Мазмұны -
1 Тарихы
-
2 Жүргізушілері
-
3 Арналары
-
4 Дереккөздер
-
5 Сыртқы сілтемелер
Тарихы
Телеарна 1958 жылы 2 қыркүйекте Пекин телевидениесі деген атпен құрылды, соңынан 1958 жылдың 1 мамырынан бастап эксперимент ретінде хабар тарата бастады. 1978 жылың 1 мамырында атауы CCTV болып өзгертілді. 2008 жылы жаңа CCTV Штаб-пәтері ашылды (Рема Колхас жобасы бойынша салынды).
CCTV-дің телевизиялық мұнарасы
Жүргізушілері
CCTV-3 телеарнасының жүргізушілері (Өнер және ойын-сауық):
-
Ли Юон (ойын-сауықтық New Year's Gala шоу және шоу бағдарламасының жүргізушісі)
-
Чжу Джун
-
Чжоу Тао
-
Бай Янсон — жаңалықтар жүргізушісі
Арнаның ағылшын тіліндегі бағдарламаларының жүргізушілері:
-
Инь Чень — Culture Express
-
Марк Эдвардс — Жиһангерлік
-
Мишель Лин — Travelogue, Center Stage
-
Эдвин Махер — CCTV жаңалықтары
-
Марк «Дашан» Роузвелл — Communicate in Chinese
-
Вимбай Кажес — CCTV жаңалықтары
-
Йонас Глибарт — Sports Scene
Қытай тележурналистикасы
Қытай орталық телевизиясы Қытай тележурналистикасында ерекше орын алады. CCTV туралы білу – Қытай тележурналистикасы туралы білумен пара-пар.
CCTV (Қытай Орталық телевизиясы) тарихы CCTV,China Central Television – Қытай орталық телевизиясы (中国中央电视台). Ол – Қытайдың мемлекеттік арнасы. CCTV Қытай еліндегі ең құнды тауар маркасы ретінде де қарастырылады. Телеарна 1958 жылдың 1 мамырында сынақ ретінде эфирге шығып, 1 қыркүйекте ресми жұмыс бастаған. Алғашқы аты Пекин телевизиясы. 1978 жылдың 1 шілдесінде аты Орталық телевизия станциясы болып өзгерген. Ағылшын тілінде қысқартылып CCTV болып жазылады. CCTV Қытайдағы ең ықпалды ақпарат тарату құралы және Қытай коммунистік партиясының, саяси үкіметінің қарапайым халыққа сөйлейтін ауызы рөлін атқарып келеді. Идеологиялық билік жүргізудегі басты атқарушылық сипатқа ие.
Тәуелсіз орталықтар
Қытай телехикая жасау орталығы (1983 жылы 18 қазанда бой көтерген) мемлекеттік дәрежедегі кәсіптіктелехикая жасау органы; Орталық деректі фильм және жаңалықтар түсіру органы (1993 жылдан басталған), деректі фильмдерді түсіру және бағдарламаларды жасауға жауапты арнайы мекеме; Пекин технологиялық кино жасау және оқу-ағарту орталығы (1995 жылдан бастап жұмыс атқарған) ғылым-техникалық фильмдерді түсіру, тарату және мультфильм жасаумен айналысады; Қытай халықаралық телевизия бас серіктігі, бұл компания 1984 жылы Орталық телевизия станциясы қаржыландыру корпорациясы болып құрылып, теле жасалым, көрілім салыстырмасы, жарнама, саяхатты дамыту, базар бақылау, кәсіп ашу сынды салаларда қызмет көрсеткен; Орталық жасанды серік телевизиясы (1995 жылы құрылған) жасанды серік арқылы телебағдарламалардың кедергісіз таралуына кепілдік беру қызметін атқарды; Орталық сандық телевизия арнаулы серіктігі (2003 жылы жолға қойылған) ақылы телеарналардың қалыпты жұмысын қадағалау орталығы болып есептеледі; "Шаттық" қытай музыка тобы (2004 жыл құрылған) ел ішіндегі ең үздік музыкалық, ойын-сауық арнасы.
Техникалық база
Түсірілім барысы жалпы беттік сандық жүйеге көшіп, таратылым автоматты түрде жүзеге асады. Сурет құрастыру желісінен бір дана, алып жүруге қолайлы формат сәйкестіргіш қатарлы осы заманданған, әлемнің ең озық технобазасымен жабдықталған. Тележурналистиканың сапасын және халықтық көрілім деңгейін көтеру үшін арнаулы жоғары тұнық арна және түсірілім сарайларында 12 ауысымды сахна бар. 29 тарату студиясы, 2 дыбыс жазу студиясы, таратылымды қамтамасыз ететін 2 тікұшақ, мультифиликация жасампаздық жүйесі 1 дана, ENG-ден 493 дана.
Телеарна арналары
CCTV-1: Әмбебап арна
CCTV-2: Экономика арнасы
CCTV-3: Көркемөнер арнасы
CCTV-4: Қытай тіліндегі халықаралық арна
CCTV-5: Спорт арнасы (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2008 жылдың 30 қыркүйегіне дейін «Олимпиада арнасы» болып өзгерді)
CCTV-6: Кино арнасы
CCTV-7: Әскери-Ауылшаруашылық арнасы
CCTV-8: Телехикая арнасы
CCTV-9: Ағылшын тіліндегі халықаралық арна
CCTV-10: Ғылым арнасы
CCTV-11: Қытай ұлттық театр арнасы
CCTV-12: Қоғам және заң арнасы
CCTV-新闻:Жаңалықтар арнасы
CCTV-少儿: Балалар арнасы
CCTV-音乐: Музыкалық арна
CCTV-E: Испан тіліндегі халықаралық арна
CCTV-F: Француз тіліндегі халықаралық арна
CCTV- العربية: Араб тіліндегі халықаралық арна
CCTV-Pусский: Орыс тіліндегі халықаралық арна
kazakh.cntv.cn/ CCTV арнасы ресми сайтының қазақша нұсқасы (арабша қаріп)
CCTV журналистері
Журналистер қосыны
Қытай Орталық телевизия станциясы білікті тележурналистерді бір арнаға молынан тоғыстырған телеарна, олар телестанцияның ең қымбат байлығы ретінде бағаланады. Олардың тарихи рекордтық еңбегі мемлекет деңгейінде марапат пен сенімге ие болған. Негізгі басқармада 2355 адам (олардың университет дәрежелісі 54%, ғылым кандидаты 8%, порфессорлар 1,9%-ын құрайды), бас желіден тыс жұмыскерлер 5684 адам (ғылым кандидаты 4%, магистранттар 41%, арнаулы маман иесі 55%), зейнетке шыққан адам саны 582.
Мұның сыртында, Орталық деректі фильм және жаңалықтар түсіру органында 469 адам (демалысқа шығып кеткендер 543 адам), Пекин технологиялық кино жасау және оқу-ағарту орталығында 480 адам (демалысқашыққандар 270 адам), Қытай телесериал жасау орталығында 289 адам (демалысқа шыққандар 123 адам) және Қытай орталық телевизиясы халықаралық бас серіктігінде 4388 адам жұмыс істейді. Орталық жасанды серік тарату орталығында 32 адам, сандық телевизия ЖШС-ында 106 адам, "Шаттық" қытай музыка тобында134 адам жұмыс атқарады.
Қытай орталық телевизия станциясында бүгінгі таңда әр түр бойынша жұмыс істейтін адам саны 14519 адамға жетеді.
Экономикалық қуаты
Орталық телевизия станциясының негізі қаржы қайнары – жарнама. Жақын жылдардан бері барлық жақтан жасампаздыққа ұмтылып, бағдарламалар сапасын көтеріп, тележарнамалық кірісте бүкіл мемлекеттік кірісінің 30%-ын ұстап отырды. Сонымен бірге базар бақылауды күшейтіп “қонақтарды басты назарға алу”, “үлкенді іліп, кішіні де жібермеу” сынды бәсекелестікке қабілетті ұтымды жоспарларды алға қойып және жүзеге асырып отырды. Соның нәтижесінде 2004 жылдың 11 қарашасында жалпы кірісі 502 миллион 480 мың юань тұратын сауда-жарнама келісіміне қол жеткізіп, тарихтағы ең жоғарғы өреге жетті. 1999 жылдан бері өсіп келе жатқан экономикалық даму 2004 жылға келгенде 1 миллиард 120 милл. 500 мың юаньға жетті. Бұл көрсеткіш 2010 жылғы CCTV тауар құнын 113 миллиард 583 миллион юаньға жеткізді.
Жаңалықтар қызметі
Түйін
Қытай тележурналистикасы тек Қытай Орталық Телевизиясымен шектелмейді. Қытай еліндегі әрбір провинциялардың өзінде жергілікті телеарналар бар. Бұл жергілікті телевизия станциялар өз ішінен тағы да әрбір қажеттіліктерге сай түрлі арналарға жіктеліп, керекті сұраныстарға сәйкес ұқсамаған міндеттер жүктеліп, сан тарапта жұмыс жасайды. Мысалы, Шин Жияң өлкесін алып қарайтып болсақ, Үрімжі қаласындағы Шин Жияң телевизия станциясының өзінде 12 арна жұмыс істейді. Мұның екеуі қазақ тілінде (XJTV-3, XJTV-8 арналары), екеуі ұйғыр тілінде (XJTV-2, XJTV-5 арналары) ал қалғаны қытай тілінде таратылады. Өлкедегі сегіз арна өз бағдарламаларын бүкіл мемлекет көлеміне таратса, ал қалғаны тек сол жергілікті орын үшін ғана қызмет атқарады әрі өлкедегі әрбір қалада қалалық телестанциялар бар, бұл станциялар сол қала тұрғындары үшін бағдарлама таратады. Бұл жағдай Қытайдығы 26 провинцияға ортақ. Мемлекет көлемінде көрсетілетін телеарналардың қатарына әдетте алып шаһарлардың телеарналары да кіреді. Мысалы, Пекин телеарнасы, Шанхай телеарнасы сияқты қалалар.
Тәуелсіз қазақ журналистикасының, соның ішінде қазақ тележурналистикасының әлемдік өреге көтеріліп, ұлттық мүддеге қызмет етіп жатыр деп ойлаймыз. Бірақ, әрқашан жасампаздыққа ұмтылу, жас ұрпақты тәрбиелеу, қазақ елінің игі дәстүрлері мен құндылықтарын талмай нәсихаттау – бұл қазақтележурналистерінің алдына қойылған мақсаты болғай деп тілейміз. Бүгінгінің міндеті – болашақтың сыны.
Достарыңызбен бөлісу: |