60 кесте. 2012 жылдағы KASE бағдарламалық-техникалық кешенін модернизациялау және дамыту бойынша жұмыстар тізілімі
1. Сауда-саттық жүйесі. Негізгі нұсқа
I–II тоқсан:
– алдыңғы нұсқамен салыстырғанда келесідей айырмашылықтары бар, сауда-саттық жүйесінің 2.33 нұсқасын қолданысқа енгізу:
1) dll файлдарына және логтарды пайдаланушының локалды каталогында сақтау;
2) серверден жауапты ұзақ күткен жағдайда тиісті модальды терезенің көрсетілуі;
3) 30%-қ шектелімді басқару механизмінің бар болуы;
4) белсенді өтінімдердің жағдайы туралы мәліметтерді көрсету тілін өзгерту;
5) репо мәмілесінің жабылуына дейін қалған күндер саны туралы ақпаратты көрсететін, репо-міндеттемелер үшін қосымша "Реподағы күндер саны" атрибутын енгізу;
6) арнайы мамандандырылған сауда-саттықтарды өткізу ережелерін өзгерту;
7) маркет-мейкерлік өтінімдердің параметрлерін өзгерту механизмін түрлендіру;
– сада-саттық жүйесінің терминалын автоматты түрде жаңарту жүйесін аяғына дейін жасау;
– сауда-саттық жүйесінің 2.33 нұсқасымен жұмыс істеу үшін "Биржаның сауда-саттық жүйесінің ақпараттармен алмасу модулі сыртқы қосымшаларымен" және "Сыртқы қосымшалардан Биржаның сауда-саттық жүйесіне кіру кітапханасы" өнімдерін аяғына дейін жасап, қолданысқа енгізу. Аталған өнімдердің жаңа нұсқаларының алдыңғы нұсқалармен келесідей айырмашылығы бар:
Алмасу модулі:
1) қаржы құралдары, өтінімдер және мәмілелер бойынша ақпарат алмасу құрылымы жетілдірілді;
2) нарықтық және тікелей өтінімдер беруге, өтінімдерді растауға, тікелей өтінімдерді қанағаттандыруға арналған функционал қосылды; қаржы құралының бағасы бойынша кірістілігін және кірістілігі бойынша бағасын есептеу қосылды;
Кіру кітапханасы:
1) мәмілелер бойынша ақпараттармен алмасу құрылымы жетілдірілді;
2) қаржы құралына жазылымды динамикалық бақылауды жүзеге асыру мүмкіншілігі.
III тоқсан:
– қашықтағы резервтегі орталықтың негізінде тестілік сауда-саттықтарын өткізу;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін Басқармасының 2012 жылдың 24 ақпанындағы № 61 қаулысын орындау бойынша сауда-саттық жүйесін аяғына дейін жасау
IV тоқсан:
– алдыңғы нұсқаларды пайдалану барысында анықталған кемшіліктер жойылған, сауда-саттық жүйесінің 2.34 нұсқасын қолданысқа енгізу.
2. Сауда-саттық жүйесі. "Жазылым" нұсқасы
IV тоқсан:
– өнімділіктің жоғарылатылған параметрлерімен, сондай-ақ келесідей мүмкіндіктермен сипатталатын, сауда-саттық жүйесінің "Жазылым" нұсқасын қолданысқа енгізу:
1) Order Book (өтінімдер журналын) құру;
2) қанағаттандыруға жататын, өтінімдерді таңдау бөлігінде эмитенттермен өзара әрекеттесу;
3) өтінімдерді тіркеу және IPO-да мәмілелер бойынша есеп айырысу бөлігінде өзара әрекеттесу.
3. Сауда-саттық жүйесіне кіру интерфейстері:
FIX-шлюз (market data):
I–II тоқсан:
– "Сауда-саттық ақпаратын жеке алушыларға белгілі уақыттық кідіріспен ұсыну" модулін іске асыру;
– сауда-саттық жүйесінің 2.33 нұсқасымен жұмыс істеу үшін сервисті аяғына дейін жасау.
III тоқсан:
– FIX-серверінде өтінімдер "стаканын" есептеу және оны кейін FIX хаттамасы арқылы ұсыну мүмкіншілігін енгізу бойынша іс-шараларды іске асыру.
IV тоқсан:
– FIX Market Data жүйесіне арналған мониторинг жүйесін аяғына дейін жасау.
Транзакциялық FIX-шлюзі
I–II тоқсан:
– өтінімдерді беру-жою кезінде және мәмілелер жасасқандағы хабарлау жүйесін аяғына дейін жасау;
– сауда-саттық жүйесінің 2.33 нұсқасымен жұмыс істеуге арналған сервисті аяғына дейін жасау.
III тоқсан:
– Java-кітапханасын қолдайтын танзакциялық FIX-шлюзінің 2.0 нұсқасын қолданысқа енгізу;
– өтінімдерді беру-жою кезінде және мәмілелер жасасқандағы хабарлау жүйесін аяғына дейін жасау;
– сервис жұмысының тұрақтылығын арттыру;
– виртуалды машинамен сыртқы пайдаланушылар үшін тестілік серверді қолданысқа беру бойынша іс-шараларды іске асыру.
4. Оқу сауда-саттық жүйесі
I–II тоқсан:
– Оқу сауда-саттық жүйесін мынадай бөлігінде аяғына дейін жасау;
2) құпия сөздің жарамдылық мерзімі аяқталған кезде пайдаланушыға ескертпе жолдау.
III–IV тоқсан:
– Тиісті техникалық тапсырмаға сәйкес Оқу сауда-саттық жүйесін аяғына дейін жасау:
1) тіркеу бетін жетілдіру;
2) ағымдағы ойын бойынша мәліметтерді іріктеуге мүмкіндік беретін, функционалды іске асыру;
3) мұрағаттық мәліметтерді көрсету нысанын аяғына дейін жасау;
4) Оқу сауда-саттық жүйесінің пайдаланушыларына хабарлама жіберу бетін жасау;
– жетілдірілген Оқу сауда-саттық жүйесінің негізінде жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған "Биржалық ынталандырушы" оқу сауда-саттықтарын үйренушілеріне жетекшілік.
5. "STrade" Интернет-трейдинг жүйесі
III тоқсан:
– мынадай негізгі өзгертулер мен толықтыруларды қамтыған, "STrade" Интернет-трейдинг жүйесінің 1.07 және 1.07.05 нұсқаларын қолданысқа енгізу:
1) падаланушылар интерфейсін модернизациялау және аяғына дейін жасау – ақпараттық өрістерін жасау, мәліметтердің іріктелуін баптау;
2) сертификаттар импортының үдерісін жеңілдету;
– мынадай негізгі өзгертулер мен толықтыруларды қамтыған, "STrade" Интернет-трейдинг жүйесінің 1.08 нұсқасын қолданысқа енгізу:
1) "STrade" жүйесінен сауда-саттық жүйесіне ақпараттық хабарламалар жөнелту мүмкіншілігі;
2) өтінімдерді айла-шарғы жасау критерийлеріне сәйкес келуін тексеру мүмкіншілігі;
– виртуалды машинамен Оқу сауда-саттық жүйесі үшін "STrade" Интернет-трейдинг жүйесін қолданысқа беру бойынша іс-шараларды іске асыру.
6. Система передачи данных "eTransfer.kz" мәліметтер
III тоқсан:
– алдыңғы нұсқасымен салыстырғанда келесідей айырмашылығы бар, "eTransfer.kz " жүйесінің Орталық депозитарийге арналған 1.37.27 нұсқасын қолданысқа беру:
1) пайдаланушының "eTransfer.kz" жүйесіне кірген кезде пайдаланушы сертификатының мәліметтер базасында, сондай-ақ ҚБЕО Растау орталығында сәйкес келуіне қосымша тексеру;
2) кез келген форматтағы файлдарды әрі қарай жөнелту бойынша опциондық мүмкіншілік;
3) жүйенің алдыңғы нұсқасын эксплуатациялау барысында анықталған, қателердің жойылуы.
IV тоқсан:
– Клирингілік палата мен клирингілік қатысушы арасында мәліметтермен алмасу үшін функционал іске асырылған, клирингілік қатысушыларға арналған "eTransfer.kz" жүйесінің 1.37.27 нұсқасын әзірлеу.
7. Бэк-офис жүйесі
I–II тоқсан:
– жаңалықтар конверторын жақсарту;
– оңтайландырылды:
1) фьючерстерді есептеу;
2) сауда-саттық жүйесінен бэк-офис жүйесіне мәліметтер экспортының уақыты;
3) маркет-мейкерлердің тәртіп бұзушылығын есептеу;
– нарықтық бағаларды қамтыған, сауда-саттық жүйесі үшін МТ-хабарламалары функционалы іске асырылды.
III тоқсан:
– KASE бағдарламалық қамтуын Clearing System KASE клирингілік жүйесіне және BackOffice System KASE бэк-офисіне бөлу;
– клирингілік қызмет көрсету бойынша есеп берушілікті әзірлеу және енгізу, оны есеп берудің жеке тобын бөліп шығару;
– "Халықтық IPO" жобасының мәліметтерін экспорттау және сақтау сызбасын әзірлеу;
– IPO бойынша тиісті жрналдары мен есеп берулерін әзірлеу;
– "Шектелімдер" тәртіптемесін аяғына дейін жасап, қолданысқа енгізу, мұнда басқа валюталармен жұмыс жасау мүмкіншілігі ашылған; нөлдік немесе екі еселік сомалармен жазбаларды қалыптастыруға тыйым салу үшін шектелімдерді қалыптастыру уақытын шектеу;
– Is2In жобасының Web Data Transfer қосалқы жүйесін аяғына дейін жасап, қолданысқа енгізу, соның арқасында жарияланым мазмұнның жаңаша бөлінуіне қарай жүзеге асырылады; қайталануды жоққа шығару үшін жазбалардың бірегейлігін бақылау өзгерді;
– KASE BOS жүйесінде Биржа мүшелерінің және эмитенттердің құжаттарын бастапқы тіркеуі үшін директориялар серверінде автоматты түрде қалыптастыру механизмі аяғына дейін жасалып, қолданысқа енгізілді;
– мәліметтер базасында кестелік сипаттамалардың қайталануын жоққа шығару үшін ескерту механизмі құрастырылып, қолданысқа енгізілді;
– доработка и внедрение журнала "Нетто-жайғасымдар" журналын аяғына дейін жасап, қолданысқа енгізу; осымен қатар келесі датаға өткізілімдердің қалыптасуына тыйым салу.
IV тоқсан:
– Биржаның клирингілік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуы шегінде шоттардың жеке және клиенттік болып бөлінуі;
– Биржаның клирингілік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуы шегінде фьючерстер нарығында кепілдік жарналарды жеке және клиенттік болып бөлінуі, сондай-ақ олардың мерзімдік нарықтың сеторлары бойынша бөлінуі;
– нақты уақыт тәртібінде күдікті мәмілелерді анықтау функционалын әзірлеу;
– бэк-офис жүйелеріне падаланушылардың кіру картасын қалыптастыру;
– бэк-офистің мәліметтер базасына Биржа сайтына ақылы кіру рұқсатын падаланушыларды және төлемдер журналына тиісті төлемдерді енгізу механизмі әзірленді;
– Биржаның банктік қызметтерді жүзеге асыруға лицензия алуы шегінде бэк-офистің тестілік нұсқасында банктік шоттармен жұмыс жасау механизмі әзірленді;
– бэк-офиске жаңа эмитентті немесе Биржа мүшесін енгізгенде "СТН" и "БСН" бірегейлігін тексеру механизмі әзірленді;
– есеп айырысуға қатысушылардың шоттарынан "1С:Кәсіпорын" бағдарламасынан жүктеп алу мүмкіншілігі қосылды;
– нарықтық бағалауды оңтайландыру.
8. Сайт
II тоқсан:
– Биржа мүшелері туралы толыққанды бөлімін құру;
– "Халықтық IPO" жне "Маркет-мейкерлер" беттерін жасау;
IV тоқсан:
– навигациялық құрылымды жақсарту;
– басты бетте "Басты уақиға" блогын жасау;
– эмитенттердің мұрағаттық құжаттарына рұқсаттың ыңғайлығын арттыру;
– бағалы қағаздардың қосымша кодтары туралы ақпараттарды шығарып көрсету (CFI және BBGID);
9. Is2In электрондық құжатайналым жүйесі
II тоқсан:
– Биржа мүшелеріне өз құжаттарын астоматты тртіпте ұсыну және стандартталған, соңынан Биржа сайтында жарияланатын, жаңалықтық хабарламаларды қалыптастыруған мүмкіншілік беретін, Is2In электрондық құжатайналым жүйесін қолданысқа енгізу;
IV тоқсан:
– ГОСТ 34.310-2004 сәйкес келетін, Биржа мүшелерінің электрондық құжаттарына электронды сандық қолтаңба (бұдан әрі – ЭСҚ) қоюға мүмкіндік беретін, ЭСҚ-мен жұмыс жасауға арналған Is2In электрондық құжатайналым жүйесіне арнайы модулін қосу.
10. Аппараттық қамту және телекоммуникациялар
I–II тоқсан:
– Биржа клиенттерін қосу үшін резервтік интернет-арнасын ұйымдастыру;
– Биржа офистерінің арасында резервтік радиоарнасын белсендіру;
– ҚБЕО резервтік орталығына дейін ұлттық валютада төлемдерді жүзеге асыруға арналған резервтік арнасын белсендіру.
III тоқсан:
– Биржаның ақпараттық-техникалық сервистерін резервтік интернет-арнасына қосу;
– ҚБЕО дейін для сервисов ФАСТИ және "Банк-клиент" сервистері үшін байланыстың жаңа беру;
– сайтты жаңа серверлерде баптау және тестілеу.
IV тоқсан:
– сайтты жаңа аппараттық қамтуда баптау және тестілеу;
– транзакциялық FIX-шлюзді жаңа ақпараттық қамтуда баптау, тестілеу және қолданысқа беру;
– байланыстың сыртқы арналарын коммутациялық бөлмеден серверлік жайға ауыстыру.
11. Құжаттама
– Биржаның ақпараттық жүйелеріне өзгертулер енгізу тәртібі;
– Биржаның ақпараттық жүйелерінің классификаторы;
– Ақпараттық жүйелерді құжаттау ережелері;
– Антивирустық қорғаныс тәртібі;
– Электронды пошта мекен-жайларын тіркеу тәртібі;
– Биржаның ақпараттық қамтуын техникалық эксплуатациясының нұсқаулығы;
– Пайдаланушылармен өзара әрекеттестік қызметін енгізу бойынша жоба;
– "АТ-қызметтері бойынша жүгінулерді басқару" үдерісінің регламенті;
– АТ-инфрақұрылымы бойынша техникалық қызметтер көрсетуге тапсырыстар және оқыс оқиғаларды жою бойынша жұмыс тәртібі;
– АТ-инфрақұрылымында өзгертулер енгізуге тапсырыстармен жұмыс жүргізудің тәртібі;
– Ақпараттық технологиялар департаментінің операциялық қызметі бойынша АТ-қызметтер каталогы.
KASE 2012 жылға есеп берушілігіне нақты материалдар
Достарыңызбен бөлісу: |