6 Тақырыбы: Азия халықтары. Сағат саны: сағат Жоспары



бет1/2
Дата08.09.2023
өлшемі20.83 Kb.
#476991
  1   2
5 д2арис


5-6 Тақырыбы: Азия халықтары .
Сағат саны: 2 сағат
Жоспары

  1. Азия халықтарына жалпы сипаттама

  2. Таяу Ази халықтары.

  3. Этникалық тарихы, мәдениеті, шаруашылығы

  4. Оңтүстік Азия халықтары .

  5. Оңтүстік – шығыс Азия халықтары.

  6. Этникалық тарихы, мәдениеті, шаруашылығы

Дәріс тезисі:
Батыс және Алдынғы азия халықтары. Этногенез, этникалық тарих және жаңа этникалық құрам. Шаруашылық: соқамен егіншілік және көшпелі мал шаруашылық(номадизм). Ирриграциялық жүйе. Меридиандық, тігінен, станционерлық көшпелі қоғам. Материалдық мәдениет. Егіншілердің қоныстануы. Көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырықшылануы. Егінші және мал шаруашылығы мен айналасушылардың тұрғын үй түрлері. Егіншілер мен малшылардың дәстүрлі ыдыс – аяқ, киім және астары. Дәстүрлі транспорттық байланыс. Отбасы. әлеуметтік қарым – қатынас. Қоғамдық қатынас. Рухани мәдениет. Халықтық шығармашылық және арабтардың халық медицинасы. Түрік халқының өнері. Иран халқының әдеби шығармашылығы. Ауғанстан халқының өнері. Дін.
Оңтүстік Азия халықтары. Оңтүстік Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихы. Жаңа этникалық құрам. Тілдік және антропологиялық ерекшелік. Шаруашылық. Соқаның егіншілердің шаруашылық – мәдени түрі. Көшпелі және жартылай көшпелі малшылардың шаруашылық – мәдени түрі. Кетпенді егіншілердің шаруашылық – мәдени түрі. Архаикалық шаруашылық. өртемелі шабындық егіншілік.
Дәстүрлі қосымша іс - әрекет түрлері: аңшылық, терімшілік және балық аулау. Үй шаруашылығы және қол өнер. Жібек, мақта мата және жүнен маталар жасау. Металургияның ежелгі дәстүрлі түрі. Темір өндеу, мыс пен қалайыны құю және теңгелеу.
Материалдық мәдениет. Үнді –Гангалық жағасындағы көшелік жоспардың енгізілуі. Ганга. Бенгалиядағы хуторлық қоныстану. Шри -Ланкадағы жеке қожалықтар қонысы мен ірі ауылдар қонысы. Тропикалық ормандар мен таулы аудандардағы кетпенді егіншілік жасанды суландыру. Көшпелі тұрмыс. Егіншілер, көшпелі және жабайы аңшы – терімшілердің дәстүрлі киім мен зергерлік бұйымдары. Ыдыс – аяқ, ас – ауқат. Дәстүрлі транспорттық құрал.
Отбасы және отбасылық қатынас. Индуистер мен мұсылмандардың патриархалдық отбасы. Отбасы – некелік қатынас. «тайпалық қоныстар». Некелік кәделер. Қоғамдық құрылыс. Касталық жүйе. Брахмандар – жрецтер, кшатрилер әскерлер, вайшилер, егіншілер, шудралар. Діни мәдениет. Ежелгі эпос Махабхарата және Рамаяна эпосы. Тетралдық көрініс. Қуыршаұ театр. Музыка. Бейнелеу өнері және архитектура. Ағаш кесу. Халық медицинасы. Дін. Индуизм. Буддизм. Джайнизм. Ислам. Сикхтар діні. Христиан діні. Маздеизм (отқа табынушылар).
Оңтүстік – шығыс Азия халықтары. Этникалық тарихы. Оңтүстік – шығыс Азия – антропогенезі ареалы. Оңтүстік Шығыс Азияның елді – мекендері, халқы, тілдері. Шаруашылығы. Кезбе аңшылар мен жинаушылар. Балық аулау. Соқамен жер иеленушілердің шаруашылық мәдени типі (жер иеленудің жартылай жыртпалы мәдени шаруашылық типі). Мал шаруашылығы. Срқамен жер жырту. Аралық шаруашылық түрлері. Үй – ішілік өндіріс: қару – жарақ, сәнді бұйымдар, ағаштан,тастан сүйектен және т.б. құрал жасау.
Шығыс Азия халықтары. Географиялық сипаттамасы. Этногинез және этникалық тарихы. Қытайдағы Цинляньган және Яншао мәдинеттері. Жапониядағы «Дземон» неолеттік мәдинет. Этнолингвистикалық сараптау. Антропологиялық құрамы. Мәдени- шаруашылық типі. Қытайдағы ионкмерлік халқының (кава,бэнлун,булан) отмандағы жинаушылары және жылы белдік аңшылары. Белгілі, өлшеулі белбеу жинаушылары мен балықшыларының түрі. Қытайдың тунгус-манчужурлық халқының тайғалық жаяу аңшылары.Қолдан немесе кетпенмен жер өңдеу. (Тайвандық гаоөшань, хайнандық ли,мчо,яо). Жер өңдеудің жүйесі. Биік таулы жерлердің қолданжер өңдеушілері (ицзу,тибеттіктер). Айдалып өңделетін жер. (Қытай, Корея, Жапония). Биік таулы аймақтардағы жерді айдайтын жер өңдеушілері (тибеттіктер, ну, дулун, ицзу). Моңғол, түрік,соның ішіндегі тунгус-манчжур халықтарының мал шаруашылығы. Орогендер мен эвенгтердің бұғы шаруашылығы
Жер шарындағы ең ірі дүние бөлігі болып саналатын Азия дүниенің төрт бұрышымен шектесіп жатыр. Оның жерінің ауданы 44 млн.км2, халқының саны 3,5 млрд-тан асады.
Азияның адамзат дамуының тарихында айрықша орны бар. Азия – қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы. Мұнда гүлденген Вавилон, Византия, Қытай, Үндістан, араб халифаты мен Осман империясы тәрізді өркениеті де дамудың жоғары дәрежесіне көтерілген. Олардың тарихи-мәдени мұралдары әлі де толық зерттеуді қажет етеді. Азияда дүние жүзіндегі ең ірі және ең ұсақ мемлекеттер қатар орналасқан.
Азияның алуан түрлі табиғат жағдайлары шаруашылықтың көптеген салаларын өркендетуге мүмкіндік береді. Осы заманға аса күшті дамыған өркениетті елдері мен сәулетті қалалары, мәдениет орталықтары бұл дүние бөлігінің қайталанбас келбетін қалыптастырады. Табиғаты мен шаруашылығының сипатына қарай Азия бірнеше аймақтарға бөлінеді: Оңтүстік-батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Солтүстік Азия, Оңтүстік-шығыс Азия.
Оңтүстік-Батыс Азия – Еуропа, Азия, Африка дүниеге бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік-Батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр. Құрамында Туркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғаныстан, Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп те атайды. географиялық орнына сәйкес ТМД құрамындағы Кавказ елдері де Оңтүстік-Батыс Азияға жатады.
Оңтүстік-Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді мұхиты аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлілігімен сипаталады. Жер бедерінде кең-байтақ Алдыңғы Азия, Армян, Иран таулы қыраттары мен оларды көмкеріп жатқан қатпарлы биік таулар басым. Таулардың ең биігі – Гиндукуш таулары, оның шыңдарының биіктігі Гималай тауынан шамалы ғана аласа болып келеді. Таулы қыраттардың ішіндегі ең биігі – Армян таулы қыраты, Жер қыртысындағы күшті жарылулар әсерінен жанартау атқылауларына ұшыраған. Қазіргі кезде жанартаулық әркет бәсеңдеген, бірнеше сөнген жанартаулар бар. Ең ірісі – Үлкен Арарат (5165м). Армян таулы қыратының солтүстігінде Кавказ таулары орналасқан.
Таулы қыраттардың ішкі бөліктері құрғақ климат жағдайында өте күшті физикалық үгінділерге толған. Альпі-Гмиалай геосинклиналдық белдеуінің құрамына кіретін бұл аймақтар тау жасалу әлі жүріп жатқандықтан, күшті жер сілкінулер жиі байқалады. 1999 жылы Туркияда дүркін-дүркін қайталанып, күші 7 балға жеткен жер сілкінулер 2000 жылы да қайталанады.
Африка-Арабия платформасының бөлігі болып табылатын Арабия түбегінің Қызыл теңіз жағалауын таулар алып жатыр. Түбектің Жерорта теңізі жағалауы арқылы терең тектоникалық жарық өтеді. Осы жарықтың бойында Жер шарының теңіз деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі – Өлі теңіз (-403м) орналасқан. Өлі теңіздің суы аса тұзды болғандықтан, оның суы мен жағалауында тіршілік белгісі жоқ. Суының емдік қасиетеріне байланысты Өлі теңіз дүниежүзілік маңызы бар емдеу-сауықтыру орталығы болып табылады.
Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағына береді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді.
Оңтүстік-Батыс Азия тас көмір мен түсті металдарға бай. Сонымен қатар вольфрам, хромит, полиметалдардың кен орындары бар, көлдерден ас тұзы өндіріледі. Аймақтың басты байлығы – мұнай мен газ. Парсы шығанағының қайраңы мен Месопотамия ойпатында мұнай мен табиғи газдың дүние жүзіндегі ең мол қоры шоғырланған. Мұнай – газ Каспий теңізінің жағалауы мен қайраңынан және Солтүстік Кавказ аймағынанда өндіріледі.
Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты аймақ бірнеше климаттық белдеуді алып жатыр. Жерорта теңізі жағалауына суптропиктік жерортатеңіздік, Кавказға және құрғақ субтропиктік, ал Кіші Азия түбегінің ішкі аудандары мен Иран таулы қыратына құрғақ субтропиктік шөл климаты ықпалында. Аймақтың климатына тән басты белгі – жазды теиператураның жоғары және аса құрғақ болуы. Климаттың континенттілігі шығысқа және оңтүстікке қарай артады: атақты Руб-әл-Хали шөлінде 3-4 жыл бойы бір тамшы жаңбыр жаумайтын кездер болады. Қара теңіз бен Жерорта теңізі жағалауларында ғана жауын-шашын мол түседі. Сондықтан Кавказда түр құрамы ерекше бай субтропиктік ылғалды ормандар тараған.
Оңтүстік-Батыс Азияда ең ежелгі егіншілік өркениеті қалыптасып, ірі керуен жолдары өткен. Бұл аймақта дүние жүзіндегі ең алғашқы қалалар мен мәдениет орталықтары пайда болған. Оңтүстік-Батыс Азия – қазіргі әлемдік ислам, христиан, иудаизм діндерінің бесігі. Сондықтан да аймақ халқының ұлттық құрамы өте күрделі. Арабия түбегі мен Месопотамия ойпатында, Жерорта теңізінің кейбір жағалық елдерінде арабтар тұрады. Кіші Азия түбегінде түріктер мен курдтер, Иран таулды қыратында парсылар мен ауғандар, тәжіктер, Арабия түбегінің Жерорта теңізі жағалауында еврейлер қоныстанған. Кавказда көптеген ұлттардың өкілдері тұрады, саны жағынан әзербейжандар, грузиндер мен армяндар басым. Аймақ бойынша халықтың тығыздығы әр түрлі. Климаты жайлы жазықтар мен теңіз жағалауларында халық тығыз қоныстанған. Сусыз шөлейттер мен шөлдерде тұрғылықты халық жоқ. Көшпенді арабтар (бәдәуилер) қой отарлары мен түйелердің соңында жайылымнан-жайылымға, суаттан-суатқа жылжып, көшіп отырады. Ежелден егіншілік аудандары болып табылатындықтан жазықтар мен жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда (оазис) халық тұрақты мекендейді. Оларда суармалы жерде астық дақылдары құрма пальмасы мен жеміс ағаштары өсіріледі. Аймақта шағын қалалар басым, табиғи келбетін өзгеріссіз сақтап қалған ежелгі қалаларда көп. Дамаск (Шам), Иерусалим, Бағдад, Мекке мен Медине, Басра, Стамбул қалаларында сәулет өнерінің ежелгі және жаңа үлгілері таңғажайып үйлесімін тапқан. Сонымен қатар бұл ежелгі қалалар ғылымның дамуына да үлкен үлес қосқан. Әсіресе жалпы географиялық, астрономилық, математикалық түсінікті кеңейтті.
Араб елдері мен Иран, Иракта мұнай өндіру және өңдеумен байланысты өндіріс салалары жақсы дамыған. Бұл елдерде сырттан уақытша жұмыс істеуге келген адамдардың үлесі жылдан-жылға артуда. Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай сатудан көп пайда табатын елдерде халықтың әл-ауқаты өте жоғары. Қазіргі заманғы сәулетті қалаларда адам өмірі мен тұрмысына қажетті барлық жағдайлар жасаланған. Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ірі поттар саны өсуде. Аймақтағы Израиль, Туркия тәрізді елдердің шаруашылығы әсіресе соңғы жылдары қарқынды дамып, дүние жүзілік деңгейге көтерліді.
Оңтүстік-Батыс Азиядағы елдер мен қалалардың көне тарихы мен жаңа келбеті, теңіз жағалауындағы емдеу және демалыс орындары дүниенің түкпір – түкпіріндегі жылына миллиондаған туристерді өзіне тартады. Ал осындағы қаситті діни орталықтарға тәу етуге арнайы келетін адамдар саны да жылдан-жзылға арта түсуде. Аймақтың кейбір бөліктерінде саяси жағдай өте шиеленіскен. Израиль мен Палестина арасындағы, Кавказ елдеріндегі Ауғаныстандағы түріктер мен курдтер арасындағы шешімін таппаған даулы мәселелер қақтығыстарға әкеліп соқтыруда.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет