Дәріс №5. Жасанды талшықтар
-
Гидратцеллюлозды талшықтар.
-
Вискозды талшықтар, құрылымы.
-
Ақуызды химиялық талшықтар.
Гидратцеллюлозды талшықтар (һугігаіегі сеііиіояе ІіЬгея). Гидратцеллюлозды жасанды талшықтар өндірісіне шикізат ретінде шыршаның, қарағайдың, самырсынның, шамшаттың, мақта мамығынан алынатын құрамында 90-98% а-целлюлозасы бар табиғи целлюлоза қызмет етеді. Жіптерді қалыптастыру құрамында күкіртті қышқыл және басқа реагенттері бар, бір немесе екі былаулы тәсілмен тұнба былауында табиғи целлюлозаның сілтілі (вискозды талшықтар) немесе мысты-аммиакты (мысты-аммиакты талшықтар) ерітіндіндісінде іске асырылады. Талшықтарды қалыптастыру кезінде целлюлозаның ерітіндісі бұзылады, гидратцеллюлозаның макромолеулалары пайда болады және өседі.
Химиялық құрамы бойынша гидратцеллюлоза табиғи целлюлозаға ұқсас, бірақ физикалық құрылымы бойынша табиғи целлюлозаға қарағанда (300-800 тұрады), гидратцеллюлозаның полимеризациялау деңгейі аз болады, макромолекулаларындағы звеноларының орналасуы өзгеше, молекула үсті құрылымындағы макромолекулаларының орналасуы және бағытталуы, қаптау формасы ерекше болады. Гидратцеллюлозды талшықтардың криссталдану деңгейі 40-50 %. Гидратцеллюлозды талшықтардың қасиеттерінің табиғи целлюлозды талшықтардың қасиеттерінен айырмашылығы, ол борпылдақ, қалыптаспаған құрылымды болады.
Вискозды талшықтар (уІ8С08а) бір мезетте тартумен бір былаулы тәсілімен алады, бұл талшықтың құрылымының біркелкі болмауына әсер етеді. Вискозды талшықтардың қалыптасу үдерісінің уақыты: ұзын макромолекулалары өсетін, ерітінді ағымының сыртқы қабығында целлюлозаның қалпына келтіру үдерісінің бастапқы кезеңінде ғана жүргізіледі; ішкі қабығында целлюлозаның қайта қалпына келтірілуі ақырын жүргізіледі, сондықтан макромолекулалары қалыптаспаған және
өте қысқа болып шығады. Қалыптасу мөлшеріне қарай талшық көлемі азаяды, бұл үстіңгі қабатының деформациялануын туғызады және көлденеңі қатты кесілген формадан тұрады. Сыртқы қабаты ядромен салыстырғанда макромолекулаларының орналасуы тығыз және бағытталған, көлденең қимасының бетінің 35-50 % құрайды және талшықтың мықты бөлшегі болып табылады. Вискозды талшықтардың гигроскопиялық, жарыққа төзімділік, жұмсақтыққа және жууға төзімділік қасиеттері жоғары. Бірақ, олардың кемшілігі, бірқалыпты емес, жұмсақ және аз реттелген құрылымына байланысты. Вискозды талшықтар ылғалдау кезінде қатты
ісініп, тоқыма материалдардың отыруын жоғарылатады (50%-ға дейін), созылу кезіндегі беріктік шегін және қажалуға тұрақтылығын айтарлықтай жоғалтады. Кемшіліктерін азайту үшін вискозды материалдардың арнайы әрлеуі қолданылады. Вискозды талшықтардың химиялық реагенттермен байланысы табиғи целлюлозды талшықтармен бірдей, бірақ борпылдақ құрылымына және қол жетімділігіне байланысты вискоза талшықтарының тұрақтылығы аз. Бұл талшықтарға температураның, сәулелі ауа-райының және микроорганизмдердің әсері мақта мен зығыр әсеріне ұқсас. Жогары модульді вискозды талшық (тогіаі) бұл талшық түрленген вискозды тәсілмен алынады. Жіптер жәй жіптерге қарағанда аз жылдамдықта созылады және термобелгілеумен қалыптасады, мұндай тәсіл жоғары бағытталған бір тегіс, тығыз және бір салмақты құрылым алуға көмектеседі.
Вискозды талшықтардың құрылымы. Вискозды талшықтарды микроскоп арқылы қарағанда бетінде бойлық штрихтер, талшықтардың кесекөлденең ені қабырғалы дұрыс емес формада болып келеді. Мұндай құрылым қалыптасу үдерісінде сыртқы және ішкі талшықтар қабатының бір мезгілде қатпағанын көрсетеді. Ішкі қабаты қата бастаған кезде қысылу жүретіндіктен беткі қабаты қыжымдалады және талшықта бойлық түйіршіктер пайда болады.
Талшықтың қабырғалы формасына қарамастан вискозды талшықтар қатты жылтырмен қамтамасыз ететін, жақсы тегістері бар. ал маталардың - жіптерінің сырғанақтығы, жылжымалылығы және сетінегіштік қасиеті жоғары.
Вискозды талшықтардың химиялық құрамы. Вискозды талшықтар, табиғи целлюлозадан молекулярлы тізбектің ұзындығының және талшықтағы макромолекулалар бағытталуының аздығымен ерекшеленетін гидратцеллюлозаны көрсетеді.
Вискозды талшықтардың қасиеттері. Вискозды талшықтар жақсы гигроскопиялық -11%, жарыққа төзімділік болады. Қарапайым талшықтардың сызықтық тығыздығы 0,27-0,66 текс*, кесе - көлденең ені - 25 - 60 мкм құрайды. Құрамдас вискозды жіптердің жуандығы оларды құрайтын элементарлы талшықтардың саны мен жуандығына байланысты болады.
Текс*- Талшықтардың жуандығын өлшейтін халық-аралық өлшем бірлік.
Полинозды талшықтар жоғары модульді вискозды талшықтар қатарына жатады. Ол жоғары пластификационды созатын екі бы- лаулы тәсілмен алынады, соның арқасында формасы дөңгелек болып келетін кесе-көлденең енінің қимасында талшықтар құрылымының біркелкілігі, макромолекулаларының бағытталуы және (500-800) целлюлозаның полимеризациялаудың жоғарғы деңгейі қамтамасыз етіледі. Полинозды талшықтың молекулярлы жоғары құрылымы және кристалдығы мақтаның құрылымы мен кристалдығына жақын болады. Полинозды талшықтар өзінің қасиеттері бойынша жіңішке талшықты мақтаға ұқсас. Ол созылғанда мықтылыққа, ылғалды, созылғыштық, серпімділік және отыру қасиеттері төмен.
Ақуызды химиялық талшықтар (агіійсіаі ргоіеіп ІіЬгея).
Жасанды ақуызды талшықтардың өндірісіне бастапқы полимер ретінде казеин (сүт ақуызы) және зеин (өсімдікті ақуыз) қолданылады. Казеиннің және зеиннің макро-молекулаларының табиғи формасы сфералы шиыршықталған глобула түрінде болады. Сондықтан мұндай полимерлерден талшықтар алғанда глобулярлы макромолекулалар жіп секілді, сызықты түрге бұрылуға ұмтылады және осы форманы тұрақты сақтау үшін жағдай жасайды. Бір былаулы тәсілді ерітіндіден
қалыптастырғаннан кейін, алынған жіпті илеу операциясына жібереді, мұның мәні ақуыз макромолекулалары арасында химиялық көлденең байланыстарды құру болып табылады. Созылуы және гигроскопиялық көрсеткіштері бойынша казеинді және зеинді талшықтар табиғи жүнге жақын. Қолмен сипаған кезде талшық жұмсақ, жылы, жақсы жылу бөлгіш. Бірақ талшықтардың мықтылығы, ылғалдығы төмен.
Металл жіптер және әйнек талшығы. Металл жіптер қызыл мыстан, мыстың никельмен балқытпасынан және басқа металдармен немесе алюминий таспа жолағын (фольга) кесу арқылы сымды біртіндеп тарту (созу) жолымен алынады. Металл жіптерді өте жіңішке алтын және күмістен алынады.
Синтетикалық талшықтар. Капрон талшығы поликапролактан полимерінен өндіріледі. Бұл полимер циклді эпсилонкапролактаннан полимеризация реакциясы арқылы алынады:
пКН2(Ш2)5-СО ^ ^Н-(СН2)5-СОп
Поликапролактам талшық өндіру үшін арнайы балқыту формасынан өтеді. Талшық өндіру технологиясы белгілі бір партияны өңдеу арқылы жасалынады немесе үздіксіз технологиямен өндіріледі. Балқыту процесі 215-225оС температурада өткізіледі. Алынған полимердің балқымасы тазартудан өтіп талшық өндіруге жұмсалады. Талшық пен жіптерді қалыптастыру 3 тәсілмен өткізіледі. Филье-радан шыққан полимердің ыстық ағыны камераға немесе шахтаға жіберіледі. Онда температураның күрт төмендеуінің арқасында балқыма қатты түрге айналынады. Өндірілген талшықтар мен жіптер жылы кезінде созу процесінен өтеді. Капрон талшықтардың ұзындығы 3-4 есе созылады, ал өте мықты талшықтар үшін 10 есе
ұзартылады. Мықтылығын жоғарылату, созу үшін алдын-ала 120-125 оС қыздырылады.
Созылған талшықтар термофиксацияндан өтеді, яғни талшықтардың құрылымы әбден бекітілуі керек. Ол үшін талшықтарды автоклавтардан өткізіп, өте жоғары температурада өңдейді, ол темпе- ратура балқу температурасынан төмен болады. Термофиксациядан өткен талшықтар майлаудан өтеді, оның құрамында жіптерді немесе талшықтарды азайтатын қоспалар болады.
Ерекшеліктері: капрон талшықтардың қалыпты ылғалдылығы 4%, өйткені оның құрамында гидрофильдік функционалдық топтар аз, капрон талшықтары өте жоғары кристалиттік талшықтар қатарына жатады, беріктігі жағынан 1-ші орын алады, жоғары температуралык өңдеуге төзімді келеді, капрон талшықтары ультрокүлгін сәулелеріне төзімсіз келеді, тотығады, сондықтан тез сарғайып түрін өзгереді; әртүрлі микроорганизмге өте төзімді, капрон талшықтары құмырсқа және фенолда жақсы ериді. Капрон талшықтары таза түрде, сонымен қатар мақта, жүн, зығыр, жібек, ацетат талшықтармен араластырылып қолданылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Вискозды талшықтардың химиялық құрамы?
-
Талшықтардың жуандығын өлшейтін халық-аралық өлшем бірлік?
-
Ақуызды химиялық талшықтар?
-
Синтетикалық талшықтардың ерекшелігі?
Дәріс №6. Тоқыма жіптердің құрылымын иіру өндірісінде қалыптастыру.
-
Тоқымалы иірімді жіптерге түсінік.
-
Тоқыма жіптерді игеру технологиясы
Тоқыма иірімжіптер, жіптер, мата және басқа материалдар ды өндіруге қажет жартылай өндірілген шикізат болып табылады. Қолданылатын материалдың түріне байланысты жіптерді өндіру технологиясының сипаттамасы әртүрлі. Ұзындығы шектелген (мақта, зығыр, жүн, штапельді химиялық талшық, табиғи жібек) талшықтардан жіптерді иіру процесінде ширату жолымен алады. Тоқыма жібін иірусіз өндіру басқа өндірісте бірнеше қарапайым және қүрама жіптерді біріктірумен қалыптастырады. Қысқа талшықтардан иіру процессінде ширатумен алынған тоқыма жіп иірілген немесе жәй жіп деп аталады. Бүл жіпке кең тараған иірімжіп жатады. Жіптің қасиеттері талшықтың түріне, иіру технология- сына және иіру үрдісінің сипатына байланысты болады. Жіп иіру процесі негізінен келесі технологиялық операциялардан түрады: талшықтарды қопсыту, тазарту және түту, араластыру, тарау, таспа алу, яғни бір-біріне паралель орналастырылған талшықтардан таспа жасау, таспаны жіңішкелету немесе созба дайындау, жіп иіру, яғни ширату нәтижесінде жіңішкеленген таспаны үздіксіз жіпке айнал- дыру.
Жоғары сапалы жіп алу үшін басты шарттың бірі шикізатты дүрыс таңдау. Мысалы, өте берік талшықтардан мықты жіп өндіруге болады немесе ұзын талшықтардан біркелкі және жіңішке жіптерді, ал қысқа талшықтардан - жуан, үлпілдек және қүрылымы бос (жеңіл) жіп алынады.
Жіп иіру үшін біртекті, бірақ әртүрлі сапалы (әртүрлі сортты) және әртектіталшықтар қолданылады. Талшықтарды араластыру бірнеше мақсатпен жүргізіледі: тоқыма шикізат ресурстарын тиімді пайдалану, жіпке және матаға белгілі қасиеттерді қамтамасыз ету (жүмсақтықты, беріктігін жоғарлату, серпімділік), дайын материалдың сапасын жоғалтпай бағасын төмендету қоспа жіптің және тоқыма материалдың жалпы сапасын айқындайды. Сондықтан талшық қүрамы техникалық шарттар көрсеткіштерінің бірі болып саналады және қажетті стандарт- та бекітіледі. Дайындалған қоспа біркелкі болуы үшін араластырылады, өйткені иірілетін жіптің қүрылымы және қасиеттік көрсеткіштері біркелкі болуы қажет. Араластыру технологиясы процестің әртүрлі операцияларында орындалады (қопсыту немесе таспа қосу).
Қопсыту - нығыздалған (престелген) бумалардан талшықтарды босату және дөрекі қоқыстардан тазарту болып саналады. Біріншіден қатты нығыздалған бумалардан тісті немесе металды суырғыштармен (қаққыштармен) талшықтар жұлынып алынады, одан кейін қопсыту машинасының жұмыс органдарының соққылау нәтижесінде бір-бірінен ажыратылады.
Интенсивті қопсыту процесі - түту деп аталады. Талшықтарды түту машинасында араластырғанда майлау, яғни, эмульсиялау талшығын өңдейді. Майлау талшықтың электрленуін азайту, талшықтардың бір-бірінен ығысуын жеңілдету үшін жүргізеді. Түту машинасынан талшықтар жұқа қабат - холстик түрінде шығады, яғни талшық холстикте әр түрлі бағытта орналасқан шатасқан түрде болады.
Тарау - процесінде талшықтар ағыны тарау машинасының жұмыс органдарының әсерінен өтеді. Жұмыс органдарының беті инелі (кардалық) таспамен немесе қатты металды аралы таспамен қапталған. Транспортермен талшықты ағын инелі жазықтардың ара- сынан өтеді. Гарнитуралардың әртүрлі жылдамдық жүру (қозғалу) нәтижесінде талшық жүйкелері ұсақ бөлшектерге бөлініп, кейіннен бөлек талшық ажыратылады. Тарау нәтижесінде талшықтар қабатынан ұйысқан талшықтар, түйіндер, қоқыстар ажыратылады, талшық қабаты жұқаланады, холстиктің жылжу бағытымен талшық паралель орналасады. Одан арнайы воронкадан өтіп таспа қалыптастырылады. Ұзын мақта, жүн талшығы жіңішке және біркелкі жіп иіру үшін кар- далы тарау машинасынан кейін қосымша тарақты тараудан өткізіледі. Ол үшін, кардалы тарау машинасынан алынған 16-20 таспаларды біріктіріп, холстик жасалынады. Осыдан кейін холстик тарақты тарау машинасында таралады, түзетіледі, паралелденіп, қысқа талшықтар таралып алынады. Тарау процесінен алынған таспа біркелкі болмайды, талшық жеткілікті
түзетілмейді және паралель орналаспайды. Біртегістеу үшін бірнеше таспаны қосып, негізгі таспаның жіңішкелігіне дейін созады. Жіптің жіңішкелігі бойынша біркелкілігі таспаның біркелкілігіне байланысты болады, сондықтан таспаны созу үрдісін 2-3 рет қайталайды.
Созба жасау. Таспалық машинадан алынған біртегістелген таспа жуан болады, ал жіп алу үшін оны жіңішкелету қажет. Созбалық машиналарда созу қондырғысының көмегімен жіңішкелетіп, арнайы жәй ширату және орау механизмдері арқылы созба дайындалады. Таспа 6-30 есе созылады. Иірілетін жіптің жіңішкелігіне байланысты таспа 1 - 3 созба машинадан өтеді. Соңғы операцияда таспа жіптің сызықтық тығыздығына қарай керекті жіңішкелікке дейін созылады.
Жіп иіру. Созбаны берілген жіптің сызықтық тығыздығына сәйкес көрсеткішке дейін жіңішкелетіп, жіпке ширатып, арнайы собыққа (қағаз патрон) орайды.
Жіп иіру арнайы иіру машинасында орындалады. Созба сақинаға кигізілген жүгірткіштің көмегімен ширатылып, бірден айналып тұратын собыққа оралады. Собық ұршыққа нығыз орнатылған. Сондықтан мұндай тәсіл ұршықты немесе сақиналы жіп иіру тәсілі деп аталады.
Иіруге қолданылатын талшық түріне байланысты сақиналы тәсіл бірнеше түрлі болады.
Мақта жібі тарақты, кардты және аппараттық жіп иіру жүйесі бойынша алынады.
Тарақты жүйе бойынша ұзын және орташа талшықты мақтадан орташажәне жіңішке - 15,4 тен 5,8 текске дейін - мақта және аралас жіп иіріледі.Бұл тәсіл бойынша кардалы және тарақты тарау қолданылады, сондықтан жіңішке, біртегіс, біркелкі және берік жіп алынады, мұндай жіп жұқа, жоғары сапалы мата үшін қолданылады.
Кардалы тәсіл_бойынша орташа және ұзын матадан таза, химиялық талшықтармен араласқан түрінде сызықтық тығыздығы 83,3-11,8 текс- кедейін жіп иіріледі және әртүрлі маталар үшін негізгі шикізат болып табылады.
Аппараттық тәсіл бойынша жіп қысқа талшықты мақтадан және жіп иіру өндірісінің қалдықтарынан иіріледі. Бұл тәсіл бойынша тарау машинасында алынған холстик арнайы қондырғының көмегімен бөлек жолақтарға бөлініп, созбаға жиырылып жіп иіру машинасына түседі. Аппараттық жіп жуан (50-250 текс), бос, үлпілдек, жуандығы бойынша біркелкі емес. Аппараттық жіп кардалық жіппен бірге аз қолданылады.
Зығыр талшықтардан құрғақ және ылғалды жіп иіру жүйесі бойынша зығыр және таралған зығырдан жіп иіріледі.
Жүн жібін_аппараттық және тарақты тәсіл бойынша жүн және оның мақта немесе химиялық талшықпен аралас түрінде иіреді.
Аппараттық (шұғалық) тәсілмен қысқа жүн талшық өндіріледі: қопсыту, білікті карданың тарау машинасында 2-3 өтумен тарайды, алынғансозба жіп иіру машинасына түседі.
Апаратты жіп - жоғары үлпілдек, жуан: жұқа шұғалық (жіңішке, жартылай жіңішке жартылай дөрекі жүннен) - 62,5 -167 текске дейін, дөрекі шұға жіптер (дөрекі жүннен) -143 тен 500 текске дейін, ауыр костюмдік
және пальтолық маталар үшін қолданылады.
Тарақты (камволь) жіп иіру жүйесі бойынша жіпті жүннің ұзын талшығынан (55-200 мм) иіреді. Тарау аппаратында таспа біртегістеп таралынады. Тарақты таспа (текс) жіңішкелігі бойынша тағыда біртегістелініп, жіңішкелетіп жіп иіру машинасына жіберіледі.Тарақты жіпбіртегіс, біркелкі Т- 55,6 - 14,3 текс, жұқа көйлектік, костюмдік және пальтолық материалдар үшін қолданылады.
Жібек жібі табиғи жібектен 3 тәсіл бойынша алынады. Дайындалған талшықтарды инелі таспамен шеңберлі тарау машинасында тарайды, соданкейін біртегістеліп, жіңішкелетіп иіреді жіңішке 3,3 текс жіп алынады. Тараудан қалған қалдықтар тарақты жіп иіру үдерісінде соз- баныширатқанда талшықтар сығылысып, олардың арасында үйкеліс күші талшықтардың беріктігі жоғарлатады. Ширату дәрежесі өскен сайын талшықтар бір бірімен жақсы байланысады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
-
Тоқыма жіптер біркелкі болу үшін қандай технологиялық процес жүреді
-
Интенсивті қопсыту процесі қалай орындалады
-
Кардал тәсілі дегеніміз?
Дәріс №7. Тоқыма жіптерінің түрлері.
-
Тоқыма жіптерінің түрлері.
-
Тоқыма жіптердің құрылымы және қасиеттері.
Қазірі кезде тоқыма өндірісінде жіптердің көптеген түрлері қолданылады. Иірім жіптің классикалық түрі, комплексті, комбинир- ленген, моножіптермен қатар, кабықшалы, жіп тәрізді тоқыма, өрілген тоқыма бұйымдар пайдаланылады.
Тоқыма жіптер келесі топтарға бөлінеді: моножіп, комплексті, иірім жіп, кабыршақты және комбинирленген жіп болып бөлінеді. Олар талшықтық құрамы бойынша біртекті, әртекті болып жіктеледі. Ал, ширату операцияларының саны бойынша және қабат саны бойынша жалқы, бір ширатпалы, көпширатпалы болып жіктелінеді.
Моножіп. Бұл бір операцияда ширатылған немесе ширатылмаған жіп. Табиғи моножіпке аттың шашы жатады, бұл аралық материалдар- ды жасау үшін қолданылады. Химиялық моножіптерді синтетикалық полимерлерден жасайды(әсіресе полиамид талшығынан).
Моножіптерге металл жіптері жатады. Алғашында оларды алтын мен күмістен жасаған, қазіргі уақытта оларды мыс немесе оның балқымаларын созу тәсілімен немесе алюминий қағазын таспаларға кесу жолымен алады. Мұндай жіптердің бетіне жіңішке қабатты алтын немесе күмісті және қорғаушы қабыршақты жағады.
Комплексті жіптер. Комплексті жіп (мульти-филамент) - екі не- месе бірнеше элементарлы жіптерден тұратын тоқыма жіп.
Қабыршақты жіптер. Қабыршақ таспа түріндегі элементарлы жіптерді қабыршаққа кесу арқылы немесе балқымадан оларды экструдирлеу арқылы алынады. Комплесті қабыршақты жіптер кіші енді эле- ментарлы қабыршақты жіптерден иіріледі.
Фибриллярлы қабыршақты жіп фибриллаларға көлдеңінен жіктелген және арасы байланысқан бар қабыршақты тоқыма жіп. Мұндай жіптердің құрылымы көлемділігімен және үлпілділігімен ерекшеленеді.
Комбинирленген жіптер. Комбинирленген жіптердің құрылымы екі немесе одан да көп әртүрлі жіптерден құралады. Комбинирленген жіптер әртүрлі талшық құрамдас және құрылымы әртүрлі болатын иірім жіптерден тұрады. Комбинирленген жіптер жалаң қабатты және көп ширатпалы болуы мүмкін. Оларды қарапайым, армирленген, және фасонды жіптерге бөледі.
Қарапайым комбинирленген жіптерді ұзындығы бірдей болатын жіпті қосу арқылы алынады.Осындай әртүрлі жіптерді үйлестіру арқылы комбинирленген жіптердің алуан түрлін құрастыруға мүмкін болады. Олардың құрылымдық өлшемдері, физикалық-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері және сыртқы түрінің айырмашылығы болады, бұл текстиль материалдарының ассортиментін кеңейтеді.
Армирленген жіптердің жүрекшесі болады, ол талшықтармен немесе басқа жіптермен оралған немесе өрілген болады. Жүрекше ретінде әртүрлі иірім және комплексті жіптер, полиуретанды моножіп немесе комплексті жіп (спандекс, лайкра) қолданылады.
Фасонды жіптер - текстиль жіптері, жергілікті құрылымының, түсінің
өзгеруі бар жіптер. Фасонды жіптердегі жүрекшелі жіп эффекті беретін
жіппен оралынады.
Тоқыма жіптердің құрылымы және қасиеттері.
Жіптің сызықтық тығыздығы (Т, текс) массасының ұзындыққа қатынасын сипаттайды және төмендегі формуламен есептелінеді:
Т = т/Қ
мұндағы, т - жіптің массасы, ^ -жіптің ұзындығы, км.
Қабатталған және ширатылған жіптердің сызықтық тығыздығы қорытындылайтын (К) сызықтық тығыздық деп аталады. Сызықтық тығыздықты және қорытындылайтын сызықтық тығыздықты номиналды, нақтылы, кондиционды деп бөледі.Номиналды сызықтъщ тыгыздъщ ТН өндіруге жоспарланған, жалғыз жіптің сызықтық тығыздығы.
Қорытындылайтын номиналды сызықтық тығыздық Кн жіптерді ширату үшін және өндіруге қажетті қабатталған жіптердің сызықтық тығыздығы. Нақтылы (нәтижелі) сызықтық тыгыздықты Тф (Кф) тәжірибе арқылы анықтайды.
Оларды қарапайым материал үлгілерін өлшеп және кондиционерленгеннен кейін текспен есептейді:
Т.=1000Ет/1 немесе К. =1000Ет/1
Ф П Ф П,
мұндағы, Ет-қарапайым үлгілердің жалпы массасы, г;
1-қарапайым үлгілердегі жіптердің ұзындығы, м;
п - қарапайым үлгілердің саны.
Кондиционды сызықтық тығыздық Тк және нәтижелі сызықтық тығыздықта Кк нормалы ылғалдылыққа сәйкес келтірілген жалғыз немесе ширатылған жіптердің нақты сызықтық тығыздығы.
Ол көрсеткіштер келесі формуламен есептелінеді:
Тк=Тф (100+^н)/(100+^ф),
Кк=Кф (100+^/(100+^,
мұндағы, ^н - жіптердің нормалды ылғалдылығы,%;
^ф- жіптердің нақтылы ылғалдылығы, %.
Кондиционды сызықтық тығыздықтың Тк номиналдыдан Тн (не- месе
Кк-ньщ Кн-нен) салыстырмалы ауытқуы ё мөлшерленген көрсеткіштер болып есептелінеді. Оларды процентпен келесі формула арқылы анықтайды:
5=Тк-Тн/Тн*100 немесе 5=Кк-Кн/Кн*100.
Сызықтық тығыздықтың көрсеткіштері жіптің тығыздығының жанама сипаттамасы болып табылады. Жіптің сызықтық тығыздығының көрсеткіштері артқан сайын жіп қалың болады. Бірақ, ол талшықтың құрамы бірғана түрден тұратын жіптердің қалыңдығын көрсетеді. Ал, тігін жібінің қалыңдығын сипаттау үшін шартты белгілер (сауда нөмірі) қолданылады. Шартты белгі артқан сайын, тігін жібі жіңішке болады. Киім тігу үшін тігін жібін таңдауда ең негізгі көрсеткіш жіптін диаметрі болып саналады. Оны есептік және эксперименттік әдістермен анықтайды. Жіптің диаметрін ё, мм есептеу мына формуламен жүргізіледі:
а=0.0357^К/5,
мұндағы, 5 -жіптің орташа тығыздығы, мг/мм3.
Сынаудан бұрын иірім жіптің ширату бағытын анықтайды. Ол үшін жіптің қысқа бөлігін тік жағдайда екі қолдағы екі саусақтың арасына қосып, оның төменгі шетін тарқату керек. Егер осы бөліктің жоғарғы шеті сағат бағыты бойынша тарқалса, онда жіп 2 болғаны, ал егер қарама қарсы бағытта қозғалса, онда 8 болғаны. Жіптің ши- рату бағыты бұйым тоқу технологиясында оның физика-механикалық және тұтыну қасиеттеріне әсерін тигізеді. Номиналды ширату саны Кн нормативті технологиялық құжатпен бекітілген, 1м ұзындықта шира- ту санын көрсетеді. Нақты ширату саны Кф сынақ кезінде алынады. Оны келесі формуламен анықтайды:
Кф=1/п^о*ЕК.,
мұндағы, п- сынақ саны;
^о-зерттелетін талшықтың және жіптің ұзындығы, м;
К. -жеке сынақтағы ширатылу саны.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Моножіптер?
-
Тоқыма жіптердің қасиеті?
Дәріс №8 Тоқыма материалдарының құрылысы.
-
Мата өндірісінің негізгі процесстері.
-
Тоқу станогтарының құрылысы.
Мата - тоқыма станогында перпендикуляр орналасқан негіз және арқау жіптердің өзара айқасуымен алынған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз жіптері дейді. Матаға көлденеңінен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау жіптері дейді.
Негіз және арқау жіптің тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.
Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады: үзу ашылуы, арқау жіпті салу, арқау жіпті матаның жиегіне қағу, негіз жіптің бойлықпен жылжуы, матаның тауар білігіне оралуы.
Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады. Тізбе орағыштан негіз жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6) өткізіледі. Әрбір негіз жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен негіз жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) салынады.
Бердо (6) батан механизімінің (8) тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынғанмата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12) оралынады.
Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптас- тырғанда
қайталанады. Мата өндірілгенде және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш айналып, негіз жіптер бойлығымен жылжиды. Мата өнеркәсібіне әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады:
- матаны қалыптастыру принципі бойынша 2 түрі болады;
- матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру станоктары, матаны толассыз және көп аймақтық үрдіспен қалыптастыру станоктары. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша қайықты тоқу станоктары қайықсыз станоктары;
- жекеленген механизмінің түріне қарай эксцентриктік, кареткалық және жаккардтық станоктар, жұмыс ені бойынша енсіз (100 см) және енді (120-175-250см) станоктар, соғу механизімінің жүйесі бойынша- орташа, төмен және жоғары соғу станоктары.
Қайықты станокта мата тоқу. Қайықты тоқымашылықтағы негізгі ерекшелік-жіпсалғыш механизм. Жіпсалғыштың қайығы болғандықтан, ол арқау жіптің белгілі бір артық қорын жасайды. Қайық күзуге кезекпен екі жағынан өтіп кетіп, үздіксіз арқау жіптен мата жасалынады.
Қайықты станокта тізбе орағыш (1) негізгі реттеуіштің тіреуішіне ораланастырылады. Реттеуіш тізбе орағыштың берілген жылдамдықпен айналуын және жіптердің созылуын қамтамасыз етеді. Негіз жіптері оқтаушаны (3) айналып өтіп орнынан ауытқытады. Негіз жібі ламельдерден (3), ремизкалардың (4) галевтерінің арасынан өтеді, бердо батанға (8) бекітілген. Ремизкалар күзу ашылу жасап тұрады, жай жаймалық айқаспа өрімін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп жіптері, ал екіншісіне тақ жіптері енгізіледі. Егер тоқу станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі төмен түссе, негіз жіптерінің бәрі жылжиды және қайық өтетін күзу ашылады.
Күрделі айқаспаларды тоқығанда көп ремизкалар керек немесе жаккард машиналары қолданылады. Күзуге арқаужіпті салу үшін қайық (6) іске қосылады, қайықта арқау жіп оралған шөлмек бекітілген.
Шөлмек станоктың әрбір жұмыс циклінде бір шөлмекті қораптан екіншісіне күзу арқылы батанның брусы бойынша сүңгіп кетіп, арқау жіпті өткізеді. Қайық күзуден сүңгіп шыққаннан кейін, бердомен батан станоктың алдыңғы жағына қарай қозғалады, арқау жіп матаның шетіне қағылып, матаның кезекті элементі құрылады. Келесі күзу ашылғанда негіз жіптері жаңа орынға орналасып, арқау жіптермен осылай айқасады.
Қайықтың қозғалуын станоктың созу механизмі қамтамасыз етеді. Ол қуғыштың ұрғанынан қайықты қораптан шығарып оны күзу арқылы инерция күшімен сүңгуге мәжбүр етеді. Мата белтемірді (11) айналып өтіп, тауарлық реттегіш арқылы тауарлық білікке оралады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
-
Мата өндірісінің негізгі процестері
-
Қайықты станокта мата тоқу
Достарыңызбен бөлісу: |