Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті Коммуникативтік дағдылар кафедрасы
Орындаған:Ержігіт Аида
Топ:2-010 ЖМФ
Қабылдаған:Оспанова Ж.Б
Жоспар
I. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлімі.
1. Сапалы медициналық көмек және оның сипаттамасы.
2. Медициналық көмектің жоғары сапалалығына жетудің шарттары
- Медициналық сақтандыру.
- Науқастардың медициналық көмекпен қанағаттанбауының негізгі себептері.
ІІІ. Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиетер.
Кіріспе
Медициналық қызметкерлерге қанағаттану дәрежесі мен науқастың білім деңгейі мен денсаулық жағдайының арасында байланыс жатыр. Медициналық қызметкерлермен жақсы қарым-қатынаста болу, науқастың медициналық көмекпен қанағаттануына зор ықпалын тигізетіні рас. Қанағаттану деңгейін бағалау мақсатында түрлі әдістер қолданылады. Науқастарға анкета жүргізу арқылы медициналық көмектің жеткіліктілігін, медициналық қызметкерлерінің сыпайылығын, білімін бағалауға, науқастың мекемеге деген қанағаттылығының деңгейін растауға көмектеседі.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» №193-IV Кодексінде :
«Медициналық көмектің сапасы – көрсетілген көмектің уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі»- деген анықтама берілген.
Сапалы медициналық көмек – бұл білікті медициналық
қызметкерлер көрсететін, нормативтік-құқықтық актілерге,
медициналық көмек көрсету стандарттарына (ауруларға хаттама толтыру), келісім шарттарына немесе әдетте ұсынылатын талаптарға сәйкес келетін уақтылы медициналық көмек.
Жыл сайын Қазақстан Республикасында халықтың
денсаулығын сақтау үшін денсаулық сақтау саласының
қажеттілігіне жұмсалатын мемлекет шығыны артып келеді.
Бірақ, бұл шығындарды дамыған мемлекеттердегі шығын
мөлшерімен салыстыруға келмейді. Мәселен, Еуроодақ
елдерінде қоғамға ашық түрде сапалы медициналық көмекке
баға беру жүйесі жолға қойылған. Жыл сайын медициналық
мекемелердің ұпай бойынша рейтингі құрылады және
ол қызметін тұтынатындар үшін денсаулық сақтаудың
ұлттық жүйесінің ашықтық дәрежесі туралы баға беруге
мүмкіндік береді. Мұнымен бірге, емдеу сапасы емделушінің
мүддесіне – ауыр сырқаттан кейінгі сауығуына сәйкес
бағаланады. Сонымен қатар, сапа белгісіне нәресте өлімі,
ана өлімі, аурухана ішіндегі жұқпалы індеттер саны, т.б.
жатады. Бұдан басқа, Еуроодақ елдерінде «Медициналық
қызметті тұтынушылардың ынталы тобы» қоғамдық ұйымы
бар, ол емделушілер көзқарасы бойынша денсаулық сақтау
жүйесінің жұмысын бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |