5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған «Публицистік шығармашылықтың негіздері»



бет4/5
Дата10.06.2016
өлшемі296 Kb.
#126440
1   2   3   4   5

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.

2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.

3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.

4. Мерзімді баспасөз материалдары.
12-Дәріс Публицистикадағы шығармашылық даралық.

Көркем әдебиетте публицистиканы өмірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық құбылыстарын, рухани құндылықтарын арқау ететін әдеби жанр ретінде қарастырсақ, екінші жағынан алғанда, публицистика журналистер мен жазушылардың өмір, қоғам, заман шындығын тебірене жазатын толғауы іспетті ақиқат айнасының сырлы суреті болып табылады. «Публицистика -әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткіп мәселелерді қозғайтын саласы»[1,122] болғандықтан оның негізгі өзегі - шындық, нысаны — өмір, зерттеу орны — адам десек, бұл әдебиет саласының қай уақытта, қай ғасырда болсын, қоғамда алар орны ерекше. Сол ретте аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы-демократ, ақын, жазушы, ғалым сөз болып отырған көркем жанрдың дамып көркейуіне зор үлес қосқан алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынов өзінің атақты «Әдебиет танытқыш» атты іргелі зерттеу еңбегінде публицистиканы әдеби жанрдың озық үлгісі ретінде бағалап, «көсем сөз» деп атаған, соған орай «Көсем сөз — шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз»[2,405] деп басып айтқаны белгілі. Көсемсөзші, яғни публицист өзі өмір сүрген кезең тынысын дәл танып, күнделікті тіршілікке белсене араласатын, саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылысты қалың көпшілікке пәрменді жеткізіп, жұртшылықтың талаптілегіне дер кезінде үн қоса алатын қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген жан-жақты білімді, өзі көтерген мәселелерге байланысты қоғамдық пікір туғыза алатын қаламы жүйрік, ойы ұшқыр жазушы болуы шарт. Сол ретте публицистикаға назар аударып, ден қойған көптеген ғалымдардың пікірінше публицист өз кезегінде ағартушы-педагог, фәлсафашы, тарихшы, экономист, заңгер, жиһанкез, ғылымды көркем әдебиетпен тығыз сабақтастыра білетін сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер болуға тиіс.

Тарих беттерінен қат-қабат қилы заман оқиғалары, саяси дүрбелеңдер мен қоғамдық өзгерістер орын алғанда көркем публицистиканың әдеби процесте көшбасшылық орынға шығатыны айқын болатындығын айтсақ, көсемсөз өнерінің мұндай халықтық маңызын арттырудағы қалам қайраткерлерінің ерен еңбегі қай кезде де жоғары бағаланды. Қазақ баспасөзі пайда болған XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ұлтының болашағына, ұрпағының келешегіне аландаушылық танытқан ел серкелері, көзі ашық, көкірегі ояу алаш азаматтары өмірдің алдыңғы шебінен көрініп, көркем-публицистиканың туындыларымен газет-журналдар арқылы қарапайым халықтың жүрегіне жол тартты. XX ғасыр басындағы ұлттық зиялы қауым өкілдері шығармашылығы, қалам тартқан тақырыбы негізінде адамзат тарихымен астасып, бірге жасап келе жатқан көркем публицистика жанрларының қазақ әдебиетінде орнығып дамуына қомақты үлес қосты.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.

2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.

3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.

4. Мерзімді баспасөз материалдары.
13-Дәріс Қазақ публицистикасының жаңашылдық түрі ретінде дамуы.

Кеңес дәуіріндегі публицистика.

Бұл тақырып бойынша 1917-1990 жылдараралығындағы қазақ публицистикасының өсу - өркендеу жолдары қарастырылады. Кеңестік дәуірде газет – журналдардың көбеюімен бірге қазақ публицистикасының өрісі кеңейіп, дамудың жаңа сатысына көшті. Бұл кезеңдегі публицистика кеңестік кезеңнің саясаты, орыс публицистикасының дамуы ерекше әсер етті. Соның нәтмжесінде публицистикадағы пішіндік, жанрлық жаңашылдық белгілерайқын көрініс бере бастады. 20 – 30 жылдардағы публицистикадағы қоғамдық – саяси бағыт, көркемдік бағыт, сыншылдық, сатиралық бағыт Сәкен Сейфуллин,Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин шығармашылығы

Негізінде ашылады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы публицистика, 80 жылдардағы публицистика өзгешеліктері М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, Ә.Нұршайықов, С.Төлешов, Б.Қыдырбекұлы, Ә.Нүрпейісов, З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, Ғ.Қайырбеков, Ш.Мұртаза, К.Смайылов, Қ.Найманбаев, Ж.Жанұзақов, О.Бөкеев, А.Сейдімбек, Ж.Елшібеков, М.Қабанбаев, Ж.Аупбаев шығармашылықтары айқындалады.

«Публицистика ең алдымен бүгінгі күннің жұрт назарын аударып отырған, түсіндіруді, пікір айтуды, шешуді қажет етіп отырған қоғамдық-саяси мәселелерін көтереді, соған әлеуметтік талдау жасайды. Сол туралы жұрттың қандай пікір, қандай позицияда болу керектігін аңғартады. Сөйтіп қоғамның ілгері дамуына ықпал жасайды» деп көсемсөз мақсатын нақты түсіндіріп берген ғалым Т.Қожакеев айтқандай, көркем публицистика «көтеріңкі екпін-леппен, асқақ пафоспен, қызу құлшыныспен жазылған, «рухты көтеретін, жігерлендіретін» мақала, материалдардан тұрады».

XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркем публицистикаға қалам тербеген алаш зиялылары да өз шығармашылығында осы талаптар үдесінен шығып, өз заманының күрделі әлеуметтік мәселелерін батыл көтерді, көсемсөз туындыларында дәуірдің негізгі міндеттерін көтеріңкі үнмен, көркем тілмен жарқырата көрсетті. Бұл орайда олар көркем публицистиканың басты жанрларының бірі - публицистикалық мақалаға көбірек жүгінді. Себебі «публицистикалық мақала қоғамдық және әлеуметтік зор саяси мәні бар заман сезімін, заман лебін, оның тек бүгінгісін ғана емес, оның өткенін де жете баяндаумен бірге келешегіне де көз жібереді... Публицистикалық мақаланың талдауы қонымды, ойы ұғымды да, уытты, фактілері бедерлі, пікірлері айшықты сөздермен көмкеріле, тілі жатық келеді»[73,122-123],

XX ғасыр басындағы газеттерде жарияланған публицистикалық мақалалардың дені халқымыздың сол кездегі саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелерін қамтып, жалпы шаруашылық жағдайын, жер-су мәселесін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр жайын, оқу-ағарту, ұрпақ тәрбиесін, әйел тендігін тақырып өзегі етті. Заман тудырған ел басындағы көкейкесті мәселелер жөнінде ұлт көсемдерінің бірі, аса көрнекті көсемсөзші Әлихан Бөкейханов «Қазақ» газетінде көптеген публицистикалық мақалалар жазды, жай ғана мәселе төңірегінде ғана емес, ұлттық деңгейдегі ауқымды проблема тұрғысында өндіртіп жазды, халық көкейінде ғасырлар бойын арман болып келген жайларды, ел мүддесін қозғаған түйткілдерді жеріне жеткізе жазды, қоғамдағы қайшылықтарды арқау етіп, қыр-сырын, себеп-салдарын ашып көрсетті.

Көркем публицистика жанрына қалам тербеген көсемсөзші ойы ұшқыр, айқын да тұжырымды болуы шарт екенін айтсақ, Ә.Бөкейхановтың қай публицистикалық мақаласын мысал етіп алсақ та, тақырып, идея, мазмұн жағынан болсын, рухани тұшым аларлықтай, халықтың сана-сезіміне ықпал етерліктей, қоғамды селт еткізерліктей құбылыстарды арқау қылған қоғамдық-саяси мәнділігімен, көркемдік қуатымен ерекшеленеді. Алаш қозғалысының білгір басшысы болып, азаттық жолындағы күрестің алдыңғы легінде жүрген көсемсөз шебері публицистикалық мақалаларында өз кезіндегі маңызды, ел үшін кезек күттірмес оқиғаларға жедел үн қата біліп, өзі қамтыған тақырыпты жұртшылыққа жеткізуде үнемі ұшқырлық танытқан, көрегендікпен алдыңғы сапта болып, уақыттан озып отырған.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.

2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.

3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.

4. Мерзімді баспасөз материалдары.

5. Медеубекұлы С.Ақыл.Нақыл.Өсиет. – Алматы, Санат, 1996.


14-Дәріс Публицистика типологиясы.

1.Публицистиканың тектік тұрғыдан алғанда жуйелерін үш топқа жіктеуге болады: а) ақпараттық оқиғалы публицистика; ә) талдамалы публицистика; б) көркем публицистика.

2.Публицистиканың түрлік жағынан алғанда типологиясы: а) қоғамдық саяси публицистика; ә) экологиялық публицистика; б) моральдық этикалық публицистика; в) әдеби публицистика; г) сыни публицистика; ғ) ғылыми танымдық публицистика.

3.Жанрлық тұрғыдан алғанда, ақпараттық-оқиғалы публицистика тобына: заметка, есеп, репотаж, сұхбат; талдамалы публицистика тобына: корреспонденция, мақала, шолу, рецензия, қамту, түсіндірме (коментарий), баспасөзге шолу, хат (эпостолярлық жанр ретінде), саяси портрет, журналистік тексеріс; көркем публицистика тобына: суреттеме, очерк, эссе, фельетон, памфлет жанрларын кіріктіруге болады.

4.Публицистикалық шығармаларды стильдік тұрғыдан: а) полемикалық (қақпайлы) публицистика; ә) үгітшілік публицистика; б) насихатшылық публицистика; в) сатиралық публицистика; г) эпистолярлық публицистика; ғ) талдамалы-сыни публицистика; д) деректі публицистика; е) іскерлік публицистика деп жіктей аламыз.

5. Бұқаралық ақпарат құралдарында корініс табуына орай: а) газет публицистикасы немесе баспасөздегі публицистика; ә) радиопублицистика; б) телепублицистика; в) фотопублицистика; г) кинопублицистика; ғ) интернеттегі публицистика болып жіктеледі.

Қазақ оқығандары да көркем публициситика жанрларымен әуестеніп, көсемсөз өнерін меңгеру арқылы өмірдің қыр-сырын зерттеп, туған халқының тұрмысын жақсартудың, азат ел атану мен биік мәдениетке жетудің жолдарын іздестірді. Алаш зиялылары Москва, Санкт-Петербург, Қазақ және Ресей мен Батыс Европа қалаларында жоғары оқу орындарын бітірген түрлі мамандық иелері болғанымен барлығы дерлік алғашқы кәсіби публицистер ретінде ұлттық көркем публицистикаға түрен салған қарымды қаламгерлер болды. Олар көсемсөз туындыларын жай ғана журналистік тілмен емес, нағыз жазушылық әдіспен, яғни көркем әдеби тілмен айшықтап, бедерлеп жазды, ойларын түспалдап та, әсірелеп те жеткізіп, қажет тұстарда әшкерелеу, сынау, мінеу әдістерін қолданды, тарихи-салыстырмалы талдау жасап, қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларға жеке авторлық бағасын берді. Сондықтан да олардың көркем-публицистикалық мақалалары әдеби шығарма ретінде қабылданып, жұртшылық тарапынан көпшілік қолдау тапты, тіпті кейбір көсемсөз туындыларының тақырыбы мен көтерген мәселелері сол жылдарда жазылған алғашқы қазақ пьесаларының, кейбір көркем шығармалардың негізгі нысанына айналды.

XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркем публицистиканың келесі бір қомақты жанры — бас мақала қазіргі көзқараспен айтқанда баспасөз жанры болғанмен сол жылдарда жарық көрген қазақ газеттерінің бірінші беттерінде жарияланған осы типтес мақала тақырыбы мен мазмұны, идеясы мен көркемдік қасиеті тіптен де газет стиліне келмейді, газет мақаласы деп аталғанымен көркем-әдеби стильмен өрнектеліп, заманның ауқымды тақырыбын зерттеп, идеялық-көркемдік ерекшеліктерімен оқшауланған нағыз көркем шығармаға ұқсас өзгешеліктері бар жеке авторлық туынды деп қарастыруға болады.

Ұлттық сана ұйытқысы болған алаш газеттері мен журналдарында жарияланған көркем-публицистикалық мақалалар XX ғасыр басындағы қазақ өмірінің шындығын жан-жақты көрсетіп, халқымыздың рухани-мәдени, саяси-экономикалық дамуынан бай мағлұматтар берді, жұртшылыққа білім, ғылым нәрімен сәуле шашып, жаңалықтың жаршысы болды. Осы кезеңдегі ұлттық көркем публицистиканың айшықты бір көрінісі — газет-журнал беттерінде белгілі бір тарихи, саяси оқиғаға байланысты жиі жарияланған кезеңдік сипаттағы публицистикалық арнаулар мен ашық хаттар қазақ көсемсөз өнерінің жаңа жанрлары ретінде қалыптасып, әдеби процеске жаңа леп әкелді. Арнау мақала да, ашық хат түрінде жазылған жеке авторлық немесе бірнеше қосалқы автор жазған ұжымдық мақала да аумалытөкпелі төңкерістер мен бүліншіктер заманында қазақтың саяси тізгінді берік қолға алып, өркениетті елдерге дербес құқылығын мойындатуға шарқ ұрып жоқ іздеген алаш зиялыларының ой түпкірінде қылаң берген ұлт-азаттық мұраттарын, халықтың арман-тілегін тереңнен қозғаған, дәуірдің негізгі мақсатміндеттерін қалың бұқараға көтеріңкі публицистикалық пафосты үнмен, көркем тілмен әдемі бейнелеген шығармалар болды. Газеттер мен журналдардың бірінші бетінің көрнекі тұсында жарық көрген арнау мақалалар мен ашық хаттардың басты тақырыбына алаш зиялылары мен оқығандарының заман ағымы, қоғам беталысы, ұлт болашағы туралы ой-пікірлері негіз болып, ел тауқыметі, қайшылықты оқиғалар мен тартыстар, қоғамдық құбылыстар мен тәуелсіздік мәселелері көркем публицистика мұраттарын мансұқтады.

Алаш қайраткерлерінің көркем-публицистикалық туындыларының осындай жігерлілік пен алғырлық рухы, тілі мен стилінің көркем мәнерлілігі оларды ұлттық көсемсөз өнерінің басқа жанрларын қалыптастырып дамытуда да қанаттандырып ұштай түсті. XX ғасырдың басында, яғни «Айқап» журналы мен «Қазак» және басқа газеттер бетінде пайда болған көркем публицистикалық жаңа жанрдың бірі - ашық хат түріндегі көсемсөз мақаласы дей аламыз. Ашық хат туралы ғылыми әдебиетте. жалпы әдебиеттану ғылымында нақты сипаттама жоқ. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегінде қарасөз жүйесінің әуезе саласына жатқызған заман хат деген термин бар. Заман хат та ашық хат сияқты сол заман лебін, заман ағысын, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен құбылыстар мәнін жұртшылыққа жедел түрде таныстырып, белгілі бір мақсатқа үндеу талабында жазылады.

Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқышында» заман хат туралы: «Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан, яки өз ішінде болған істерден дерек беруі заман хат деп аталады. Мәдени жұрттың адамында заманында болған көзге түсерлік уақиғаларды, яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме ретінде тіркеп отыратын әдет болады. Заман хат шежіредей емес, тәртіпті жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жазады. Сондықтан мұнда құр халық аузында әуезе болып жүрген дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта уақиға уақыт сарынымен жазылмайды, «іс сарынымен жазылады» деп сипаттама береді[2,398], заман хатты жазатын кісі «өз көңілінің күйіне түспейтін, яғни достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам боларға тиіс» екендігін айтып, осы талап орындалғанда ғана «тарихқа беретін жемінің молдығынан заман хат өте құнды сөздер есебіне қосылады» деп жанрдың тарихи, әдеби маңызын көрсетеді.

Шындығында, заман хатты, яғни ашық хатты А.Байтұрсынов атап өткендей, «оқымысты адамдар» - Алаш зиялылары жазған. Олар «достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам» болғандықтан ашық хатты парасат пен шындыққа жүгініп, әділ жазған, көркем-публицистикалық тілмен, айшық ой өрнектерімен заман ақиқатын газет-журнал оқырмандарына нақты жеткізген, ашык хаттағы оқиғаны еш бұрмаламай, реңкін өзгертпей, дәлме-дәл әңгімелеген. «Әдебиет танытқышта» заман хат екі түрге бөліп көрсетіледі: «Заман хат жазушы жазуына керек жемді иә уақиғаның толып жатқан үстінен асып жазады, иә көп уақыт өткізіп уақиғада болған халдерді өзінің есіне алып жазады». Біздің зерттеу мысалымызда заман хаттың бірінші түрі — оқиғаның үстінен алып жазу, яғни оқиға болған сәтке немесе сол тарихи жағдайға байланысты жазылған ашық хат түрі диссертация нысанасына дәл келеді. Ал «көп уақыт өткізіп уакиғада болған халдерді өзінің есіне алып жазу» түріне А.Байтұрсынов Абайдың қарасөздерін жатқызыпты. Бүл жөн пікір. Себебі, Абай өзінің заман сөзі - қарасөздерін жаһан дамуы, адамзат тарихы мен өз халқының тағдыр-талайын ұзақ уақыт ой елегінен өткізіп, сарабдал ойлар мен тұжырымдар жасау нәтижесінде жазған.

Қарасөздің, яғни көркем прозаның бір түрі — көсемсөз жанры ретінде заман сөз қарастырылмағанымен XX ғасыр басындағы қазақ баспасөзінде жарияланған ашық хат түрінде жазылған мақалалардың әлеуметтік, саяси-қоғамдық, мәдени-рухани, экономикалық дамудағы ұлт мәселесіне көсемсөз рухында көркем-публицистикалық тілмен жұртшылықты ұйытып, бағыт-бағдар беруі бұл туындыны көркем публицистика жанры деп атауға болатындығын дәлелдейді. Себебі, заман сөз, яғни ашық хат публицистика талаптарына сай нақты өмір деректері мен құбылыстарына сүйеніп жазылып, болған тарихи оқиға ізімен немесе ерекше жаңалықтың артынан іле-шала шапшаң да тез арада анық та айқын ой-пікір білдіретін, тұжырым жасап, заман талап еткен белгілі бір мақсатты орындауға үндейтін оперативті, яғни ұшқыр жанр деуге болады. Ашық хат жеке автордың атынан басқа бір жеке тұлғаға арналып немесе бүкіл халыққа, саяси жүйеге немесе қоғамға бағышталып жазылуы мүмкін, екінші бір түрі — бір топ белгілі қоғам қайраткерлері мен әдебиет өкілдері атынан ұжымдық ашық хат та жазылуы мүмкін. Ашық хат нақтылы орынға, уақытқа, жағдайға байланысты жазылып, заманмен бірге тыныстайды, сол күн, апта, айдағы елді елең еткізген оқиғалар мен құбылыстарға жылдам ілесіп, өз үнін, пікірін білдіреді. Мұнымен қоса заман хаттың басты міндеті — белгілі оқиғаға көзқарасын ілезде жазып, көпшілікке жұмыс істеуі тиіс, сол ретте уақыттан оза отырып, шапшандықпен, көрегендікпен алда болу керек.

Алаш көсемсөзшілері заман хат жанрына қалам тербегенде ашық хат жазудың осы міндеттері үдесінен шыға білген. «Айқап» журналының 1911 жылғы №7 санында «Азамат Алашұғылы» деген бүркеншік атпен жарияланған Міржақып Дулатовтың «Қазақ халқының бас адамдарына» атты заман хат стилінде жазылған көркем-публицистикалық туындысында газет шығару ісін мәселе етіп көтеріп, Мұхамеджан Сералиннің «Айқап» журналы шығара бастағанын жарқын мысал қылады да, бұл басылымға қаржылай болмаса да қалам қайратымен көмек беруге үндейді: «Жалғызым да сен, жалмауызым да сен» депті ғой бір шеше. Бас адамдарға өкпемді айтып болдым. Енді олардан халық есімімен тілегім мынау: «Қазақ халқына есімдері мәшһүр оқығандарымыз ғылым, тәжірибелерінше халыққа керекті сөздерді, атқа мінген ағалар өз жұртында не болып жатқанын, не таршылық, не кемшілік бар, нендей ойлаған ғалымдары бар, соларын жазса екен. Сол уақытта күллі қазақ халқының нендей халде екені алақандағыдай көрініп, бір сенің жапқан ғақылыңмен басқалар да пайдаланып, бір жерде болған зарардан екіншісі алдын-ала сақтанып, журналды оқушылар көбейіп, қазіргі секілді айына бір ғана шығып зарықтырмай, айына екі мәртебе, тіпті жұмасында бір шығып тұрса, шын шаттық сонда болар еді! Жүз айтсақ та бір тілек, надандық тұманында адасқан бейшара қазақ халқын жетектеп, жарық дүниеге шығарушы қаһармандарға мұқтажбыз. Тілесе кісі жоқ емес, уақыт та өткен жоқ. «Ештен кеш қайырлы» деген орыс халқының бір мақалын еске түсіріп үміт етіп тұрамыз». Ашық хаттың өне бойы адамның жан дүниесін тебірентерлік өткір публицистикалық тілмен бедерленіп, заман талабынан туған өнер-білімді меңгеру тақырыбы дәл көтерілген, мағыналы байыптаулар мен ойлы тұжырымдар жасалған.

Публицистиканың көркем жанрлары ішінде ірі оқиғалар мен құбылыстарды образ арқылы айқындайтын фельетонның, орны бөлек. Дей тұрсақ та, бұл жанр XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркем публицистикада кенжелеу дамып, кейінірек қалыптасты. Сол жылдардағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті сияқты халық арасына көп тараған ірі басылымдарда фельетон көбінесе «оқшау сөз» терминімен белгілі болды. Алғаш фельетон сөзін «Айқап» журналы қолданған. Басылым өзінің негізгі бір бөлімін фельетон деп атаған да, оны түрлі мағынада пайдаланған. Журналдың фельетон бөлімінде XX ғасыр басындағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру салты туралы көсемсөз туындылары, очерктер, әңгімелер, аудармалар жарияланған. Мұның өзі европалық тәжірибеге, атап айтқанда, Ресей мен Германияда шыққан газеттер мен журналдардың бір бөлімін фельетон деп атап, онда қоғамдық-саяси, әдеби шолулар, сын мақалалар, пікірталастар жариялану дәстүріне еліктеуден туған үрдіс сияқты. Сол себепті қазақтың алғашқы газет, журналдары беттерінде белгілі бір құбылыстың немесе адамның кемшіліктерін әжуа етіп, оны жоюды мақсат еткен нақты фельетон жанры қалыптасқан жоқ.

Ал, фельетон жанрына тән біршама белгілерді «оқшау сөз» айдарымен «Қазақ» газетінде жарияланған материалдардан байқаймыз. Бұл газетте де «оқшау сөз» көсемсөз туындысымен, очеркпен, сынмен теңестірілгенімен көпшілік жағдайда заманның келеңсіз жақтары мен оғаш оқиға-құбылыстарды сын садағына алып әжуалаған сипаттамалық белгілерді көруге болады.

Қазақ әдебиеттану ғылымында «оқшау сөз» туралы бірнеше пікір қалыптасқан. Ойымыз айқын, пікіріміз нақты болуы үшін солардың бір-екеуіне тоқталып кетейік. «Оқшау» деген сөз революциядан бұрын «Қазақ» газетінде салтқа енген, — деп жазады белгілі әдебиеттанушы-ғалым Темірғали Нұртазин. - Ондай әдіспен тек қана фельетон емес (әрине, көбіне фельетон солай аталған), оқиғасы өткір, кенеттен кез болғандай боп келетін, сюжетті шығармалар атала берген. Кейде өзінің ішкі маңызының оқыс-ірілігі, ия, жаңалығымен көзге түсетін шығармалар да «оқшау» деген бұрыштамамен басылып жүрген»[77,172].

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі көркем публицистика жанрлары арасында сол кезде жаңа қалыптаса бастаған түрлерінің бірі памфлет – көркем-публицистикалық немесе өткір сатиралық шығарма. «Памфлет бүтін бір қоғамдық құрылысты, саяси системаны тұтас алып, не олардың типтік кеселді жақтарын, кертартпа әлеуметтік топтары мен партиясын, идеологиясы мен көзқарастар жүйесін жер жебірше жете әшкерелеуді мақсат етеді»[78,115].

Памфлеттің басты бір ерекшелігі «қара сөзбен де, өлең түрінде де кездесетін сатиралық шығарма... көпқырлы жанр, онда сол заманның саяси-әлеуметтік тынысы полемикалық сарында, өткір сатира, сарказммен айқындала ашылып отырады»[79,261–262]. Осы жанрға ұқсас, жоғарыда сөз қылған оқшау сөз қоғамда кездесетін келеңсіз оқиғаларды, адамдардың оғаш қылықтарын әжуалап әшкерелесе, ол памфлет сол қоғам тудырған әлеуметтік типті арқау етіп, бүкіл билік құрылымын, қоғамдық құрылысты сынап-мінеп, сықақтап әшкерелейді.

XX ғасыр басындағы алаш зиялылары мен қаламгерлері, жалпы шығармашылық өкілдері памфлетті патшалық жүйеге қарсы өткір де ықпалды, қаһарлы қару ретінде шебер пайдаланып, газеттер мен журналдарда жариялаған. Ақын-жазушылар арасында Міржақып Дулатов пен Сәбит Дөнентаев памфлет жазудың тамаша үлгісін жасады.

Қазақ газеттері мен журналдары ұлт әдебиетін өркениетті елдердің бай әдеби дәстүрінен үйрене отырып озық көркем шығармалар жазу ниетінен туындаған әдеби саясат жүргізіп, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ұлттық бастауларды іздеудегі, әдеби түрлер мен әдістерді байытып, әлем әдебиетінің көркем және эстетикалық жетістіктерін меңгерудегі ұмтылыстары мен батыл қадамдарын өз қызметіндегі түрлі әдіс-тәсілдермен қолдауға тырысты. Көркем публицистикада баспасөз қолданған сол әдістің бірі – әдеби сын болатын.

«Әдеби сын – көркем шығарманы талдап бағалайтын, әр түрлі әдеби бағыттардың идеялық-эстетикалық принциптерін анықтап, орнықтыратын творчестволық еңбек, әдебиеттану ғылымындағы негізгі 3 саланың бірі» деп профессор Б. Майтанов жазғандай[80,146], әдеби сын сонымен бірге әдеби даму процесінің бағыт-бағдары мен ерекшеліктерін айқындап, жөн сілтейді, сол уақытта туған көркем туындыларды талдап, оларға сол кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адамның пікіріне орай тура жол көрсететін ақылшы іспетті деуге де болады.

Әдеби сынның қазақ әдебиетінде туу, даму тарихы әр кезенде әр түрлі болды. XIX ғасырдағы әдеби сынның негізгі арналары көркемдік сезім-түйсіктің жетіліп, сыншылдық ой-пікірдің өскендігінен байқалып, Шоқан Уәлихановтың ғылыми тұжырымдары мен Ыбырай Алтынсариннің жазушылық-ағартушылық қызметіндегі және Абай Құнанбаевтың жаңа жазба әдебиетті қалыптастыру тәжірибесіндегі сыншылдық ой-пікірлерінде кездесті. Ал осы ғасырда «Түркістан уәлаятының газете», «Дала уәлаятының газеті» сияқты алғашқы қазақ басылымдарының пайда болуы әдеби сынның туып, дамуына жағдай жасады.

XIX ғасырда шыққан алғашқы қазақ газеттерінде әдеби сын тұрғысындағы мақалалар жарияланған жоқ, жоғарыда атап көрсетілген мысалдардағыдай әдебиетке қысқаша шолу, шағын пікірсайыс, библиографиялық анықтама сипатындағы сын белгісі бар материалдар ғана бой көрсетті. Соның өзінде бұл мақалалар XX ғасыр басында әдеби сынның жеке жанр ретінде қазақ топырағында қалыптасып өркендеуіне жол ашты.

Шығармашылық портрет», «Әдеби шолу», «Эссе» деп жіктегендей, бұлардың көпшілігі қазақ әдебиетінде 1920 жылдардан кейін қалыптасса да, осылардың ішінде XX ғасыр басындағы әдебиетте жоғарыда айтқан әдеби хабар, оның алдында сөз қылған, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, «Екеу» (Ж.Аймауытов пен М.Әуезов) жазған әдеби сын мақаласы немесе тіпті Абай поэзиясын үлкен мәселе етіп көтерген проблемалық мақала, «Манап», «Надандық құрбаны» драмалары мен басқа жаңа шыққан көркем шығармалар туралы айтыс мақалаларды жоққа шығаруға болмайды.

Рецензия жанры туралы сөз қозғасақ, рецензия – әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап баға беретін, ойпікір түйетін сын түрі. Рецензияда «нақтылы көркем шығарманың мәні, мазмұны, бейнелену өзгешелігі сөз болады. Талданып отырған шығармаға баға беріліп, сол шығармада баяндалған өмір құбылысына сыншылық көзқарас білдіріледі»[1,173-174]. Рецензия сипатындағы әдеби сындар, негізінен, «Қазақ» газетінде жарияланған. Сондай рецензиялардың бір шоғыры Әлихан Бөкейханов қаламынан туған. 1913 жылы «Қазақ» газетінің №12 санында «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабына рецензия жариялап, еңбектің тарихи мәнділігін саралайды, шежіренің танымдық жақтарына зер сала отырып, Шәкәрім тұжырымдарына қоса шежірелік аңыздар, ескі әңгімелер, көшпелілер туралы өлең-жырлар мен толғауларды мысал етіп келтіру арқылы өзінің ғылыми көзқарасын білдіреді, бұл кітаптың қазақ шежіресінің тұңғыш тәжірибесі болуы себепті құнды жақтарын атай отырып, әлі де толықтыра жазу жағына ойысады. Енді келесі кезекте Ә.Бөкейханов Шәкәрімнің 1912 жылы жарық көрген «Қалқаман–Мамыр» дастаны туралы «Қазақ» газетінің 1915 жылғы №121 санында рецензия жариялайды. Сыншы әуелі Шәкәрімнің ақындық-тарихшылық еңбегін айтып барып жаңа шыққан дастанын талдауға кіріседі, көркем шығармаға қояр талап үрдісінде дастанның өзіне ұнаған тұстарын ерекше атап, кемшін жақтарын да көрсетеді, терең сыни талдау жоқ, авторлық пікір, ой топшылауы дастаннан келтірілген үзінділерге сипаттама беру арқылы өрбітіледі де, ең соңында: «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» деген өлең осы болар» деп Абай өлеңіндегі үзіндімен теңестіріп, ақын дастанына жоғары баға береді[74,298].

Қазақ әдеби сынының XX ғасыр басындағы баспасөз бетінде жарияланған сирек те болса күрделі жанрының бірі - проблемалық мақала. «Айқап», «Абай» журналы болсын, «Қазақ», «Сарыарқа» газеттері болсын, осылардың қай-қайсысында жарық көрген әдеби сын мақаласында қазақ әдебиетінің кезеңдік дамуына, тақырыптық, идеялық мазмұнына, көркемдік-жанрлық ерекшеліктеріне байланысты қандай да бір көкейкесті көркем проблема қозғалатын болса, солардың ішіндегі кейбір мақалалар әдебиеттің күн тәртібінде бірінші кезекте тұрған мәселелерді шығармашылық зиялы қауым алдына батыл ұсынуымен ерекшеленеді. Әдеби дамудың сан қилы сауалдарына жауап беріп, көркемдік процестің өзекті мәселелеріне үн қатып қоймай, оларды дұрыс шешудің бағыт-бағдарын айқындайтын әдеби сын жанрына проблемалық мақаланы жатқызамыз.

«Проблемалық мақалада әдебиеттің идеялық, көркемдік-эстетикалық, адамгершілік, тілдік, т.б. кесек мәселелері көтерілуі мүмкін. Мұндай мақалада әдетте әдебиеттің көп мәселелері қамтылмай, нақтылы бір проблема төңірегінде ғана тереңінен, кеңінен қамтыған салмақты әңгіме қозғалады». Бір ғана проблема төңірегінде әдеби талдау жүргізіп, салмақты ойлар қорытқан проблемалық мақалалар сапында Ә.Бөкейхановтың «Абай (Ибраһим) Құнанбаев», А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны», М.Дулатовтың «Абай», «Екеудің» (Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтің) «Абай өнері һәм қызметі» сын мақалаларын атауға болады. Бұл мақалалардың қайсысы болмасын бір ғана проблема - Абайдың өмірі мен шығармашылығын баспасөз арқылы қалың жұртшылыққа жан-жақты таныстырып, оның поэзиясының ұлылығын, ақындық ұстанымы мен көркемдік шеберлігін, қазақ әдебиетіне әкелген жаңалықтарын түсіндіруді мақсат етті. Есімдері аталған осы алаш сыншыларының Абай туралы проблемалық мақалаларының арқасында ұлы ақын поэзиясына қызығушылық артты. Абайдың 1909 жылы алғаш басылып шыққан өлендер жинағы қазақтың мәдени өміріндегі үлкен оқиға. Оны жоққа шығармаймыз. Бірақ жаңалықты жылдам тарататын радиосы, теледидары жоқ заманда кітап шығару бір фактор болса, оны насихаттап, халыққа тарату үлкен де шешуші фактор. Міне осындай шешуші фактор, кітап насихатшысы рөлін әдеби сынның проблемалық мақала жанры абыроймен атқарып, Абай шығармаларын жұртшылыққа кеңінен таныстырып насихаттау, халық зердесіне құйып, ақынды ұлт ұстазы дәрежесіне көтеру, қазақ әдебиетінде Абай дәуірі басталғанын паш ету міндетін жүзеге асырды.

Абайды тану, білу, зерттеу осыған дейінгі әдебиеттануда айтылып жүргендей кеңес заманында емес, XX ғасыр басындағы әдебиетте, оның ішінде әдеби сынның проблемалық мақалаларында басталғанын еліміз тәуелсіздік алған соңғы он бес жыл төңірегінде ғана айта бастадық. Абайдың өмірі мен шығармашылығын жалғыз ғана Мұхтар Әуезов және сол сияқты кеңестік кезеңде өмір сүрген белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар ғана зерттемегенін де кейін білдік. Кеңестік тоталитарлық жүйе Абай туралы бірінші болып проблемалық мақалалар жазған, абайтану ғылымының негізін қалауға бір кісідей ат салысқан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов есімдерін Алашорда басшылары болғаны үшін, елі мен жері үшін аянбай тер төккен ұлтжандылығы үшін тарих бетінен өшіртіп, ұрпақ санасынан аластатуға тырысты. 1980 жылдардың соңында басталған жариялылық пен қоғамды демократияландыру процесінің кеңінен қанат жаюының арқасында және ең басты елеулі оқиға – республикамыздың егемендікке қол жеткізудің нәтижесінде ұлт тарихының «ақтандақ беттері» ашылып, сталиндік репрессия құрбаны болтан алаш қайраткерлерімен қайта қауышудың, олардың баға жетпес шығармашылық мұрасымен танысудың мүмкіндігі туды.

Проблемалық мақалаға алғаш қалам тербеген алаштың шығармашылық зиялы қауым өкілдері өздерінің осы жанрдағы туындыларында Абай тұлғасын тек қазақ оқырмандарына ғана таныстырып қоймай, Ә.Бөкейханов, Н.Рамазанов сияқты сыншылар ұлы ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасын жарқырата жазып, бүкіл Ресей жұртшылығына тұңғыш рет XX ғасыр басында-ақ мәлім қылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет