5В050900 «Қаржы» мамандығЫ Үшін «банктік тәуекелдер»



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#125370
1   2   3   4

2.Валюталық тәуекелдердің пайда болу себептері.

Валюталық тәуекел – ұлттық валютаға қатысты щетел валюталарының бағамдарының өзгерісімен бай-ты валюталық (бағамдық) зиян шегу қауіпі.



Валюталық тәуекелдің құрылымы келесідей:

  1. Коммерциялық ,яғни қарызданушылардың төлеуді қалау және оның мүмкіншілігінің болмауы;

  2. Операциялық, валюталық шығындардыі тәуелді нақты операциялар негізінде. Бұл тәуекелде пайданы алу мүмкіншілігі жоқ деп қарас-тыруға болады.

Операциялық валюталық тәуекелді төмендетудің ең негізгі әдістері:

  1. Хеджерлық

  2. валюталық своп

  3. трансляциялық

  4. форфейтингтік

Хеджерлық – тәуекелдің жоғалту мүмкіндігінің азаю процесі, яғни әр түрлі тәуекел жасау валюталық позициясы болып табылады. Хеджер өз тәуекелін валюталық операциялар қатысушысына әкеледі. Егер ол фьючерстік сатып алса, онда басқа біреу сатуы қажет.

Валюталық своп – бұнда екі әр түрлі жағдай болады. Біріншісі параллельді несиелендіру жасайды, яғни екі жақ екі түрлі елде несиені бірдей мерзіммен қоюды және тәсілмен, бірақ әр түрлі валюта деңгейінде.

  1. параллель (қосарлас) несиелерді рәсімдеу, мұнда екі түрлі мемлекеттегі екі тарап екі түрлі бағытталған, бірдей мерзімді және өтеу әдістері бірдей, бірақ әр түрлі валюталарда берілген несиелерді ұсынады.

  2. Екінші нұсқа – банктер арасындағы валютаны спот мөлшер-лемесімен сату немесе сатып алу және мәмілені алдын ала келісілген күніне (болашақта) белгіленген спот мөлшерлемесімен қою (апару) келісімі.

Қосарлас несиелерге қарағанда своптар пайыз төлемін қоспайды

  • активтер мен пассивтер бойынша тәуекелдерді өзара есепке алу немесе неттинг, мұнда банк басқарушылары валюта түсімін оның ағымынан шегеру арқылы тәуекел мөлшеріне әсер ету мүмкіндігін иеленеді.

  • Басқа трансұлттық банктер (біріккен) неттинг әдісін қолданады, бұл әдіс валюталық мәмілелерді ірілендіру жолымен қысқартуда көрініс табады. Бұл мақсатта банктік несиелердің барлық бөлімшелерінің қызмет үйлестірілуі жоғары деңгейде болуы тиіс.

Своп – термині халықаралық қаржылық тұрғыдан алғанда 3 түрлі анықтама береді және де олар өте тығыз байланысты:

    1. сатып алу және біруақыттағы форвардтық валюта сатуы

    2. бір уақыттағы несиені екі валютамен көрсету

    3. тәжірибені алмастыру, бір валюта негізінде екіншісіне негізделген.


3.Валюталык трансляциялық тәуекелдерді басқару әдістері.

Трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелдер - баланс активтері мен пассивтерін қайта бағалау кезінде және шетел клиенттері, контрагенттердің «Табыстар мен шығындар» шотын қайта бағалағанда туындайды. Бұл тәуекелдер өз кезегінде қайта есептеу валютасын таңдауға, валюта тұрақтылығы мен басқа да бірқатар факторларға тәуелді. Қайта есептеу трансляция әдісі бойынша (қайта есептеу күніндегі ағымдық бағам бойынша) немесе тарихи әдіспен (нақты операцияны жүзеге асыру күніндегі бағам бойынша) жүргізе алады. Кейбір банктер ағымдық операцияларды ағымдық бағаммен, ал ұзақ мерзімді операцияларды – тарихи бағаммен есепке алады, басқалар қаржылық операциялардың тәуекел деңгейін ағымдық бағам бойынша талдайды.

Трансляциялық валюталық тәуекелді басқарудың әдістері келесідей: 1)ішкі 2)сыртқы 3)техникалық 4)әкімшілік Осы әдістер белгілі бір стратегия үшін,сондай-ақ банктердің қызметінің тактикалық бағдарламаларын құрастыру үшін де қолданылуы мүмкін.



Форфейтерлеу тәуекелдері - регресс (кері қайту) құқығынсыз экспортер тәуекелдерін форфейтор өзіне алғанда туындайды.

Форфейтерлеу тәуекелдері - регресс (кері қайту) құқығынсыз экспортер тәуекелдерін форфейтор өзіне алғанда туындайды.

Форфейтирлеу кезіндегі тәуекел деңгейін төмендету артықшылықтары:

1)мүмкін болатын міндеттемелердегі баланстың өзара қарым-қатынастарды жеңілдету

2)өтімділік жағдайыш жаксарту

3)пайыздық мөлшерлемелердің тербелісімен байланысты тәуекелдердің келуі және мүлдем болмауы

4)валюталардың тербелістерінмен және қарызгердің қаржылық тұраұтылығының өзгеруімен бай/ты тәуекелдер деңгейінің күрт төмендеуі
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Валюталық тәуекел дегеніміз не?

2. Валюталық операциялар түрлері?

3. Валюталық тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?

4.Хеджерлеу дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.

2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.


5 Такырып. Пайыз тәуекелі және оны азайту әдістері.

1.Пайыз тәуекелі және оның пайда болу себептері.

2.Пассивтік операциялар бойынша пайздық тәуекелдер.

3.Пайыздық тәуекелдерді азайту тәсілдері.


1.Пайыз тәуекелі және оның пайда болу себептері.

Пайыздық тәуекел – төмендегілерді қамтитын сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыс (шығын) туындау тәуекелі,

  • банктің тартылған міндеттемелері мен орналастырылған активтерін қайтару және өтеу мерзімдерінің сәйкессіздігінен шығыс (шығын) туындау тәуекелі (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері кезінде);

  • банктің бір жағынан банк активтері және екінші жағынан міндеттемелер бойынша мөлшерлемелердің алуан түрін қолдануы салдарынан шығыс (шығын) туындау тәуекелі;

  • басқа тең талаптарда ұқсас бағалық сипаты бар құралдар қатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты базистік тәуекел.

Проценттiк тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:

- орналастырған активтер мен тартылған мiндеттемелердi (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

- өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;

Пайыздық тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты – Банк қаржы құралдарының ағымдық табысына және Банк капиталының экономикалық құнына нарық мөлшерлемелерінің құбылуының теріс ықпалын минималдандыру.

Базель комитеті бойынша пайыздық тәуекелдің туындауының келесі себептері бар:

1)бағаның өзгеру тәуекелі, бұл фактора ком/қ банктің тәуекелді тудыратын бірден-бір себебі

2)көлденнен кірісті т/лдің өзгеруі, актив ж/е пассив б/ша пайыздық ставканың өзгерісінің уақытқа дәл келмеуі, т/лге әкелуі мүмкін.Егер конфигурациямен графиик қисығының формасы өзегерсе, онда т/лдің бұл түрі пайда график қисығының болжанбаған өзгерістері банк пайдасына негативті әсер тигізеді.

3)базистік т/л, ол қаржылық құралдарды бөлшекті алынған ж/е төленген пайыздарды реттеу кезінде жетілдірілмеген корреляция нәтижесінде пайда б-ды

4)опционға байланысты тәуекелдер, опциондық келісім өздерінің иелеріне сатып алуға, сатуға немесе келісім бойынша облигациялармен, вексельдермен және т.б. бағалы қағаздармен байланысты шарттарды өзгертуге құқық береді.
2.Пассивтік операциялар бойынша пайздық тәуекелдер.

Пассивті операциялар тәуекелі - салым және депозит бойыншаша,банкаралық несиелерді тарту тәсілдері және диверсификация тәсілі.Пассивті операциялар тәсілі-активті операцияларды ресурстармен қамтамасыз етудегі проблемаларымен бай-ты.

Пассивтік опрациялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары. Банктің пассивтік операциялар бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы н/е активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды. Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарығқтан несиелік ресурстарды сатып алады. Пассивтік операциялардың төмендегідей формалары болады:

1. коммер/қ банктерің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;

2. банк пайдасынан капиталдарды н/е қорларды ұлғайту ж/е құру;

3. басқа да заңды тұлғалардан несие алу;

4. депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді.
3.Пайыздық тәуекелдерді азайту тәсілдері.

Пайыздық тәуекелді басқарудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін іске асырудың төмендегідей ретті сатыларымен пайыздық тәуекелді басқару жүйесі құрылады.



  1. пайыздық тәуекелді бағалау – Банктің саналы уақыт аралығында пайыздық тәуекелге бейімділік деңгейін сандық мәнде бағалауға қабілетті пайыздық тәуекелді бағалаудың түрлі әдістерін тиімді пайдалану (пайыздық GAP, Маколей дюрациясы, таза пайыздық пайда мен жеке капитал симуляциясы);

  2. пайыздық тәуекел көлемін бақылау – пайыздық тәуекел көлеміне шек белгілеу және пайыздық тәуекелді минималдандырудың түрлі әдістерін қолдану негізінде жүргізіледі;

  3. пайыздық тәуекелге мониторинг жүргізу – Банктің ағымдық позицияларына пайыздық тәуекел және белгіленген шектерге сәйкестік дәрежесі бойынша үнемі мониторинг жүргізу.

Банктің ішкі нормативтік құжатына сай пайыздық тәуекелді басқару процедурасын іске асыруға Активтер мен пассивтерді басқару комитеті жауапты.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Пайыз тәуекел дегеніміз не?

2. Пассив операциялар тәуекелдеріне не жатады?

3. Пайыз тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?

4.Пайыз тәуекелінің пайда болу себептері?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.

2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.



6 Такырып. Активтік операциялар тәуекелдері. Портфелдік тәуекелдер.

1.Активтік операциялар тәукелдерінің жалпы сипаты.

2.Портфелдік тәукел және оның түрлері.

3.Инфляция тәукелі.

4.Лизинг, факторинг және форфейтинг тәукелдері
1.Активтік операциялар тәуекелдерінің жалпы сипаты

Банк активтерінің сапасының көрсеткіштері

Банк активтері - пайда табу мақсатында банктік ресурстарды түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды.Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік. әуекелдік, табыстылық пен диверсификация.

Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.

Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін оындауға бағытталған.

Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшала формағаайналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, ссудаық тәуекел қарыз алушының қажылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға айланысты.

Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғарғы болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.

Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстаын әр түрлі орналстыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау өрсеткіштері мынадай: ресурстарды оналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.

Активті операциялар тәуекелі пайыздық тәуекел деңгейімен байланысты. Яғни банк өз қызметінде жиі кездесетін процесс. Активтерді басқару сол банктің өтімділік деңгейіне ж/е бағалы қағаздар портфелінің кешендеріне сонымен қатар бәсекелестік қызмет деңгейіге б/ты.

Портфельді инвестициялар тәуекелілі бағалы қағаздардың жеке түрлері бойыншаша жоғалтуларға негізделеді және ссудалардың барлық категорияларына қатысты.

Портфельді тәуекелдер келесілерге бөлінеді:

- қаржылық; - өтімділік; - жүйелік; - жүйесіздік.

Қаржылық тәуекелдер келесідей негізде анықталуы мүмкін: банктегі қарыздық қаражат көп болған сайын акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, сонымен қатар біріккен банктер сол б/ша акционерлер мен құрылтайшылар тәу/рі жоғары болады. Сол уақытта қарыздық қаражат қаржыландырудың негізгі табысты көзі б.т. Қабылданған норма б/ша қарызға алушылар қарыздық қаражат ж/е жеке қаражат арасында сәйкес келеді.


2.Портфельді тәуекел бағалы қағаздардың жеке түрлері бойынша жоғалтуларға негізделеді және ссудалардың барлық категорияларына қатысты.

Портфельді тәуекелдер келесідей жіктеледі:

1)қаржылық 2)өтімділік 3)жүйелік 4)жүйесіздік

Өтімділікті жоғалту тәуекелі – банктің міндеттемелерін мүмкін орындамауына не уақытылы орындамауына байланысты тәуекел.

Банктегі өтімділік тәуекелін тиімді басқару мақсатындағы басқарудың ағымдық және жедел деген екі бағыты бар.

Банктің ағымдық өтімділігін басқару кезінде орналастырылған және тартылған ақша, сыйақы алуға (төлеуге) байланысты табыс пен шығыс мерзімдері салыстырылады және Банк пен уәкілетті орган нормативтерін орындау мақсатында ақша қаражатының резерві жүзеге асырылады. Ағымдық өтімділікке қазынашылық бөлімшесі жауапты.

Банктің жедел өтімділігін басқару кезінде:



  • Gap-өтімділікті, ішкі және сыртқы факторлардың өтімділік позициясына ықпалын сараптау;

  • ақша ағындары мен қайтымдарына болжам жасау;

  • Банк өтімділігі тәуекелінің шығындарын бағалау;

  • өтімділік шектерін белгілеу;

  • қиын жағдайлардағы әрекет жоспарын әзірлеу жүзеге асырылады.

Банктің жедел өтімділігіне тәуекел-менеджмент бөлімшесі жауапты.

Банктің өтімділігін жүйелік басқаруға Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сай Активтер мен пассивтерді басқару комитеті жауапты.


3. Инфляция тәуекелі

Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.

Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.

Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.

Банктер инфляция темпінің жоғарлауын өз операцияларының табыстылығын жоғарлату үшін қолдануы мүмкін.Сонымен қатар инфляция тәуекелі банктің қызметіне теріс әсерін тигізуі мүмкін ол банктің құралдары мен активтерінің және акция капиталының құнсыздануына әкелуі мүмкін.

Инфляциялық тәуекелдік – банкінің сатып алатын  тауарлары мен көрсететін қызметіне бағалардың өсуі немесе банк активтерінің құны бағаның өсуіне байланысты нөлге түсу ықтималдығы.

Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
4.Лизингтік тәуекел

Соңғы кездері банк қызметінда лизингтік және факторингтік операциялар қолд-ды олар банкті тәуекелге ұшыратуы мүмкін.

Лизинг – бұл лизинг берушінің қзіне тиесілі құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

       Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.



  1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құның толық өтемеуін сипаттайды.

  2. Қаржылық лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтуімен байланысты сипатталады.

Сондай-ақ, л-тің отандық ж/е халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

  • Ішкі л-г –бұл оның қатысушыларының бір елден б/п келуімен бай-ты сипат-ды.

  • Халықаралық л-г бұл тарап н/е барлық тараптардың әр елден б/п келуін сипат-ды

Сыртқы л-г бұл эксппорттық ж/е импорттық б/п бөлінеді.Экспорттық л-гте шетел л-г алушы болса, импорттық л-гте шетел л-г беруші б.т.

Лизингтік опера/р жүргізу үшін ең алдымен лизинг алушыға банк көрсетілетін қызметке жарнама жасау керек, лизингтік нарықты жақсы білу керек, оның тенденцияларын,қандай құралдарға үлкен сұраныс бар екендігін анықтау керек.Сонымен қатар нарықтық бағаларды, тарифтер мен лизингтік қызметтерді ескеру керек.

Лизингтік опера/р тәуекелімен бай-ты басты фактор- лизингтік мәміленің сапасы және құралдарды жеткізу мерзімінің бұзылуы.Сонымен қатар лизинг алушының төлем қабілетін, қаржылық жағдайын, мерзімінде төлеп отыруын,нарық кньюктурасын ж/е т.б. талдау керек.

Факторингтік тәуекел

Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.



Факторингжабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен к,ызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.

Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніңе қарамастан төлемталабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.

Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

1.Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) —өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2.Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3.Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы фирма

Факторингтік тәуекелді төмендету үшін келесі әдістер қолданылады:

- ақы төлеуге клиент шотының барлық сомасы емес , ал тек оның ,төлеушіден түскен құралдарынан кейін қалған соманы санап шығу (перечесление)

- төлеушінің төлеу қабілеті кепілдігінің артынан комиссиондық сыйлық беру алынады


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Актив операциялар тәуекелі дегеніміз не?

2. Лизинг тәуекелді қалай түсінесін?

3. Банктің активті операциялар тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?

4.Инфляция тәуекелдің пайда болу себептері?

5.Портфелдік тәуекелдің түрлері?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.

2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.


7 Тақырып. Несиелік тәуекелдерді басқару.
1.Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.

2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.


1. Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарылымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банкпен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:



  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • лимиттер белгілеу;

  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

  • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

  • несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу несиелерді авторизациялау;

  • несиелік монитооринг;

  • несиелік порттфельді басқару;

  • проблемалық несиелерді қалпаны келтіру.

Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесі отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімінің өтімделігін, аулы шаруашылық өнімдерін, оның қайта өнделуі және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілген несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, осндай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мқөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, осның ішінде:


  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

  • несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;

  • маржа деңгейіне;

  • несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

  • банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар тексерулер процесін білдіреді.

Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:



  • нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

  • несиелік рейтингпен байлансты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

  • төменгі тәуекел теңгейі бар ең маңызды саларды анықтау;

  • жоғарғы тәуекел теңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Несиелеу лимиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршендік қабілетті жақсатру үшін пайдаланылатын басты тәсіл.

Проблемалық несиелерге:

  • несиелік келісім-шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілегн несиелер;

  • сақтандыру, кепіл-хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл-хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;

  • несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісім-шартта көрсетілегн күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.

Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады.

  • қарыз алушының қызметін қайта құру;

  • несиені қайтару кестесін өзгеру;

  • пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.

Несие үшін төлейтін сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесі – несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындасынан құралады.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет