6-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#133517
  1   2   3


Бұйрық № 142

19.03.2014 ж.

«Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері және Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабына, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 236-бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдарының ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері және Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5876 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсан № 187 (1783) мынадай өзгерістер енгізілсін:

6-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

«6-3. Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарына ақшалай сыйақы беруді қоспағанда, медициналық емес білімі бар қызметкерлерді ақшалай сыйақы беру түрінде көтермелеуді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысы айқындайды және осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасының 14-24-тармақтарына ұқсас жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау субъектісінің медициналық емес қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсынысты бірінші басшы тағайындаған, олардың қарамағындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін адал орындауына, жұмыстарды орындауының жоғары сапасына, бастамасына, шығармашылық белсенділігі мен жұмыстағы басқа жетістіктеріне тікелей бақылауды жүзеге асыратын жауапты адамдар және (немесе) денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысы қалыптастырады.

Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарын республикалық бюджет есебінен кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде ақшалай сыйақы беру түрінде көтермелеу осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасының 25-47-тармақтарына ұқсас жүзеге асырылады.»;

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (Қ.Қ. Ермекбаев):



1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.



4.Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушы Б. Төкежанов

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының

2014 жылғы «19» наурыз

№ 142 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының

2010 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына 1-қосымша

Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасы (бұдан әрі – Қағида):

бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың қалыптасқан үнемдеуінің (бұдан әрі – қаражатты үнемдеу) есебінен;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (бұдан әрі – МСАК субъектісі) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентіне (бұдан әрі – ЖБНЫК) ақы төлеуге нысаналы ағымдағы трансферттер түріндегі республикалық бюджет қаражатының есебінен ақшалай сыйақы түрінде денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық қызметтер көрсететін медицина қызметкерлерін көтермелеу арқылы көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне және сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидамен көзделген ақшалай сыйақы түрінде медицина қызметкерлерін көтермелеу тұрақты сипаттағы емес біржола төлемдер болып табылады.

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің (бұдан әрі – денсаулық сақтау субъектісі) медицина қызметкерлеріне ақшалай сыйақы беру көлемін олардың қызметін бағалау нәтижесі бойынша денсаулық сақтау субъектілері қызметінің нәтижесін және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға медицина қызметкерлерінің қосқан үлесін бағалау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия айқындайды.

4. Денсаулық сақтау субъектісі қызметінің нәтижесін және медицина қызметкерлерінің көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға қосқан үлесін бағалау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысының бұйрығымен құрылады.

5. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссияның мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны 5 адамнан кем емес тақ санды құрайды. Комиссияның құрамына кәсіподақ комитетінің өкілдері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерінің арасында жаппай дауыс беру арқылы сайланатын денсаулық сақтау субъектісінің басқа қызметкерлері кіреді.

6. Комиссияның төрағасын комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы сайлайды, бірақ оның лауазымы денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысының орынбасары немесе бөлімше меңгерушісі лауазымынан төмен болмауы тиіс.

Комиссияның төрағасы:

1) жұмысты жоспарлайды және комиссияның қызметін басқарады;

2) комиссияның отырыстарына төрағалық етеді;

3) ЖБНЫК қаражатын нысаналы пайдалануды қамтамасыз етеді;

4) осы Қағиданың 25-47-тармақтарына сәйкес МСАК субъектісінің қызметкерлеріне ЖБНЫК сомаларын аудару мен бөлудің дұрыстығын қамтамасыз етеді. МСАК субъектісінің қызметкерлеріне ЖБНЫК сомаларын қате аудару мен бөлу фактілері анықталған жағдайда осы қызметкерге ЖБНЫК сомаларын өтеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) қызметтерін көрсетуге бөлінген қаражаттың есебінен немесе бюджеттен тыс қаражаттың есебінен жүзеге асырылады;

5) МСАК қызметкерлеріне есепті кезеңдегі ЖБНЫК сомаларын уақтылы төлеуді қамтамасыз етеді.

Комиссия төрағасының орынбасары отырыста комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруімен сайланады.

7. Комиссияның төрағасы, денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысы және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қаражатты үнемдеу есебінен сараланған қосымша ақыны есептеу үшін денсаулық сақтау субъектісі қызметінің нәтижесіне қол жеткізуге медициналық және медициналық емес қызметкерлердің қосқан үлесін айқындаудың әділдігін қамтамасыз етеді.

8. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссияның хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы жоқ.

Комиссияның хатшысы денсаулық сақтау субъектісінің лауазымды адамдарының ішінен айқындалады.

9. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санынан 3/2-ден кем емес мүшесі қатысқан жағдайда заңды болады. Қатысушы комиссия мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары мен комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тек негізделген себептер бойынша төрағаның немесе төраға орынбасарының және (немесе) комиссияның кез келген мүшесінің қатыспауына рұқсат беріледі. Бұл ретте, комиссия отырысының хаттамасында растаушы құжатты қоса бере отырып, қатыспау себебі көрсетіледі.

Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.

10. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің отырысына қатысатын мүшелердің жалпы санынан дауыстардың көпшілігі берілсе қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданды деп есептеледі. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы комиссияның кез келген мүшесі жазбаша түрде баяндалуы және комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс ерекше пікір айтуға құқылы.

11. Денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысы денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін осы Қағиданың шарттарымен, сараланған еңбекақы төлеу ережесімен, қаражатты үнемдеудің есебінен және (немесе) ЖБНЫК қаражатының есебінен медицина қызметкерлерін көтермелеуге қатысы бар бұйрықтармен таныстырады. Таныстыру қызметкердің қолтаңбасымен куәландырылады.

12. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармасы) лауазымды адамдары:

есепті кезеңдегі ЖБНЫК сомаларын МСАК субъектілеріне аударудың уақытылығын;

МСАК субъектілерінің ЖБНЫК қаражатын нысаналы пайдалануды тиісті бақылауын;

денсаулық сақтау субъектілерінің осы Қағиданы сақтауын;

денсаулық сақтау субъектісінің және комиссияның бірінші басшысының осы Қағидамен көзделген функцияларын тиісті орындауын қамтамасыз етеді.

13. Осы Қағиданы тиісті орындамағаны үшін денсаулық сақтау басқармасы мен денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза шаралары қолданылады.


3. Қаражатты үнемдеудің есебінен ақшалай сыйақы беру түрінде көтермелеу арқылы көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібі
14. Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қаражатты үнемдеудің есебінен денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлерін көтермелеу арқылы комиссиямен келісім бойынша денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысы бекіткен медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлерінің негізінде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – сараланған қосымша ақы) жүргізіледі.

15. Сараланған қосымша ақыға бөлінетін қаражатты үнемдеудің сомасы денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысы бекіткен есепті кезеңдегі қаржылық-шаруашылық нәтиже туралы есептің негізінде кірістер мен шығыстарды тиімді жоспарлау, ресурстарды ұтымды пайдалану нәтижесі бойынша айқындалады.

Құрылымдық бөлімшелер, медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау субъектісінің медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын медицина қызметкерлері мен басшылары (басшыларының орынбасарлары) арасында сараланған қосымша ақыны төлеуге бағытталатын үнемдеудің қаражатын бөлу олардың денсаулық сақтау субъектісі қызметінің нәтижесіне қол жеткізуге қосқан еңбек үлесіне сәйкес жүзеге асырылады.

16. Есепті кезеңдегі денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы төлеу осы Қағидаға сәйкес және денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеу туралы ережемен айқындалған мерзімде жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы төлеудің есепті кезеңі ай сайын немесе тоқсан сайын медицина қызметкерінің ол көрсететін қызметтердің сапасын арттыруға және денсаулық сақтау субъектісі қызметінің нәтижесіне қол жеткізуге қосқан үлесін бағалау нәтижелерінің негізінде айқындалады.

17. Сараланған қосымша ақы төлеу үшін денсаулық сақтау субъектісі қызметінің нәтижесіне қол жеткізуге медицина қызметкерінің қосқан еңбек үлесі:

көрсетілетін қызметтердің сапасының артуын;

орындалған жұмыстың көлемін;

жұмыстың сапасы мен нәтижелілігін;

заманауи технологияларды енгізуді, инновациялық қызметтің болуын;

ресурстарды пайдаланудың тиімділігін;

белгілі бір күнтізбелік уақыт ішінде жекеше де, ұжыммен де маңызды және жауапты жұмыстарды орындауын;

еңбек тәртібін;

пациенттердің қанағаттанушылық деңгейін;

есепке алу-есеп беру құжаттамасын сапалы жүргізуін көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері негізінде айқындалады.

18. Медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы төлеу комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделетін және тиісті бұйрықты жариялау үшін денсаулық сақтау субъектісінің кадрлық қызметіне берілетін медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы төлеу туралы шешімді комиссия есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 7-күнінен кешіктірмей қабылдайды.

Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 3-күніне дейін енгізіледі.

19. Денсаулық сақтау субъектісінің барлық медицина қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсынысты қарамағындағы медицина қызметкерлері көрсететін қызметтердің көлеміне қол жеткізуіне және оның сапасын арттыруға тікелей бақылауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптастырады.

Көрсетілетін қызметтердің көлеміне қол жеткізуге және сапасын арттыруға тікелей бақылауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысының орынбасарларын және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын көтермелеу туралы ұсынысты денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшысы қалыптастырады.

20. Денсаулық сақтау субъектісінің бірінші басшыларына сараланған қосымша ақы төлеу дәрігерлік персоналды 50%-дан кем емес қамтылған жағдайда дәрігерлік персоналдың сараланған қосымша ақысының орташа сомасынан 150%-дан аспайтын мөлшерде айқындалады. Егер сараланған қосымша ақыны дәрігерлік персоналдың жалпы санынан 50%-дан кем дәрігерлік персоналы алса, онда бірінші басшыларға сараланған қосымша ақы төлеу жүргізілмейді.

21. Есепті кезеңде денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлеріне:

шешілмеген тәртіптік жаза бар болса;

тиісті денсаулық сақтау субъектісінде бір айдан кем жұмыс істесе;

сынақ мерзімі кезінде;

баланы күту бойынша демалыста болған кезде;

оқу демалысында, кезекті еңбек демалысында, жалақысы сақталмайтын демалыста ай сайынғы есепті кезеңде күнтізбелік он төрт күннен артық және тоқсан сайынғы есепті кезеңде күнтізбелік 30 күннен артық болған кезде;

ай сайынғы есепті кезеңде күнтізбелік он төрт күннен артық және тоқсан сайынғы есепті кезеңде күнтізбелік 30 күннен артық уақытша жұмысқа жарамсыздық кезінде;

есепті кезең аяқталғанға дейін жұмыстан босатылған жағдайда;

ішкі және сыртқы аудит, мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бар болған кезде сараланған қосымша ақы төленбейді.

22. Есепті кезең үшін денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақыны есептеу кезінде нақты жұмыс істеген күндері есепке алынады.

23. Медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы төлеу кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлемдер есепке алынады.

24. Есепті кезең үшін медицина қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы төлеу негізгі жалақыны төлеу кезінде есепті кезеңнен кейінгі келесі айда жүргізіледі.

4. Кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентіне ақы төлеуге бөлінетін нысаналы ағымдағы трансферттер түріндегі республикалық бюджет қаражатының есебінен көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына қарай медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібі
25. Көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына қарай МСАК субъектілерінің медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу ЖБНЫК-ға ақы төлеуге арналған нысаналы ағымдағы трансферттер түріндегі республикалық бюджет қаражатының есебінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау және шығындарды жоспарлау әдістемесімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 тіркелген) (бұдан әрі - Әдістеме) айқындалған МСАК субъектісі қызметінің қол жеткізілген түпкілікті нәтиже индикаторларының (бұдан әрі - түпкілікті нәтиже индикаторлары) негізінде жүзеге асырылады.

26. ЖБНЫК-ға ақы төлеуге арналған нысаналы ағымдағы трансферттер:

1) қол жеткізілген түпкілікті нәтиже индикаторлары үшін МСАК субъектісінің медицина қызметкерлерін материалдық көтермелеуге;

2) есепті кезеңде МСАК субъектісі бойынша алынған ЖБНЫК сомасынан кем дегенде 5 % құрауы тиіс іссапар шығыстарын қоса, МСАК субъектісінің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға бағытталған.

27. ЖБНЫК МСАК субъектісінің мынадай медицина қызметкерлеріне (бұдан әрі – МСАК қызметкерлері) төленеді:

2) аумақтық учаске жағдайында қызметтер көрсететін қызметкелер:

жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевттер мен педиатрлар;

жалпы практика мен учаскелік қызметтің мейіргерлері, аумақтық учаске шарттарында медициналық қызметтер көрсететін акушерлер;

әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар;

2) қосымша персонал:

Дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амублаторияның бірінші басшысы, жалпы дәрігерлік практика бөлімшелерінің меңгерушілері мен аға мейіргерлері, учаскелік қызмет бөлімшелерінің меңгерушілері мен аға мейіргерлері;

Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің қызметкерлері (дәрігерлер мен орта медицина персоналы).

28. МСАК субъектісінің деңгейіне дейін және МСАК субъектісінің аумақтық учаскелерінің деңгейіне дейін түпкілікті нәтиженің индикаторларына қол жеткізуге байланысты алынған ЖБНЫК сомасын есептеу тәртібі Әдістемемен айқындалады.

29. МСАК субъектілері мен аумақтық учаскелерінің деңгейіне дейін ЖБНЫК сомасын есептеу ай сайын есепті айдан кейінгі келесі айдың10-күніне дейін, бұл ретте, ағымдағы жылғы қаңтар үшін – келесі жылғы қаңтарда «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЖБНҚК АЖ) автоматтандырылған режімде жүзеге асырылады. 2013 жылғы 4 тоқсан ерекше болып табылады – есеп айырысу 2014 жылғы қаңтарда жүргізіледі.

30. Аумақтық учаскенің шарттарында қызметтер көрсететін МСАК субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға арналған ЖБНЫК сомасы осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МСАК субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізуге байланысты ЖБНҚК-да қалыптастырылған ЖБНЫК сомаларын бөлу бойынша жиынтық ақпарат негізінде айқындалады.

31. МСАК қызметкерлеріне ЖБНЫК сомасын бөлу ай сайын МСАК қызметкерінің түпклікті нәтиже индикаторларына және МСАК субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларының мәндеріне әсер ететін үдеріс индикаторларына (бұдан әрі – үдеріс индикаторлары) қосқан үлесіне байланысты комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

Түпкілікті нәтиже индикаторларының мәндеріне әсер ететін МСАК субъектісі қызметінің үдеріс индикаторларының ұсыным жасалған тізбесін есепке ала отырып үдеріс индикаторларын осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес комиссиямен және ішкі бақылау (аудит) қызметімен келісім бойынша МСАК субъектісінің бірінші басшысы бекітеді.

Үдеріс индикаторлары комиссиямен және ішкі бақылау (аудит) қызметімен келісім бойынша МСАК субъектісінің бірінші басшының шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1577 қаулысымен бекітілген Медициналық қызметтер сапасының ішкі және сыртқы сараптамаларын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларымен айқындалған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарға арналған медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторларымен толықтырылады.

32. Түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша нысаналы мәніне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында үдеріс индикаторларын мониторингілеуді мынадай қатысушылар жүзеге асырады:

1) МСАК субъектісінің ішкі бақылау (аудит) қызметі;

2) денсаулық сақтау басқармалары;

3) құзыреті бойынша ғылыми-зерттеу денсаулық сақтау ұйымдары;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – МФҚБК) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – МФҚБК АД).

33. Ішкі бақылау (аудит) қызметі МСАК субъекті бойынша және аумақтық учаскелер бөлінісінде есепті кезендегі үдеріс индикаторларын мониторингілеу нәтижелерін осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 15-күніне дейін ЖБНҚК-да орыналастырады және растайды.



34. Денсаулық сақтау басқармасы:

МСАК субъектісінің ЖБНҚК-ға үдеріс индикаторлары бойынша деректерді орналастыруына мониторингілеу мен бақылау жүргізеді;

МСАК субъектісінің қызметкерлеріне ЖБНЫК сомаларды бөлудің уақтылығы мен ЖБНҚК-да ақпараттың орналастырылуына мониторинглеу мен бақылау жүргізеді;

МСАК субъектісінің түпкілікті нәтиже индикаторларына және үдеріс индикаторларына қол жеткізуі, құзыреті бойынша ғылыми-зерттеу денсаулық сақтау ұйымдары мен МФҚБК АД-ның ұсынымдарын орындауы бойынша талдау жүргізеді.

35. МФҚБК АД ЖБНҚК-да орналастырылған МСАК субъектісі үдерісінің индикаторларын мониторинглеу нәтижелері бойынша:

қатарымен екі айдан артық үдеріс индикаторларының деңгейлес мәндеріне қол жеткізбеушілік белгіленген МСАК субъектісінің қызметіне сыртқы сараптама жүргізеді және басқару шешімдерін қабылдау үшін МСАК субъектісіне ұсынымдары бар сараптаманың нәтижелерін құзыреті бойынша ғылыми-зерттеу денсаулық сақтау ұйымына және денсаулық сақтау басқармасына ұсынады;

қатарымен алты ай бойы үдеріс индикаторлары бойынша деңгейлес мәндеріне қол жеткізбеушілік белгіленген МСАК субъектісін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеруді жүзеге асырады және басқару шешімдерін қабылдау үшін МСАК субъектісіне ұсынымдары бар сараптаманың нәтижелерін құзыреті бойынша ғылыми-зерттеу денсаулық сақтау ұйымына және денсаулық сақтау басқармасына ұсынады;



сыртқы сараптаманың нәтижесі бойынша МСАК субъектісіне берілген ұсынымдардың іске асырылуын мониторингілеуді жүргізеді.

36. Құзыреті бойынша ғылыми-зерттеу денсаулық сақтау ұйымдары ЖБНҚК-да орналастырылған МСАК субъектісінің үдеріс индикаторларын мониторинглеу нәтижелері бойынша:

қатарымен екі ай бойы үдеріс индикаторлары бойынша деңгейлес мәндеріне қол жеткізбеушілік белгіленген МСАК субъектісіне ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетеді;

жартыжылдық қорытынды бойынша көрсетілген ұйымдастыру-әдістемелік көмектің нәтижелерін МФҚБК АД-ға және денсаулық сақтау басқармасына ұсынады.

37. Денсаулық сақтау басқармасы МСАК субъектілеріне есепті кезендегі ЖБНЫК сомаларын төлеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9294 тіркелді) айқындалған мерзімде МСАК субъектілерінің үдеріс индикаторлары бойынша деректерді ЖБНҚК-да орналастырғаннан соң жүзеге асырылады.

38. МСАК қызметкерлеріне ЖБНЫК сомасын бөлу туралы шешімді комиссия есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 20-күнінен кешіктірмей комиссия отырысының хаттамасымен ресімделетін және тиісті бұйрықты жариялау үшін МСАК субъектісінің кадрлық қызметіне берілетін көтермелеу туралы ұсыныстың негізінде қабылдайды.

Көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына ай сайын есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 15-күніне дейін енгізіледі.

39. МСАК субъектісі қызметінің түпкілікті нәтижесінің индикаторларына қол жеткізгені үшін аумақтық учаскеде қызметтер көрсететін МСАК қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсынысты осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарамағындағы қызметкерлері көрсететін қызметтердің көлемі мен сапасына қол жеткізуді тікелей бақылауды жүзеге асыратын, қызметкерлер арасында ЖБНЫК сомасын бөлудің арақатынасын айқындайтын осы аумақтық учаскенің дәрігері қалыптастырады.

Аумақтық учаскелер бойынша ЖБНЫК сомаларын бөлу кезіндегі комиссияның шешімі осы аумақтық учаскенің қызметін тікелей бақылауды қамтамасыз ететін бөлімше меңгерушісімен келісім бойынша қабылданады.

40. Түпкілікті нәтиженің индикаторларына қол жеткізгені үшін осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аға мейіргерді көтермелеу туралы ұсынысты қарамағындағы қызметкері көрсететін қызметтердің көлемі мен сапасына қол жеткізуге тікелей бақылауды жүзеге асыратын бөлімше меңгерушісі қалыптастырады.

Жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің немесе учаскелік қызметтін аға мейіргеріне ЖБНЫК сомасын есептеу осы қызметкер қарамағындағы бөлімше меңгерушісімен келісім бойынша комиссия айқындаған арақатынаста жетекшілік етілетін бөлімшенің орта медицина персоналының орташа ЖБНЫК сомасынан жүзеге асырылады.

41. Түпкілікті нәтиженің индикаторларына қол жеткізгені үшін бөлімше меңгерушісін көтермелеу туралы ұсынысты осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес МСАК субъектісінің бірінші басшысы ішкі бақылау (аудит) қызметінің басшысымен келісім бойынша қалыптастырады.

Жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің немесе учаскелік қызметтің меңгерушісіне ЖБНЫК сомасын есептеу МСАК субъектісінің бірінші басшысымен келісім бойынша комиссия айқындаған арақатынаста жетекшілік етілетін дәрігерлік персоналдың орташа ЖБНЫК сомасынан жүзеге асырылады.

42. Түпкілікті нәтиженің индикаторларына қол жеткізгені үшін Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің қызметкерлерін (дәрігерлер мен мейіргерлерді) көтермелеу туралы ұсынысты осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес МСАК субъектісінің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары немесе жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің немесе учаскелік қызметтің меңгерушісі қалыптастырады.

Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің қызметкерлеріне (дәрігерлері мен мейіргерлеріне) ЖБНЫК сомасын есептеу жетекшілік ететін маманмен келісім бойынша комиссия айқындаған арақатынаста аумақтық учаскеде қызметтер көрсететін МСАК қызметкелеріне (дәрігерлік персоналдың және орта медицина персоналдың) тиісінше ЖБНЫК-ның орташа сомасынан жүзеге асырылады.

43. Дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның бірінші басшысына ЖБНЫК сомасының мөлшері МСАК субъектісінің дәрігерлік персоналы ЖБНЫК-ның орташа сомасынан арақатынаста комиссияның шешімі бойынша айқындалады. Комиссияның шешімі осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МСАК субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізгені үшін дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның бірінші басшысын көтермелеу мөлшерін айқындау туралы хаттама түрінде ресімделеді.

44. МСАК қызметкерлеріне ЖБНЫК сомасын есептеу кезінде есепті кезеңде нақты жұмыс істеген күндері есепке алынады.

45. Есепті кезеңде МСАК қызметкеріне ЖБНЫК сомасын төлеу:

қарастырылып отырған кезеңде осы қызметкерден тәртіптік жаза алынбаса;

ішкі аудит нәтижелері бойынша бұзушылықтар болса;

сыртқы бақылау мен мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болса;

МСАК-тың тиісті субъектісінде бір айдан кем жұмыс істесе;

сынақ мерзімі кезеңінде;

баланы күту бойынша демалыста болған кезде;

күнтізбелік 14 күннен артық оқу демалысында, кезекті еңбек демалысында, жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезде;

күнтізбелік 14 күннен артық еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;

есепті кезең аяқталғанға дейін жұмыстан шығарылған кезде жүргізілмейді.

46. МСАК қызметкерлеріне ЖБНЫК сомаларын аудару кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлемдер есепке алынады.

47. Есепті кезеңде МСАК қызметкерлеріне ЖБНЫК сомасын төлеу негізгі жалақыны төлеу кезінде есепті кезеңнен кейінгі келесі айда жүргізіледі.

Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесіне қағидасына

1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет