6, 2013 СҚо петропавл қаласы Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей Қазақ тілі 10-сынып



Дата25.02.2016
өлшемі42.59 Kb.
#19091
Республикалық ғылыми-әдістемелік басылым

Білім технологиялары

6, 2013



СҚО Петропавл қаласы

Бірінші қалалық жалпы

білім беретін лицей

Қазақ тілі 10-сынып

Мұғалім: Әбілов МейрамБолатұлы
Тақырыбы: Махамбет - батыр ақын
Мақсаты:

1. Білімділік: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын және өзіндік жұмыс

істеу дағдыларын дамыту.



3.Тәрбиелік: Отаншылдыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: ақын портреті, бейне материалдар.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Әдіс: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, мәтінмен жұмыс.

Жұмыс түрі: интерактивті тақтамен, постермен жұмыс, жұптық, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут).
ІІ. Үй жұмысын тексеру: (интерактивті тақтаға жазылған сұрақтарға жауап беру) (8минут)

1. 19 ғасырдың І жарт-да қазақ елінің жағдайы қандай еді?

2. Қай жылы қазақ жерінде хандық жойылды?

3. Қай журналда қазақ ауылын отарлаушылар туралы қандай пікір айтылды?

4. Жазушы, ғалым В.И.Даль қазақ халқына қандай баға берген еді?

5. 19ғасырдың І жартысына жататын әдебиет өкілдерін атаңдар?

6. Ақын-жыраулар өз жырларында нені жырлады?
ІІІ. "Миға шабуыл" стратегиясы

Балалар, қазақ халқының қандай батыр ұлдарын білесіңдер? (1 минут)


ІҮ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің сөзі: (2 минут)

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Махамбет - батыр ақын

(Сабақтың тақырыбы аталып, сабақтың эпиграфын жатқа оқимын)

Эпиграф:

Бостандықты аңсаған,

Тәуелсіздікке жол салған.

Батыр ақын Махамбет!

Ұмытпас сені ұрпағың,

Есінде сақтар мәңгілік.


Сөздікпен жұмыс:

қамын жеді - позаботился ерлік - подвиг мерейтой - юбилей

қара халық - простой народ күрес -борьба даттаушы - разоблачитель

ақылшы - советник рух -дух жәбір - насилие, притеснение

қатыгездік - жестокость палуан - борец бұқара - масса

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы өздеріңіз топта жұмыс істеу барысында танысасыздар. Сіздерге бүгінгі тақырып туралы ақпарат - мәтінді таратамын. Мәтінді топта оқып, түсінгендеріңді постерге түсіріп, тақта алдында қорғайсыздар.



Топпен жұмыс (15 минут).
І топқа берілетін мәтін: Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны.

ІІ топқа берілетін мәтін: Махамбет көтерілістің рухани көсемі.

ІІІ топқа берілетін мәтін: Махамбеттің өлеңдері.

(Тақта алдында қорғаған топтардың мәтінін барлық топтар дәптерлеріне жазып отырады. Егер сұрақтар туындаса сұрақ қоюларына болады.)


Ү. Мұғалім: Балалар, енді өздеріңіз қорғаған постер бойынша диалог құрастырамыз. (Ол үшін балаларға жасыл, қызыл, сары түстерді таратып, қайтадан топтарға бөлемін.) (3 минут)

ҮІ. Сергіту сәті (1 минут)
Мұғалім: Біз бүгінгі сабақта Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны, шығармашылығы туралы мәліметтер алдық. Махамбетті жай ғана ақын емес, батыр ақын екенін білдік. Ақынның елін, халқын, жерін шексіз сүйетіндігін, қазақ халқының жоқтаушысы екенін білдіңіздер. Ақынның "Толарсақтан саз кешіп", "Ұлы арман"," Қызғыш құс","Махамбеттің Жәңгір ханға айтқаны","Ереуіл атқа ер салмай" т.б. өлеңдерімен таныстыңдар. Махамбет ерлік тақырыбын кез-келген ақыннан да асыра, жеріне жеткізе жырлаған ақын. Оның ұғымынша, ерлік - елі үшін туып, өмір сүрген адал перзентің қасиеті. Махамбет ерлік белгісі - сөз емес, іс- халықтың кегін үйде отырып айтқан сөзбен емес, жаулармен майданда қасық қан қалғанша шайқасу деп білген. Халыққа бостандық, тәуелсіздік әперу оңай шаруа емес екендігін жақсы білген.

1836-1838 жылдары Исатай батыр бастаған көтерілістің басы-қасында болып, сарбаздарға жалынды, өткір өлеңдерімен күш-қуат беріп, майданның қақ ортасында жүрген. Өкінішке орай күш тең болмағандықтан көтеріліс жеңіліс тапты. Исатай батыр қаза табады. Ал Махамбет ақын 1846 жылы жауларының қолынан Қараой деген жерде мерт болады. 2003 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша елімізде Махамбет ақынның 200 жылдық мерейтойын атап өттік. (3 минут)


ҮІІ. Қорытынды: (интерактивті тақтаға жазылған сұрақтарға жауап беру) (5 минут)

1. Махамбет Өтемісұлы кім?

2. Махамбет ақын қай жылы, қай жерде туған?

3. Қай рудан шыққан?

4. Өтемістің неше баласы болған?

5. Махамбет бала кезінен қалай өскен?

6. Махамбет қандай тілдерді білген?

7. "Исатай - Махамбет" көтерілісі қай жылдары болды?

8. Махамбет ақынның арманы не еді?

9. Ақын арманы орындалды ма қалай ойлайсыңдар?


ҮІІІ. Бағалау: (1 минут)
ІХ. Үй жұмысы: 1. Махамбет ақынның өмірімен шығармашылығы туралы мазмұндау.

2. "Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны" өлеңінен үзінді жаттау.


Х. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Балалар, бүгінгі сабағымызды мынадай өлең шумағымен

аяқтағым келіп тұр.

Махамбет - ақбас Алатау,

Айдан да асқан айбыны.

Махамбет - қайтпас Қаратау,

Қайыспай көтерген қайғыны.

Махамбет - рухы ұлтымның,

Кеудесін жауға бастырмас.



ХІ. Рефлексия:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет