Инал – Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері.
Инаугурация (лат. inauguro – арнаймын) – мемлекет басшысы мен басқа да сайланып қойылатын басшылардың
өз қызметіне кірісуінің салтанатты рәсімі.
Инвестиция – қаржы бөлу, ақша салу, инвестициялық капитал.
Индустрияландыру – ірі машиналық өндірісті құру үдерісі, экономикадағы өнеркәсіп өндірісі үлесінің
ұлғайтылуы.
Инициатива – ынта, өзіндік бастама, көпшіліктің шығармашылық ынтасы.
Инновация – жаңалық енгізу, жаңарту.
Интеграция – шоғырлану, бірігу, ықпалдасу (мемлекетаралық экономикалық одақтардың құрылуы)
Интеллектуалдық – парасат, ақыл, зерде, ой өрісі, рухани зияткерлік.
Интеллигенция – ғылым мен мәдениеттің түрлі салаларына арнайы білімі бар, оқыған, ой-еңбегінің
қызметкерлері.
Интервенция – бір немесе бірнеше елдің басқа бір елдің ішкі істеріне зорлықпен қол сұғуы.
Инфляция (лат. inflation – желбуаз) – ақшаның күнсыздануы – ақша айналысы арналарының тауар айналымы
қажеттерінен артық мөлшерде толуы.
Достарыңызбен бөлісу: |