59 кесте. 2011 жылдағы KASE техникалық кешенінің модернизациясы мен дамуы бойынша атқарылған жұмыстар тізілімі
1. Сауда-саттық жүйесі (СЖ)
Ақпан:
– ақшалай жайғасым ақшалай шоттан жайғасымдық шотқа ауыстырылды, клиенттік біріктірілген ақшалай жайғасымы қосылды, T+0 сызбасы бойынша толық қамтамасыз етілген бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу жүйесіне ауысу бойынша дайындау жұмыстарын өткізу мақсатында пайдаланушылардың құрылымы өзгертілді;
– брокердің клиенттік жайғасымдық шоттарында кіріс ақшалай жайғасымдарын орнатуды жеңілдету мақсатында сауда-саттыққа қатысушылардың клиенттік жайғасымдық шоттарына жайғасымдарды автоматты түрде жүктеу механизмі жүзеге асырылып, оларды таратуға кететін уақыт қысқартылды;
– сауда-саттық жүйесінің клиенттік терминалы нұсқаларының автоматты түрде жаңартылу механизмі жүзеге асырылды.
Қыркүйек:
– T+0 сызбасы бойынша толық қамтамасыз етілген бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу жүйесіне ауысу үшін қажетті өзгертулер енгізілді.
T+0 сызбасы бойынша толық қамтамасыз етілген бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды қолдайтын сауда-саттық жүйесі 2011 жылдың 05 қыркүйегінде қолданысқа енгізілді.
– оқу сауда-саттық жүйесі (бұдан әрі - ОСЖ) қолданысқа енгізілді, осыны енгізу шегінде ОСЖ сервері мен сайты іске асырылды.
ОСЖ сервері мен сайтының бірлескен жұмысын реттеу жүзеге асырылды, соның нәтижесінде жаңа пайдаланушылар тіркеліп, олардың құпия сөздерін генерациялау және рұқсаттама алу автоматты түрде жүзеге асырылды. ОСЖ-не берілетін сауда-саттық өтінімдерін негізгі сауда-саттық жүйесіндегі қолданыстағы нақты өтінімдер негізінде генеразциялау жүзеге асырылды.
– Биржа мүшелерінен өтінімдер қабылдау бөлігінде СЖ модернизацияланды.
Қазан:
– биржа мүшесінің клиентпен Комиссия туралы келісім-шартының бар-жоқ белгісін анықтау бөлігінде енгізілген өзгертулер іске асыпылды;
– T+0 сызбасы бойынша толық қамтамасыз етілген бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу механизмін енгізу жобасын жүзеге асыру шегінде арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар тәртіптемесін қолдау бөлігіне өзгертулер енгізілді (арн.мам.сауда-саттықтардағы есеп айырысудың өзге циклы – Т+n);
Желтоқсан:
– "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамынан ақша шығарғанда биржа мүшесінің клинеттерінің ақшалай жайғасымдарын автоматты түрде азайту механизмі жүзеге асырылды;
– валюталық және қор активтеріне мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы бөлігіне қосымшалар енгізу;
– "Тапсырыстар" кестесіне қосымша өрістер енгізу жүзеге асырылды;
– "Жайғасымдық шоттар" кестесіне қосымша өрістер енгізу жүзеге асырылды;
– сауда-саттық күнді жабу бойынша процедуралар аяғына дейін әзірленді.
2. Сауда-саттық жүйесіне рұқсаттама алу интерфейстері:
Мамыр:
– жалғаулар мен серверлердің жағдайына және берілетін трафиктің көлеміне мониторинг жасауға қол жеткізетін, сауда-саттық ақпаратының FIX-шлюзының жұмысқа қабілеттілігіне мониторинг жасау жүйесі, сондай-ақ жаңылыстар анықталғанда хабарлау модулі, қолданысқа енгізілді.
Қараша:
– Financial Information Exchange Protocol (FIX-хаттама) қаржылық мәліметтерімен алмасудың халықаралық форматы негізінде биржаның сауда-саттық жүйесіне қашықтан рұқсаттама алу үшін транзакциялық FIX-шлюзын өндірістік эксплуатациялауға берілді.
Биржа мамандары әзірлеген, FIX-шлюз тәжірибелік қолданысқа 2011 жылдың тамыз айында қолданысқа енгізілді.
3. "eTransfer.kz" мәліметтер ұсыну жүйесі
Маусым:
– "Ақпараттық технология. Ақпаратты криптографиялық қорғау. Электронды сандық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру үдесітері." 34.310-2004 ГОСТ-ына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы растайтын, электронды сандық қолтаңбаны қолдану мүмкіндігі бар, "eTransfer.kz" мәліметтер ұсыну жүйесі қолданысқа берілді;
– үлкен көлемді файлдарды ұсыну жүзеге асырылды.
Қыркүйек:
– "eTransfer.kz" мәліметтер ұсыну жүйесі биржа және "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ арасында мәліметтер алмасыға арналған негізі тасымалдау аясы ретінде пайдаланыла бастады.
4. "STrade" Интернет-трейдинг жүйесі
Шілде:
– Интернет желісі арқылы, биржаның сауда-саттық алаңына айналысқа жіберілген, бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарын сатып алу - сату операцияларын жүзеге асыру және сауда-саттық барысы туралы ақпараттарды қарауға мүмкіндік беретін сауда-саттық жүйесінің "жұқа" терминалы негізінде "STrade" Интернет-трейдинг жүйесі қолданысқа енгізілді.
5. Бэк-офис
– T+0 сызбасы бойынша толық қамтамасыз етілген бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу жүйесіне ауысу үшін қажетті өзгертулер енгізілді;
– маркет-мейкерлер тарапынан тәртіп бұзушылықты бақылау бойынша автоматтандырылған жүйе іске асырылды;
– бэк-офистің жалпы интерфейсін жақсарту бойынша өзгертулер енгізілді.
Наурыз:
– қазақ тілін қолдау мүмкіндігі іске асырылды.
Маусым:
– бағалы қағаздардың нарықтық бағасын қалыптастыру және оларды дисконттау тәртібінің жаңа әдістемесіне сәйкес, Биржаның бэк-офисі модификацияланды;
– жаңалықтардың конверторы әзірленді.
Тамыз:
– валюталық және қор активтерінне мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы нәтижесі бойынша есеп айырысуды қолдайтын клирингілік жүйе аяғына дейін әзірленді.
Қыркүйек:
– мәліметтер қорына сауал жіберу контрукторы іске асырылды. Осы кезде аталмыш функционал тестілеу кезеңінен өтуде.
Қараша:
– бағалы қағаздар эмитенттерінің (IS2IN) бэк-офиспен электрондық құжатайналым жүйесін индеграциялау жүзеге асырылды.
6. Интернет-сайт
Қыркүйек:
– бағалы қағаздар эмитенттерінің (IS2IN) бэк-офиспен электрондық құжатайналым жүйесін енгізу шегінде:
• IS2IN бэк-офистің мәліметтер базасына электрондық құжатайналым жүйесінен құжаттарды ұсыну механизмі, соңынан биржаның Интернет-сайтында жариялануымен;
• IS2IN электрондық құжатайналым жүйесі арқылы эмитент құжат ұсынғанда Интернет-сайтта жаңалық туралы хабарламасын автоматты түрде генерациялау механизмі жүзеге асырылды;
Желтоқсан:
– Интернет-сайттың мемлекеттік тілде жіберу үшін бейімдеу бойынша іс-шаралар іске асырылды.
7. Аппараттық қамтамасыз ету және телекоммуникациялар
Шілде:
– сауда-саттық жүйесі, бэк-офис, Интернет-сайт және басқа да биржаның ақпараттық сервистері SuperMicro (Blade-жүйесі) жаңа серверлік жабдықтауға ауыстырылды;
– қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ақпараттық сервистердің мониторингін жүргізу жүйесі енгізілді;
Қараша:
– бұдан бұрын биржаның серверлік жайындағы (бұдын әрі - серверлік жабдықтау) эксплуатацияланған серверлік жабдықтауды "РТРС" ЖШС резервтік орталығында эксплуатациялауға дайындау, ауыстыру және баптау жүзеге асырылды:
1) сауда-саттық жүйесінің резервтік сервері;
2) бэк-офистің резервтік сервері;
3) резервтік файлдар сервері;
4) электрондық пошта және DNS резервтік сервері;
– "РТРС" ЖШС резервтік орталығы мен Алматы қ., Әйтеке би, 67 мекен-жайында орналасқан биржаның серверлік жайы арасында байланыс арнасы қолданысқа енгізілді.
8. Құжаттама
Келесідей құжаттама әзірленді:
Ақпан:
– резервтік арналарға ауысу ережелері;
Наурыз:
– Валюталық сауда-саттықтар нәтижелерін өңдеу бойынша нұсқаулық;
Маусым:
– Есеп айырысу палатасының Құпиялы бөлмесіне рұқсаттама алу тәртібі;
Қыркүйек:
– "Қазақстан қор биржасы" АҚ 2011-2013 жылдарға бағдарламалық-техникалық модернизациясының концепциясы;
– KASE Redmine жобаларын басқару жүйесін пайдаланушыларға арналған жетекшілік;
– KASE Redmine жобаларын басқару жүйесін пайдалану тәртібі;
– CS бағдарламасында есеп беру формаларын әзірлеу тәртібі;
Қазақ:
– "Қазақстан қор биржасы" АҚ серверлік жайларына рұқсаттама алу ережелері;
– "Қазақстан қор биржасы" АҚ ақпараттық сервистерінің классификаторы;
Қараша:
– "Қазақстан қор биржасы" АҚ ақпараттық жүйелеріне мониторинг жасау, тестілеу және қалпына келтіру тәртібі;
– Эмитенттер мен бағалы қағаздармен жұмыс жасау бойынша CS бағдарламасын пайдаланушыларына арналған жетекшілік;
Желтоқсан:
– Қазақстан қор биржасы" АҚ VPN рұқсаттама алу және қосылуды ұйымдастыру тәртібі;
– Қазақстан қор биржасы" АҚ файлдық саерверіне рұқсаттама матрицасы.
– Қазақстан қор биржасы" АҚ сервистерін тоқтату және қайта жіберу тәртібі.
Бұдан басқа, келесі құжаттарға өзгертулер енгізілді:
Маусым:
– Сауда-саттық жүйесін пайдалану үшін жеке сәйкестендіру нөмірлері мен сауда-саттық жүйесіне кіру парольдерін беру, алу және қолдану ережелері;
Желтоқсан:
– Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-саттық ақпараттар жүйесіне техникалық сипаттама.
2011 жылдың есебіне берілген нақты материал
Достарыңызбен бөлісу: |