6-8 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жасөспірімдер арасындағы олимпиаданың іріктеу турының тапсырмалары
Қатысушылар барлық сыныптың тапсырмалары бойынша дайындалуы қажет
ІІ турға
Жатқа оқу
6-сынып
Әдебиет. Хрестоматия: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған / Құрастырғандар: К.Ісләмжанұлы, Р.Баттал. 3-басылым. - Алматы: Атамұра, 2011. - 144 бет.
-
Дулат Бабатайұлы. Асқар таудың сәні жоқ... 40-41-бет.
-
Абай Құнанбаев. Күз. 43-44-бет.
-
Абай Құнанбаев. Интернатта оқып жүр... 44-45-бет.
-
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Адамшылық. 46-бет.
-
Төлеген Айбергенов. Адамдар. 52-бет.
-
Мұқағали Мақатаев. Туған елге. 52-бет.
-
Тұрсынхан Әбдірахманова. Даналарым. 54-бет.
-
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя (үзінді). 66-бет.
-
Тәке Әлімқұлов. Қараой (үзінді). 85-бет.
-
Нарманбет Орманбетұлы. Жабыдан тұлпар артық шаппаса да... 47-бет.
7-сынып
Әдебиет. Хрестоматия: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған / Құрастырушылар: Р.Құтқожина, Ж.Сәметова. 3-басылым, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2012. - 144 бет.
-
Бұқар жырау. Қазақтың ханы Абылай. 18-бет.
-
Махамбет Өтемісұлы. Ұлы арман. 24-бет.
-
Абай Құнанбаев. Он тоғызыншы қарасөзі. 26-бет.
-
Ахмет Байтұрсынов. Жұртыма. 28-бет.
-
Мағжан Жұмабаев. Анама. 34-бет.
-
Тәкен Әлімқұлов. Ақырғы уаныш (үзінді). 60-61-бет.
-
Қасым Аманжолов. Дариға, сол қыз! 80-бет.
-
Тұманбай Молдағалиев. Ана тілі. 95-бет.
-
Мұқағали Мақатаев. Менің анкетам. 107-бет.
-
Мұхтар Мағауин. Абақтыда өлген Уан атам (үзінді). 117-бет.
8-сынып
Әдебиет әлемінде. Хрестоматия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқу құралы. Өңд., 2-бас./ Құраст.: С.Мақпырұлы, К.Құрманбай, Н.Әбішева. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008. - 320 бет.
-
Базар жырау. Әр нәрсенің парқы бар. 210-бет.
-
Абай Құнанбаев. Әуелде бір суық мұз... 214-бет.
-
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш-ақ түрліөмір бар... 220-бет.
-
Міржақып Дулатов. Елім-ай. 222-бет.
-
Мұқағали Мақатаев. Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен. 242-бет.
-
Қадыр Мырзалиев. Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру. 244-бет.
-
Төлеген Айбергенов. Бір тойым бар. 252-бет
-
Темірхан Медетбек. Жота басындағы домбыра (үзінді). 263-бет.
-
Оралхан Бөкей. Сайтан көпір (үзінді). 144-бет.
-
Мұхтар Мағауин. Тазының өлімі (үзінді). 122-бет.
Ескерту. Қай сыныптың оқушысы болмасын аталған үзінділерді не өлеңдерді жатқа білулері қажет.
І турға арналған (іріктеу кезеңі) тест тапсырмалары
Қазақ тілі пәні бойынша
25 сұрақ
<"СӘЙКЕСТІК" БОЙЫНША 15 ТАПСЫРМА>
1. Төмендегі тіркесімдерді мысалдарымен сәйкестендіріңіздер
a) Жеке сөздерден болған тіркесімдер
b) Күрделі сөз түрі қатысқан тіркесім
c) Түйдекті тіркес қатысқан тіркесім
d) Фразеологиялық тіркес қатысқан тіркесім
e) Салаласқан тіркес қатысқан тіркесім
1) Науқастың беті бері қарады.
2) Боран да, жел де тоқтамады.
3) Айтқаннан кейін жақындады.
4) Қаңтарда күн суытты.
5) Қатты қардан әрең жүріп келеді.
2. Жан-жануарлар қалай дыбыстайтынын тауып сәйкестендіріңіздер
a) Түйе
b) Бура
c) Қошқар
d) Қодас
e) Теке
1) бақылдайды
2) мекіренеді
3) мөңірейді
4) күркілдейді, бұрқылдайды
5) боздайды
3. Жәндіктер қалай дыбыстайтынын тауып сәйкестендіріңіздер
a) Ара
b) Сона
c) Инелік
d) Қоңыз
e) Шегіртке
f) Құрбақа
1) дызылдайды
2) дызыңдайды
3) шырылдайды
4) құрылдайды, шұрылдайды
5) тызылдайды
6) быжылдайды
4. Төмендегі ғалымдарды ғылыми айналымға енгізген мәселелерімен, тұжырымдарымен сәйкестендіріңіздер
a) С.Исаев
b) Ө.Айтбаев
c) Қ.Есенов
d) Н.Сауранбаев
e) Т.Жанұзақов
1) Жай сөйлемді құрамына қарай жалаң, жайылма, күрделенген деп жіктеген тілші
2) Қазақ тіл білімінде «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» деген тақырыпта ең алғаш докторлық диссертация қорғаған ғалым
3) Модаль сөзді оныншы сөз табы ретінде енгізуді ұсынған ғалым
4) Топонимиканы зерттеуші
5) Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан ғалым
5. Төмендегі сөздер қай тілден енгенін тауып сәйкестендіріңіздер
a) қарыз
b) ұстаз
c) қалам
d) самауыр
e) майда
1) парсы тілінен
2) моңғол тілінен
3) орыс тілінен
4) араб тілінен
5) иран тілінен
6. Төмендегі сөздер қай тілден енгенін тауып сәйкестендіріңіздер
a) дулыға
b) маржан
c) табиғат
d) сіріңке
e) жан
1) араб тілінен
2) иран тілінен
3) орыс тілінен
4) моңғол тілінен
5) парсы тілінен
7. Төмендегі ғалымдарды ғылыми-зерттеу бағытымен сәйкестендіріңіздер
a) Ж.Аралбаев
b) Ғ.Қалиев
c) Н.Оралбаева
d) А.Ысқақов
e) Р.Әмір
1) Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
2) Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
3) Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
4) Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
5) Қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесі
8. Төмендегі сөздер қай топқа жататынын белгілеңіздер
a) шанақ
b) аусыл
c) теңеу
d) ашамай
e) айтылым
1) кәсіби сөз
2) термин
3) диалект
4) неологизм
5) историзм
9. Төмендегі ғалымдарды ғылыми айналымға енгізген мәселелерімен, тұжырымдарымен сәйкестендіріңіздер
a) А.Байтұрсынұлы –
b) Қ.Жұбанов –
c) Ә.Жүнісбеков –
d) С.Исаев –
e) М.Жүсіпұлы –
1) «қазақ тілінде диалект жоқ» деген зерттеуші
2) көптік жалғауды грамматикалық жұрнаққа жатқызған ғалым
3) буынның алты түрін көрсеткен тілші
4) буынның ашық, тұйық, бітеу түрлерін алғаш көрсеткен ғалым
5) «қазіргі қазақ тілінде екпін жоқ» деген көзқарастағы ғалым
10. Төмендегі ғалымдарды дауысты дыбыстардың саны жайында білдірген пікірлерін сәйкестендіріңіздер
a) А.Байтұрсынұлы
b) С.Мырзабеков
c) І.Кеңесбаев
d) Н.Сауранбаев
e) М.Балақаев
f) Ш.Бектұров пен М.Серғалиев
1) 13
2) 12
3) 9
4) 5
5) 11
6) 15
11. Төмендегі ғалымдардың қазақ тіл білімінің айналымына қосқан терминдерін тауып сәйкестендіріңіздер
a) Н.Оралбай
b) С.Исаев
c) Қ.Есенов
d) Б.Сағындықұлы
e) А.Байтұрсынұлы
1) Орайлас байланыс
2) Күрделенген сөйлем
3) Аналитикалық формант
4) Жалпылағыш/жалқылағыш қос сөздер
5) Модификациялық жұрнақ
12. Төмендегі салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін тауып көрсетіңіздер
a) Сіздің қолыңыз босай қоймас және бұл іс қолыңыздан келмес. (Б.Нұржекеев)
b) Ауа райы үскірік аяз екені сол кезде білінді, қолына ұстаған қар ерімей, құм сияқты сықыр етті. (М.Әуезов)
c) Көріп қоштасып шығуға рұқсат сұрап еді, Боткин Сейітті өзі ертіп кірді. (Ғ.Мүсірепов)
d) Көктем шықсыншы, өлмес ек, әйтеуір. (М.Әуезов)
e) Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады.
f) Менің де ойлап жүргенім сол, енді біз татуласайық. (Б.Нұржекеев)
1) салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем
2) түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
3) шартты салалас құрмалас сөйлем
4) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
5) мезгілдес салалас құрмалас сөйлем
6) себептес салалас құрмалас сөйлем
13. Төмендегі салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін тауып көрсетіңіздер
a) Таң ата жел де тынды, бұлттар да ыдырады. (Ж.Аймауытов)
b) Апай Алматыға бармады, сонан соң мен келдім. (С.Жүнісов)
c) Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді. (Ғ.Мүсірепов)
d) Осы жолмен жүре бер, алдыңнан бұлақ кездесер.
e) Ел ішіне біресе қызыл келеді, біресе ақтың әскері келеді. (С.Мұқанов)
f) Ертең мал басына не Қарлық барсын, не Мақат барсын.
1) шартты салалас құрмалас сөйлем
2) мезгілдес салалас құрмалас сөйлем
3) себептес салалас құрмалас сөйлем
4) талғаулы салалас құрмалас сөйлем
5) қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
6) кезектес салалас құрмалас сөйлем
14. Төмендегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін тауып белгілеңіздер
a) Станциядағы екі жылдық училищеге оқуға бергенде, мен он жаста едім. (З.Шашкин)
b) Ісінің құрылысы түзелмей, ешкімнің түрлі ісі түзелмейді. (мақал)
c) Арада бір сағат өтпей-ақ, тамақ та дайын болды. (Қ.Қабдекзыров)
d) Басының ішінде қорғасыны босаған бір ескі сақа жүргендей, бірдеме сықылдайтын сияқты. (Ғ.Мүсірепов)
e) Тағы бүйтіп кеттің деп, Қозғау салар, қолға алар. Қатты қысым қылған соң, Басым сотқа айналар. (Абай)
f) Елі жөнді болыстар, мақтанып жүр тарқылдап, күлкісі бөлек қарқылдап, үні бөлек сартылдап. (Абай)
1) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
2) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
3) Салыстырмалы бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
4) Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
5) Қарсы бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
6) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
15. Төмендегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін тауып белгілеңіздер
a) Құсы да, иесі де қоразданар, алпыс екі салалы түлкі алғанда. (Абай)
b) Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді. (С.Мұқанов)
c) Малы кеткен соң, бағы кете бастады. (Б.Майлин)
d) Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай; батырмын деп баптанба, барып қайтпай. (мақал)
e) Акуланың қатал жері енді шапалақпен жаққа салып жібергендей, ән аз ғана шашалды да үзіліп кетті. (Ғ.Мүсірепов)
f) Арада екі ай өтпей, малшылар да келіп қалды.
1) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
2) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
3) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
4) Салыстырмалы бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
5) Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
6) Қарсы бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
<"БІРНЕШЕ ЖАУАП" БОЙЫНША 10 ТАПСЫРМА>
16. Мөңірейтін жануарларды белгілеңіздер
A) Сиыр
B) Бұқа
C) Бұғы
D) Қодас
E) Бура
17. Шақылдайтын жануарларды белгілеңіздер
A) Саршұнақ
B) Зорман
C) Суыр
D) Шақылдақ
E) Күзен
18. Кәсіби сөздерді белгілеңіздер
A) тілік
B) мұсала
C) бізқорда
D) алхоры
E) боқша
F) бөдеге
19. Метафора қолданылған сөйлемдерді тауып белгілеңіздер
A) Даусы гүжілдеңкіреп шығатын, жарықшақ үнді Ділдә Әйгерімнің жүзінен көз алмайды.
B) Сондай кездің қарсаңында өз елінің ішімен қағаздасып жату лайық емес.
C) Қанды ауыздар тобын қақ ортасынан найзағайдай жарып өтті.
D) Бұл турнирге еліміздің 200-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысты.
E) Сол кеште үнсіз қоңыр тартып, жайлау-жайлауларына қайтысты.
20. Метонимия қолданылған сөйлемдерді тауып белгілеңіздер
A) Қалың қызыл алтынның бетінде азғана ақ қылаң күміс сызықтар бар.
B) Барлық жаңағы жас әйелдердің шыншыл сезгіш жүздерінде жағалай дуылдап шапшаң толқын, жеңіл қызғылт нұр жүгірді.
C) Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар?..
D) Ылғи қызыл бер деп, тағы керілмейді.
E) Жемсауын шалқайта ұстап, темір найзаларын тоса берді. Тырнақты да білекті екен.
21. Синекдоха қолданылған сөйлемдерді тауып белгілеңіздер
A) Артымыздан келіп қол жетті, Аз жетпеді, мол жетті.
B) Оңашадан әлдилеп ойдың гүлін, Тыныштыққа армансыз тойдым бүгін.
C) Мұның бәрі – ана мұрттың ісі, мына сақалдың ақылы.
D) Әлсін-әлі жүректі дір еткізіп Санада сағыныш ән балалайды.
E) Бұл қағазда Ғайша жүрегінің қайғысы мен өз өмірінің өкінішті арманын түгендеп, тізіп жазып еді.
22. Тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын табыңыздар
A) – Сүйіндік аға осы мына сіздің жердің алдындағы Қарауыл дейтін жалғыз биік не себепті Қарауыл атанды екен? – деді.
B) Керімбала күлкісін тыйған жоқ: «Әй, білмеймін, кімге салсақ та, құлқыным таза дей алар ма екенсіз Абай?» – деп сезігін айта бастады.
C) Ұмсынай: «Кімді айтса, сол келеді» деген рас-ау, сені ауызға алғанымыз сол еді.
D) Ұмсынай. Сіріңке жүктің арасында шығар. (Шәрбану шелекті алып шығады.)
E) Ұмсынай. «Қайда кетті» деп Қанаш сұрағанға айтам. Қарағым, Қанашқа самауыр қайнат. Ана шелекте су тұр.
F) Шәрбану (Қанапияға көзін төңкеріп, қылымси қарап). Апа, менің не керегім бар?
23. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемдерді белгілеңіздер
A) Ти десем – тимейді, тиме десем – тиеді.
B) Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ.
C) Оттың жалыны әзір көрінбейді, жаңа тұтанды.
D) Оларда пасықтық бар, – адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, – жарқын жүз жоқ.
E) Шартты рай дейміз – істің істелуіне шарт көрсететін сөздің түрін. Мәселен, Берсең, аларсың, ексең, орарсың.
24. Диалект сөздерді анықтаңыздар
A) дәліз
B) пәс
C) үсейін
D) атыз
E) маңлай
25. Қазақ тілінің топонимика мәселелерін зерттеген тілшілерді белгілеңіздер
A) Қ.Рысбергенова
B) Р.Сыздық
C) Н.Уәли
D) Е.Қойшыбаев
E) Т.Жанұзақов
F) А.Әбдірахманов
Қазақ әдебиеті пәні бойынша
1.Өлеңдерді ұйқасына қарай сәйкестендіріңіз
1. Жағасында Аралдардың,
Балықшылар құрған аудың
Шыр айқалып төңірегінде,
Қанаттарын төсеп күнге
Шырқырайды шағалалар,
Судан шабақ қағады олар.
Ортасында көкпеңбек сел
Үрлеп баяу желкенін жел,
Борандарға бас имеген,
Тұзға піскен, күнге күйген,
Жас балықшы ән шырқайды,
Шағалалар шуылдайды.
2. Құмарлық үшін бір күндік
Жүгірдік келіп жүгірдік.
Құмарлық оты ұшты тез,
Жел көңілден түңілдік.
Байлыққа бола бір күндік,
Жындыша тынбай жүгірдік,
Байлық та кетті баянсыз.
Орнына ғана үңілдік.
Атаққа бола бір күндік
Аямай жанды жүгірдік.
3. Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
4. Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
5. Өтермін... қанша жүрем...- ұзамаспын,
Ажалдың тас құрсауын бұза алмаспын.
Ойласаң қысқа өмірдің қызығы аз ба
Мен өзім сондай оймен ырзаластым.
Тірліктің тынысынан елтимін де,
Ақындық шабытынан қыза маспын.
Өрнектеп көкейдегі ой мен сөзді,
Шырқаймын қиянына құз-жартастың...
Қадірін уақыттың кім біледі?
Жасында кімдер оған ділгір еді?
Секундтің сыртылы енді бір ғұмырдай,
Сағаттың қандай қымбат күмбірлеуі?!
А) ерікті ұйқас
В) аралас ұйқас
С) шалыс ұйқас
D) шұбыртпалы ұйқас
E) егіз ұйқас
2. Ғабит Мүсіреповтің әңгімелеріндегі аналар сөзін төмендегі кейіпкерлермен сәйкестендіріңіз
1. - Бәріңнің де шешелерің бар шығар... Тек, біреуіңнің де шешең мынадай ақ-топалаңның қолына түсе көрмесін деп, тілеп өлем. Мен үш ауыз құрметті сөз естіп өлгелі тұрмын: Ана... Азамат... Жолдас... бұл сөздер үшін өкінбей-ақ өлуге болады...
2. - Бала ананың бауыр еті ғой, отқа да, суға да сүйреп салады екен. Өзегіңнен үзіліп түскен балаң үшін қалай отқа түспессің? Былтыр әлі солдат алатында жалғыз ұлым он бесте еді. Алтыбас деген байдың сиырын бағуға жарағалы екі-ақ жыл болған.
3. - Дүниенің шетіне дейін осылай жүре берсем, ұлым еркін дүниеде өссе, жүруге шаршамас едім-ау! Адамның анасы болу қандай жақсы! Жүрегім қуаныш төгіп, нұр шашып келе жатқанын қарашы! - деді ана, бір жерде тұра қалып...
4. - Судың тазалығын үйретейік, желдің еркелігін үйретейік, ағаштардың жайқалуын үйретейік. Күннің жылылығын үйретейік. Ата-ананың достығын үйретейік. Біздің салауатымыз осы болсын, ән болсын! Өйткені, осы жаңа дүниеміздің өзі маған ән салып тұрғандай, мейірім төгіп тұрғандай сезіледі.
5. - Ер деген өлім егетін адам емес, өмір егетін адам болады, ұлым. Өлімді жеңіп, өмірді қорғап ер болсаң қайтер? - Ер деген өлім егетін адам емес, өмір егетін адам болады, ұлым. Өлімді жеңіп, өмірді қорғап ер болсаң қайтер?
A) Мария
B) Нағима
C) Һауа
D) Белгісіз ана
E) Қапия
3.Абай арнауларының кімге айтылғанын кейіпкерлерімен сәйкестендіріңіз
1. Саудайы- ай, сауды алмадың- ау, сырқауды алып,
Бір пәлеге жолықтың шырқау барып.
Ала жаздай көгалды бір көрмедің,
Сары жұртқа қондың ба ірге аударып?
2. Мұңды, жылмаң пішінін
Кезек киіп, ел жиып,
Болыс болса, түсінің
Түксігін салар тырсиып.
Бір көрмеге тәп-тәтті
Қазаны мен қалбаңы.
Дөң айналмай ант атты,
Бүксіп, бықсып ар жағы.
Сенен аяр түгі жоқ,
Бүгін сыйлас көрініп,
Бүгін жалын, ертең шоқ,
Сөзі мен өзі бөлініп.
3. Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын,
Қайдан білсін өмірдің көбін азын.
Бәйтеректі күндейді жетемін деп,
Жылы күнге мас болып, көрсе жазын.
Күз келген соң тамырынтүсік шалып,
Бетегеге жете алмай болар жазым.
Мен дағы көп есіттім жастың назын,
Қол жетпеске қол созар бар ма ылажың?
«Боламынмен» жүргенде болат қайтып,
Жалын сөніп, жас жүзін басады ажым.
4. Мен жасымнан көп көрдім
Мұсылманды, кәпірді.
Абыралыдай көрмедім
Намаз білмес пақырды.
Қираәтін оқытып
Көріп едім, шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нәпілді.
Намазшамның артынан
Құржаң-құржаң етеді.
Жер ұшық берген кісідей,
Тоңқаңдай ма, не етеді.
Нәпіл түгіл намазы -
Бәрі желге кетеді.
«Еннатайына кәлкәусар»
5. Сырмақ қып астына
Байның тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып,
Қоқсытып келтірді.
Осының бәрімен
Көңілінде міні жоқ,
Жүзінің нәрі мен
Бойының сыны жоқ.
Бүкшиіп,
Сексиіп,
Түксиіп өлтірді.
А)Масақбайға
В)Дүйсенқұлға
С)Дүтбайға
D)Абралыға
Е)Ғабидоллаға
4. Сұлу қыздың портреті мүсінделген туындыларды авторларымен сәйкестендіріңіз
1. Сұлу қыз, қалың елден сені таптым,
Көрдім де тамашаңа белден баттым.
Майысқан алтын айдар еркесісің.
Оянған ұйқысынан табиғаттың.
Құмардан құр көргенмен шықпайды екен,
Кілті қолға түспей махаббаттың.
Күн шалмас, миуаңды алмас адам бар ма,
Шағынды күзеттім де қарап жаттым.
Бола алмай дидар нәсіп қол созғанмен,
Қызығын көре алмадым рақаттың.
Сыланып тоты құстай қыр көрсетіп
Аққудай биікке ұшып қанат қақтың.
Жалынын басатұғын жалғыз өзің,
Сөнбестей жүрегіме бір от жақтың.
Болмағы мұрат хасыл және өзіңнен,
Өзіне сырттан балап жүрген заттың.
Дей көрме - «кінә өзіңнен, обалың жоқ,
Қайғыға шат көңілді неге саттың?»
Сұлуым, қазы да сен, төрем де сен,
Мұңымды қайта айналып саған шақтым.
2. Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, қайнайды.
Сөйлесе, сөзі әдепті, әм мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды.
Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойыны бар,
Үлбіреген тамағын күн шалмайды.
Тақтадай жауырыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды.
Етіндей жас баланың білегі бар,
Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Қолаң қара шашы бар жібек талды
Торғындай толқын ұрып көз таңдайды.
Қандай қызда ләззат бар жан татпаған?
Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.
3. Күні кеше толған ай жүзің еді,
Сиқырлы қара нәркес көзің еді.
Мап-майда мамық қардай мінсіз денең
Бейне бір бақшадағы үзім еді.
Жел тимей, кірсіз тұрған кезің еді,
Жандыға жақсы дәру сөзің еді.
Басып кеткен пайғамбар іздеріндей,
Қадірлі аяқ басқан ізің еді.
4. Алтайдың кербез сұлу азат қызы,
Шырқатып ән салғанда жайнап жүзі,
Қайысқан қара ормандар құлақ түріп,
Жымыңдап масайрайды көк жұлдызы.
Алтайдың жерінде нұр, көгінде күн,
Тіпті жоқ, ұнамастай бойында мін.
Нұрлы жүз, құралай көз қарындастың,
Көрдің бе қара шашы төгілгенін?
Алтайдың құлпырып тұр сай-саласы,
Ән-сауық, шат-шадыман айналасы.
Болған соң елі нұрлы, жері шалғын,
Қалайша ән салмасын қыз-баласы.
5. Қыз сондай сен іздеген сұлу болса,
Көргенде құмарланып кеудең толса,
Алмас қылыш жүзіндей аударылып,
Көлеңкесі көңіліңе барып қонса.
Бойы тік, сын-сымбаты түзік болса,
Саусағы сылдыраған жүзік болса.
Екі беті үлбіреп, көзі жайнап,
Белдері тартқан сымдай нәзік болса.
Өн бойың қарағанда ду-ду етсе,
Сыртың қысылып, тұншығып ішің күйсе.
Ал сонда асыла кетіп, бұраң етіп,
Қайтер едің, жігітім, қолға тисе?
А) Иса Байзақов
В) Мағжан Жұмабаев
С) Сұлтанмахмұт Торайғыров
D) Міржақып Дулатов
Е) Абай Құнанбаев
5. Көкшенің сұлу келбеті суреттелген туындыларды авторларымен сәйкестендіріңіз
1. Көкшетау көп жердің бір көркем жері,
Қыз орман Бурабайдың мөлдірлері.
Жамылып жасыл барқыт асыл құндыз
Түрленген тотықұстай тау көркемі.
Сайраған бұлбұлындай әншілері,
Зулаған дүлдүліндей жүйріктері.
«Хан тұрып қазағыңа, ханды ант ұрған»,
Қонысы Абылайдың бір күндегі.
Қазақтың әсем жері Арқасында.
Арқаға жетер Арал, Балқашың ба?
Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар
Арқаның тізілгендей алқасына.
Арқаның алқа қонған даласына,
Ауылдай таулар отыр жарасымда.
Алапқа бетегедей киіз төсеп,
Оранған орманды тау ағашына.
Бұлақтың тәттісі де, тазасы да,
Көлдердің кең мөлдірі тап осында
2. Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудын саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек канша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған.
Еш адам оны барып қия алмаған, -
Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған.
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң-дағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
3. Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Басқа жер ойды ондай тербетпейді.
Бурабайдың көлі мен Көкшетауды
Көрмесең, көкіректен шер кетпейді.
Қиясымен бұлт құшқан Оқжетпестей
Көкшені күндіз-түні мұнар басқан,
Қап-қара бұлттармен құшақтасқан.
Алдында бұйра жалды бөлек тау тұр,
Көкшеге қосылмаққа қойнын ашқан.
Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек көл ортада,
Жел ойнап, ақ бетіне меруерт шашқан.
Сол көлдің жағасында Оқжетпес бар,
Жасаған мұнарадай құйып тастан.
4. Оқжетпес әуелде оқшау жаралғандай,
Өріліп тастардан тек қаланғандай.
Соққандай Оқжетпесті өмір бойы,
Табиғат ешбір затқа алаңдамай.
Құйқылжып қыран бүркіт қиырында,
Төменге сорғалайды құйылуға.
Сақалын салбыратып жалғыз сері,
Көкшенің жатады ұйықтап иығында.
Жұмбақ деп аталады сырлы тасы,
Дөң мұрын, қас батырдай түр-тұлғасы.
Шыңына Оқжетпестің шабатындай,
Шалқайып басындағы дулығасы.
Жұмбақтас ертегінің елесіндей,
Салдардың сайран салған төбесіндей.
Әйтпесе, Бурабайда қайырлаған
Қашанғы көне заман кемесіндей.
5. Көкшетауға нөсер мен жасын ықтап,
Бұлт та бойын жүреді жасырып қап.
Заңғарының басында баяғыдан
Батыр, сұлу - барлығы жатыр ұйықтап.
Олар әсте шомбаған қаралы ойға,
Күндіз ұйқтап, түнгісін қарады айға.
Еркіндік пен ерлікті күзету шарт
Қара тасты қақ жарған қарағайға.
Суымен де сұлудай танысқанның
Сандықтасты салмағы жанышқан мың.
Мөлдір оның көлдері махаббаттай,
Әрі терең ойындай данышпанның.
Қонған сайын қазақтың көші белге,
Көкше талай танытты досын елге,
Ақын, әнші, аққудың сәулесі мен
Көлеңкесі көп түсті осы көлге.
А) Сырбай Мәуленов
В) Мағжан Жұмабаев
С) Сәкен Сейфуллин
D) Хамит Ерғалиев
Е) Ілияс Жансүгіров
6. Төмендегі шығармаларды авторларымен сәйкестендіріңіз
1. «Гүлстан»
2. «Қиссасу-л-Жүсіп»
3. «Қиссасу-л-әнбия»
4. «Хұсырау уа Шырын»
5. «Жұм-жұма»
А) Әли
В) Рабғузи
С) Сәйф Сараи
D) Хусам Кәтиб
Е) Құтба
7. Төмендегі тарихи прозалық шығармаларды сипатталатын тарихи кезеңдерімен сәйкестендіріңіз
1. «Қилы заман»
2. «Қаһарлы күндер»
3. «Дарабоз»
5. «Қызыл жебе»
6. «Қаһар»
А) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы тарихи оқиға
В) 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс оқиғасы
С) ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр басындағы тарихи –саяси жағдай
D) ХІХ ғасырдың екінші ширегіндегі тарихи көтеріліс
Е) ХҮІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі тариғи жағдай
8. Абай лирикаларын тақырыбына қарай сәйкестендіріңіз
1. Ем таба алмай,
От жалындай,
Толды қайғы кеудеге.
Сырласа аламай,
Сөз ашаш алмай,
Пендеге
2. Назына кім шыдар,
Бұраңдап жүр шығар,
Қасқая күлгені,
Қылады тым құмар.
Ер емес қымсынар,
Әркім-ақ ұмсынар,
Құдай-ау бүл көңілім,
Күн бар ма бір тынар?
3. Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізің.
Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешкі кіргенін көрді көзім
4. Күн жиылып ай болды, он екі ай – жыл,
Жыл жиылып, қартайып қалғаны – бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір Тәңірім, кеңшілік қыл
5. Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл;
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң,
Болама дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарының тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін,
Үйреніп ойлап, мал ізде;
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде;
Біріңді қазақ бірің дос,
Көрмесең – істің бәрі бос.
А) Философиялық лирика
В) Азаматтық лирика
С) Табиғат лирикасы
D) Көңіл-күй лирикасы
Е) Махаббат лирикасы
9. Дулат Исабековтің кейіпкерлерін туындыларымен сәйкестендіріңіз
1. Бағила
2. Сафура
3. Қажымгүл
4. Салтанат
5. Зейнеп
А) «Пері мен періште»
В) «Қарғын»
С) «Өкпек жолаушы»
D) «Тіршілік»
Е) «Гауһар тас»
10.Мұхтар Мағауиннің туындыларын мазмұны бойынша сәйкестендіріңіз
1. ХІ-ХХІ ғасыр аралығындағы ұлтымыздың тарихы, саяси өмірі мәдениетінің көкейкесті мәселелері қозғалатын хикаят.
2. Адам рухының асқақтығы түз перісінің қаһарлы мінезімен астастырыла, шендестіріле суреттелген, қазақтың аңшы –мерген бейнесін сомдаған психологиялық роман
3. Қазақстанның қазіргі саяси –қоғамдық өміріндегі шешімін таппаған келелі мәселелер сөз болатын роман
4. Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдар аралығында интеллигенцияның, оның ішінде ғалымдар өмірінің кейбір сыр сипаттары суреттелетін хикаят («Қара қыз»)
5. Кеңес дәуірінде жеке адамның күрделі табиғатын ашу үшін өзі өскен ортасы мен жан-жануарлардың тіршілігін байланыстыру үрдісіне сүйеніп ауыл өмірі мен ауыл адамдарының мінезі суреттелетін хикаят
А) «Қара қыз»
В) «Жармақ»
С) «Шақан шері»
D) «Тазының өлімі»
Е) «Қыпшақ аруы»
11. Жазғытұрымғы тіршілікті суреттеген ақындардың өлеңдерін сәйкестендіріңіз
1. Сәуірде алуан-алуан жауар нөсер,
Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер.
Көкөрай дүние жүзі шалғын болып...
Жан, айуан, адамизат бауырын төсер.
Жан-жәндік рахат тауып түру үшін
Ұшпақтан хош иісті желдер есер.
Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,
Құдайым дәрмен бол деп етер пәрмен.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ел шығады алуан-алуан.
Күлісіп, құшақтасып әзіл етер,
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған...
Жүгірер киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға.
Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып тұрар күліп кел деп мұнда.
2. Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Туйе боздап, кой қоздап - қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жүмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауыл баз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.
3. Жаз шығып, жазғытұры,
Анау мал толып жатқан.
Жайнаған терең сайлар,
Ойнаған құлын, тайлар.
Ел қонып көл жағалай,
Өріске малын айдар.
Гүл өсіп гүл-гүл жайнар,
Бұтақта бұлбұл сайрар.
Тіріліп құрт-құмырсқа,
Жер жүзі быж-быж қайнар.
Сұлу жүр сылаңдаған.
Күлімдеп қыландаған,
Ерініп бір басуға,
Жас талдай бұраңдаған.
Қыдырып жігіт сылқым,
Ерігіп күнде дарқан.
Жеңгесі жылы жүзді,
Ат қойып кенже қалқам.
Аспанда күннің нұры,
Мақпалдай жердің түрі.
Қуаныш мал мен жанда,
Қыс шыққан өлмей тірі.
4. Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды: жаз кепті.
Желкілдейді көк майса.
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әне, апамдар қой сауған,
Құс ұясын түзеді,
Тайымды ағам күзеді.
Ел ешкісін қырқыпты.
Егіндерін жыртьшты.
Ой, балалар, балалар.
Ойналық та күлелік,
Қос басына мінелік.
5. Май кірді, жер құлпырды, гүлдер жайнап,
Жібектей көкорайлар жатқан жайрап,
Сұлудай бұраңдаған бұтақтарда
Ән салып әр түрлі құс тұрған сайрап,
Суықтан тоңып өлген шыбын-шіркей
Тіріліп, қанат қағып, быж-быж қайнап,
Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап,
Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап.
Уызға жаңа тойған жас құлынды
Шыңғыртып жылқышылар ұстап, байлап,
Азырақ күйлі шыққан қысыр тайын
Балалар шапқыласқан мініп жайдақ .
Қыс қысқан арық-тұрақ, жаман-жәутік
Кетті ғой әлдеқашан тырақайлап.
Жаратқан жанға рахат жазғытұрды
Шүкір қыл бір Аллаға «я, құдайлап».
А) М.Жұмабаев
В) Ы. Алтынсарин
С) Ж.Аймауытов
D) М.Дулатов
Е) А. Құнанбаев
12. Төмендегі балалардың мінездеулерін кейіпкерлерімен және авторларымен сәйкестендіріңіз
1. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де тез көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Ең жақсы қасиеті - ешкіммен төбелсіп, сөзге келмейтіндігі еді. Бір-екі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп ие көрген өзіне. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді.
2. Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарайтын бір ғана ұстара бар - ол Әубәкірдікі. Оның өзі де алғаш салған бетте тұтқырланып, жүрмей қалады. Шашымды ор алған сайын Әубәкір мені бірінші рет кездестірген адамдай таң қалып бітеді.
- Япыр-ай, мұндай да шаш біте береді екен-ау! Мынау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр.
3. Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар бір атты бала болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын ол ортамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды.
4. Ол жалғыз өзі ең артқы партада отырды. Далдың-дұлдыңы жоқ, көп сөйлемейді, жұрт құсап орынсыз ыржақтап күле де бермейді. Әлде кербез, әлде сібер, мүмкін тәкаппарлығы да бар шығар, өйгеуір басқалардан пысы биік.
5. Жер шетінде жатқан балалар үйіндегілердің орысша оқып, орысша сөйлейтінін неге білмесін. Білу бар да, көзбен көріп, қолмен ұстау бөлек екен. Соңғысы алдыңғыдан он есе ауыр ма деді. Сырт көзге Манап сабырлы, салмақты көрінгенмен жетім өскен адамның мінезі бұған да жұққан; ешкімге сыр бермесе де іштей қиналып, іштей желінетін. Аға төрбиешіні дер кезінде есіне түсірді де, бойын жинады. Оның амандасу үшін солаңдатып ұсынған қолын ұстай алды да, сілкіп өзіне тартып, төсіне төс тигізді, маңдайынан иіскеді. Тіп-тік бозбала иілмеді, ағаштан шабылған жансыз мүсінді құшақтағандай болды. Шашынан шыққан арзан қол сабынның иісі кеңсірігін жарды. Эльжбета Сергеевнадан қысылды ма, Ол бетін алып қашып, құшағынан сытылып шыға берді
А) Оралхан Бөкеев «Тортай мінер ақбоз атындағы» Тортай
В) Қалихан Ысқақтың « Қоңыр күз еді» Алтын
С) Марат Қабанбаев «Бауырындағы» Қали
D) Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасындағы» Қожа
Е) Сайын Мұратбековтің «Жусан иісіндегі» Аян
13. Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романындағы портреттуді көрсетіңіз
1.«...жауырыны кең, тесі жалпақ болғанмен, дене құрылысы асып кеткен ірі емес, ортадан аз-ақ биік екен, бұл топта одан биік те, денелі де кісілер бар?.. Кескіні бір сыдырғы көркем екен: имектеу зор мұрынды, қалың қабақты, қою қасты, үлкен қара кезді, атжақты, қою, ұзын қара сары мүртты, дөңгелектеу қою қара сақалды... жауырыны кең, тесі жалпақ болғанмен, дене құрылысы асып кеткен ірі емес, ортадан аз-ақ биік екен, бұл топта одан биік те, денелі де кісілер бар?.. Кескіні бір сыдырғы керкем екен: имектеу зор мұрынды, қалың қабақты, қою қасты, үлкен қара кезді, атжақты, қою, ұзын қара сары мүртты, дөңгелектеу қою қара сақалды»
2.«Шәкет – он бес, он алтыдағы жас бала. Пәлен сұлу да емес. Бірақ бет пішіні, көз қарасы неше алуан құбылады. Кейде қасын керіп құбыла қалады; кейде назданғандай көзін қысып қылымсиды, кейде сені сүйем дегендей құлықтанып терең қарайды; кейде көзін жалт еткізіп жайдарлана қалады. Әйтеуір тоқсан құбылып отырған бір көз».
3.« Аз күткеннен кейін, ағаштан шыға берген ұзыншалау денелі, қалаша киімді біреуді «сол болар» деп қарсы барсам: аққұба өңді, сопақтау қушық бетті, ұшы істік қыр мұрынды, көк көзді жас жігіт. Кескіні аумаған орыс...»
4.«Басы әдеттегі адамның басынан әлдеқайда үлкен, қоп-қою қара қасы қалың қабағын түгел жапқан қалың, томпақ үлкен көзді, кең бетті, қоңқақ зор мұрынды, жалпақтау бетінің шықшытынан басқа жерін түгел жауып ұйыса біткен, қылы жуан қара сақалды, аузын жаба төмен салбыраған басылмайтын қою қара мұртты, бықыр, қысқа мойынды, кең жауырынды, жуан денелі, орта бойлы ....күні бүгінге дейін еске алсам, менің көзіме зор денелі қара аюды елестетеді. Жасы кіші адамдар оны «Бәтеқ»дейді.»
5.« Оның маған қаншалық әсер беруін баяндаудан бұрын, көз алдымда қалған елесін сипаттайын: орта бойлы, жауырындылау келген ашаң денелі, сопақтау аққұба кескінді әжімі қатпарланған кең маңдайлы, жіңішкелеу қасты, қоңқақтау мұрынды, кішірек көзді, сақалынан басқа жерін ұстарамен басқан, сұйықтау қара буырыл мұртты, тұтамдай ғана қара буырыл шоқша сақалды, жүқа ерінді, сүйірлеу иекті, ұзын мойынды, ұзын нәзік саусақты адам сияқты еді...».
14.Қазтуған жыраудың толғауларын анықтаңыз
1.Таудағы тарлан бөрі едім,
Тарылған сынды тынысым.
Кейінгі өскен жас бала,
Ақ балтырын түрініп,
Басарына ерініп,
Көкірегі күйініп,
Тек тірлікке сүйініп,
Ықтиярсыз жүгіріп,
Аузы түкті кәпірдің
Етпегей еді жұмысын!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Екеу-екеу сөйлесіп,
Біздің кейінгі өскен жас бала
Аузы түкті кәпірдің
Соқпаса екен пайдасын!
2.Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес.
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес.
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес.
Құрама шапшақ көп қымыз
Құйып ішкен өкінбес.
Екі арыстап жау шапса,
Оқ кылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!
3.Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп;
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп;
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!
4.Билер атты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлұт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
5.Басы саудың түгел-дүр
Толған тоғай малы-дүр.
Тоқтамай соққан толағай
Толастар мезгіл жеткей-дүр.
Керегеге ілінген
Шабылмаған семсер тұр.
Жаудан алмай кегімді,
Есіл де өмір өткен құр.
Азап шектім аралда
Ханға қарсы тұрам деп.
15.Алпамыс батырдың жекпе-жектерін көрсетіңіз
1.Қарсыласып қалысты,
Тайынбай найза салысты.
Біріне-бірі лағып,
Екі найза қағысты.
Осыменен екеуі,
Біраз жерге барысты.
Найзаларын тастасып,
Қылышпенен салысты.
Ат үстінен жүгіртіп,
Бірін-бірі шабысты.
2. Жайықтың бойы қамыс-ты,
Бермейміз деп намысты
Екі батыр екпінмен
Жақындасып қалысты.
Итерісіп тұрысты,
Ат тізесін бүгісті,
Бүгісе-бүгісе тұрысты,
Бір-біріне ұмтылып,
Тақымдары құрысты,
Он саусағы қарысты
Бірін-бірі ала алмай…
От шығады ұртынан,
3. Әне-міне дегенше
Екі қолын сындырды
Ұрыстан өзін тындырып,
Екі қолын сындырып,
Доңыздай қалмақ шыңғырды.
,Енді бала құтырып,
Ителгідей жұтынып,
Жетіп келді ұмтылып.
Жағасынан ұстады,
Буындырып қалмақты.
Ат үстінен мұштады
Бағана жеген құйрығын
Ә дегенде тастады.
4. Толғады батыр найзаны,
Жалғыз жаумен ойнады.
Жауды еркіне қоймады,
Көтеріп салған көк сүңгі,
Тіріде қанға тоймады.
Бір уақыт болғанда ,
Суырды белден қанжарды,
Жауға таман барады.
Қалмақтың көбі шалбарлы,
Шалбарлыны сермеді,
Іліндірді сағақтан,
Бауыздады тамақтан.
Қарсы алдына қараса,
Адам шыдар ер емес,
Қар жаудырды қабақтан
5. Осыны айтып болды да,
Шыға келді құтырып.
Ителгідей жұтынып,
Басқа қалқан төңкеріп,
Күрзісін келді көтеріп,
Өзінен басқа жан жоқтай,
Жетіп келді ұмтылып.
Қарсы ұмтылды батырың,
Ақ тұйғындай құнтиып,
Ауадан құйған тұйғындай,
Бір ұрып кетті сыпырып.
Ұшып кетті кәлләсі,
Денесі қалды домалап,
Астына мінген керігі,
Шыға келді ойнақтап,
Жап-жалаңаш сытылып
16.Күлтегін жырының мәтін үзінділерін анықтаңыз
1. Ілгері Шаңтұң жазығына дейін жауладым,
Теңізге сәл жетпедім.
Түстікте Тоғыз Ерсенге дейін жауладым,
Тибетке сәл жетпедім,
Батыста Інжу өзенін кеше
Темір қақпаға дейін жауладым.
Терістікте Байырқы жеріне дейін жауладым,
Осыншама жерге дейін жорыттым,
Өтүкен қойнауының нағыз иесі жоқ еді,
бірақ ел тұтатын жер осы
Өтүкен қойнауы еді.
(Дәл) осы жерде отырып,
табғаш халқымен табыстым.
2. Әскері үш мың екен,
Біз екі мың едік.
Соғыстық,
Тәңірі жарылқады, жеңдік.
Өзенге түсті, жеңдік.
Жол үстінде өлді көп.
Сөйтіп, оғуз түгел бағынды
Әскері үш мың екен,
Біз екі мың едік.
Соғыстық,
Тәңірі жарылқады, жеңдік.
Өзенге түсті, жеңдік.
Жол үстінде өлді көп.
Сөйтіп, оғуз түгел бағынды
3. Соңындағы інілері қаған болған,
Ұлдары да қаған болды.
Соңындағы інісі ағасындай болмады,
Ұлдары әкесіндей болмады.
Біліксіз қағандар отырған екен,
Жалтақ қағандар отырған екен.
Әміршілері де біліксіз екен,
Жалтақ болған екен
4. Сонда өш адамдар былай иландырып еді.
"Жырақ болса, жаман сыйлық берер,
Жақын болса, жақсы сыйлық берер", деп.
Осылай иландырып еді.
Білімсіз кісілер сол сөзге нанып,
Жақын барып, көбің қырылдың
5. Жаулар бектен ұйықтады (қажыды)
Соны (Бектің күшін) көріп азғындады.
Өлім оларды қонақша қабылдады
Ауыздарына у ішірді (құйды).
Оны (жауды) қуып жетіп сүңгіледі ( найзамен шанышты)
(Жаудың) басына жаңа (жара) қасырат орнатты.
Ерлер байып мұңылады (арылды, қуанышқа бөленді)
Олардың (жаудың) батырларына бұғау салды.
17.Шортанбай Қанайұлының толғауларын көрсетіңіз
1. Ертістің бойы ен жайлау,
Көшіме түсті бір байлау.
Алғанын мұжық аз дейді,
Жер қосып тағы жаз дейді.
Келіп те қапты төресі,
Жоқ шығар бізге бересі.
2. Заманның қандай түрінен
Сыбағалап берейін.
Заманым түгіл ел азды,
Ел ішінде ер азды.
Айқын-айқын сулардың
Балығы кетіп көл азды.
Ағадан кетті ағалық.
Ініден кетті інілік.
Інісі болды терен жар,
Жүрмеді аға сүрініп.
Атаның салган ақ жолы,
Тоқтап қалды кідіріп.
Ағадан кетті ағалық.
Ініден кетті інілік.
Інісі болды терен жар,
Жүрмеді аға сүрініп.
Атаның салган ақ жолы,
Тоқтап қалды кідіріп.
3. Көз көрген қазақ батыры,
Алысқа кеткен дағбыры.
Хан Кенедей ер қайда,
Шейіт боп кеткен тағдыры!?
Өлшеулі күні біткен соң,
Алладан ажал жеткен соң,
Кәпір салған тұзаққа
Ілініп бір кеткен соң,
Қош - қош айтып еліне,
Самалды шалқар көліне,
Құбақан сағым беліне,
Иманын тілеп алладан,
Көзден таса ақыры.
4. Сол заманның ішінде
Сиыр деген пұл болар,
Алтын, күміс тас болар,
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар.
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,
Алтын, күміс тас болар,
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар.
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,
5. Аллалап азан шақырса,
Аузына харам салмаса,
Шипалы жерге бармаса,
Ақ кәләмді оқыса,
Алланың берген санасын
Кеудесіне тоқыса,
Шариғаттың жолы деп,
Әдеп бір етсе мұртына,
Өсиет етсе жұртына,
Ақ кәләмді аударған-
Ол пір ұлына жарасар.
18.Мұхтар Әуезовтің табиғат құбылыстарын суреттеген әңгімелерін табыңыз
1. Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-кабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған, тобылғы басқан.
Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Бастары көгеріп, бүрленіп қалған қалың қараған жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып қояды. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің исі келеді.
2. Суық, қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазғы түріне түскендей болып, өзгеше жарқырап тұрса да, ызғарлы қар, суық ауа қызуын жоғалтып, жарығына жансыздықтың табын басып тұрғандай.
Жер қарлы. Үш-төрт күннен бері қарай айықпаған шыңылтыр аяз бүгін де мықырлап білініп тұр. Күншығыстан соққан баяу жел суықтың көрігіндей болып, ызғарды көбейте түсті. Кейде сүйкеп өткен салқыны бетті шымырлатып, денені тоңазытады.
3.Январь айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл. Күнбатыс батуға айналған күннің қызғылт сәулесімен нұрланып, қызыл торғынның түсіндей болып тұр. Күнге жақын тұрған ұзынша, жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ бұлттардың бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға боялған асыл нұрдың буын ғана жалатқандай. Қызғылт сәулесін дүниеге жайып тұрған күн шарасымен тұтас көрініп тұр. Аспан ашық. Берірек тұрған аз ғана ала-шұбар бұлттар кең жаһанның жүзіне перде болған жоқ.
4. Дала боран, жел ысқырады, ұлиды. Сақылдап күлгендей болады, сарнап жылағандай болады. Қараңғылық түнеріп, тұлданған күннің ызғарымен әлемді құшағына алып тұншықтырыи бара жатқан секілді! Дала боран, жел ысқырады, ұлиды. Сақылдап күлгендей болады, сарнап жылағандай болады. Қараңғылық түнеріп, тұлданған күннің ызғарымен әлемді құшағына алып тұншықтырыи бара жатқан секілді!
5. Жазғы күннің ыстығы қайтып, кеш батуға тақалған. Даланың кешкі салқын желі ауыл отырған өзекте аз-аздап білініп келеді. Күн сары белден асып, ұясына кіруге айналған.
Таудың кешкі көлеңкесі ауыл үстіне түсіп, мүйнет сайын қоюланып келеді. Қоңырқай-сұрғылт түсі тұтасып, жер бетіне тарап барады. Қоңыр-салқын майда жел жұмсақ демалысымен жан иесін түгел сергіткендей.
19. Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы мамандық иелері кімдер?
1. Теміржолшы Мәлібек жалпақ алақанын аударып-төңкеріп отырып миығынан күледі. Екі иығы селкілдейді. Жауырыны еңкіш еңгезердей кісі үнсіз жылап отырғандай елестейді.
2. Саадат трактор бригадасында прицепщик болып істегендіктен, көбіне далада жүреді. Оның үйге әр келгені Зейнеп апай үшін үлкен бір той.
3. Шешесі Жаһанкүл совхоздың почта бөлімінде телефонистка боп істейді. Жыл сайын жаз шығысымен жүн қырқуға араласатын. Ертеден қара кешке дейін «алло-аллодан» жағы тынбай ақпар, бұйрықтар, асығыс хабарлар, қала берді ағайын арасындағы есен-саулық, сым арқылы туып жататын ұрыс-керіс, айқай-шулардың тоқсан түрлі қияпаттарын көз ілестірмей жалғастырып, түйістіріп, табыстырып жүруге әбден төселіп алған.
4.Ол жауапқа Қаратайдың көптен бері бойы үйреніп, шындығына әбден көзі жеткен. Неге десеңіз өзінің мұраптық міндетін Қаратай ешкімнен кем атқармайды. Мұраптың өзіне тән міндеттері бар: ол -колхозға жіберілген суды көрсетілген нормамен арық-арыққа бөліп береді. Бітті шаруа, одан арғысын басқарма біледі, бригадирлер біледі.
5. Келер күндер Нұрбек өмірінің ең бір үлкен, қызық шақтары болмақ. Ол шалғай жатқан тау бөктеріндегі тың жерде ұйымдастырылған совхозға механик боп барады. Ол - сонда алғаш баратындардың біреуі. Берген мінездемеде завод парторгы оны іскер маман, ойлы, парасатты механик, сондықтан да оның завод сенімін ақтайтындығына партком кәміл сенеді деп жазды...
20.Күлаш Ахметованың өлеңдерін анықтаңыз
1. Мәрмәрдей әппақ қала, шөлдi мекен,
Түнiң де мойылдайын мөлдiр екен.
Алматыны мақтайды жұрттың бәрi,
Солар осы Ақтауды көрдi ме екен?
Бұрынғы дала емес бұл қурай басқан,
Iргесiнде теңiз боп тулайды аспан.
Асфальт жол түйелерден үркiп кетiп,
үй-үйдiң арасымен зулай қашқан.
Өр толқынға құмарта қарағам мен,
Бабалар рухына балағам мен.
Бiреулердiң тiлi өтiп кете ме деп,
Теңiзiңдi бүркеймiн орамалмен.
Ал теңiз шапшаңдықты құптайтындай,
Толқындары жүгiрер құйттай тынбай.
Мұнда ғажап жайдары сергектiкпен,
Қара түн түрегелiп ұйықтайтындай.
Алыстан қарап тұрар таулар күндiз,
Көшеде самсай өскен баулар құндыз.
Бағандардың басына қалған iлiнiп,
Авторы жоқ аспаннан жауған жұлдыз.
Тұрғындары - ғажайып кеншi халық,
Алматыға елiктер өршiл алып.
Ақтауың да ержеттi.
Келер жазда, Алатау-ай,
Ақтауды көршi барып.
2. Жасыл дала, жасыл қыр, жасыл ғалам,
Жасыл нұрмен, табиғат, асыл бағаң.
Жасыл дала төсінде ойнайды Ертіс -
Еркелігі әлі де басылмаған.
Ертіс бойын жағалап ұшар әнім,
Тұнығынан иіліп іше аламын.
Кенет... түсті есіме шөлдеп жатқан
Ауылым - менің құйттай Үшаралым.
Жасыл дала, жасыл қыр, жасыл ғалам,
Жасыл нұрмен, табиғат, асыл бағаң.
Жасыл дала төсінде ойнайды Ертіс -
Еркелігі әлі де басылмаған.
Ертіс бойын жағалап ұшар әнім,
Тұнығынан иіліп іше аламын.
Кенет... түсті есіме шөлдеп жатқан
Ауылым - менің құйттай Үшаралым.
3. Жайнаған гүлдей жамалы бөлек кентімсің,
көктемнің нұры көркіңді сенің келтірсін.
Ғимараттарымен кеңейіп қанат сермеген
Қазақстанымның еркесіндейсің, еркінсің.
Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым,
шапағаттанып жатасың-ау сен таңда тым.
Шілдеде - гүлге, ақпанда - қарға бөленіп,
шәйі бүлттардан шәді байлаған Алматым!
Жайнаған гүлдей жамалы бөлек кентімсің,
көктемнің нұры көркіңді сенің келтірсін.
Ғимараттарымен кеңейіп қанат сермеген
Қазақстанымның еркесіндейсің, еркінсің.
Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым,
шапағаттанып жатасың-ау сен таңда тым.
Шілдеде - гүлге, ақпанда - қарға бөленіп,
шәйі бүлттардан шәді байлаған Алматым!
4. Өнерлі орда, аспаны ән,
Жаңбыр - нұрмен жуынған -
Көшіп кеттің, Астана -
Жауһар Жетісуымнан.
Алатаудан бата алған,
Арқадағы қаламсың.
Қаратаудан апарған
Қара мәрмәр қалансын.
Ақтауымнан алынған
Ақтастарым көрінсін.
Көкшетаудан шағылған
Көк тастармен өрілсін.
Асқақ тұрған қалпы - айбын,
Айбатымен танылсын.
Ағашынан Алтайдың
Айшықты есік салынсын.
5. Қыстағы байсалдылық былай қалып,
Жайықтың суы жатыр ылайланып.
Бұлқынған сағынышпен жүректердей,
соғады жарға толқын шыр айналып.
Толқынын Ақжайықтың тамашалап,
қиялдар жетелейді қарасам-ақ.
Кейде үнсіз, кейде долы - ерке мінез,
өзіңе осы кейпің жарасады-ақ!
Жайығым - ата қоныс, игі мекен,
ақ бурыл толқындарың жүйрік екен.
Құшасың құмарлана жағалауды,
өзіңді о да бір кез сүйді ме екен...
Кей сәтте байсалдысың, ақылдысың,
кей сәтте сескендірер батыл күшің.
Қаншама ұмтылсаң да кең далаға,
аса алмай жаға-жардан жатырмысың?!
21. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абайдың диалогтерін табыңыз
1. - Сен бұлбұл едің! Азат аспанда көк бұтаққа қонып, бұлбұл үніңді әлемге жарласаң еді. Жаның сырыр тыңдаушыны әніңменен ұйытып өтетін туысың бар еді. Мен сол бұлбұлды ұстап ап, әдемі торға бөлеген аушыдай болдым ғой.Қапас бұлбұлы сен болыпсың....
2. - Сенсің, өзің болмасаң атаң Өскембай, Құнанбай, Мырзатайлар! Бұлар баяғыдан суыңмен кіріп, күліңмен шыққандар. Сенің тұқымыңның есігінде, ата –анасымен малайлық, құлдықта күн кешкендер. Күшін алып, түсін алып, бүгінде қартайғанда керексіз деп қағып –қуып тастаған күн қақтыларың! Жарлылық, жарымжандығынан басқа түк жазығы жоқ. Жылаулар ағайын осылар!
3. – ...Ей, сорлы заман, менен аяған қай қыстағың қалды. ...Мен ішпеген у бар ма!.. Жүрегім көрші міне, жарадан сау жер қалды ма? Мұнша ғазап шеккендей не жазық, не айыбым бар? Көп көргенің шер кеуденің әлсіреген тынысы ма?!
4. - Аузыңда Алла, шеңгеліңде қан! Тағы қан...Бұларды шариғат та қосады. Бір кезек, сол шариғат жолы деп, бір нахақ қан төгіп ең... Енді шариғатқа қарысы тағы да өлім жұмсадың ба? Үнсіз сопысып жатқаның құлшылыұ емес, сұмдық үшін, осындай сұмдық жыртқыштық үшін бе еді? – деп қайнап тұр.
5. - Бәсе, мынандай жыр шығарған Мұхамеджан –ау, сен болсаң сенімен не деп тайталасар едім? Жолды беріп енді өлеңді жалғыз сен айт, мен қойдым дегеннен басқа не қалар еді? Туу, бағымды алып қоя жаздағандай боп шұқшиып ең, рахмет саған, шын рахмет, Мұхаметжан.
22. Хафиздің ғазалдарын көрсетіңіз
1. Мен Шираздың пәк сұлуын тәңіріме теңер ем,
Бір меңіне Самарқанд пен Бұқараны берер ем.
2. Осынау қиын өмірден, өнеге ал да, кел үйрен,
Сонда ғана өзіңнен зұлымдық әр кез жеңілген
3. Қайран жүрек дауа таппай дал болар да қамығар,
Бұл сөзімді махаббаттың уын жұтқан жан ұғар.
4. Биік кезде мәртебең игеріп ал ғылымды,
Түсіп кетсең сәл төмен бола алмассың білімді
5. Қос бұрымың қара арқандай оралса егер мойныма,
Көз жанарың кетсе шарпып – қиын нәубет болды да.
23. Шәкәрім өлеңдерін анықтаңыз
1. Бетін байқап қарасаң бұл қазақтың,
Соқпағына түсті ғой дәл тозақтың.
Ақыл айтсаң алады бір жеріңнен,
Белгісіз есі шыққан сандалақтың
2. Кейде тасқа
Кейде ағашқа,
Соқтығамыз дөп келіп.
Суынан да,
Уынан да,
Құтылармыз жоқ болып.
3. Болды деп қиын,
Жеңілдеп киім,
Шыр айналып ұршықтай;
Еппенен барып,
Ынтасын салып,
Тышқан көрген мысықтай.
Кіргенде барып есіктен,
Болмаса жапсар, тесіктен
4. Әр жолды ойлап ойлап,
Ойыма бойлап,
Ұқтым тайаз, тереңді.
Сайраған тілмен,
Зарлаған үнмен,
Құлағы жоқ кереңді.
Ұқтыра алмай сөз әуре,
Тек тұра алмай біз әуре.
5. Алыс –жақын қазақтың бәрі қаңғып,
Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып.
Мал мен бақтың кеселін ұя бұзар.
Пәруардигәр жаратқан несін жан қып
24. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөздері қайсы?
1. Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатының жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің прағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе!
2. Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса апайың жақын,
Инабатты болса келінің жақын,
Алдына тартқан адал асың,
Қимас жақын – қарындасың.
Сыбайлас болса нағашың жақын,
Адал болса досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағың шөберең жақын,
Жан серігің жас кезіңнен,
Бәрінен де әйелің жақын
3. Жылқышы жылқыны баққанын айтар,
Қойшы қойына өріс тапқанын айтар,
Түйеші түйесінің шаңдақта жатқанын айтар,
Аңшы қақпанынын қапқанын айтар,
Мерген аңды атқанын айтар,
Саудагер матасын сатқанын айтар.
4. Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ,
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ.
5. Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда,
Пана блмас өз үйің.
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
Ақылыңнан адасып,
Өзіңе түскен өрт қиын.
Тентек болса ұл қиын,
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың
25.Ілияс Жансүгіровтің туындыларын көрсетіңіз
1. Іңірде баяулаған дауыл бәсең,
Боздатқан бұлбұл күйін бабыңда әсем.
Асықтар алқымдасқан, мауқын басқан,
Сырласқан: «жарым да сен, жаным да сен!»
Әдемі үн айтақтаған, қой күзеткен,
Адамды - адам күткен, уһлеткен.
Самалдай сайдан соққан саңқылдатқан,
Әлдилеп қоңыр түнді қос бойжеткен.
Кейде күй талмаураған, талықсыған,
Кейде өжет, кейде долы, албытсынған.
Кейде паң, кейде дарқан, кейде сергек,
Шаршы өрге кейде шапшып шауып тынған.
2. Қағылды кейде бір күй дабылдай боп,
Бұрқырап кетгі түтеп дауылдай боп.
Әлде күш, әлде дауыл, әлде ат шапқан,
Әйтеуір қырдан көшкен сарындай боп.
Мұз еріп, қатты аяздың кәрі қайтып,
Қас батыр көңілі жұмсап, зәрі қайтып.
Майрылып ақ семсерлер қалайы боп,
Қажытты мұзбалақты күй мұңайтып.
Құлпыртып бәйшешекті кетті шалқып,
Аққудай көкте күйлеп, көлде қалқып.
Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп,
Талдырып, тамшылатып сығып сарқып.
Біресе ағытылып күй сылдырлап
Тербетіп тыңдағанның көңілін ырғап,
Бұлақтай таудан тасып, тастан орғып,
Аңқылдап жатыр жосып сайды құлдап.
Күлдірлеп қоңыраудай, күй сыңқылдап
Бота күй маймаң қақты үн былқылдап.
3. Келмеске күйші аттанды. Күй қалды да,
Оқтай боп суық хабар тиді-ау мына
Қазақтың даласына сыймай кетті,
Домбыра шанағына сыйған мұра.
Келмеске күйші кетті. Күйі қалды,
Біртуар бірегейім, биік, арлы.
Бақиға аттанардың соңғы сәті -
Өмірдің өлім деген сыйын алды.
Келмеске кетті, бірақ... Күй боп мәңгі
Арайлап атқан әрбір сүймек таңды.
Сапары саңлағымның күрт үзіліп,
Қатары ағалардың сиреп қалды.
4. Бір үйде қобыз даусы шымыраған
Күңіреніп кейде, бірде ыңылдаған.
Бір кезде бебеу қағып, күшіктей боп
Қыңсылап, сыңсығандай күй жылаған.
Бір үйде домбыра да ыңыранған
Қыр күйі құлдыраған, бұлдыраған,
Қос ішек «Қосбасарды» сылқылдатып,
Жүректі жұлып жеуге күй жынданған.
5. Өнерге салды бұлбұл сонда аңыратып,
Шыңғыртып, шымырлатып, сорғалатып,
Мың түрлі күйге салып толқынтады,
Маңайда жан біткенді таңырқатып.
Қой жатыр, қойшы тыңдап тұрды елбіреп,
Көзіне қып-қызыл боп жас мөлдіреп.
Жел соқпай, құс шуламай, бәрі жым-жырт,
Әнге көңіл жіберіп тұрды елжіреп.
Достарыңызбен бөлісу: |