Таңдау бойынша курс 1
Банктік есеп және есептілік
Пререквизиттері: Экономикалық теория,
Макроэкономика
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: Банктік есеп пен есептілік ерекшеліктерін оқып
ұйрену
Курстың қысқаша сипаттамасы: Банктік есептің негізі және ерекшеліктері. Кассалық мәмілелердің есебі. Банктік шот туралы түсінік және есепайырысу мәмілелерін ұйымдастыру. Салым мәмілелерін есепке алу. Ақша ағындарын дисконттау. Займдерді есепке алу. Ішкі банктік мәмілелерді есепке алу. Банктің ерекше мәмілелерін есепке алу: лизингтік мәмілелер, трасттік мәмілелер, факторингтік мәмілелер, форфейтингтік мәмілелер. Коммерциялық банктердің сейфтік қызметтері. Банктік қаржылық есептілік ерекшеліктері. Шоғырландырылған
қаржылық есептілік.
Күтілетін нәтижелер: Банктік мәмілелерді есепке алу дағдыларын алу.
Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Гусманова Ж.А.
Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар
Пререквизиттері: Экономикалық теория,
Макроэкономика, Қаржы.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: Банктік инвестициялар туралы теориялық және
практикалық білім алу.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономиканың нақты секторында және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтерінің негізгі бағыттары. Инвестицияларды ұзақ мерзімде несиелеу үшін банктік ресурстардың қалыптасу тәртібі. Күрделі қаржы жұмсау – экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді несиелеу объекті. Коммерциялық банктердің инвестициялық жобаларын а экспертиза жасау тәртібі. Банктік тәуекелдерді жіктеу, банктік тәуекелдердің пайда болу көздері. Банктік тәуекелдерді азайту әдістері.
Күтілетін нәтижелер: Студенттер банктік инвестициялардың макро және микро деңгейде маңызын және рөлін оқып ұйренулері тиіс.
Мемлекеттік бюджет
Пререквизиттері: Экономикалық теория,
Макроэкономика, Қаржы
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктерін, оның
құрылымын, түрлерін және бюджеттік жұйелердің
ерекшеліктерін оқып ұйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік бюджеттің экономикалық негізі, функциялары және қаржы-несие механизміндегі рөлі. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің принциптері. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері. Бюджет түсімдері, бюджет шығыстары. Бюджет тапшылығы (профициті).
Күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік бюджеттің
ерекшеліктерін, оның құрылымын, түрлері бойынша дағдылар алу.
Таңдау бойынша курс 2
Туризм мен қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп
Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есепті құру негіздерін оқып үйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Туризмдегі экскурсиялық қызмет көрсету және тамақтандыруды ұйымдастыру. Ішкі және халықаралық туризм. Туристтік фирмалардағы және қонақ үй бизнесіндегі құжаттама және түгендеу. Негізгі құралдар меншікті капиталының, материалдық емес активтердің, тауарлық – материалдық қорлардың есебі, еңбек есебі және туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі еңбекақы төлеу есебі. Туристік қызмет көрсету мен қонақ үй сервисінің өзіндік құнына кіретін шығындар есебі. Туристік қызмет көрсететін шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері мен ақша қаражаттарының есебі. Қаржылық нәтижелер есебі және туристік фирмалардың және қонақ үй шаруашылықтарының қаржылық есептіліктер жасауы. Халықаралық туризм есебінің ерекшеліктері.
Күтілетін нәтижелер:
Курсты оқып үйрену нәтижесінде студент туризмдегі және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.
Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:Абдрасимова Ж.К.
Туризмдегі бухгалтерлік есеп
Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: туристік кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті құрудың негіздерін оқып үйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Туризмдегі экскурсиялық қызмет көрсету және тамақтандыруды ұйымдастыру. Ішкі және халықаралық туризм. Туристтік фирмалардағы құжаттама және түгендеу. Капитал, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық – материалдық қорлар есебі, еңбек және туризмдегі еңбекке ақы төлеу есебі. Туристік қызмет көрсетудің өзіндік құнына кіретін шығындар есебі. Туристік қызмет көрсететін шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері мен ақша қаражаттарының есебі. Қаржылық нәтижелер есебі және туристік фирмалардың қаржылық есептілік жасауы. Халықаралық туризм есебінің ерекшеліктері.
Күтілетін нәтижелер:
Курсты оқып үйрену нәтижесінде студент, туристік кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.
Қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп
Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есепті құру негіздерін оқып үйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Қонақүй бизнесін ұйымдастыру және бухгалтерлік есепке оның ерекшеліктерінің тигізетін әсері. Қонақ үй бизнесіндегі құжаттама және түгендеу. Капитал, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық – материалдық қорлар есебі, еңбек және қонақ үй бизнесіндегі еңбекке ақы төлеу есебі. Қонақ үй сервисінің өзіндік құнына кіретін шығындар есебі. Қонақ үй қызметін көрсететін шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері мен ақша қаражаттарының есебі. Қаржылық нәтижелер есебі және қонақ үй шаруашылықтарында қаржылық есептілік жасау.
Күтілетін нәтижелер:
Курсты оқып үйрену нәтижесінде студент, туристік кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.
Таңдау бойынша курс 3
Саудадағы бухгалтерлік есеп
Қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп
Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: Сауда кәсіпорындарындағы тауар операциялары есебінің ерекшеліктерін оқып үйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Саудадағы бухгалтерлік есеп- 050508 «Есеп және аудит» мамандығындағы студенттер үшін негізгі курстардың бірі.
Қазіргі уақытта ірі мамандандырылған сауда ұйымдары – акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ өз фирмалық дүкендері арқылы өнеркәсіп кәсіпорындары мен жеке сектор халық тұтынатын тауарлар саудасымен айналысады. Атап өткен ерекшеліктер, сауда-қаржылық қызметті ойдағыдай басқару мен басқару шешімдерін қабылдаудың қажетті жағдайлары ретінде, саудадағы бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызын күшейте түседі. Есеп объектілері. Саудадағы бухгалтерлік есепті құрудың жалпы схемасы. Бөлшек сауда субъектілеріндегі тауарлар есебі. Тауарлар мен ыдыстардың аналитикалық есебін ұйымдастыру. Тауарлар мен ыдыстардың бар болуы мен қозғалысы туралы материалға – жауапты тұлғалардың есептілігі. Тауар ысыраптары есебі. Тауарлық – материалдық қорларды түгендеу. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы өз өнімдерін өндіру мен өткізудің есебі. Тауарларды өткізу бойынша шығыстар есебі.
Күтілетін нәтижелер:
«Саудадағы бухгалтерлік есеп» пәнін оқып үйрену нәтижесінде студенттер, сауда ұйымдарында бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірибелік дағдыларын игеруі тиіс.
Сыртқы экономикалық қызметтегі бухгалтерлік есеп
Пререквизиттері: Халықаралық экономика
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: Сыртқы экономикалық қызмет есебінің ерекшеліктерін оқып үйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Сыртқы экономикалық қызметтің мазмұны мен бухгалтерлік есеп ерекшеліктері. Валюталық құндылықтар мен ұйымдар есебі. Экспорт және импорт тауарлар жеткізудің негізгі жағдайы және олардың есепке тигізетін әсері. Экспорттық операциялар есебі. Импорттық операциялар есебі. СЭҚ-те қолданылатын есеп айырысулардың формалары.
СЭҚ-тың бухгалтерлік есебі, бухгалтерлер мен басшылар үшін ерекшелігімен, маңыздылығымен, мақсатымен және оқып үйрену міндеттерімен анықталады. Студенттерді халықаралық есеп және есептілік жүйелерінің ұйымдық және методологиялық принциптерімен таныстыру көзделеді. Бұл үшін жағдайлық есептерді, іскерлік ойындарды, дәсүрлі оқыту әдістемелерімен қатар әртүрлі тестілерді пайдалану қажет.
Күтілетін нәтижелер: сыртқы экономикалық қызметтегі бухгалтерлік есепті тәжірибеде жүргізу дағдыларының болуы.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есептің ерекшеліктері.
Пререквизиттері: Халықаралық экономика
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есептің ерекшеліктерін оқып үйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Сатып алушыларға немесе ұйымдарға оны кейіннен өткізу үшін өз өнімдерін өндіру (тамақ дайындау) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының негізгі мақсаты болып саналады. «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есептің ерешеліктері» курсында тамақтандыру кәсіпорындарындағы баға белгілеу тәртібі, өзінің өндіретін өніміне бағаларды калькуляциялау оқытылып үйретіледі. Сатып алынатын өнімдерді және өзі өндіретін өнімді құжаттамалық ресімдеу және оның есебі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қоймаларындағы, буфеттердегі және ас бөлмелеріндегі материалға – жауапты тұлғалардың есептілігі. Кулинариялық бұйымдар мен жартылай фабрикаттар өндіретін ас бөлмелері (кухнялар) мен цехтар операциялары есебінің ерекшеліктері.
Күтілетін нәтижелер: студент қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есептің ерекшеліктерін білуі тиіс.
Таңдау бойынша курс 4
Салық есебі
Пререквизиттері: Салық және салық салу, Қаржы, Бухгалтерлік есеп қағидалары.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: кірістерді және шегерімдерді сенімді түрде қалыптыстыру, салық төлемдерінің сомасын анықтау және корпоративтік табыс салығының (КПН) салық есебін ұйымдастыру бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларға ие болу.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Салық есебі және есеп жүйесіндегі оның орны. Салық есебін ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайтын заңнамалық негіздер. Жиынтық жылдық кірісті анықтау. Жиынтық жылдық кіріс кіретін кірістер. №1 салық есебі ведомосінде жиынтық жылдық кірістің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі. Жиынтық жылдық кіріске түзету жасау. Заңды тұлғаларға берілетін шегерімдердің сипаттамасы. Салық салу кезінде ескерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісі мен шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі.
Күтілетін нәтижелер:
-
корпоративтік табыс салығының салық есебі үшін қаржылық есеп ақпаратын жинау, тіркеу және өңдеу;
-
жиналған ақпараттар негізінде қажетті салық есептерін жасау;
-
Корпоративтік табыс салығы бойынша Мағлұмдамалар (Декларациялар) және қосымшалар жасау.
Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Нургалиева Р.Н.
Банктердегі есеп пен есептілік
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Макроэкономика, Экономиканы мемлекеттік реттеу.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: Банктердегі есеп пен есептіліктің ерекшеліктерін оқып үйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Банктердегі бухгалтерлік есептің маңызы мен ерекшелігі. Банктердегі кассалық операциялар есебі. Банк шоты туралы ұғым және есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру. Салым операцияларының есебі. Ақша ағындарын дисконттау. Займдар есебі. Банкішілік операциялар есебі: Дәстүрлі емес банк операцияларының есебі: лизингтік операциялар есебі, трасталық операциялар есебі, факторингтік операциялар есебі, форфейтингтік операциялар есебі. Коммерциялық банктердің сейфтік қызмет көрсетулері. Консолидацияланған қаржылық есептілік.
Күтілетін нәтижелер: Банк операциялары есебінің дағдыларын білу.
Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы салық есебі.
Пререквизиттері: Салық және салық салу, Қаржы, Бухгалтерлік есеп қағидалары.
Постреквизиттері: жоқ.
Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы салық есебінің ерекшеліктері, есеп жүйесіндегі оның орны. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісін қалыптастыру есебі. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісінен шегерімдер есебі. Бекітілген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдердің салық есебі. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі. Пайдалы жерасты қызбаларын алуға дайындық жұмыстарына және геологиялық зерттеулерге жұмсалатын шығыстардың салық есебі. Әлеуметтік төлемдерге (өтемдерге) жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдердің салық есебі. Салықтар, айыппұлдар және өтемақы шығыстарының шегерімі. ҚР салық кодексі. Шығындардың салық есебі. Таза кіріс есебінен жүзеге асырылатын шығыстардың салық есебі. Салық есебі және халықаралық салық салу ерекшеліктері.
Күтілетін нәтижелер: Қаржылық және бюджеттік ұйымдардағы салық есебінің мәселелері бойынша білікті болу.
Таңдау бойынша курс 5
Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп
Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: студенттерді қорлар (запастар) есебін ұйымдастырумен, еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысумен, Қазақстан Республикасының өндірістік саласындағы әртүрлі кәсіпорындардағы дайын өнімдермен (жұмыстармен, қызметтер көрсетумен), өндірістік шығындармен таныстыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру формалары. Құрылыс өндірісін материалдық-техникалық қаматмасыз етуді ұйымдастыру. Құрылыс объектілеріндегі және бухгалтериядағы матералдық қорлар (запастар) есебінің ерекшеліктері. Титульды есем ғимараттар мен құрылғылар есебі. Құрылыс машиналары мен тетіктерін пайдалану бойынша шығындар есебі. Негізгі және қосалқы өндіріс шығындарының есебі. Жанама (қосымша) шығындарды бөлу есебі. №12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік шарттары» БЕС-ке сәйкес дайын өнім үшін есеп айырысулардың құрылыс өндірісі шығындарының есебі. Мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыру (тапсыру) мен субмердігерлік ұйымдардың тапсырыс берушілерімен есеп айырысулар есебі. Құрылыстағы инвестициялар есебі.
Ауыл шаруашылығы субъектілерінің есеп және салық саясаты. Ауыл шаруашылық өндірісінің әртүрлі салаларында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Шаруа (фермерлік) шаруашылықтарындағы есепті ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығындағы амортизацияланатын активтер (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер) есебінің ерекшеліктері. Өсіріліп жатқан және бордақыдағы малдардың есебі. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс есебі.
Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқып үйрену үдерісінде студенттер:
-
өндірістік кәсіпорындар шығыстарының ұғымы мен жіктеуін;
-
өндірістегі шығындар есебі әдістерінің түрі мен мазмұнын және өнімдердің (жұмыстардың қызметтер көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялауды;
-
өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыруды және өндірістік кәсіпорындардағы өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнын калькуляциялауды білуі тиіс.
Ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: Мал басының, жемнің, тұқымның және өзге де қорлар есебінің ерекшеліктерін оқып үйрену, малшаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері шығындарының есебін ұйымдастырудың рәсімдерін және осы өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктерін қарастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Ауылшаруашылығының ерекшелігімен анықталатын бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. Ауылшаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі принциптері. Негізгі және материалдық емес активтер есебінің ерекшеліктері. Өсіріліп жатқан және бордақыдағы малдардың, жердің, тұқымның, жемнің есебі. Ауылшаруашылық өндірісінің өнімдері және оны өткізу есебі, негізгі өндіріс шығындарының есебі. Амортизацияланатын активтер (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер) есебінің ерекшеліктері. Өсіріліп жатқан және бордақыдағы малдардың есебі. Ауылшаруашылығы өндірісі өнімдері және оны өткізу есебі. Негізгі өндіріс шығындарының есебі. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау, малшаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау.
Күтілетін нәтижелер: Студенттер:
-
ауылшаруашылығы кәсіпорындары шығындарының (шығыстарының) ұғымы мен жіктеуі;
-
өндіріс шығындары есебінің және ауылшаруашылығы өнімдерінің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялаудың түрлері мен әдістерінің мазмұны;
-
жерлер мен қорларды (запастарды) бағалаудың жалпы принциптері, құрамы, сипаттамасы, оларды пайдалану ерекшеліктері, құжаттамалық ресімдеуді ұйымдастыру, ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы синтетикалық және аналитикалық есеп мәселелерінде білікті болуы тиіс.
Құрылыстағы бухгалтерлік есеп
Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: Құрылыс материалдары есебінің ерекшеліктерін қарастыру, олардың пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру; құрылыс ұйымдарындағы жанама шығындарды бөлу ерекшеліктерімен және есебімен танысу; құрылыс компаниялары өнімдерінің өзіндік құнын қалыптастыру ерекшеліктері.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Құрылыс өндірісі технологияларының ерекшеліктері және есепті ұйымдастыруға олардың тигізетін әсері. Құрылыстағы шығындар жіктеуі және өзіндік құн есебі. Материалдық ресурстар есебі. Еңбекақы төлеу шығыстары. Құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстап тұру шығыстарының құрамы мен есебі. Жанама шығыстар құрамы мен есебі. Қосалқы және көмекші өндірістердегі шығындар есебі. Құрылыстағы қаржылық нәтижелерді қалыптастыру тәртібі. Тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі.
Күтілетін нәтижелер
-
құрылыс ұйымдарының шығыстары ұғымы мен жіктеуі;
-
өндіріс шығындары есебі әдістерінің түрлері мен мазмұны және құрылыстағы өнімдердің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялау;
-
қорларды (запастарды) бағалаудың жалпы принциптері, құрамы мен сипаттамасы, құрылыс-монтаж ұйымдарындағы есеп пен оларды пайдаланудың ерекшеліктері;
-
құрылыс-монтаж ұйымдарындағы өнімдердің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру.
Таңдау бойынша курс 6
Халықаралық есеп
Пререквизиттері: Халықаралық экономика, Қаржылық есеп-2, Басқару есебі.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: нарықтық экономикасы дамыған елдерде қабылданған есептің іргелі қағидаларын оқып үйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Халықарылық есеп жүйесінің ұйымдық және методологиялық принциптері. Халықаралық бухгалтерлік жүйелер, халықаралық есеп жүйесін дамытудағы үкіметаралық және халықаралық, кәсіптік ұғымдардың рөлі. Есеп пен есептілік принциптерін заңнамалық реттеу. Бухгалтерлік есеп шоттары жоспарларының халықаралық жүйелері. Бухгалтерлік білім мен әдептің халықаралық стандарттары. АҚШ-тағы бухгалтерлік есеп методологиясы. Ұлыбританиядағы, Франциядағы, Жапониядағы есептің ерекшеліктері.
Күтілетін нәтижелер: студент:
-
есепті жетілдірудің негізгі бағыттарын, халықаралық тәжірибені оқып үйрену негізінде бухгалтерлік кәсіби әдепті, кәсіби білімді анықтай білуі тиіс.
Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Мадиева К.С.
Шығындарды басқару
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Кәсіпорын экономикасы, Микроэкономика.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: студенттерді әртүрлі жоспарлы экономикалық категориялар шығындарының теориялық және тәжірибелік аспектілерімен, өндіріс шығындарының құралу үдерісімен, өнімдердің әртүрлері бойынша шығындармен және осы негізде жоспарлау, басқару және бақылау бойынша шешімдер қабылдау кезінде қажет ақпараттармен таныстыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Шығындарды басқару оның ерекшелігімен және оқып үйрену мақсатымен анықталады. Осымен байланысты оқыту үдерісінде оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері: лекуия – таныстырылымдар, пікірталастар, жағдайлық есептерді шешу жолымен диалог тәжірибелік сабақтар пайдаланылады.
Күтілетін нәтижелер: Өндірістегі шығындар сыныптамасын білу; шығындарды болжау және жоспарлау; өнімнің өмірлік циклінің әртүрлі сатыларындағы шығындарды анықтау.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
Пререквизиттері: Бухгалтерлік есеп қағидалары, Басқару есебі.
Постреквизиттері: жоқ.
Мақсаты: Студенттерді халықаралық қаржылық есеп стандарттарының құрамымен, құрылымымен, мазмұнымен таныстыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Ақпарат - бухгалтерлік еңбектің түпкі өнімі болып саналады. Менеджмент қабылдайтын басқару шешімдерінің тиімділігі бухгалтерлік ақпараттардың сапасына қатысты болады, бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бүкіл қызметі ішінде шаруашылық қызметіне әсерін тигізетін болады. Сапаға қойылатын талаптар мен ақпараттарды ашу параметрлері халықаралық қаржылық Есептілік стандарттарында тұжырымдалған. Осы көзқарас тұрғысынан ХҚЕС пәнін магистранттардың оқып үйренуі мамандар ретіндегі олардың даярлық деңгейін арттырады, сондай-ақ осы алған білімдері олардың зерттеу жұмыстарының негізгі өзге болып табылады. Қазақстан Республикасының стандарттардың жаңа біліміне кезең-кезеңмен өтуі қазіргі кезеңнің негізгі проблемасы болып саналады: бастапқы бетте Қазақстандық есеп стандарттары енгізілді, содан кейін Халықаралық стандарттар енгізу бағытын ұстады. Осымен байланысты магистранттар отандық және халықаралық стандарттар арасындағы айырмашылықты анықтауы қажет, өйткені кәсіпорын отандық базада жұмыс жасайды және зерттеу үшін тәжірибелік материалдар соларға негізделген, ал сол уақытта халықаралық стандарттар тұрақты жетілдіріліп отырады. Осы проблемаларды ескере отырып, әрбір зерттеуші өзінің тақырыбын ашуы және тәжірибеде қолдану үшін ұсынымдар беруі тиіс. Аталған пәнді үйрену кезінде қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп роблемалары ескерілетін болады.
Күтілетін нәтижелер: бір қаржылық жылдың қорытындылары бойынша ХҚЕС және ХБЕС-ке сәйкес нақты кәсіпорынның қаржылық есептілігін жасай білуі тиіс.
Элективті пәндер каталогы бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының отырысында талқыланып, бекітілді
№ 2 хаттама « 21 » қазан 2010 ж.
Кафедра меңгерушісі
э.ғ.к., профессор Мәдиева Қ.С.
Достарыңызбен бөлісу: |