Қазақ филологиясы кафедрасы қазіргі қазақ тілінің ҚҰрмалас сөйлем синтаксисі пәні



бет1/6
Дата16.05.2024
өлшемі45.86 Kb.
#501295
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
ZOEWIWSZHASK15052024225952


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ


ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ пәні
7,8 Практикалық сабақ 


Практикалық сабақ тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлерін тану принципі. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас сөйлемдер 

Лектор: ф.ғ.к., доцент Қошанова Н.Д.
Түркістан
21-22 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түр-түрін тану принципі.
Есімше формаларының қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер.


Практикалық сабақтың оқыту нәтижелері:
1. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәнінің теориясын біледі;
2. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі пәнінен алған білімі мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
3. Қазіргі қазақ тілінің теориялық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтай алады.
Практикалық сабақ мазмұны.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің мән-мағынасы жеке түрлері оның бағыныңқы компоненттің грамматикалық табиғатымен тығыз байланысты. Өйткені сабақтас сөйлемнің әр мәндік құбылысқа ие болуы оның құрамындағы бағыныңқы компоненттің өз басыңқысын қалайша айқындап, толықтыру сипаты негізінен туындайды. Осы себептен де сабақтас құрмалас сөйлемнің толық көрінісі бағыныңқы мен басыңқы компоненттердің арлық қатынасын ашып отыруымен айқындалады. Сабақтас құрмаластың жеке түрлері оның бағыныңқы компонентінің ыңғайына қарай ажыратылады.
Тіліміздің тарихында бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы әр кезеңде әр қилы болып отырды. Алғашқы кезеңдерде (20-30 жылдары) бағыныңқы сөйлемдердің іштей саралануы орыс тілінің ізімен жүргізілген болатын. Ал орыс тіліне келетін болсақ, мұның өзінде күні бүгінге дейін сабақтастарды жіктеуде үш түрлі принцип орын алды. Алғашында функционалды принцип (бағыныңқының сөйлемдегі қызметін басшылыққа алу), содан кейін формальды (тұлғалық) принцип басшылыққа алынған еді. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жіктеуде тіл білімінде құрылымдық-семантикалық принцип өріс алды.
Қазақ тіл білімінде де бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы жоғарыдағыдай алғашында функционалды принциптің негізінде жүргізілді. Осы негізде бағыныңқы компонент сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметі мен тепе-тең қарастырылып, солардың атымен аталатын болды: бастауыш бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы т.б. Осылайша таптастыру А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінде орын алды.
Бағыныңқы сөйлемдерді өзара жіктеуде мағыналық принцип те қолданылды. Бұл әсіресе проф. С.Аманжоловтың еңбегінен кеңінен өріс алды. Автор аталған еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналақ көріністеріне қарай, 18 түрге жіктеген.
Бағыныңқы сөйлемдерді жіктеудегі қолданылып жүрген құрылымдық- семантикалық принцип бойынша сабақтас құрмаластың жасалу жолдапр мен олардың бағыныңқы және басыңқы компоненттерінің бір-бірімен аралық тығыз байланысынан туындайтын мағыналық көріністері басшылыққа алынады. Осы негізде тіліміздегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді жалпы үлкен үш салаға бөліп қарастырған жөн.
Қазаақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің дені өз басыңқыларымен қарым-қатынасына орай, пысықтауыштық ыңғайда жұмсалады. Бұл кеңістік қатынаста жұмсалады деген сөз. Ал кеңістік қатынас өз мағыналық көрінісіне лайық бағыныңқы компоненттердің өз басыңқыларына мезгілдік, амалдық, себептік, шарттық тәріздес ыңғайда жұмсалуымен айқындалынады. Мұндай мәндік көріністер байланыстырушы амалдың көбінесе есімше, көсемше формалары негізінде туындайды. Осындай амалдар арқылы байланысқан бағыыныңқы сөйлемдер өз басыңқысына сіңісіп кетпей, тұтастық қалпын сақтайды.
Енді бір бағыныңқы сөйлемдер өз басыңқыларымен әр уақытта да шартты рай тұлғасы арқылы байланысады, сонымен қатар бұлардың құрамында сілтеу, сұрау есімдіктерімен берілген қатыстық сөздер де қолданылады. Мұндай тәріздес құрылыста жұмсалған сабақтас сөйлемдердің синтаксистік компоненттері бір-бірімен өте тығыз байланыста тіпті бір-біріне көгенделіп тұрады.
Жоғарыда аталған бұл екі саладағы бағыныңқы сөйлемдер өз басыңқыларын әр түрлі мағыналық жақтан айқындап, толықтырып тұрады. Демек, бұларда болатын мағыналық байланыс бір-біріне тәуелді, бір-біріне иек арта құрмаласады.
Мағыналық көрініс жағынан сабақтас құрмалас сөйлемдердің үшінші бір саласы бар. Мұнда синтаксистік компоненттер өз мағыналық тиянақтылығын сақтайды, оқиға әрекеттердің орындалуы бір-біріне байланыссыз, әрқайсысы өз беттерімен орындалып жатады. Тек байланысу амалы мұнда тиянақсыз тұлғаны сақтайды. Әшірбек сурет салып, Жамал кітап оқып отыр. Жеке сөйлемдер арасында бірін-бірі айқындау қабілеті жоқ оқиғалардың орындалу барысы бір мезгілде өтеді. Осыған орай осы сиқты сөйлемдер тек байланыстырғыш амалдың тиянақсыз қалпына сай сабақтас құрмалас сөйлемнің қатарынан танылады.
Тіліміздегі бағыныңқы сөйлемдердің жеке түрлері осы үш түрлі топтағы сабақтас құрмаластардың заңдылықтарынан шығады. Сонда бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы төмендегідей болып келеді: шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем, қарсылықты бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, себеп бапғыныңқылы сабақтас, амал бағыныңқылы сабақтас, мақсат бағыныңқылы сабақтас, салыстырмалы сабақтас, түсіндірмелі сабақтас, үлестес сабақтас сөйлем.
Сабақтас сөйлем деп компонеттері өзара тең болмай, бір-біріне бағына, бағындырыла байланысатын құрмалас сөйлемдерді айтамыз. Бағынушы компоненттің баяндауыш формасы тиянақсыз болып, өз бетінше сөйлем бола алмайды, ал бағындырушы компонент бағыңқы сөйлемсіз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бір компоненті бағынушы, тәуелді болып тұрса, екіншісі тэуелсіз, өз бетінше сөйлем бола алады. Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыңқы сөйлем деп аталады да, өз бетінше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады. Сабақтас құрмаластың бағыңқы компонеті де сөйлем деп аталғанымен, онда қалыпты сөйлемге тэн қасиеттердің көбі жоқ. Себебі оның сөйлемдік мэні құрмалас сөйлемнің құрамында айтылғанда ғана айқындала түседі. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі негізгі ой көпшілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі де? басыңқы компоненті көбіне сол басыңқыдағы ойды түрлі жағынан айқындап, дәлелдеп түсіндіру үшін қолданылатын қосымша бір мүше ретінде қолданылады.
Сабақтас сөйлемнің құрмаласуы оның бағыңқы компонент .арқылы қалыптасады. Түркітанушы ғалымдар арасында бағыңқы сөйлемдерді ажыратуда пікір алшақтықтары орын алып келеді. Ғалымдардың бірінші тобы бағыңқы сөйлемді айқындауда бастауыш меже бола алмайды дейді де? олар сөйлемнің сабақтас екенін ажыратуда бастауышты негізгі тірек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейді. Сондықтан олар сөйлем компоненттерінен айырьш бастауыштарды талап етпей, баяндауыш мүшенің болуын басшылыққа алады. Мүндай ілімді жақтаушылардың қатарына Н.П. Дыренкова, А.Н. Баскаков, Т.А. Бертагаев, А.З. Абдуллаев, С.А. Аманжолов, М,Б. Балақаев т.б. жатқызуға болады. Олар бағыныңқы сөйлемнің критерийін айқындауда баяндауыш мүшені ең басты меже ретінде ұсынып, бастауыштың әр компонентте болуын міндетті етпей, ортақтаса айтылуын көрсетеді. Ғалымдардың екінші бір тобы бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерінде саралай қолдануды ұсынады. (Сагибатталов Г.Пешковский, С. Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев т.б.). Олар бағыныңқы сөйлемнің бір түрлерінде бастауыштың болуын шарт деп қараса, енді бірінде оны міндетті гдеп санамайды. Бағыныңқы сөйлемдегі бастауышты саралай қарау- ортақ бастауыш ілімімен байланысып жатады, яғни бағыңқының кейбір түрлерінде ортақ бастауыштың болуын теріске шығармайды. Айталық, С.Жиенбаев ортақ бастауышты құрмаласқа шартты бағыныңқыны, Ғ.Бегалиев шартты, қарсылықты бағыныңқыларды, Н.Т. Сауранбаев шартты, қарсылықты және мақсат бағыныңқыларды сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің қажет екендігін көрсете отырып, кейде бастауыштың сөйлем компонентінде ортақ болып келетіндігін де айтады.
Ғалымдардың үшінші тобы бағыныңқының барлық түрінде бастауыштың қажеттігін көрсетеді. Мұндай көзқарасты профессор А.Абдурахманов, М.З. Закиев, Т. Қордабаев, Қ. Есеновтер қолдайды. Олар құрмалас сөйлемнің эр компоненттінде бастауыш- баяндауыштық қатынастың болуын жақтайды. Тіпті жіктік жалғауында қиыса айтылған шартты бағыңқының өзінің де басыңқы компоненттен бөлек бастауыш болуын талап етеді. Егер сөйлемде қимыл иесі ортақ болса, ондай сөйлемді жай сөйлем құрамында қарау керек екендігін көрсетеді. Қазақ тілінде мұндай сөйлемдерді Қ. Есенов жай сөйлемнің күрделенген түрі деп атайды.
Бұл жайт қазақ тілі бағыныңқыларын саралауда "предикаттық қатынас болсын деген тұжырымның бір жақты екендігін көрсетеді, сондықтан бағыңқы сөйлем" субъект-предикаттық қатынасқа негізделуі керек. Сабақтас құрмалас сөйлемді айқындауда бүл басты меже болып саналады.
Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін айқындауда мынадай белгілер негізге алынады:
1 .Компоненттің белгілі шамада сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғни бүл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдік мағынаға ие болады.
2.Баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бірге шылаулардың тіркесуі арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды.
З.Бағыныңқы компонент дербес бастауышты болады.
4.Бағыныңқы компонентке тән интонация - тиянақталмаған интонация.
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі күрделі мәселесінің бірі -оның түрлерін саралау. Қазақ тіл білімінде бір кездері бағыныңқы сөйлемдерді саралауда орыс тіл біліміндегідей, алдымен, функционалды принцип үстемдік алды, яғни бағыныңқының қызметін жай сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің қызметімен бара-бар санады (Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев) (анықтауыш-толықтауыш, пысықтауыш бағыныңқылар).
Қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда мағыналық принцип те негізге алынды. (С.Аманжолов, Т.Қордабаев). Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің қарым-қатынасқа түсудегі екі арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынды. С.Аманжоловтың "Қысқаша курсында" сабақтас сөйлемдерді 18 түрге жіктейді: себеп-салдар, мезгіл, шартты, ұқсасты, мақсатты, қарсылықты, дағдылы, үлестес, аяулы, мекен, сілтеу, үдетпелі т.б.
Бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда магыналық-түлғалық принциптер де негізге алынды. Бұл принцип бойынша багыныңқы сөйлемдер мен басыңқыны айқындаудағы мағыналық белгілері мен олардың жасалу жолдары өзара тығыз байланыста қарастырылады (түсіндірмелі, ыңғайлас сабақтас). (Есенов)
Қазіргі кезде сабақтас қүрмаластың 8 мағыналық түрі көрсетіліп жүр. Шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, салыстырмалы, мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы, мезгілдес (ыңғайлас) сабақтастар.
Бағыныңқы комоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің шартын білдіретін сабақтасты шартты багыныңқылы сабақтас дейміз.
Жасалу жолдары:
1) шартты рай тұлғасы (-са/-се)
2) көсемше түлғасының болымсыз түрі (-ма+й)
3) есімше тұлғасы (-ғанда/ -генде)
Шартты бағыныңқылар қазіргші оқулықтарда мағыналық жақтан бірде үш түрге (реалды, ирреалды, болжалды) ажыратылса, енді бірде екіге бөлінеді(реалды, ирреалды) қарастырыл ады.
Реалды шарт багыныщы сөйлемдерде хабарланған оқиғаның мазмұнынан іс-әрекеггің орындалганы не
орындалатыны белгілі болып тұрады. Шартқа негізделген оқиғаға нәтиженің болмысы қайшы келмейді. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей (Абай).
Ирреалды шарт башныңцыда шартқа негізделген оқиғаның нәтижесі іс жүзінде жүзеге аспайды. Мысалы: Егер көңілді кірбең ой баспаса, бүгін Әбіш атқа мініп ап, ағындап шапқылар ед і(М.Әуезов).
Болжалды шарт багыныңцыда шарттьщ көрінісі реалды беріледі _де, оның орындалу не орындалмау нэтижесі ықтимал, болжал түрінде беріледі. МысалыІЕгер мен шақырсам, ақының біздің үйге келер ме... (С. Ерубаев).
Ауызекі тілде шарттық қатынастарды білдіретін сапалас құрмалас сөйлем түрлері молынан кездесетіндігін профессор Р.Әмірдің еңбектері дәйектей түседі. Ғалым компоненттер арасындағы шартты қатынасты орнату бірінші сөйлемнің баяндауыш формасы арқылы жүзеге асатындығын айта келіп, оның төмендегідей жасалу жолдарын көретеді:
1. Салалас құрмалас сөйлемнің бір түрі -ды-ға аяқталатын өткен шақ етістігіне бар гой элементін қосу арқылы;
2. алады екенсің, алды екенсің баяндауыш формалары арқылы жасалады;
З. құрамында III жақтағы өткен шщ етістігі + ба, бе, ма, ме алдыц ба шылауларынан тұратын баяндауышы бар сөйлемдер арқылы;
4. Шартты мағынадағы сапалас құрмалас сөйлем -сыншы бұйрық рай формасындағы етістік баяндауышы қатысатын жай сөйлемнің арқылы құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет