғыспалы болып бөлінуі.
Орфография- сөздердің дұрыс жазылу жиынтығы. Орфоэпия –сөздердің дұрыс айтылу ережелерін қамтиды. Тасымал. Тасымалданбайтын сөздер. Екпін. Оның түрлері. Сөйлемге фонетикалық талдау жасау: Әсемпаз болма әрнеге.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Буын оның түрлері, сөздердің буынға бөлінуі.
Үндестік заңы.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
Әдебиеттер:
№10. Дәріс. Лексикалогияға байланысты орфографиялық ережелер.
Дәрістің мақсаты: Орфография ережелері туралы мағлұмат.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің 2001 жылығ нұсқасы жайлы.
2. Жаңа латын жазуына көшкенге дейін казіргі пайдаланылып отырған әліпби (алфавит).
3. "Қазақ тілінің орфографиялық негізгі ережелерінің" кұрылымы.
4. Емле ережелеріміздің ең соңғы (1983) өнделіп, ұсынылған және ресми түрде қабылданып, бекітілген нұсқасы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Орфография ережелері туралы.
Әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А, 1941.
2.Балақаев М., Емле сөздігі. Бастауыш, жеті жылдық, орта мектептерге арналған. А., 1948.
3.Сыздықова Р., Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайынан анықтағыш. А., 1959.
4.Сыздықова Р., Емле және тыныс белгілері. А., 1996.
5.Жәркешова Г., Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. А., 1960.
6.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963, 1918, 1988.
7.Уәлиев Н., Алдашева А., Қазак орфографиясындағы қиындықтар. А., 1988.
8.Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Редакциясын басқарған: І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. ССР ҒА-ның баспасы.Алматы, 1963ж.
№11. Дәріс. . Морфологияға байланысты орфографиялық ережелер.
Дәрістің мақсаты: Түбір мен қосымшалардың жазылуы туралы түсінік.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Түбір сөздердің жазылуы.
2. Сөз тіркесіндегі жеке сөздердің тұлғаларының сақталып жазылуы.
3. Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы негізінен орыс орфография-сы бойынша өзгертілмей жазылуы.
4. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер негізінен қазақша дыбысталып өзгерген күйінде жазылуы.
5. Қосымшалардың я жуан, я жіңішке болып жазылуы.
6. Соңғы дыбыстары рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль сияқты дауыссыздар тіркесіне және ог, уг дыбыстарына біткен сөздерге косым-шалардың жалғануы.
7. нд, мп, кт, нг, нк, мб, ск, фт сияқты дыбыстар тіркесіне бітетін сөздерге қосымшалардың жалғануы.
8. ст, сть, зд дыбыстар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалардың жалғануы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Түбір мен қосымшалардың жазылуы туралы түсінік.
Әдебиеттер:
1. Сыздықова Р., Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайынан анықтағыш. А., 1959.
2. Сыздықова Р., Емле және тыныс белгілері. А., 1996.
3. Жәркешова Г., Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. А., 1960.
3. Модуль. Тыныс белгілері және олардың қолданылу ережелері.
№12. Дәріс. Тыныс белгілері / нүкте, сұрау белгісі, үтір, леп белгісі, көп нүкте, нүктелі үтір, сызықша, тырнақша, жақша, қос нүкте/ Кейбір тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы.
Дәрістің мақсаты: Тыныс белгілері және олардың қолданылу ережелері туралы.
Дәрістің сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Тыныс белгілерінің ең басты қасиеті.
2. Тыныс белгілерінің көмекші қасиеті.
3. Тыныс белгілерінің дұрыс қолдана білудің үлкен мәні.
4. Тыныс белгілерді дұрыс қою үшін үш түрлі белгі негізге алынатыны.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тыныс белгілерінің ең басты қасиеті.
2. Тыныс белгілерінің көмекші қасиеті.
3. Тыныс белгілерінің дұрыс қолдана білудің үлкен мәні.
4. Тыныс белгілерді дұрыс қою үшін үш түрлі белгі негізге алынатыны.