6-сынып. Ежелгі дүние тарихы. №1 сабақ.
Тақырыбы: §1. Ең алғашқы адамдар.
Мұғалімнің кілт нұсқасы.
|
I-кезең.
|
«Көпір»
тапсырма
лары.
|
Бос орынға қажетті сөзді жаз.
1.Шығыс африкадан қазба жұмыстары кезінде екі миллион жылдан астам
уақыт бұрын тіршілік еткен адамдардың бас сүйектері мен қаңқа сүйектері
табылған.
2. Археология ғылымын кейде күрекпен қаруланған тарих деп атайды.
3. Археологтардың зерттеуінше алғашқы адамдар маймылға ұқсас болған.
4. Халықтар мен мемлекеттердің ерте уақыттардан бері басынан өткендерін
белгілі бір жүйе негізінде оқытатын пән – тарих деп аталады.
|
II кезең
|
«Білу»
тапсырма
лары. Кім?
Не?
Қалай?
Қашан?
Қандай?
| -
Ежелгі адамдардың өмір сүрген дәуірі қалай аталады?
Ереже: археологтар адамзат дәуірін еңбек құралдарының ерекшеліктеріне қарай бөледі. А).Тас Б). қола. Ә). Темір.
-
Ежелгі адамдар жыртықыш аңдардан қорғану үшін топтанып жүріп күнелткен. Бұл топтарды ғалымдар қалай атайды? Адамдар тобыры.
-
Ежелгі адамдар тобыры тамырлармен, жеміс- жидекпен, құстардың жұмыртқаларымен т.б табиғаттың дайын өнімдерімен қоректенді.
Ол үшін немен айналысу керек? А) мал бағу Б) қолөнер Ә) терімшілік.
-
Алғашқы адамдар не істей алды?
Тастан еңбек құралын жасай алды.
5. Ежелгі адамдардың ұлы жаңалығы: от алу немесе от жағу
|
«Түсіну»
тапсырма
лары.
Неліктен?
Неге?
Не үшін?
Не себепті?
Сөйлемді аяқтаңыз...
Не білдіңіз...
Сөйлемді өзгертіңіз...
өзара байланысын түсіндір
өз сөзіңмен айтыңыз...
|
Қалып кеткен сөзді жаз:
1. Ежелгі адамдар табиғаттағы тастан басқа қатты затты білмегендіктен ең
жақсы құралын тастан жасады.
2. Археологтар ежелгі адамдардың бас сүйектеріне қарап , олардың кескін-
келбетін маймылға ұқсаған деп дәлелдейді.
3.Адамдар төмендегі құралды не себепті жасады?
А) тағы аңдардан қорғану үшін
Б) Өсімдіктердің тамырларын қазып алу үшін.
Ә) Барлық жауап дұрыс.
В) А жауабы Б жауабына қарағанда дұрысырақ.
4. От жағу ежелгі адамдар өміріне үлкен өзгеріс әкелді.
|
«Талдау» тапсырма
лары.
Құрылымы қандай
Топтастырыңыз
Салдары не
Салыстырыңыз
Себебін талдаңыз...
|
1. Төмендегі әрекеттер қай адамдарға тән?
Жуыну, сөйлеу, өсімдік тамырларын теру, етті шикі жеу, оқу, ұйықтау,
үй соғу.
Ежелгі адамдар
|
Қазіргі адамдар.
|
етті шикі жеу, ұйықтау, өсімдік тамырларын теру
|
Жуыну, оқу, үй соғу, сөйлеу.
| -
Қатемді тап: 1. Ежелгі адамдар етті шикідей жемеген. (жеген)
-
Осыдан екі миллион жылдан астам бұрын Шығыс африкада өмір сүрген адамдардың қолдары тізесіне түсіп, еңкейіп жүрген және ағылшын тілінде сөйлескен.
-
Алғашқы адамдардың жануарлардан айырмашылығы
еңбек құралын жасай білуі болды.
|
«Жинақтау»
тапсырма
лары.
өз шешіміңізді табыңыз...
алгоритм ұсыныңыз...
баламасын тап...
бөліктерден құраңыз...
жүйелестіріңіз...
зерттеңіз
|
Сөйлемнің мағынасын толықтыратын сөздерді сәйкестендір.
«Саналы адамдардың»іс әрекеті мен ойлау дәрежесі
|
Тарих пәні оқытып үйретеді.
|
Адамзаттың даму процесін
|
Адамзаттың ұлы жаңалығы.
|
Адамды адам еткен
|
Бүгінгі адамдармен теңдес болды.
|
Отты алу мен жағу
|
Еңбек
|
Төмендегі іс-әрекетті адамзат дамуына қарай алгоритмін жаса:
-
Металды игеру 4
-
Терімшілік 1
-
Егіншілік 3
-
Тастан құрал жасау 2
|
«Қолдану» тапсырма
лары.
Қолдану мақсатын түсіндір...
Бірнеше тәсілін көрсет...
Осы құбылысты қандай теория түсіндіреді...
|
8 бет. 1,3,4,5 сұрақтарға жауап беріңдер.
|
«Баға беру»
Қисынды ойды бағала...
Жетістіктерін айтыңыз...
Сәйкес келеме...
Туралы не ойлайсыз...
|
1. Егер сен «уақыт машинасымен» ежелгі адамдардың арасына түссең, оларға
не үйретер едің?
2. Оларға етті шикі жемеуді, аңды садақпен аулауды, жазуды үйретуге болама?
|
III кезең
|
«Кері»байланыс
Теория: «білу»
Практика
|
1-деңгей. (5 балл) = «3»
Бос орынға қажетті сөзді жаз.
1. Археологтар екі миллион жылдан астам уақыт бұрын тіршілік еткен адамдардың бас сүйектері мен қаңқа сүйектері шығыс африка мен Азиядан
тапқан
2. Археология ғылымы қазба жұмыстары арқылы табылған еңбек құралдарына қарап адамдардың шаруашылығының , деңгейін , түрін анықтайды.
3. Археологтардың зерттеуінше алғашқы адамдардың беттері кескінсіз, танаулары жалпақ, жақ сүйектері алға шығыңқы, кем иек, маңдайлары тайқы келген..
4. Адамзаттың ежелден бүгінге дейінгі дамуын зерттеп, өткен кезеңдердегі кемшіліктер мен қателіктерді қайталамауға , отанымызды сүюге тәрбиелейтін ғылым-тарих
|
Теория:
«Түсіну»
Неліктен?
Неге? Не үшін?
Не себепті?
|
2-деңгей. (5+4 балл)= «4»
Сөйлемдерді аяқта.
-
Адамдар от жағу мен пайдалана білуінің арқасында жануарлар арасынан бөлініп шықты.
-
Адамның тіршілігі өсімдіктер мен жануарлар әлемімен тығыз байланысты.
-
Ежелгі адамдардың жетілген еңбек құралдары болмағандықтан терімшілікпен айналысты.
-
Адамдардың жануарлардан айырмашылығы ойлай білуінде.
|
«Талдау» тапсырма
лары
Құрылымы қандай
Топтастырыңыз
Салдары не
Салыстырыңыз
Себебін талдаңыз...
| -
Ежелгі адамдардың бір тобыры қазіргі заманға түссе, трактор айдап, егін егіп, терімшікпен де айналысып, құрылыстар соғуға қатысып, тастан құрал жасап, етті пісіріп те, шикідейде жеп, адамдар арасында еркін өмір сүрген болар еді. (осы сөйлемнен ежелгі адамның дамуына сәйкес келмейтін қасиеттерді алып таста.)
-
Мына құралдардың қайсысы жетілген құралдар? Ретімен жаз. 1,2,3
3
2
1
|
Практика
|
Ежелгі адамдар тобырының аң аулау тәсілі. Әңгіме жаз
|
Теория:
«Жинақтау»
өз шешіміңізді табыңыз...
алгоритм сыныңыз...
баламасын тап...
бөліктерден құраңыз...
жүйелестіріңіз...
зерттеңіз
|
3-деңгей. (5+4+3 балл) = 12 балл.= «5»
1
4
5
1
. Суреттерді адамзат дамуының кезеңіне қарай ретімен белгіле.
1
2
,4,3, 5,1
.
3
|
Практика
«Баға беру»
|
Ежелгі адамдар табиғат пен тығыз байланыста өмір сүріп, бергенін ғана алған.
Ал қазіргі адамдар табиғаттың байлығын тартып алып жатыр. Содан келіп әртүрлі апаттар, аурулар тарап, адамзатқа қауіп төнуде. Ежелгі адамдарға арнап мақтау хат жаз.
|
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы.
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы. №1 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: §1. Ең алғашқы адамдар.
Сабақтың түрі: аралас. (I кезең- 5 минут; II кезең-25 минут; III кезең- 15 минут)
-
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік:- Әртүрлі тапсырмалар мен дидактикалық құралдарды пайдалана
отырып,кітаппен жұмыс жасату арқылы тарихи білім негіздерін
қалыптастыру.
- Тәрбиелілік: - Өзіндік ізденіс ,материалдан негізгі түсініктерді іздеу,талдау
әрекетіне тапсырмалар арқылы оқушыларды өзіндік
әрекетке,ізденіске бағыттай отырып, тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыру.
-Дамытушылық: -Логикалық ойлауды қажет ететін проблемалық түйінді
мәселелі тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы,іздендіру және
ой-өрісін, қабілеттерін дамыту.
2.Сабақтың мазмұны: I- III кезеңдік тапсырмалар (оқушының жұмыс
дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар-кілтінде
берілген.)
3.Сабақтың әдіс-тәсілі: I кезеңде сұрақ-жауап.
II кезеңде . А) Оқулықпен өз бетімен жұмыс.
Б) Әңгімелесу
В) Практикада бекіту әдісі.
4. формасы: I кезеңде -фронтальды, жеке;
II кезеңде А) топтық
Б) фронтальды
В) ұжымдық
III кезеңде- жеке.
5. көрнекіліктер:
I кезеңде - жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке
журналдары
II кезеңде А) оқулық; слайд
Б) оқулық, жұмыс дәптері
В) оқулық, жұмыс дәптері, тақта, бор. Карта.
III кезеңде -жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен
оқушылардың жеке журналдары.
Сабақтың өту барысы:
I кезеңде -а) ұйымдастыру;
б) үй тапсырмасын тексеріп тақтадағы ашық журналға белгілеу;
в) «көпір» тапсырмаларын тексеріу.
II кезеңде -А) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген
жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі. Мұғалімнің
тақтадағы «ашық журналдағы» алдында өткен тақырып бойынша
жиналған жалпы ұпай санын өзінің жеке
журналына және сынып журналына баға түрінде тіркеуі.
Б) мұғалімнің көмегімен ежелгі дүние кезеңінің белгісіз қырларына
шолу жасау.
Адамның жаратылуы мен дамуы туралы аңыз әңгімлер айту.
В) тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.
III кезеңде - дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен
кейін оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілетіп отыру,
жиған алғашқы ұпайларын қорыту, оларды оқушылардың жеке
журналдарына тіркету және қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келуге
беру. Үш деңгейді толық орындаған оқушыға төртінші деңгейдің
олимпиадалық немесе ғылыми жобадан тапсырмалар беру. Логикалық
тапсырмалар беру немесе жасату.
Қосымша, келесі тақырыптың бірінші кезеңіндегі «көпір тапсырмаларын»
орындап келуге.
Достарыңызбен бөлісу: |