66-шығарылым Арнайы өндіріс бұйымдарын


Сынақтарға қызмет көрсететін электр радиомонтаждаушы



бет16/17
Дата11.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#127812
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

169. Сынақтарға қызмет көрсететін электр радиомонтаждаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі әр түрлі жаңадан әзірленіп жатқан (эксперименталды) арнайы аспаптарды жұмысталмаған сызбалар мен схемалар бойынша құрастыру, электр және радиомонтаждау, механикалық, электрлік реттеу және теңшеу. Арнайы компоненттерде жұмыс істейтін бұйымдарды немесе олардың агрегаттарын сынау үшін стандартқа сай емес эксперименталды аспаптарды тексеру, оларды енгізу, электр автоматика және өлшеудің стендті жүйелерін біріктіру; электр автоматиканың стендті жүйелерін және басқару пультының схемаларын бұйымдардың эквивалентімен тексеру; тіркейтін аппаратурада жазылатын басқару пультынан электр схемаларды тексеру. Жөнделген жерүсті және бортты аппаратураларға бақылау сынақтар жүргізу және әр түрлі жағдайларда олардың жұмыс істеу қабілетін тексеру. әр түрлі ақауларды анықтау және жою. Принциптік схемалары бойынша күрделілігі әр түрлі электронды және өлшеу схемаларын жасау және монтаждау. Кез келген күшейткіш және өлшегіш аппаратураға барлық өлшегіш құралдарға толық коммутациялау. Негізгі пульттан эксперименталды бұйымдар мен агрегаттарды сынауды басқару, автоматты реттеу жүйесінің аспаптары бойынша бұйым жұмысының режимін, катодты осциллографтарды (бір-екі-үш сәулелі) және басқа да электронды аспаптарды бақылау; бұйымдарды статистикалық және динамикалық радиотелеметриялық сынақтарға дайындау және жүргізу; ерекше күрделі электр пульт жасау, монтаждау және баптау, аралық басқару, автоматтық бақылау және өлшеу аспаптарын монтаждау.ерекше күрделі аспаптарды (барлық жүйедегі осциллографтар, көп арналы электрондық күшейткіштерді) жөндеу, реттеу және түсіру. Ерекше күрделі аспаптарды жөндеу, реттеу және сипаттамасын түсіру. Реттелетін радио құрылғыларда негізгі электрлік параметрлерді есептеу.

Білуге тиіс: сынақтар жүргізуге электр автоматика жүйелерін дайындау және бұйымдарды, агрегаттар мен стендті өлшеу бағдарламасы; электр автоматика және өлшеу жүйелерінің принциптік және монтаждау жүйесі; реттелетін аппаратурадағы кінәраттардың барлық түрі және оларды жою тәсілдері; радио құрылғылардың схемаларын есептеу.
170. Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электр слесарь

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым электр механикалық және оптикалық-мехникалық аспаптар мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру. Аспаптарды сынау уақытында қоректендіру станциялары мен заряд станцияларын дайындау және қызмет көрсету. Бөлшектерді 12-14 квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу. Біріктірудің қарапайым схемаларда монтаждау. Сымдарды орағыштарды, оқшаулағыштар мен лактауды жөндеу. Тізбектегі кернеуді, ток қуатын және кедергілерді өлшеу. Жөнделетін аспаптардың қарапайым схемаларын дәнекерлеу. Ауыстырылатын бөлшектер мен бұйымдарды орнату және дәнекерлеу. Шаблондар мен үлгілер бойынша түрлі маркалы және қимадағы сымдар мен кабельдер дайындау. Монтаждау жгуттарын қапсырмалармен бекіту және шықпа клеммдерді дәнекерлеу.

Білуге тиіс: жөнделетін аспаптардың, механизмдер мен тораптардың құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі; техникалық пайдаланудың негізгі ережелері және қарапайым аспаптарды жөндеуге қойылатын техникалық шарттар; ток өткізгіш және оқшаулағыш материалдардың негізгі қасиеті әр түрлі үзбелердің тізбектеріндегі кедергілерді өлшеу тәсілдері; сынақ кезінде қолданылатын электрмен өлшейтін аспаптар; шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығының кластары) туралы негізгі мәліметтер; монтаждау схемасындағы электр элементтердің, аспаптар мен тораптардың шартты белгілері; аспаптардың қарапайым электр монтаждау және баспа схемасы; коррозияға қарсы майлар мен сылақтардың сорттары мен түрлері; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Қоректендіру станциясының аппарельдері мен бекіткіш рамалар – жөндеу.

2. "ПК" блоктары – шәкіл механизмін демонтаж, жөндеу және монтаждау.

3. BK-211 типтік шеткі сөндіргіштер – демонтаж, монтаждау.

4. Азимут бұрыштарының, жоғарылату бұрышының, жоғарылату бұрышы қабылдағыштарының бергіштері – демонтаж, жөндеу, монтаждау.

5. ЛУЧ-1, ЛУЧ-2 типтік бұйымдар –жарықтандырғыш сымдарын жөндеу және жасау.

6. ЗСС типтік жарық белгілерінің тұйықтағыштары - демонтаж.

7. Кабельдер, сымдар – шеттерін қалайылау, дәнекерлеу, орау, монтаждау.

8. СПО және СПЛ қалқандарының қаңқалары – жөндеу.

9. Кабель орағыштар – түзету.

10. Электр магнит орағыштары – орау.

11. Коллекторлар –сіңдіргеннен кейін лак қаспақтарынан тазарту.

12. Клемм қораптары - демонтаж, жөндеу, монтаждау.

13. Кронштейндер – негізін келтіріп жону, бұрғылау және бұранда кесу.

14. Фрикциялық механизмдер – қайта іріктеу, тазалау.

15. Кабель муфталары –жөндеу кабельдер талшықтарын тексеру.

16. Жарық бергіш патрондар – құрастыру.

17.Барлық типтегі ауыстырып қосқыштар – демонтаж, монтаж.

18. Платалар – клеммді платаға орнату және бекіту.

19. КУ-122-2М, КУ-122-1М кнопкалы пост - демонтаж, жөндеу, монтаждау.

20. Аспаптар, механизмдер – жуу, тазалау, сүрту, майлау.

21. "Молния" бұйымының NN 34, 63, 64, 69, 70 аспаптары – аралық жөндеу және реттеу.

22. Перифериялы аспаптар - демонтаж, монтаждау.

23. ЭСП-57 жетектер – ауыстырып қосқыштарды жөндеу және құрастыру; жөндеу, құрастыру және жарықты монтаждау.

24. Сымдар – кесу, берілген өлшем бойынша дайындау.

25. ТР, ТРЗ, ТРВ типтік қарапайым реле – жөндеу және сынау.

26. Қосқыш және реттегіш реостаттар, қосқыш-тежегіш кедергілер, сөндіру шаппалары – демонтаж, жөндеу.

27. Байланыстырғыш рычагтар – жөндеу, реттеу, тапсыру.

28. Дыбыс сигнализациясы (сыңғыр, гуіл) - демонтаж, монтаждау.

29. ДУ жүйесі – блокты ұштамаларды дәнекерлеп, жгуттарды байлап және тігіп электр монтажды ауыстыру.

30. Магнитті станция, қосқыштар, бақылағыштар – демонтаж.

31. Сигнал фонарлары - демонтаж, жөндеу, монтаждау.

32. резеңкеден және пресшпаннан жасалған шайбалар, астарлар, қапсырмалар, бұрыштамалар – жасау

33. ШУБ шасси – жөндеу.

34. Шиналар мен өткізгіштер - оқшаулағыш лакпен және киперлі лентамен жабу.

35. Барлық типтегі электр магниттер – жөндеу.

36. Аспаптардың электр тізбектері – оқшаулағыш кедергілерін өлшеу.

37. Электр қозғалтқыштар, СЛ, СС, БД, БС типті сельсиндер - демонтаж.

38. Барлық типтегі біріктіргіш жәшіктер – түсіру, бөлшектеу, жөндеу.
171. Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электр слесарь

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа электр механикалық, оптикалық-механикалық және басқа да аспаптарды жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау, монтаждау және тапсыру. Күрделі аспаптарды демонтаждау. Бөлшектер мен тораптарды 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру. Түрлі дәнекерлермен (мыс, күміс және басқа да) дәнекерлеу. Аспаптарды жол сынақтарына дайындау және сынақтар жүргізу. Түрлі сымдар мен кабельдерден күрделілігі орташа біріктіру схемаларын жасау және монтаждау. Перифериялы аспаптарда механикалық және электрлік нөлдік жағдайды қою. Аспаптарды сынау және құрастыру кезінде анықталған ақауларды жою.

Білуге тиіс: күрделілігі орташа жөнделетін аспаптар мен аппараттардың құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі; аспаптарды, механизмдерді, аппараттарды құрастыруға, сынауға және тапсыруға әрі түрлі дәнекерлермен дәнекерлеуге қойылатын техникалық шарттар; ток өткізгіш және оқшаулағыш материалдардың электрлік қасиеті; металдарды термиялық өңдеу туралы негізгі мәліметтер; шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығының кластары) туралы негізгі мәліметтер; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника, радио техника және механика негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Қоректендіру агрегаттарының генераторлар және ПУАЗО, РТС агрегаттары мен зымыран жабдықтарының зарядтары – бөлшектеу, мойынтіректерді ауыстыру.

2. ПУАЗО қыздырғыштары мен корпустары – жөндеу.

3. Ауыстырып қосқыштар, реле байланыстырғыштары – тазалау.

4. Электр қозғалтқыш мойынтіректері – ауыстыру.

5. 1К, 1P, 99 типтік аспаптар – таблица бойынша тексеру.

6. 2,5 класс электрмен өлшеу аспаптары – жөндеу.

7. "Молния" жүйесінің NN 12В, 12К, 18 аспаптары – аралық жөндеу, реттеу.

8. ЭСП-57 жетек – стендтерде нөл-индикаторды, күшейткіш жәшігін, бұрыштарды шектеушілерді, гуілдегішті, селен түзеткішті өрташа жөндеу, құрастыру және сынау.

9. аспап кабельдерінің штепсельді ажыратқыштары – жұмсақ дәнекерлермен дәнекерлеу.

10. КД-2 – қысым релесі – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

11. Д-122 типті ДУ жүйелері – қабылдғыш және жұдырықша аспаптарды, шектегіштерді жөндеу.

12. "Створ", "Сектор", "Сход" типті жүйелер – командир аспаптарын және ГН мен ВН артиллериялық және қосқыш аспаптарды реттеп жөндеу.

13. Дыбыс өлшеу станциялары – лента тартқыш механизмдер мен дыбыс қабылдағыштарды жөндеу.

14. Қысымы төмен пневможүйе құбырлары – біліктеу, келтіру және орнату, герметикалығын тексеру.

15. Фрикциондар - реттеу.

16. Щеткалар –коллектор бойынша сүрту.

17. "А" типтік электр қозғалтқыштар және қосқыш станциялар – жөндеу.

18. Электр жабдықтар және КТ-84 қондырғыларының ДУ – сигнал бергішті және қысым релесін, К-9Т, К-11 байланыстырғыштарын жөндеу.

19. Біріктіргіш жәшіктер, 16Л, 17-1, 70Г, 34Т типтік аспаптар – құрастыру, орнату.


172. Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электр слесарь

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген күрделі тораптарды, блоктарды, механизмдер мен басқару аспаптарын жөндеу, құрастыру, механикалық реттеу, сынау. Орталық аспаптарды және бұйымның аспаптық бөлігін демонтаждау және монтаждау. Аспаптарды ылғал өткізгіштікке және жұмыс істеу тұрақтылығына сынау. Техникалық шарттарға сәйкес сипаттамаларды түсіріп, радиотехникалық, электр механикалық, электронды-есептеуіш және гидроскопиялық аспаптарды реттеу және сынау. принциптік схемалар бойынша күрделі монтаждау схемаларын жасау. Бөлшектер мен тораптарды 7-10 квалитет (2-3 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу, келтіру және жетілдіру.

Білуге тиіс: жөнделетін күрделі аспаптардың, механизмдер мен аппараттардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі; аспаптар мен аппараттарды реттеу және сынау тәсілдері, оларды сынау кезінде сипаттамаларды түсіру ережесі; аспаптар мен аппараттарды жөндеуге, сынауға және тапсыруға қойылатын техникалық шарттар; аспаптарды тексеру және сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы қателіктерді есептеу ережесі; шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығының кластары) туралы негізгі мәліметтер; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника, радио техника және механика негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Лезде тұтанатын лампалар мен механизмдердің автоматтары – реттеу.

2. Басқару блоктары, индикаторлы – жөндеу, реттеу.

3. Білікшелер – индикатор бойынша ортада түзету.

4. 142 аспаптар, 1P, "Ладога-4" типті антенна бұйымдары - монтаждау.

5. 13T, 13ЛT, 23Л типтік аспаптар, ЦУ блоктары – аралық жөндеу, құрастыру.

6. 142, 38, 23М, 44 типтік аспаптар – аралық жөндеу.

7. 62Л, 3Л типтік аспаптар – жөндеу.

8. "Молния" типтік жүйенің NN 23, 44, 62, 99 аспаптары – жөндеу, реттеу.

9. Жылдамдықты реттегіш импульсті, сигналдарды түрлендіргіш релелі жетектер, жылдамдықты тұрақтандырғыштар мен түрлендіргіштер, рульді машиналар, күшейткіштер-түрлендіргіштер – бөлшектеу.

10. ЭСП-57 жетектер – қабылдайтын аспаптарды, күшейткіш блоктарын, ВКУ жөндеу, құрастыру және сынау, оларды құрастырылған схемаға қосу.

11. ПУАЗО – күшейткіш блоктардың шкафтарын, координат түрлендіргіштерді құрастыру; түзеткіш блоктарын реттеу; МУ блоктарын жөндеу.

12. ПУАЗО – тіреулер мен ток түсіргіштерді жөндеу; қабылданатын аспаптарды жөндеу және реттеу, бұйым жұмысының тұрақтылығын сынау.

13. КТ-84 қондырғылардың ПДУ-84 пульті – аралық жөндеу.

14. РП-15-1 типтік радиопрожекторлар – жалпы құрастыру, реттеу және стендте сынау, сәуле түсіргішті қайта қалау және оны жарық дағы бойынша салыстырып тексеру.

15. Д-122 типті ДУ жүйесі – басқару станциясын, реле блогын және жылдамдықты шектегішті жөндеу.

16. "Створ", "Сектор" жүйелері - 6БЛ, 2БЛ, 3БЛ-В типті аспаптарды тексеріп жөндеу.

17. 4Р-60М типтік жүйелер - ПУ, ПСК, БЗ, ППУ аспаптарын, күш беретін қоректендіргіш аспаптарын және бөліп-таратқыш қалқандарды реттеп, жөндеу.

18. Табу станциясының іздеуші жүйелері – құрастыру, блоктарды реттеу.

19. "Звук", "Диск", "Зуммер" типтік ПУТС жүйелері мен схемалары – тексеру, теңшеу және реттеу.

20. Радиолокация станциясы – антенна жүйелерін, бағандарды, көтергіш платформаларды, антенна бағандарын және ток түсіргіштерді орнату.

21. Магнит станциялары – реттеу.

22. Электр механикалық стопорлар – аралық жөндеу, салу, реттеу.

23. Магнитті күшейткіштер, жорымал жылдамдық жүйелерін күшейткіштер – түрлендіргіштер – жөндеу.

24. СС, СЛ, ДТ-75, МИ типтік электр қозғалтқыштар; сельсиндер – аралық жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау.

25. Көтергіштердің және арт жүйелердің электр жабдықтары – аралық жөндеу, реттеу.

26. Қосқыш қондырғылардың электр жетектері – қабылдайтын аспаптарды, блоктарды, күшейткіштерді, ВКУ жөндеу, құрастыру және сынау, құрастырылған қондырғыға аспаптарды қосу.
173. Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электр слесарь

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға сәйкес күрделі электр механикалық, электрондық-есептеуіш, оптикалық-механикалық, гироскопиялық тораптарды, аспаптар мен жүйелерді жөндеу, реттеу, сынау, монтаждау және тапсыру. Басқардың күрделі аспаптары мен іске қосуды реттегіш аппаратураларын кешенді реттеу, сынау және қарулаумен келістіру. Статика мен динамикада есептерді шешумен орталық аспаптарды монтаждау және тексеру. Күрделі механизмдердің дұрыс монтаждалуын тексеру және анықталған ақауларды жою. Бөлшектер мен тораптарды 6-7 квалитет бойынша (1-2 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу, келтіру және жетілдіру.

Білуге тиіс: жөнделетін күрделі әрі тура механизмдердің, аспаптар мен жүйелердің құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі, оларды реттеу және сынақтар жүргізу тәсілдері; аспаптардың жарақталғанын тексеру әдісі; аспаптар санатын айқындау ережесі; аспаптар мен аппараттардың жұмысында ақаулардың пайда болу себебі, олардың алдын алу және жою шаралары; жөнделетін аспаптарды құрастыруға қойылатын техникалық шарттар; барлық типтегі аспаптардың климаттық схемасы; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника, радиотехника және механика.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Потенциометр блоктары - жөндеу.

2. Гирокөлденеңдер, гиротіктер, жылдамдықты реттегіш бергіштер, тұрақтандырғышты күшейткіш және интегратор блоктары, импульсті бағдарлама бергіштері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

3. Гироскоптар – аралық жөндеу.

4. Жанармай деңгейіндегі бергіштер, рульді машиналар, күрделі күшейткіштер-түрлендіргіштер – сынау, тапсыру.

5. Фрикциялық механизмдердің айнасы – жетілдіру.

6. Ладога-4", "Глобус" типті бұйымдар – аралық жөндеу, қашықтық механизмдері мен блоктарын реттеу.

7. Коноидті механизмдер мен құрастырғыштар – жөндеу.

8. Тісті және бұрамдық аспаптар мен электр механизмдердің бергіштері – тексеру, орталықтау.

9. Статистикалық сынау аспаптары (ССА) – жөндеу.

10. ПМP-21, 1H, 1Л типтік аспаптар; У-10 күшейткіштері – реттеу.

11. "Буря" жүйесінің 98 аспаптары және "Ленинград" типтік жүйенің 2Л-1 аспаптары – жөндеу, реттеу.

12. "Гроза-1174" жүйесінің 1, 2, 202 аспаптары – реттеу.

13. "Стопор", "Сатурн" жүйелерінің 1БЛ, 6БЛ аспаптары – реттеу, тексеру және тапсыру.

14. ЭСП-57 жетектері – келісу.

15. ПУАЗО – жалпы құрастыру..

16. ПУАЗО –азимут жетектерін, потенциометр блоктарын, қозғалтқыш-генераторларды жөндеу, реттеу және ТББ-ға тапсыру.

17. Барлық типтегі ДУ жүйесі – кешенді реттеу, тексеру және тапсыру.

18. "Колонка" ПУС жүйесі – тексеру, реттеу, РЛС жүйесімен келісу және тапсыру.

19. "Грот", "База" типтік жүйе – реттеу, келісу және жүйені кешенді тексеру.

20. "Сектор", "Салют" типті жүйелер – реттеу, келісу, тексеру және тапсыру.

21. 4Р-60М типті жүйе – автоматтық бақыланатын салынбалы аппаратураны реттеу және тапсыру; ПКД, РДИ аспаптарын реттеу, тексеру.

22. Қосқыш қондырғылардың іске қосылуын басқару жүйелері – жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау.

23. Магнитті станциялар – күрделі жөндеу.

24. Радиолокациялық станциялар – антенна бағандарын, қашықты белгілеу блогын және антеннаны, ток түсіргішті басқару жүйесін құрастыру және реттеу.

25. Трансформаторлар (май) – жөндеу, құрастыру және сынау.

26. "РФК" фотокамерасы – күрделі жөндеу.

27. ПН типтік электр қозғалтқыштар – күрделі жөндеу.

28. КТ-84 қондырғыларының электр жабдықтары – тексеру, реттеу, келісу және құрастыру.

29. Қосқыш қондырғылардың электр жетектері – кешенді түйістіру кезінде қолданылатын аспаптарды және бергіштерді келісу және жүйені кешенді тексеру.


174. Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электр слесарь

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға сәйкес ерекше күрделі және дәлдік аспаптар мен басқару жүйелерін жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау, оларды тапсыру. Жалпы ДУ жүйесі бар және жарақталған ерекше күрделі аспаптар мен басқару жүйелерін кешенді реттеу және келісу. 1-5 квалитет (0-1 класс дәлдігі) бойынша жанасқанөлшемі бар бөлшектер мен тораптарды механикалық және қолмен келтіру әрі жетілдіру. Арнайы теңгерілген станоктарда ерекше арнайы аспаптар мен электр машиналардың зәкірлері мен роторларын динамикалық теңгеру.

Білуге тиіс: жөнделетін ерекше күрделі аспаптар мен басқару жүйелерінің конструкциясы, міндеті және жұмыс істеу принципі және оларды басқару тәсілдері; аспаптар мен жүйелерді келісу әдістемесі; аспаптардың электрлік, кинематикалық және принциптік схемасы; аспаптар мен жүйелерді техникалық пайдалану ережесі және жөндеуге қойылатын техникалық шарттар; басқарудың ерекше күрделі жүйелерін электрлік, механикалық және кешенді реттеу әдістері мен тәсілдері; зәкірлер мен роторларды динамикалық теңгерудің амалдары мен тәсілдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Гирокөлденеңдер, гиротіктер, жылдамдықты реттегіш бергіштер, тұрақтандырғышты күшейткіш және интегратор блоктары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру

2. "Ладога-4", "Глобус" типтік бұйымдар – кешенді реттеу, келісу және ТББ тапсыру.

3. "Компонент" бұйымдары - N 203 аспапты реттеп, күрделі жөндеу.

4. "П" коноидті механизмдер – реттеу және сынау.

5. МПО-2 осциллограф – жөндеу және реттеу.

6. TAС, 1МБ, 71 типтік аспаптар, УД-12 күшейткіштері, СССП жүйесі – электрлік және механикалық реттеу.

7. ПУАЗО – реттеу, динамикада сынау, ақауларды жою және ТББ тапсыру.

8. "Молния", "Зенит" типті ПУС – реттеу, келісу және тапсыру.

9. "Ленинград", "Смерч" типтік жүйе – реттеу және тапсыру.

10. 4Р-60М типтік жүйе – есептеуші-шығарушы аспаптарды реттеу, тексеру және тапсыру.

11. "Гроза-1174" типтік жүйе – кешенді реттеу, келісу және тапсыру.

12. "Стопор", "Сбор" типтік жүйе – кешенді реттеу, тексеру және тапсыру.

13. ТГ-1 и ТГ-2 типтік ток генераторлары – күрделі жөндеу, реттеу және сипаттамаларын түсіру.



1969 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,

осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Разряд

тар диапазоны



1969 жылы шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар



Разрядтар диапазоны

БТБАшығарылым




Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1

Гильзаларды жаңарту және атысты құрастыру жөніндегі автоматшы

5

Гильзаларды жаңарту және атысты құрастыру жөніндегі автоматшы

5

66

Арнаулы өндіріс

2

Аэростатшы

1-4

Аэростатшы

1-4

66

-//-

3

Әскери және арнайы машиналардың жүргізушісі

4-5

Әскери және арнайы машиналардың жүргізушісі

4-5

66

-//-

4

Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы

2-6

Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы

2-6

66

-//-

5

Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың ақауын анықтаушы

2-5

Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың ақауын анықтаушы

2-5

66

-//-

6

Оқ-дәрі сынаушы

2-6

Оқ-дәрі сынаушы

2-6

66

-//-

7

Қару-жарақ сынаушы

3-6

Қару-жарақ сынаушы

3-6

66

-//-

8

Радиожарғыш аспаптарды сынап-жаттықтырушы

3-4

Радиожарғыш аспаптарды сынап-жаттықтырушы

3-4

66

-//-

9

Оқ-дәрілер мен зарядтарды тексеріп-қабылдаушы

2-5

Оқ-дәрілер мен зарядтарды тексеріп-қабылдаушы

2-5

66

-//-

10

Қару-жарақты қабылдап бақылаушы

2-6

Қару-жарақты қабылдап бақылаушы

2-6

66

-//-

11

Бұйымдарды консервациялау және жинақтау жөніндегі бақылаушы

2-3

Бұйымдарды консервациялау және жинақтау жөніндегі бақылаушы

2-3

66

-//-

12

Крешерші

2-4

Крешерші

2-4

66

-//-

13

Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сынау жөніндегі лаборант

2-5

Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сынау жөніндегі лаборант

2-5

66

-//-

14

Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант

3-6

Жоғары жиілікті және телефондық-телеграф байланыс аппаратурасын сынау жөніндегі лаборант

3-6

66

-//-

15

Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант

3-6

Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант

3-6

66

-//-

16

Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын сынау жөніндегі лаборант

4-6

Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын сынау жөніндегі лаборант

4-6

66

-//-

17

Өлшемдерді өңдеуші лаборант

2-6

Өлшемдерді өңдеуші лаборант

2-6

66

-//-

18

Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант

2-5

Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант

2-5

66

-//-

19

Термоқұрылғы машинисі

1-5

Термоқұрылғы машинисі

3-5

66

-//-

20

Жылжымалы нысан моторшысы

3-4

Жылжымалы нысан моторшысы

3-4

66

-//-

21

Атыстарды бақылап-қабылдаушы

2-5

Атыстарды бақылап-қабылдаушы

2-5

66

-//-

22

Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші

1-4

Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші

1-4

66

-//-

23

Дыбыс өлшегіш станцияның операторы

3-5

Дыбыс өлшегіш станцияның операторы

3-5

66

-//-

24

Далалық баллистика станциясының операторы

2-5

Далалық баллистика станциясының операторы

2-5

66

-//-

25

Радиотехникалық станцияның операторы

3-6

Радиотехникалық станцияның операторы

3-6

66

-//-

26

Оптикалық тіркеу станциясының операторы

3-6

Оптикалық тіркеу станциясының операторы

3-6

66

-//-

27

Бомбалар мен снарядтарды ұшаққа ілуші

3-5

Бомбалар мен снарядтарды ұшаққа ілуші

3-5

66

-//-

28

Оқ-дәрілерді қопарушы-разрядтаушы

3-5

Оқ-дәрілерді қопарушы-разрядтаушы

3-5

66

-//-

29

Полигон жұмысшысы

1-4

Полигон жұмысшысы

1-4

66

-//-

30

Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жөндеу жөніндегі радиомеханик

1-6

Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды жөндеу жөніндегі радиомеханик

1-6

66

-//-

31

Химияға қарсы жеке қорғаныш құралдарын жөндеуші

1-3

Химияға қарсы жеке қорғаныш құралдарын жөндеуші

1-3

66

-//-

32

Минаға қарсы қарулар мен жарақтарды жөндеуші

1-6

Минаға қарсы қарулар мен жарақтарды жөндеуші

1-6

66

-//-

33

Оқ-дәрілерді құрастырушы

1-5

Оқ-дәрілерді құрастырушы

1-5

66

-//-

34

Зымыран және торпедалық қаруды құрастырушы

2-6

Зымыран және торпедалық қаруды құрастырушы

2-6

66

-//-

35

Зымыран трегіне қызмет көрсету жөніндегі слесарь

2-5

Зымыран трегіне қызмет көрсету жөніндегі слесарь

2-5

66

-//-

36

Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь

2-5

Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь

2-5

66

-//-

37

Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь

1-6

Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь

1-6

66

-//-

38

Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь

1-6

Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь

1-6

66

-//-

39

Маяк жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь

1-5

Маяк жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь

1-5

66

-//-

40

Слесарь-стендовик

2-6

Слесарь-стендовик

2-6

66

-//-

41

Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

2-6

Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

2-6

66

-//-

42

Жаттығу құралдарын жабдықтаушы

1-2

Жаттығу құралдарын жабдықтаушы

1-2

66

-//-

43

Сынақтарға қызмет көрсететін электр радиомонтаждаушы

2-6

Сынақтарға қызмет көрсететін электр радиомонтаждаушы

2-6

66

-//-

44

Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электр слесарь

2-6

Қарулар мен атысты басқаратын аспаптарды жөндеу жөніндегі электр слесарь

2-6

66

-//-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет