67. Қызанақтың, бұрыштың, баялдының морфологиялық және биологиялық ерекшелікері, сорттары



бет1/3
Дата24.11.2022
өлшемі20.68 Kb.
#465731
  1   2   3
жабық грунт


67. Қызанақтың, бұрыштың, баялдының морфологиялық және биологиялық ерекшелікері, сорттары
Қызанақ (лат. Solanum lycopersicum) – алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салм. 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 — 2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150 — 200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12 — 15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай,Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т.б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т.б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т.б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.
Бұрыш (Сapsіcum) — алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңт. облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда Б-тың 1 түрі — қызыл Б. (С. annuum) бар. Б. — жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биікт. 30 — 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым — шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Б. тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. ауд-нда Б-тың “астрахандық”, “болгарлық”, “ласточка”, “подарок”, “ротонда”, т.б. сорттары егіледі. Б-ты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Б-тың аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер, т.б.
Баялды (Кәді) – алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық (қолдан өсіргенде — бір жылдық) өсімдік. Жабайы түрі Оңтүстік-Шығыс Азияда (Үндістан, Бирма, т.б.) кездеседі. Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 70 см, ірі, күлгін түсті жапырағы кезектесіп орналасқан, гүлдері шоғырланып тұрады. Баклажанның тамыры шашақты, жемісі жұмыр, алмұрт не қияр тәріздес, қоңыр не қара күлгін түсті, салмағы 0,4 — 1 кг. Тұқымы ұсақ (үз. 2 — 4 мм), жалпақ, сарғыш келеді. Баклажан жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Оның өсіп-жетілуі үшін ең қолайлы температура 20 — 30°С, топырақ ылғалдылығы 80%. Баклажан маусым — шілде айларында гүлдейді, шілде — тамыз айларында жеміс береді. Жемісінің құрамында: 7,1 — 11% құрғақ заттар, 2,72 — 4% қант, 0,6—1,4% ақуыз, 0,1 — 0,4% май, сондай-ақ, кальций, фосфор, темір жөне т.б. тұздар бар. Баклажанның өнімділігі жоғары, 1 га-дан 15 — 30 т өнім алуға болады. Ең көп тараған сорттары: "Деликатес-163", "Донской-14", "Симферопольский-105", "Консервный-10", т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет