8392 Сынақ кітапшаның нөмірі
1 аралық бақылаудың №1 тапсырмасы
Бақылау жұмысы
Тапсырмаға қойылатын ең жоғарғы балл - 5 балл.
Ескерту: Бақылау жұмысының нұсқасы студенттің сынақ кітапшасы нөмірінің бірінші реттік саны бойынша таңдалады. Бақылау жұмысының сұрақтарына толық, шығармашылықпен, талапқа сай жауап жазылуы керек.
Нұсқа
1.Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы.
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Сын, сын тарихы және оны дәуірлеу мәселелері қазақ ғалымдары тарапынан біршама қарастырылған. Ол негізінен, қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуге қатысты айтылған. Алайда бұл салада жүйелі зерттеулер мен өз бағыты айқындалған ізденістер бірден көріне қоймады. Бұл бір жағынан заңды да. Себебі кәсіби сынның қанаты қатайып, қалыптасып, кемелденбей жатып, оның тарихын дәуірлеу мәселесінің көтерілмейтіндігі, көтерілген күнде де нақты шешімін таба алмайтындығы мәлім. Ал қазақ әдеби сынының алғашқы нышандары сонау ауыз әдебиетінде көрініс бергенімен, шын мәніндегі сынның жалпы жұртшылыққа жол тартуы мерзімді баспасөзге байланысты болды. Осы кезеңде сынның жанрлық тұрғыдан жіктелу, кәсіби сипатының анықталуы, кәсіби сыншылардың бой көрсету процесі жүріп, шыңдап қалыптасып дамуға бет бұрды. Көркем әдебиеттің асылы мен жасығын таразылар, адал бағасын берер сыншылар пайда бола бастады.
Бұл орайда ақын-жазушы, қаламгерлеріміздің кәсіби сынның өрісін кеңейтуге қосқан үлесі ерекше. Әрине мұнда ауыз толтырып айтар ардақты есімдер қатарында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, С.Торайғыров, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Жолдыбаев, Е.Бекенов, Ғ.Тоғжанов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов және т.б. сап түзейтіндігі белгілі. Бұлардың әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымының қалыптасуына қосқан үлестері мол. Алайда сол кезеңдегі сынға, сын тарихына қатысты айтылған ой-пікірлердің көпшілігі кеңестік идеология талап-тілегімен жымдаса беріліп жатты. Солай бола тұрса да, олардың ішінде осы кезге дейін де өз маңызын жоймаған құнды ойлар бар. Бұл кезде сын және зерттеу мақалаларда маркстік-лениндік әдіснама талаптарына сай социалистік реализм көбірек сөз болды.
30-жылдары әдебиет сыны саласында аянбай еңбек еткендердің бірі сыншы Е.Ысмайыловтың, Қазақстан Жазушылар Одағының 1937 жылы мамыр айында сын туралы арнайы пленумы өтті. М.Қаратаевтың “Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері” деген баяндамасы, 1939 жылы маусым айында өткен Қазақстан жазушыларының ІІ съезінде жазушы Ғ.Мүсірепов сынның жай-күйі туралы баяндамасы және М.Әуезов әдебиеттану ғылымы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы жайында мынадай ой тұжырымдары ерекше әдеби сын тарихында орын алады.
М.Әуезов әдебиеттану ғылымы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы жайында мынадай ой тұжырымдарын ұсынады: “Қазақ халқының мәдениет тарихында әдебиеттану ғылымының тарихы әзір қысқа. Бұл жас ғылым. Ол әдебиеттік сын. “Қазақ әдебиетінің теориясы”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” деген салаларға бөлініп, енді ғана дамып келеді. Қазақтағы әдебиеттану ғылымы құралғанда, ол өзінің алғаш туысымен, бүгінгі жеткен сатысымен, барлық бас-аяғын жинағанда — түгелімен, толық мағынасында, социалистік Ұлы Октябрь революциясының жемісі болады. Октябрьден бұрынғы қазақ тарихында біз бұл жөнінде, “өскен ғылым” дерлік мардымды мұралар алғанымыз жоқ.
Сынның тарихына және бүгінгі мәселелеріне қатысты ойлар “Қазақ әдебиеті” газеті жарық көргеннен кейін молайып, ақын-жазушылар, сыншылар арасындағы пікірталасты қыздырып жіберді. С.Мұқанов “қазақ сыны Шоқаннан басталады” деген пікір айтты. Ғ.Мүсірепов сынның үш түрін бөліп көрсетті.
Бұдан кейінгі кезеңдерде де бұл мәселе ұдайы көтеріліп, қазақ әдебиет сынының туу, қалыптасуы туралы ғалым-сыншыларымыз әртүрлі пікірлерді ортаға салған. М.Қаратаев “Қазақ әдебиетінде сынның белгілі орын алуға ұмтылуы тек кеңес өкіметі тұсында, айналасы осы 10-15 жылдың ішінде. Қазанға дейін бізде сын атаулының болмауы тіпті заңды нәрсе” — десе, ғалым Е.Ысмайылов “Біздегі әдебиет сыны мен әдебиет тану ғылымы тек совет дәуірінің жемісі, бұрын сыншылдық, әдебиетшілік дәстүрі мүлде жоқ, тыңнан туып жасалған” — деп тар шеңберден шыр айналып, тереңнен қазбаған. Оған белгілі дәрежеде үстем көзқарас, яғни орыс елінің тарихынан асып түсер, ерте пайда болар құбылыстар болмауы керек дегенді қызыл сөзбен тұмшалаудың салдары себепші болғанын жоққа шығармау керек. Алайда 60-жылдардағы “жылымықта” жаңаша толғаулар айтыла бастады. Соның нәтижесінде ғалым Т.Кәкішұлы сынның қайнар көзі ауыз әдебиетінде жатқанын айтып, оның қанаттануын Шоқаннан, Ыбырайдан, Абайдан таратқан. “Оянған ойға кең өріс” еңбегінде әдебиет сынының қалыптасып, дамуы баспасөз арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп көрсетеді. Өйткені халықтың әлеуметтік жағдайы, көкейтесті мәселелері, арман-тілегі, мұң-мұқтажы халық өмірінің айнасы болып табылатын — баспасөз арқылы көрініс беретінін дәлелдей бастады.
Бірқатар жас сыншылардың сын кітаптары жарық көрді. К.Керейқұлов, Қ.Ергөбеков, А.Нағметов, Т.Мәмесейітов, Б.Майтанов, Б.Ыбырайымов, Б.Сарбалаев т.б. өз кітаптарын соңғы жылдардағы әдеби процесті қарастыруға арнай отырып, ондағы жанрлардың баюын, тақырыптық өрісінің кеңеюін, көркемдік ізденістердің молаюын талдап көрсетуде білімділік танытты.
Бұлардан басқа өздерінің күнделікті баспасөз бетіндегі сын мақалаларымен әдеби сынымыздың дамуы мен тереңдеуіне ойлы пікір қосып жүрген авторлардың саны да көбейді. Олардың қатарында Ш.Елеукенов, З.Серікқалиев, Х.Садықов, С.Жұмабеков т.б. есімдерін атау орынды. Бұлардың бәрі де қазақ әдебиеттану ғылымының бар саласында жемісті еңбек етіп жүрген — сыншы-ғалымдар.
2. Әдеби сынның ғылымилығы
Қазақ әдебиетінің көркемдік мәселелерін танып –білуде әдеби сынның өзіндік орны бар.Қазір әдеби сынға қатысты біршама еңбектер бар.Бұнда сынның тарихы ғылыми тұрғыда сараланды, жеке қаламгерлердің сыншылық қызметтері зерттелді.Сынның ғылыми, идеялық, көркемдік дәрежесін зерттеу кезінде оның ұзақ жылғы бару барысында қалыптасқан өзіндік құрылымы, даму заңдылығы барын ұмытпау керек. Әдеби сынның теориялық мәселесі –орыс әдебиетінің сыншылары Тредиаковский, В.А.Жуковский,Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев,А.В.Луначарский зерттеді.Сынның теориялық жағын зерртеу 70-жылдарда Б.Бурсов, Ю.Борев,М.Г.Долговтың,В.М.Литвиновтің зерттеу объектісіне айналды.Сынды ғылыми тұрғыдан алып зерттеу А.Гацфельдт,Е.Мустангова,А.П.Гроссман, К.Кожинов, Л.Якименко,В.Иванов, В.Сахаров еңбектерінде орын алып, ғалымдар әдеби сынды көркем әдебиет саласы деп қарастырды.
Сынның сипаты: ғылымилық (бүкіл қоғамдық ғылымдарға байланысты,тіл білімі, тарих, этнография,философия,эстетика,этика, психология, педагогика,т.б.Эстетикалық талдау- әдеби сынның өскенінің белгісі). Ғ.Мүсірепов «ғылыми сын-тексеру-зерттеу арқылы әдебиетті ылғи алға сүйреп отыратын сын.Әдебиет пен жазушының алдына жарығын түсіріп, бастап отыратын сын» (5 томдық шығармалар жинағы, 5 том, А.,1978,136-б.) Публицистикалық сипаты:табиғи қасиеті, сын баспасөзбен тығыз байланыста, дамуы да осыған байланысты.Баспасөз-сынның өмір сүру формасы, даму арнасы.Оның жанры- сынның жанры.Сын- әдебиет материалына негізделген публицистика.Ғалым В.Дементьев «біздің сынымыз қозғалмалы публицистика болуы тиіс»(Критик-это-писатель, «Писатель и жизнь».М.,1978,38-б. Сынның әлеуметтік сипаты: А.В.Луначарский: «кез келген халықтың қоғамдық ой-пікірінің дамуында жалпы мәдениет тарихында әдеби сынның маңызы өте зор.»(Шығармалары,8-том,М.,1967,120-б.).А.Байтұрсынов көркем әдебиеттегі әлеуметтік мәселелердің ауыр салмағын оқырмандарға жеткізіп, рухани игілікке айналдыруда сыншылардың міндеті күрделі әрі жауапты екндігін айқындаған.(шығармалары .А.,1989, 221-б.)Эстетикалық сипаты Сын эстетикалық талдау арқылы жүреді.В.Г.белинский әдебиетке тек эстетикалық сын керек деп талап қойды. «Шығарманың эстетикалық қадір-қасиетінің дәрежесін анықтау сынның 1-ісі болу керек.Шығарма эстетикалық талдауды көтермесе, оны тарихи тұрғыдан сынаудың да қажеті жоқ» (екі томдық таңдамалысы.А.,1948,1 том,43б.) Сынның мақсаты-әдеби өмірде болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде бағалап, оқырманға түсіндіру,көркем шығарманы талдау, бағалау. «Сын қоғамның тәрбиешісі болуы тиіс»В.Г.Белинский(Шығармаларының толық жинағы.2 том,125-б.).Субъектісі- сыншы,объектісі-шығарма +жазушы+әдеби өмір.әдіснамасы мен әдістері: дидактикалық материализм, қоғамдық ғылымдар, әдебиеттану әдістері; мазмұны-әдеби процестің өзекті мәселесі;құралдары:әдебиетану категориялары, терминдері;өмір сүру арнасы-баспасөз, жанрлары-хабар, аннотация,рецензия, шолу, шығармашылық портрет,мақала, фельетон, эпиграмма,пародия, эссе, этюд,т.б. Сын түрі:жазушы сыны, сыншы сыны, оқырман сыны.Қазақ әдебиеті сынының тарихын зерттеудегі Т. Кәкішевтің еңбегі. «Сын сапары», «Оңаша отау»-қазақ әдеби сынының ғылыми тарихын жасаудың алғашқы сүрлеуі.Монографиялық еңбек «Қазақ әдеби сынының тарихы» М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы»,С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті», Е.Ысмайыловтың, Ғ. Мүсіреповтің, Т. Нұртазин,Б. Кенжебаевтің, Қ. Нұрмаханов, А. Нұрқатов еңбектерінің маңыздылығы. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ұлттық баспасөздің әдеби сынды зерттеудегі орны. «Қазақ әдебиеті тарихының шығуының»маңызы.Қазақ демократ ағартушылары еңбектерінің әдеби сынды дамытудағы орны. «Сот реформасындағы салмақты ойлар.» С. Қирабаев, Ш. Елеукенов, М. Қаратаев , С. Әшімбаев, Т. Тоқбергеновтің әдеби сынды зерттеудегі қолтаңбалары.Әдеби сынның құрылымы,көркемдік процесте атқаратын қызметі,обьектісікөркем әдебиет,мазмұны әдеби процестің өзекті проблемалары,әдіснамасыдиелектикалық материализм,құралы әдебиеттану,субьектісі сыншы екендігі.әдеби сынның күрделілігі,оның көркем әдебиетпен, ғылыммен,публицистикамен байланысы,сынның көркем әдебиеттен өзгешелігі.
3.А.Нұрқатов-сыншы
Айқын Нұрқатов – жазушы, сыншы, әдебиет сыншысы. Солтүстік Қазақстан облысы, Шұқыркөл ауылында туылған. Ол өзінің әдеби зерттеулерінде сөз өнерінің көкейкесті мәселелерін, әдеби үрдіс пен әдебиеттер байланысын жан-жақты қарастырды. Абай, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Шевченко, И. Байзақов, Х.Ерғалиев, Ә. Тәжібаев, Ғ. Орманов, Т.Жароков және т.б шығармаларын сан қырынан талдады. «Абайдың ақындық дәстүрі» атты монографиясында Нұрқатов ақын шәкірттерін Абай дәстүрін жалғастырушылар және Абай үрдісін көркемдік – тұрғыдан жалғаушылар деп екі топқа бөліп қарады. Нұрқатов зерттеулеріне логик, ой жүйелілігі, пікір айқындығы, тұжырымның дәйектілігі тән, оның еңбектерінде қоғамдық ой-пікір мен көркемдік эстетика талап ұштасқан.
Шығармаларына тоқталатын болсақ: «М. Әуезовтың творчествосы», «С. Мұқановтың өмірі мен творчествосы», «Идея және образ», «Сын века», «Жалғасқан дәстүр» ең бас¬тысы – қара қыл¬ды қақ жа¬ратын сынның әдебиеттің өсуіне тигізер әсері, берер кө¬мегі көп. Содан да болар сол тұс¬¬та қазақ әде¬биеті де бар жанр¬да бірдей өсу, өрлеу үстінде болды. Міне, сол тұста әдеби сында Айқын Нұрқатов есімді жаңа талант жарқ ете қалды. 1954 жылы «Владимир Маяковский және қазақ поэзиясы» тақырыбына жазылған кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, бұл ең¬бегі жеке кітап болып шыққан Ай¬қын әдеби жанрында аса белсенділікпен, асқан білімділікпен жемісті еңбек етті. Қырық жасқа да жетпеген қысқа да қызулы өмірінде Ш.Уәлиханов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сынды саңлақ суреткерлер жайлы очерктер жазып, жариялады. Оның қаламынан туған сын ма¬қа¬лବлар мен рецензиялар екі жүзге жуық.
«Бәйгеге қосатын атты жаратып, құйрық-жалын сүзіп жіберсе, көрікті болып жұтынып шығады. Әдебиетке де сондай күтім, сондай сын керек» депті Жүсіпбек Аймауытов. Айқын қаламынан туған сын бүгінгідей біреуді көкке, біреуді жоққа шығарған сыңаржақ сын емес, көркем шығарманың бары мен жоғын жіліктеп, жазушыға жол көрсет¬кен жанашыр, жолбасшы сын. Айқын Нұрқатовтың зерттеушілік бетін айқындаған екі үлкен еңбегін ай¬рықша айту керек. Оның бірі – «Абайдың ақындық дәстүрі», тағы бірі – «Мұхтар Әуезов творчествосы» атты көлемімен де, көкейге қонымды көркем ойымен де, терең талдау, парасатты пайымдарымен де аса сал¬мақты, салиқалы монографиялары.
Достарыңызбен бөлісу: |