«Дубок» және « Бычье сердце » қызанақтары сұрыптарының өсіп-жетілуіне дән дәрілегіш және биологиялық препараттардың әсерін зерттеу.
Көкөніс шаруашылығы - ауыл шаруашылық өндірісінің ең негізгі және ең еңбекті қажет ететін салаларының бірі. Бұл сала халықты биологиялық құндылығы жоғары қажетті компоненттердің, минералдардың және дәрумендердің бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Көптеген өнімдерді нарыққа шығару қажеттілігі жыл бойы өндірушілерді көкөніс дақылдарының өсуіне жағдай жасауға белсенді түрде ықпал етеді. Сондықтан консерванттар мен өсімді ынталандыру әрекеттерінің биологиясын қолдану өсімдіктердің қолайсыз факторларға өнімділігі мен қарсылығын арттыру үшін маңызды. Зерттеу “Агротехнология және орман ресурстары” кафедрасында өткізілді.
Зерттеудің нысаны «Дубок» және «Бычье сердце» қызанақ сорттары болды. Біз TМТД және Максим дән дәрілегіштің әсерін, сондай-ақ өсімдіктің фенологиялық фазаларының ұзақтығына жапырақ ассимиляция аймағында және кірістілігінде Aктинол биопрепаратын зерттеуді бастадық. Зерттеу 2018 жылдың наурыз айында басталды. Зерттеудің нысаны «Дубок» және «Бычье сердце» қызанақ соттары болды.
Қызанақ тұқымдары сумен және TMТД дән дәрілеуші және Максимнің жұмыс ерітіндісінде сіңдірілген. Дән дәрілеуіш құралдарын қолдану дозасы титр (2,5-5,0) -1010 мл / мл болатын 1 мл / л, жұмыс ерітіндісінің (1-2) титері 108 болды. Суару ішкі тамыр жүйесі арқылы яғни су тамшылату арқылы жүзеге асырылды.
Дубок.Бұл сұрып ұсақ фермерлік шаруашылықтарға ұсынылады.Түбінің биіктігі 70см-ден аспайтындығымен ыңғайлы және бұл сұрып детерминантты болып келеді.Бұтасы қуатты және қолтұқымы болмайды.3-4 сабағын қалыптастырғаннан кейін ұсынылады.Биіктігі қысқа ,ауруларға төзімді өсімдік.Оны өсіру қиындық тудырмайды.Оны өсуіндегі негізгі талабы температура болып табылады,температурада ауытпашылықтар пайда болса өсуін баяулатады.Бұл сұрып қоректік заттарға бай.
Құндылығы.
Өнім құндылығы жоғары, өнімділігі жоғары және тұздауға ыңғайлы , сатылуы, дәмдік сапасы жоғары.
Бычье сердце.Сыртқы түрі және өлшемдері әртүрлі болып келетін қызанақ сұрыпы.Агротехникалық жұмыстарды дұрыс атқарса жемісінің салмағы 600-800гр-нан 1кг-ға дейін жетеді.Жемісінің түсі –қою қызыл.Сыртқы қабығы жұқа болып келгендіктен етті бөлігінен тез сыдырылады.Оған құрамындағы қант мөлшерінің жоғары болуы ерекше тәтті дәм береді.
Құндылығы.
Өнім құндылығы жоғары, өнімділігі жоғары және тұздауға ыңғайлы , сатылуы, дәмдік сапасы жоғары
Қолданылған дән дәрілеуіштің сипаттамасы.
TMТД, тирам,химиялық препараты өсімдікті фитопатогенді саңырауқұлақтар тудыратын ауруларынан қорғау үшін қолданылатын дән дәрілегіш.Оның 80% еркін себілетін ұнтақтан тұрады. Тұқым өңдегендегі тор басуына қарсы емдеу, фузариозда, бактериозда, тамыр шірік қоздырғыштарында, фитофтороз, және т.б өсімдік ауруларын қорғауға қолданылады.
Максим.Максим дән дәрілегіші – бұл тұқым және топырақтағы кең таралған саңырауқұлақ ауруларына қарсы қолданылатын аралас препарат. Ауыл шаруашылығы дақылдарын аурулардан,тұқым мен топырақ арқылы берілетін Аскомицед,Базидомицед және жетілмеген саңырауқұлақ класстарының тудыратын ауруларынан қорғауда ,пайдалы микроағзаларға ешқандай жағымсыз әсер қалдырмайтын препарат болып саналады .
Зерттеу әдістері.
Біз вегетациялық даму кезеңінде өсімдіктердің өсуі мен дамуына бақылау жасадық. Бастапқы өскінін,алғашқы нағыз жапырақтың пайда болуын,гүлденуін,жаппай гүлденуін белгіледік. Өсімдіктердегі өсімдік жапырақтарының санын есептедік. Негізгі және бастапқы бүйір жанама жапырағының санын анықтадық.Өсімдіктің үстіңгі қабатының ассимиляциялық қайталама және нұсқалық есебі жүргізілді.Өсімдіктің жапырақ аумағының барлық негізгіжәне бүйір бөлшектерінің көрсеткіштері анықталды. Жапырақ аппаратының аумағын оның ұзындығы және жапырақ санына байланысты анықтадық.