Революция – қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.
Резиденция (лат. residentia) – мемлекет басшысының, үкіметінің, шет мемлекеттің елшісі орналасқан жер.
Реквизиция – азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті
олардың ықтиярынсыз,
құнын төлей отырып
мемлекеттің меншіктенуі.
Реконструкция (қалпына келтіру) – жеке бөлшектерді, адам және жануар қалдықтарын, түрлі бұйымдар мен
құрылыстарды қайта қалпына келтіру. Ежелгі адамның сыртқы келбетін қалпына келтірудің негізін салушы –
белгілі антрополог М.М.Герасимов (1907-1970 жж.)
Рентабельділік – тиімділік, фирманың, оның қызметінің табыстылық көрсеткіші.
Репатриация – қоныс аударылғандарды отанына қайтару.
Репрессия – мемлекет органдары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру, жазалау.
Республика (лат. – қоғамдық іс) – мемлекет басшысын (мысалы, президент)
халық немесе арнайы сайлау
коллегиясы сайлайтын басқару формасы. Заң шығарушылық билікті сайланып
қойылатын өкілдік орган
(парламент)жүргізеді.
Ресурс – қор, елдің сарқылмас қоры.
Ресурстар – кез-келген заттың қоры, қайнар көзі.
Ретушь – араның жүзі сияқты кертіктермен тастарды түзету арқылы өткірлейтін тас өңдеу әдісінің жетілген
түрі. Ретушьтік әдіс арқылы екі жағында пайдаланатын құралдар жасалған.
Референдум – аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша жалпы халықтық дауыс беру; мемлекеттік құқықта
сайлаушылар корпусының конституциялық, заңдық түпкілікті шешім қабылдауы.
Достарыңызбен бөлісу: