ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Филология институты
Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде бекітілді
«__»__2015 ж., хаттама №__
Ғылыми Кеңестің төрағасы
Филология институтының
директоры
---------------------Әбдіғазиұлы Б.
|
«6D012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2015
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:
-
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;
-
ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6D012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушылар: Т.С.Тебегенов, Г.С.Қосымова., А.В.Таңжарықова
Қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:
№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі: __________ Т.С.Тебегенов
Қабылдау емтиханының бағдарламасы Филология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Филология институтының директоры _____________ Әбдіғазиұлы Б.
6D012100- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша түсу емтиханының
Бағдарламасы
Бағдарлама тақырыптары кәсіби пәндердің міндетті компоненттеріне енетін «Жалпы тіл білімі» Грамматика теориясының негіздері», «Әлеуметтік лингвистика», «Қазақ тілін жоғары мектепте оқытудың әдістемесі», «Қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы» және «Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқытудың әдістемесі», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері», «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәндерінің типтік бағдарламаларының негізінде жасалды. Бағдарлама тақырыптары міндетті пәндердің негізгі мазмұнын қамтиды, қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарын, қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің тарихын, әдебиет теориясын, қазіргі ғылыми парадигмасын және филологиялық термин-түсініктердің анықтамалық ережелерін тірек етіп алады. Қазақ тілі мен әдебиет мамандығына докторантураға түсушілердің білім деңгейін және ғылыми дайындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы тіл білімінің мәселелері. Тілдің жүйелік сипаты, таңбалық табиғаты.Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы. Тілдің қоғамдық мәні. Мемлекеттік саясат және тіл. Тілдің негізгі қызметі. Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тілдің тарихы мен қоғам тарихының байланыстылығы. Тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тілдің даму кезеңдері. Тілдер семьясы, оның түрлері. Тіл біліміндегі структурализм, тілдің функционалдық қызметі. Тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. XX ғасыр тіл білімі және структурализм.рінің ситуациясы. Көптілділік және ара тілдер. Тіл саясаты. Қостілділік. Қазақстан Республикасындағы «Үштұғырлы тіл» саясаты.
Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистика пәні, оның зерттеу нысаны. Тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік мәні, тілдің әлеуметтік қызметі. Тіларалық әрекеттердің түрлері. Тіл түрл
Фонетика. Фонема. Қазақ тіліндегі жалаң және құранды дауыстылар. Дауыстылардың жасалым белгілеріне қарай жіктелісі. Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардың тарихи сипаты. Қазақ сөзін ұйыстырушы үндесім құбылысы. Үндесім фонологиясындағы тірек дауыстылар. Үндесім фонема және үндесім аллофон. Қазақ тілінің ұзақ дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылықтары. Сөз соңындағы қос дауыссыздардың тіркесі.
Дыбыстық құбылыстар. Протеза. Эпентеза. Элизия. Аферезис. Метатеза. Гаплология.
Дыбыстардың үндесуі. Дыбыстардың үндесуі–қазақ тілі, фонологиясының ең өзекті мәселесі. Дыбыстардың алмасу құбылысы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгеріс. Сингармонизм мәнін құраушы тіл және ерін үндестігі. Аккомодация –морфемалар жігінде қатар келген дыбыстардың бейімделіп айтылуы. Ассимиляция–морфемалар жігіндегі көрші дауыссыздардың акустика-артикуляциясы жағынан ұқсас келуі. Диссимиляция– дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі.
Буын. Екпін. Буынға тән тарихи сипат. Бунақ. Ырғақ.Фонологиялық екпіннің түрлері. Екпіннің сигнификатив және экспрессиялық қызметі.
Интонация. Интонацияның компоненттері. Интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасндағы байланыс. Интонацияны зерттеудегі үш түрлі бағыт. Интонеманың фонемаға қарағанда айырмашылығы.Интонеманың синтагмада көрінуі. Интонацияның функциялары.
Морфонология. Оның тілдің басқа салаларынан өзгешелігі. Морфонология–фонетика мен морфонологияның жігінде пайда болған тіл білімінің бір саласы. Морфонологиялық құбылысқа сөзжасам мен сөзпішінде пайда болған өзгерістер жатады. Морфонологиялық дыбыс алмасулар, олардың комбинаторлық емес алмасуларға жататындығы. Морфонология бірліктері. Сөз құрылымының ұлғаюы мен ықшамдалуы.
Лексикология. Лексикологияның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы. Қазақ тілі лексикасының семантикалық сипаты. Сөз–тілдің негізгі лексикалық единицасы. Сөздің лексикалық единица болу сипаты. Сөз бен ұғымның байланысы. Ұғым–логикалық категория, сөз–тілдік категория. Сөздердің лексикалық мағыналарының типтік топтары. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның байланысы.
Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипаты.Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері. Жалпылама лексика, олардың қолданылу өрісі. Кәсіби –терминдік лексика, олардың қолданылу өрісі. Диалектілік лексика, олардың қолданылу өрісі. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Стильаралық сөздер. Сөйлеу тілі лексикасы.
Қазақ тілі фразеологизмінің белгілері мен түрлері. Фразеология терминінің беретін мағынасы және белгілері. Еркін сөз тіркесі мен фразалық тіркестің айырым белгілері.Фразеологизмдердің үш түрі. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің ұқсастық белгілері мен айырым белгілері. Фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатыстылығы. Фразеологиялық варианттар және оның түрлері.
Сөзжасам. Сөзжасамның тіл білімінің басқа салалармен байланысы. Сөзжасамдық көрсеткіштер. Сөздің морфемалық құрамы. Түбір морфема және қосымша морфеманың өзіндік ерекшеліктері. Модификациялық жұрнақтар және оның түрлері. Қосымшалардың сөзжасам, сөзтүрленім түрлері, олардың грамматикалық немесе лексика-грамматикалық мағыналарды білдіруі. Функциялы қосымшалар, олардың контекстік лексика-грамматикалық мағынларды білдіруі. Қосымшалардың моносемиялы және полисемиялы түрлері.
Сөзжасамның жүйесі, тәсілі. Сөзжасамдық мағына. Сөзжасам жүйесініңең көне заманнан басталуы. Сөзжасамның морфологиялық, синтаксистік, семантикалық тәсілдерінің тарихи сипаты. Сөзжасамдық мағынаның туынды сөздерге қатыстылығы. Туынды сөздер және олардың түрлері, құрамы. Сөзжасамдық бірліктер. Сөзжасамдық ұя және оның құрамындағы сөздердің түрлі сөз табына қатыстылығы. Сөзжасамдық жұп және сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық жұптың сөзжасамдық тізбектен орын алуы. Сөзжасамдық тарам. Сөзжасамдық тарам–сөзжасамдық ұяның бір құрылымдық мүшесі. Сөзжасамдық тарам құрамының сөз табы жағынан біркелкі болмайтындығы. Сөзжасамдық саты және оның сөзжасамдық жүйеге жататындығы. Сөзжасамдық сатының сөзжасамдық ұяның бір мүшесі екендігі. Сөзжасамның сөз таптарына қатыстылығы.
Морфология және оның қарастыратын мәселелері. Сөздің грамматикалық сипаты, негізгі ерекшеліктері. Грамматикалық ұғымдар және оның түрлері. Грамматикалық мағынаның түрлері. Жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына. Грамматикалық мағына білдірудің тәсілдері. Грамматикалық мағынаның грамматикалық формамен, грамматикалық категориямен байланысы. Грамматикалық категория болудың шарттары. Грамматикалық категорияның сөз таптарына қатысы. Зат есімнің грамматикалық категориялары. Сын есімнің грамматикалық категориялары. Етістіктің грамматикалық категориялары.
Синтаксис және оның зерттеу нысанасы. Синтаксистік терминінің білдіретін мағынасы. Синтаксистік жүйе. Синтаксистік форма.Сөздің синтаксистік мағынасы және синтаксистік қатынас. Синтаксистік байланыс және сөз тіркесі. Синтаксистік байланыс–синтаксистік құрылымның барлығына ортақ құбылыс. Сөздердің синтаксистік байланысының тәсілдері. Сөз тіркесі және олардың түрлері. Сөз тіркесіндегі шешуші сөз табы. Синтаксистік қатынастар және олардың түрлері.
Жай сөйлем -синтаксистің негізгі нысанасы. Сөйлемнің негізгі қызметтері. Сөйлемнің өзіне тән белгілері. Сөйлемнің құрамына, формасына және мазмұнына қарай бөлінісі. Атаулы сөйлем–бір негізді сөйлемнің түрі. Атаулы сөйлемдердің тиянақты синтаксистік формасы. Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты.
Күрделенген жай сөйлемдер және оның түрлері. Айқындауышты сөйлемдер. Қыстырма сөйлемдер. Қыстырынды сөйлемдер. Көсемше оралымды сөйлемдер. Есімше оралымды сөйлемдер. Қаратпалы сөйлемдер.
Құрмалас сөйлем және оның өзіндік белгілері. Құрмалас сөйлемдер екі және одан да көп предикативтік бірлікке ие. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ұқсастықтары мен айырмашылық белгілері. Құрмалас сөйлем компоненттерінің байланыс түрлері. Құрмалас сөйлемдердің екі компонентті және көп компонентті түрі. Салалас құрмалас сөйлемдердің басты белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің басты белгілері. Салаластың құрылымдық түрлері. Іргелес салаластағы сөйлемдерді байланыстырушы анафористік сөздер. Сабақтастың құрылымдық түрлері. Аралас құрмалас сөйлемнің ерікті және тұрақты құрылымы. Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге тән басты ерекшелік.
Күрделі синтаксистік тұтастық. Күрделі синтаксистік тұтастықтың басты белгілері. Күрделі синтаксистік тұтастықты құрастырушы сөйлемдердің байланысу түрлері. Паралель байланысты күрделі синтаксистік тұтастық. Тізбекті күрделі синтаксистік тұтастық. Күрделі синтаксистік тұтастық және абзац. Абзацтың күрделі синтаксистік тұтастықтан айырмашылығы.
Индивидтің ой-пікірін қалай, қайда, қашан, кімдерге жеткізетіндігін зерттейтін ілім, амал-тәсілдер, сөйлеу өнері риторика деп аталады.
Шешендік өнер негіздері. Индивидтің ой-пікірін қалай, қайда, қашан, кімдерге жеткізетіндігін зерттейтін ілім, амал-тәсілдер, сөйлеу өнері риторика деп аталады.
Риторика бірнеше мағынада қолданылады:
-қолданбалы тұрғыдан алғанда: а) шешен сөйлеу өнері; ә)даралық тілдік қабілетті дамыту;
2) теориялық тұрғыдан алғанда: а) әсерлі мәтін туғызатын әрекетті сипаттайтын сөйлеу теориясы; ә) мәтінді талдаудың құралы;
3) философиялық тұрғыдан алғанда: риторика шындықты танудың әдісі және оны өзгертудің құралы.
Қазақ шешендік өнерінің тарихи қалыптасу жолы. Шешендік өнердің дамуына қойылатын алғышарттар.Шешендіктану ғылымының қағидалары.Шешенге қойылатын талаптар.
Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы.
Әдебиеттану ғылымы, мақсат-міндеттері, салалары.
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы: жетістіктері мен проблемалары. Өнерге жаңаша көзқарас. Әдебиеттану ғылымының зерттеу, қарастыру нысанына, мақсат-міндеттеріне орай оның эстетика, тарих, философия, тіл, мәдениеттану, т.б. ғылымдармен байланысы. Өмір болмысы, қоғамдық шындықты танудың екі жолы: ғылыми таным және көркем таным ерекшеліктері.
Қазақ өлеңтануының өзекті жайлары. Өлеңтану-әдебиеттанудың бір құрамдас бөлігі. Мақсат-міндеттері. Қазақ өлеңтану тарихына және қазіргі жай-күйіне шолу. А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтың, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Қ.Жұмалиевтің, З.Ахметовтің Ә.Тәжібаевтің және қазіргі зерттеушілер (С.Негимов, Қ.М.Жүсіповтың, Б.Кәрібозұлы т.б.) еңбектерінің маңызы, оларда қарастырылған мәселелер.
Өлеңтанудың аз, жетімсіз қарастырылған мәселелері (қазіргі қазақ өлеңіндегі пішін, мазмұн тұрғысындағы жаңалықтар. Буын, бунақтық өлшемдерінің өзгерісі, өлең мәдениетнің тереңдеуі. Лирикадағы сюжет мәселесі т.б.).
Өнердегі көркем шарттылық мәселесі. Көркем шарттылық ұғымы. Мәселенің орыс, қазақ әдебиеттану ғылымын зерттелу жайы. Көркем шартылықтуралы түсінік-ұғымдар. Көркем шартылықтың бейнелеу тәсілі, өнер заңдылығы екендігі. Көркем шарттылықтың ауыз әдебиетіндегі көріністері. Реалистік өнер және көркем шарттылық мәселесі. Көркем шартылық тәсілінің басқа өнер түрлерінде (сурет, мүсін, кино, театр т.б.) қолданылуы.
Көркем туындының шығармашылық тарихы. Шығармашылық процесс ─ жазушы лабороториясы ─ шығармашылық психологиясы мәселелері. Бұл мәселені қарастырудың бір өнімді жолы ─ көркем туындының шығармашылық жазылу тарихын зерттеу, қарастыру. Мәселенің орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарының жай-күйі, төл ғылымымызда кенжелеп келе жатқандығы, одан жуандайтын проблемалар.
Шығармашылық тарихты зерттеудің жолдары мен әдістері.Мұндай зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігі. Жазушылық еңбек құпияларын ашуға қаламгердің өмір шындығын өнер шындығына айналдыру барысында сан-сала ізденістерін шеберлігін тануға т.б. мүмкіндік беретіндігі. Қазақ әдебиетінде шығармашылық тарихы зерттелген туындылар М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, т.б.) тағылымы.
Текстология ─ мәтінтану мәселелері. Шығармашылық тарихты зерттеудің жолдары мен әдістері екендігі, оның міндет-мақсаты. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологиялық зерттеулер жайы. Бұл саланың қазақ тіл білімі ғылымында білім дамуы. Орыс ғылымында текстологияның іргелі ғылыми сала (акад. Д.С.Лихачев т.б. еңбектері болып) екендігі, бізде кенжелеп қалғандығы.
Махамбет, Абай т.б. қаламгер туындыларының текстологиясына қатысты пікірталастары. Текстолог мамандар даярлау қажетттілігі. Мәтіндік зерттеу, талдаулар жүргізудің ерекшелігі мен қиындықтары, ғылыми маңыздылығы.
Әдебиеттегі авторлық мәселесі. Өнердегі авторлық мәселесі. Әдебиет, өнер тарихында түрлі себептер мен кейбір туындылар авторларының аталмауы немесе басқа біреудің атымен таралыуы, жариялану фактілері. Мұндай фактілердің ән саласында (нақты авторы бар туындының халық әні аталуы), әдебиетте орын алуы, оның түрлі себептері. Авторлық мәселесін анықтаудың жолдары мен әдістері. Төл әдебет тарихында кеңестік дәуірде М.Дулатов өлеңінің Ы.Алтынсаринге, А.Байтұрсынов аудармасының Асан қайғыға делінуі осылай жарияланып, насихатталып келуі. т.б.
Қазақ әдебиеті және модернистік өнер. Батыс Еуропа әдебиетінде модернистік өнер түрлерінің тууы мен қалыптасуы. Модернистік өнердің мақсат-міндеті. Негізінен реализмге, өмір-болмысты нақтылы тынытуға қарсылығы. Кеңестік әдебиет теориясы мен эстетикасында модернистік өнер түрлерінің айыпталуы, оның себептері. XX ғасыр басындағы орыс әдебиетіндегі модернистік бағыт-ағымдар ерекшелігі. Модернистік өнер аясындағы ағым-бағыттардың композициясы құруда, сюжет дамытуда, адамның ішкі сырына бойлау және танытудағы кейбір амал-тәсілдерінің озықтығы, пайдалылығы. XX ғасырдағы және қазіргі қазақ әдебиетіндегі кейбір туындыларда модернистік ағымдарға тән суреттеу тәсілдерінің қолданылуы (экзистенциализм өнеріне тән жатсыну, жалғыздық мәселесі; сондай ақ психологиялық талдау, «сана ағымы» т.б. көріністері).
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері: Теориялық әдебиеттанудың дәстүрлі және жаңа парадигмалары. Әдебиет теориясының негізгі міндеттері. Қазіргі әдебиеттанудың рөлі. Әдебиеттанудың қазіргі жағдайы және даму беталысы. Қазіргі ғылымдағы проза, поэзия, драматургияның көркемдік сипатына тән өзгерістер. Қазіргі жаңаша талдау, зерделеу. Компаративистиканың өзекті мәселелері. «Әлем әдебиеті» ұғымының мазмұны. Әдебиеттің түйіспелі-типологиялық байланысы. Мифопоэтика және археопоэтика. Постмодернистік әдебиеттану. Мекен шақ категориясы және уақыт пен кеңістік ұғымдарына байланысты кейбір қайшылықты көзқарастар. Шығармадағы автор, кейіпкер және оқырман мәселесі.
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. Әдебиетті дәуірлеу жолдары. Әдебиеттің өзіндік көркемдік даму ерекшеліктері. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеу еңбектері. М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаевтардың қазақ әдебиетін дәуірлеу принциптері. Әдебиетті зерттеудің тарих ғылымымен байланысы. Б:Кенжебаев, Қ.Жұмалиевтердің қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудегі концепциялары. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі қазақ ғалымдарының зерттелуінде. Ежелгі замандағы рухани мәдениет. Ежелгі дәуір және орта ғасыр әдебиеті. Х.Сүйіншәлиевтің қазақ әдебиетін дәуірлеу принциптері. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне жаңаша көзқарас (ғұн, сақ дәуірі, әдеби мұралары). Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тенденциялар.
Қазіргі әдебиет және фольклор. Қазақ прозасындағы этно-фольклорлық сарындар сипаты. Көркем шығармалардағы фольклорлық жанрлардың творчестволықпен пайдаланылуы. Көркем шығармалар мазмұнындағы фольклорлық жанрлардың қызметі (миф, хикая, аңыз). Қазақ прозасындағы көне фольклорлық ұғымдар. Қазақ прозасындағы тұлпар бейнесі. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы мен Н.Дәутаевтің «Айғыркісі» әңгімесіндегі идеялық үндестік. Қазақ прозасындағы «Көкбөрі» тотемі. М.Әуезовтің «Көксерек» повесі мен М.Мағауиннің «Қасқыр бөрі» әңгімесіндегі идеялық үндестік. Мифопоэтика және археопоэтика.
6М012100-«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы докторанттарына арналған арнайы пәндер бойынша қабылдау емтиханының сұрақтары
-
Тілдің тарихы мен қоғам тарихының байланыстылығы. Тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары.
-
Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу.
-
Тіл біліміндегі структурализм, тілдің функционалдық қызметі.
-
Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы.
-
Қазақ тіліндегі жалаң және құранды дауыстылар
-
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардың тарихи сипаты.
-
Қазақ сөзін ұйыстырушы үндесім құбылысы
-
Үндесім фонема және үндесім аллофон
-
Қазақ тілінің ұзақ дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылықтары.
-
Дыбыстық құбылыстар. Дыбыстардың алмасу құбылысы
-
Аккомодация. Ассимиляция. Диссимиляция.
-
Фонологиялық екпіннің түрлері.
-
Екпіннің сигнификатив және экспрессиялық қызметі.
-
Фонологиялық екпіннің түрлері. Екпіннің сигнификатив және экспрессиялық қызметі.
-
Интонацияның компоненттері. Интонацияның функциялары.
12.Қазақ және орыс тілдері графикасы мен орфографиясының мәселелері.
-
Морфонология–фонетика мен морфонологияның жігінде пайда болған тіл білімінің бір саласы
-
Морфонологиялық дыбыс алмасулар
-
Морфонология бірліктері. Сөз құрылымының ұлғаюы мен ықшамдалуы.
-
Қазақ тілі лексикасының семантикалық сипаты. Сөздің лексикалық единица болу сипаты.
-
Сөз бен ұғымның байланысы. Ұғым–логикалық категория, сөз–тілдік категория. Сөздердің лексикалық мағыналарының типтік топтары
-
Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері.
-
Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Стильаралық сөздер. Сөйлеу тілі лексикасы
-
Қазақ тілі фразеологизмінің белгілері мен түрлері
-
Фразеологиялық варианттар және оның түрлері.
-
Сөзжасамдық көрсеткіштер. Сөздің морфемалық құрамы. Модификациялық жұрнақтар және оның түрлері.
-
Қосымшалардың сөзжасам, сөзтүрленім түрлері, олардың грамматикалық немесе лексика-грамматикалық мағыналарды білдіруі.
-
Функциялы қосымшалар, олардың контекстік лексика-грамматикалық мағынларды білдіруі.
-
Қосымшалардың моносемиялы және полисемиялы түрлері.
-
Грамматикалық мағыналардың көмекші бірліктер арқылы берілетіндігі.
-
Сөзжасамның жүйесі, тәсілі. Сөзжасамдық мағына.
-
Сөзжасамдық бірліктер. Сөзжасамдық ұя және оның құрамындағы сөздердің түрлі сөз табына қатыстылығы.
-
Сөзжасамдық жұп және сөзжасамдық тізбек.
-
Сөзжасамдық тарам. Сөзжасамдық тарам–сөзжасамдық ұяның бір құрылымдық мүшесі. Сөзжасамдық тарам. Сөзжасамдық саты.
-
Сөзжасамның сөз таптарына қатыстылығы.
-
Күрделі синтаксистік тұтастық және абзац.
-
Синтаксистік жүйе. Синтаксистік форма.
-
Сөздің синтаксистік мағынасы және синтаксистік қатынас.
-
Синтаксистік байланыс және сөз тіркесі. Сөздердің синтаксистік байланысының тәсілдері.
-
Сөз тіркесі және олардың түрлері.
-
Қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесі туралы пікірлер
-
Синтаксистік қатынастар және олардың түрлері.
-
Сөйлемнің негізгі қызметтері. Сөйлемнің өзіне тән белгілері.
-
Атаулы сөйлемдердің тиянақты синтаксистік формасы. Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты.
-
Күрделенген жай сөйлемдер және оның түрлері.
-
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ұқсастықтары мен айырмашылық белгілері. Құрмалас сөйлем компоненттерінің байланыс түрлері.
-
Салалас құрмалас сөйлемдердің басты белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің басты белгілері.
-
Салаластың құрылымдық түрлері. Сабақтастың құрылымдық түрлері.
-
Аралас құрмалас сөйлемнің ерікті және тұрақты құрылымы.
-
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерге тән басты ерекшелік.
-
Күрделі синтаксистік тұтастықтың басты белгілері.
-
Күрделі синтаксистік тұтастықты құрастырушы сөйлемдердің байланысу түрлері.
-
Қазақ тілін жоғары мектепте оқытудың негізгі қағидалары, әдістері мен тәсілдері.
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелуі.
-
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
-
Қазақ тілін оқыту құралдары
-
Тыныс белгілерінің әдістемесі.
-
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі сабақтарының түрлері
-
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелуі.
-
Қазақ тілін тілдік емес жоғары оқу орындарныда оқытудың негізгі қағидалары, әдістері мен тәсілдері.
-
Жоғары мектепте қазақ тілінен оқылатын лекция түрлері.
-
Лингвистиканың негізгі бөлімдерін меңгерту әдістемесі.
-
Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысандары.
-
«Мемлекеттік тіл» деген ұғым. Мемлекеттік тіл саясаты.
-
Қоғам мен тілдік өмір.
-
Тілдің қоғамдық табиғаты.
-
Тіл мен этнос.
-
Тілдің әлеуметтік топтар ықпалымен, әлеуметтік фактор әсерімен дамуы.
-
Тіл қолданылуының саяси-әлеуметтік жағдайлары.
-
Ұлттық біртілділік, қостілділік пен көптілділік.
-
Тілдердің байланысы және интерференция.
-
Мемлекеттің тілдік саясаты-әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны.
-
Риторика индивидтің ой-пікірін зерттейтін ілім, амал-тәсілдер, сөйлеу өнері.
-
Риториканың беретін мағыналары.
-
Қазақ шешендік өнерінің тарихи қалыптасу жолы. Шешендік өнердің дамуына қойылатын алғышарттар.
-
Шешендіктану ғылымының қағидалары. Шешенге қойылатын талаптар.
-
Әдебиеттану ғылымы, мақсат-міндеттері, салалары.
-
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы: жетістіктері мен проблемалары
-
Өмір болмысы, қоғамдық шындықты танудың екі жолы: ғылыми таным және көркем таным ерекшеліктері.
-
Қазақ әдебиеттану ғылымының өзге ғылымдармен байланыс-сабақтастығы.
-
Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері.
-
Қазақ өлеңтану ілімінің өзекті мәселелері.
-
Қазіргі қазақ өлеңіндегі пішін, мазмұн тұрғысындағы жаңалықтар.
-
Буын, бунақтық өлшемдерінің өзгерісі, өлең мәдениетнің тереңдеуі.
-
Лирикадағы сюжет мәселесі
-
Қазақ әдебиеті тарихындағы ағымдардың, әдеби мектептердің зерттелу жайы.
-
Өлеңдегі көркем шарттылық мәселесі, оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі.
-
Көркем шарттылық тәсілі және реалистік әдебиет.
-
Көркем шарттылықтың ауыз әдебиетіндегі көріністері.
-
Көркем туындының шығармашылық тарихын зерттеу мәселесі.
-
Зар заман ағымы
-
Абай шығармашылығы арқылы қалыптасқан әдеби бағыт, оның бағдарламасы
-
Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық, ағартушылық ағымдар.
-
XX ғасырдағы кеңестік әдебиет
-
Қазақ әдебиетіндегі постмодернистік өнердің кейбір көріністері.
-
Модернистік өнердің мақсат-міндеті.
-
XX ғасыр басындағы орыс әдебиетіндегі модернистік бағыт-ағымдар ерекшелігі.
-
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі кейбір туындыларда модернистік ағымдарға тән суреттеу тәсілдерінің қолданылуы
-
Қазақ әдебиетін жоғары мектепте оқытудың негізгі қағидалары, әдістері мен тәсілдері.
-
А.Байтұрсынұлының мәтінтанымдық көзқарастары.
-
Авторлық мәселесін анықтаудың жолдары мен әдістері.
-
Текстолог мамандар даярлау қажетттілігі
-
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі модернистік бейнелеу көріністері. Бұл құбылыстың зерттелу жайы.
-
. Қазақ әдебиетінде шығармашылық тарихы зерттелген туындылар (М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, т.б.) тағылымы.
-
Шығармашылық тарихты зерттеудің жолдары мен әдістері
-
Мәтіндік зерттеу, талдаулар жүргізудің ерекшелігі мен қиындықтары, ғылыми маңыздылығы.
-
ХІХ ғасырдағы әлем әдебиетінің дамуындағы көркемдік әдістер мен бағыттар.
-
Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зертеу еңбектері.
-
М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі модернизм.
-
Әдебиетті дәуірлеу жолдары.
-
Әдебиеттің өзіндік көркемдік дамуы.
-
Гомер «Иллиада – Одиссея» көркем туындылары.
-
Әлем әдебиеті және салыстырмалы тарихи әдебиеттану ғылымы.
-
М.Әуезовтің қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудегі концепциялары.
-
Б.Майлин және Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі дәстүр мен жаңашылдық.
-
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы Абай мен М.әуезов әдеби мектептері.
-
Тарихи дәуірлеуде ұлттық әдебиеттанудың көтерген мәселелері.
-
М.Жұмабаев поэзиясындағы символизм.
-
А.Байтұрсынов өлеңдеріндегі ұлттық идея.
-
Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақ кезең келбеті және оның қазіргі тұрғыдан зерттелуі
-
Қазақ әдебиетінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі даму үрдісі
-
Жыраулар поэзиясындағы ұлттық рұх мәселесі.
-
Салыстырмалы әдебиеттанудың мақсаты мен міндеттері.
-
60-70 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі сюрреализм.
-
Постмодернистік шығармалардағы мәтін ұғымы.
-
Көркем шығармалардағы бүкпе мән, символдық астар.
-
Әдеби сынның рөлі мен мәні.
-
Драмадағы конфликт табиғаты.
-
Жазушы шеберлігі және әдеби тектер мен түрлер, ағымдар мен бағыттар поэтикасы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақ тілі бойынша:
1.А.Айғабылов. Қазақ тілінің морфонологиясы. А., 1995.
2.С.Аманжолов. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А.,1994.
3.Е.Ағманов. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі.А.,1986.
4.К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1996.
5.Р.Әміров. Жай сөйлем синтаксисі. А.,1983.
6.З.Базарбаева. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. А.,1996.
7.М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі/ Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А.,1992.
8.Ш.Бектұров, М.Серғалиев. Қазақ тілі.А.,1994.
9.Б.Сағындықұлы. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А.,1994.
10.Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А.,1997.
11.А.Джунисбеков.Сингармонизм в казахском языке. А.,1980.
12.Қ.Есенов.Құрмалас сөйлем синтаксисі. А.,1995.
13.Қ.Жұбанов. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. А.,1999.
14.Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А.,2010.
15.С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.
16.Қазақ грамматикасы. Фонетика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис. А.,2002.
17.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989.
18.Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А.,1991.
19.Т.Қордабаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. А.,1995.
20.Қосымова Г. Шешендік өнердің негіздері. А.,2007.
21.С.Мырзабеков. Қазақ тілінің фонетикасы. А.,1993.
22.Т.сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А.,1991.
23.М.Серғалиев, Б.Мүсірепова. Күрделі синтаксистік тұтастық. А.,1989.
24.Ж.Шакенов. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. А.,1991.
25. Б.Шалабай. Қатысым синтаксисі. А.,1998.
Қазақ әдебиеті бойынша:
Негізгі әдебиеттер:
-
З. Ахметов. Өлең сөздің теориясы. Алматы, Мектеп, 1973
-
А.Байтұрсынов. Шығармалары, Алматы, 1989
-
Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы, 1998, 2006
-
Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991.
-
З.Қабдолов. Сөз өнері. Алматы, Санат, 2002
-
Қ.Мұхаметжанов. Абай шығармашылығының текстологиясы хақында. Алматы, 1959
-
Р.Нұрғали. Әдебиет теориясы. Нұсқаулық.- Астана, Фолиант, 2003
-
С.Мақпырұлы. Адамтану өнері. Оқу құралы.-Алматы, Арыс, 2009
-
Ж.Жарылғапов. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістері. Қарағанды. 2009
-
Г.Убайдуллаева. Қазақ текстологиясы. Оқу бағдарламасы. Өскемен. 2009
-
Введение в литературоведение. Колл.авторов. Изд. 3-е. Москва. 1980
-
А.А. Волков. Русская литература XX века. До октябрьский период. Учебн. Пособие. Москва. 1964
-
В.Е.Уализев. теория литературы. Москва, Высшая школа, 1999,2009
-
Д.С.Лихачев. Текстология. Кр.очерк. Москва,-Ленинград, 1964
-
С.А.Рейсер. Палеография и текстология.
-
Б.А.Жүсіпбаева. Художественная условность и формы еë воплощения. Алматы. 1993
-
Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1т. Алматы: Қазақ университеті, 2001
-
Сүйіншәлиев ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – А., 1989
-
ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы. – А., 1987
Қосымша
-
З. Ахметов. Текстология жайында бірер сөз Кіт., З. АхметовАбайдың ақындық әлемі.- Алматы, 1995. 258-259 б.
-
Т.Әбдірахманов. Жаңа ғасыр көгінде. – Алматы, 1969
-
Әдебиеттану. Сөз өнерінің сырлары. – Алматы, Мектеп, 2003
-
М.Әуезов. Әдебиет тарихы. – Алматы, Ана тілі, 1991
-
Т.Кәкішев. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінднгі ағымдар. Кіт.:
-
У.Қалыжанұлы. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылыұ ағым. – Алматы, Білім, 1998
-
Б.Кәрібозұлы. Сырлы сөз сипаты – Алматы, Қазақ университеті, 1997
-
Мәшһүр-Жүсіпов Қ. Өлең - сөздің патшасы. - Алматы, 1991
-
Б.Майтанов. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы,1996
-
С.Мақпырұлы. «Ботагөз» романының тарихы. Кіт.., Қазына, Арыс, 2004
-
С.Негимов. Өлең өмірі. 1970
-
Б.Омарұлы. Зар заман поэзиясы. Алматы, 2004
-
Г.Пірәлиева. Ішкі монолог. Алматы,1994
-
З.Серікқалиұлы. Дүниетану даналығы. Алматы,1994
-
Т.Сыдықов. Қазақ тарихи романының көркемдік тіні.- Алматы, Ер-Дәулет, 1998
-
Р.Сыздықова. Тектология мәселелері. «Қазақ әдебиеті», 27.03.1964.
-
Ұлттық әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелері. Халықаралық конф. мат. Әдебиет және өнер институты. – Алмалы, 2001
-
Көкейкесті әдебиеттану. VIII кітап. – Алматы, ЕҰУ 2008
-
. А.Ибраева. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман-дилогиясының шығармашылық тарихы. Алматы,Арыс, 2004
-
В.А. Дмитриев. Реализм и художественная условность. Москва, 1974
-
Литературный процесс. Сб. Издательство МГУ, 1981
Достарыңызбен бөлісу: |