«6М020700 – АУДАРМА ІСІ» мАМАНДЫҒЫ
БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІГЕ
6М020700 – Аударма ісі мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының бағдарламасы мемлекеттік білім стандарттары талаптарының негізінде бакалавриаттың 6М020700 – Аударма ісі мамандығы деңгейінде құрастырылған.
Берілген бағдарлама бакалавриаттың құзыреттігіне сәйкес тілі білімі, аударма теориясы мен тәжірибесінің негізгі бөлімдерінен тұрады. Аталмыш бөлімдер магистрлік бағдарламаның пәндерін түсініп-ұғынуға негіз болады. Емтихан тапсыру барысында тапсырушылар әрі қарай оқуын магистратурада жалғастырғысы келетінін, басқарушылық, аналитикалық қасиет-қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсеткені абзал.
Бағдарлама студенттердің оқу бағдарламасы аясында оқытылатын негізгі лингвистикалық және аударма пәндерінен хабардар болғанын, алған білім мен бастапқы әдіс-тәсілдерді теоретикалық және қолданбалы аударма тапсырмаларында пайдалануды талап етеді.
Магистратураға түсуші жалпы және салғастырмалы тіл білімінде ғылым-білім өрісі, қасиет-қабілеті (бакалавр деңгейіне сай) төмендегіге сәйкес болуы шарт.
Тілі біліміне кіріспе
Тіл түсінігі тілі білімі пәні ретінде. Ғылым жүйесіндегі тіл білімінің орны мен рөлін түсіну. Кешенді ғылыми пәндерді ғылым салалары мен синтезінің (социолингвистика, этнолингвистика,психолингвистика, нейролингвистика, математикалық лингвистика және т.б.) ерекшелену барысы ретінде қарастыру қабілеті.
Тілдің мәдениетте көрініс табатынын есепке ала отырып, тілдер мен мәдениеттерді, тіл мен әлем көрінісі ұғымдарын салғастырмалы түрде зерттеуге дайындық.
Тіл қатынастарының негізгі түрлері (синтагматикалық, парадигматикалық, иерархиялық) жөнінде хабардар болу.
Лингвистикалық белгі ұғымын анықтау және Ф. Де Соссюрдың лингвистикалық белгі жөнідегі ілімін шығармашылық түрде қолдана білу қабілеті.
Жалпы тіл білімі
Мәтін және коммуникацияны талдау қабілеті. Мәтіннің негізгі теорияларын білуі.
Тіл бірліктеріне коммуникативтік талдау жүргізу қабілеті.
Автордың ой, сөзін және мәтіннің пайда болу себептерін түсіну.
Қабылдаушының ойлау және сөйлеу әрекеттерін пайымдау.
Герменевтика саласын және түсіну мәселесін шығармашылық тұрғыдан қарастыру ептілігі.
Тілдің қоғамдық шарттастығын ұғыну.
Обладание знаниями лексикологии, свойствах слова, семасиологии.
Мағына ұғымын алып шығу икемділігі. Атау қағидаттарын түсіну.
Лингвистикалық типология саласынан хабардар болу. Әмбебап, арнайы, жалпы және жеке типологияның ерекшеліктерін зерделеу.
Универсалийлер мәселелері жөнінде білу.
Қолданбалы лингвистика саласын білу. Тілдік барыс моделдігін, жасанды интеллекттің лингвистикалық аспектілерін ұғыну. Мәтіндік процессорлар, жасанды тілдер, лингвостатикалық әдіс-амалдар, жаңа ақпараттық технологиялар жөнінде хабардар болу.
Шет тілі аудармасының теориясы мен аудармасы тәжірибесі жөніндегі қабылдау емтихандары екі ауызша тапсырмалардан тұрады. Бұл тапсырмалар студенттің болашақта кәсіби маман атану үшін қажет теоретикалық негіздің, әр түрлі мәдениет өкілдері арасында өзара түсіністік туғыздыратын лингвистикалық, аударма, қоғамдық-мәдени, экономика, саясат, халықаралық қатынастар, ғылым қағидаттардың қалыптасқанын көрсетеді.Емтихан билет бойынша болады.
Әрбір билет екі тапсырмадан тұрады:
-
Аударма теориясы бойынша сұрақ
-
Қағаз бетінен аудару
Қағаз бетінен аудару тапсырмалары аудармашы-референт мамандығына сәйкес құрастырылған.
1. Аударма теориясы төменде мазмұндалғандай 30 сұрақтан тұрады:
1 тақырып. Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы.Аударма іс-әрекет, барыс және қорытынды ретінде. Адамзат тарихындағы аударма іс-әрекетінің рөлі.
Аударманың қалыптасу және даму ерекшеліктері. Қазіргі таңдағы аударма.
Аударма теориясының қалыптасу мен дамуы. Аударма сәйкес болуы қажет талаптардың тұжырымдамасы. Тілдік, мәдени, тарихи ерекшеліктер «Аударуға келмейтін теориясының» негізі ретінде. Аударма теориясының жалпы білімдік, лингвистикалық, қолданбалы мағынасы.
2 тақырып. Аударма теориясының негізгі ұғымдары.Аударма теориясының пәні. «Аударма» ұғымының анықтамасы. Аударма коммуникативтік жағынан түпнұсқаға тең келетін мәтінді құрастыру ретінде. Коммуникативтік теңдіктің функционалды, мағыналық және құрылымдық аспектілері. Тілдік байланыстың басқа түрлері: қысқартылған аударма, бейімдетілген аударма, аннотация, реферат, түйіндеме.
Жалпы, жеке және арнайы аударма теориялары. Салғастырмалы талдау аударма зерттеуінің ерекше әдісі ретінде. Аударма әрекетінің объективті және субъективті тұстары. Аударма баламаларын және трансформацияларын зерттеу.
3 тақырып. Аударма әрекетінің типологиясы. Аударма әрекетінің гетерогендік қасиеті. Мәтін аударма бірлігі ретінде. Мәтіндер типологиясы. Мәтіндер түрі. Аудару барысына дейінгі мәтіндерді талдау.
(Мәтін ішіндегі және сыртындағы факторлар). Аудару барысының аударылып жатқан мәтін түріне байланысты болуы.
Аударманың жанрлық және стилистикалық топтастырылуы. Көркем аудармаға тән ерекшеліктер мен оның түрлері. Ақпараттық аударманың негізгі тапсырмалары мен оның түрлері.
Қоғамдық-саяси, ресми-іс қағаздар, ғылыми-техникалық материалдар аудармаларының ерекшеліктері. Бұқаралық коммуникация құралдарына арналған аударма материалдарының айырмашылықтары. Аудио-визуалды аударма ерекшеліктері.
Аударманың психолингвистикалық жіктемесі. Ауызша және жазбаша аударманың ерекшеліктері. Ауызша аударманың түрлері. Ізбе-із және ілеспе аудармалары коммуникативтік іс-әрекет түрлері ретінде.
4 тақырып. Аударма эквиваленттілігі. «Аударма эквиваленттілігі», «аударма нақтылығы» и аударма адекваттылығы ұғымдарының арақатынасы. Эквиваленттілік деңгейлері мен түрлері. Семантикалық және прагматикалық эквиваленттерді бір-біріне қарсы қоя отырып салыстыру. Аударма нұсқасының көп болуы. Эквиваленттілік деңгей таңдауын анықтайтын факторлар.
5 тақырып. Аударма прагматикасы. Аударма прагматикасы ұғымы. Аударылатын мәтіндердің прагматикалық жіктелуі. Прагматикалық мүмкіндіктің жаңғыруы. Аударма сапасын жалпы бағалау. Аударманың прагматикалық құндылығы ұғымы. Адекватты, сөзбе-сөз, еркін аудармалары. Аударма бағасына әсер ететін факторлар.
6 тақырып. Аударма барысы. Аударма барысы түпнұсқа мәтінін аударма мәтініне өзгерту(трансформация) ретінде. Аударма трансформацияларының түрі: Лексикалық, логикалық және семантикалық, грамматикалық және лексико- грамматикалық. Генерализация және конкретизация, мағыналық жағынан даму ұғымы әдісі, метономиялық және қарама-қарсы (антонимдік) аударма.Орын ауыстыру, алмастыру, тастап кету. Аудармалық өтем. Транслитерация, транскрипция, калькирование, сипаттама аударма.
Аударма мәдениет аралық байланыстың ерекше түрі ретінде.
7 тақырып. Аударма сәйкестіктері. Аударма сәйкестіктерінің типологиясы. Жеке-дара және көптік сәйкестіктер. Контекст (тар және кең) және тілден тыс жағдай; олардың мәтіндегі сөзді айқындауындағы және аударма барысында сәйкестікті таңдаудағы рөлі. Жағдаятты сәйкестіктер ұғымы (контекстуалды алмастырулар). Эквивалентсіз лексикалық және грамматикалық бірліктер. Эквивалентсіз бірліктерді аударудың негізгі амал-тәсілдері. Лексикалық мағынадағы тілдік бірліктердің компоненттері (аспектілері). Мағынаның денотативті, коннотативті, лингвистика ішіндегі (ассоциативті) компоненттерін жеткізу мәселелері. Эмоционалды лексика мен стилистикалық жағынан ерекшеленген сөздердің аударылуы. Тілдегі бейнелі-стилистикалық тәсілдердің жеткізілуі: метафора, метонимия, сөздердің ауысып түсуі және т.б.
Лексиканың кей топтарындағы аударма ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси терминдерінің аударылуы. Жалқы есім, географиялық атаулар, мекеме, фирма, мерзімді басылымдардың атаулары және т.б. Неологизмдердің аударылуы. Реалийлердің аударылуы. Интернационалдық және жалған интернационалдық лексиканың аударылуы («аудармашының жалған достары»). Фразелогизмдердің аударылу мәселелері. Фразеологиялық бірліктерді аудару кезіндегі бейнеліліктің сақталуы, орын алмастыруы, жоғалуы.
Аударма кезіндегі грамматикалық сәйкестіктерді таңдау. Грамматикалық форма мен құрылымдағы экспрессивті-стилистикалық есептің жүргізілуі. Аударма тілінде тікелей сәйкестіктері жоқ түрлер мен құрылымдардың берілуі.
8 тақырып. Аудармашының тілдік тұлғасы. Аударма құзырлығы. Аударма құзырлығы төмендегілерден тұрады: тілдік, мәдениет аралық, мәтін құрылыуы, іздеу-пәндік, іс-әрекеттік.
2. Қағаз бетінен аудару (шет тілінен ана тіліне)
Тақырыптар ғылыми, медициналық аспектілерді, қоғамдық-саяси мәтіндерді және қағаз бетінен аудару, арнайы қабілеттерді дамытуға септігін тигізетін тақырыптар легін қамтиды.
Өз жауаптарында студенттер бойларында арнайы аударма құзырлығы қалыптасқанын көрсетуі қажет. Пәндік салада білімі және ақпараттық мәтіндердегі (қоғамдық-саяси, медициналық, ғылыми) терминологиямен таныс болғаны жөн. Студенттер ауызша тіл жанрының сұхбат, әңгіме, келіссөздер, көншілік алдында сөз сөйлеуді аудара білгені дұрыс.
6М020700 - «АУДАРМА ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАН ДАЙЫНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҮЛГІ СҰРАҚТАР
1. Аударма моделі
2. Прагматикалық адаптацияның бірінші және екінші түрлері
3. Аударма барысының кезеңдері
4. Жазбаша аударма кезеңдері
5. Трансформация түрлері: оларды топтастыру қағидаттары
6. Динамикалық эквиваленттілік
7. Лексикалық және грамматикалық трансформациялар
8. Прагматикалық адаптацияның үшінші және төртінші түрлері
9. Экстра-аударма талаптарына байланысты аударма мәтініндегі өзгерістер
10. Жазбаша аударма түрлері
11. Аударма түрлерін топтастыру қағидаттары
12. Аударма техникасы
13. Ауызша аударма кезеңдері
14. Аударманың прагматикалық аспектілері
15. Ауызша және жазбаша аударманың айырмашылықтары
16. Грамматикалық трансформациялар
17. Жағдаятты модель
18. Аударма стратегиясы
19. Трансформациялық аударма моделінің семантикасы
20. Көркем шығарма мәтіндерін аудару мәселелері
21. Ілеспе және ізбе-із аудармаларының ерекшеліктері
22. Жарнама және дипломатиялық құжаттар аудару мәселелері
23. Ауызша аударма түрлері
24. Лексикалық трансформациялар
25. Прагматикалық әсер түрін анықтайтын факторлар
26. Аударманың стилистикалық мәселелері
27. Аударма қағидаттарының негізгі жағдайлары
28. Прагматикалық адаптация
29. Аударма барысының ойлау кезеңдері
30. Қазақ-ағылшын аудармаларында аударманың қандай әдіс-тәсілдері кең қолданылады
31. Лексикалық және семантикалық трансформациялар
32. Поэзия және сықақ өлеңдерін аудару мәселелері
33. Техникалық және ғылыми мәтіндерін аудару мәселелері
34. Аударманың трансформациялық моделінің артық және кем тұстары
35. Көркем шығарма мәтіндерін өңдеу кезеңдері
36. Сөздердің ауысып түсуін және вульгаризмдерді аудару түрлері, мысал келтіріңіз
37. Аударма прагматикасы
38. Тікелей емес аударманы аудару мәселелері
39. Ауызша аудармада қажет білім мен қабілеттер
40. Аударма барысындағы аудармашының қосымша рөлі
41. Аударманың жағдаятты моделінің артық және кемшін тұстары
42. Газет беттеріндегі мақалалар мен көркем фильмдерді аудару мәселелері
43. Аударма модельдері
44. Прагматикалық адаптацияның түрлері (1 және 4 түрлері)
45. Жеке және жеке емес етістік түрлерін ағылшын тілінен орыс тіліне аудару әдістері
46. Аударма барысының аспектілері
47. Мәтіннің прагматикалық потенциялы
48. Эмфатикалық құрылымдарды аудару тәсілдері
49. Прагматикалық адаптацияның бірінші және үшінші түрлері
50. Көркем және ақпаратты аудармалар арасындағы ерекшеліктер
51. Тікелей және жанама аудармаларының мәселелері
52. Аралас аударма трансформациялар
53. Аударма барысында туған мәселелерді аудармашы қалай шешуі қажет
54. Жазбаша аударма жасау үшін қажет білім мен қабілеттер
55. Аударма барысында аудармашының алдында қандай мәселелер туындауы мүмкін
56. Аударма прагматикасы: қоғамдық және мәдени аспектілер
57. Аудармадағы эквиваленттілік
58. Аударма барысындағы ақпараттың технологиялар
59. Жазбаша аударманың кезеңдері
60. Аударма прагматикасы
-
Негізгі әдебиет тізімі
1. В.Н.Комиссаров. Общая теория перевода: проблемы переводоведения в освещении зарубежных ученых. - М., 1999.
2. В.Н.Комиссаров, А.Л.Коралова. Практикум по переводу с английского языка на русский. - М., 1990.
-
В.Н.Комиссаров. Современное переводоведение. - М., 2001.
-
И.А.Алексеева. Введение в переводоведение. - М., 2004.
2. Қосымша әдебиет тізімі
1. И.С. Алексеева. Профессиональный тренинг переводчика. - СПб., 2001.
2. В.В. Алимов. Теория перевода. Перевод в сфере профессиональной коммуникации. - М., 2004.
3. Л.С.Бархударов. Язык и перевод. - М., 1975.
4. В.С. Виноградов. Введение в переводоведение. - М., 2001.
5. С.Влахов, С.Флорин. Непереводимое в переводе. – М.,1980.
6. Н.К.Гарбовский. Теория перевода. - М., 2004.
7. Р.З. Загидуллин. Переводоведение в Казахстане: состояние и перспективы // Актуальные проблемы теории и практики перевода в контексте современности. – Алматы, 2000.
8. Р.З. Загидуллин. Теоретические и методологические основы переводческого тезауруса. – Бишкек,1993.
9. Т.А.Казакова. Художественный перевод. Теория и практика. - СПб, 2006.
10. Т.А. Казакова. Практические основы перевода. - СПб, 2000.
11. В.Д.Калинина. Теория и практика перевода. - М., 2008.
12. Дж.К. Катфорд. Лингвистическая теория перевода: Об одном аспекте прикладной лингвистики/ Пер. с англ. – М.,2004.
13. Л.К.Латышев. Перевод: проблемы, теории, практики и методики преподавания. - М., 1988.
14. З.Д.Львовская. Современные проблемы перевода. – М.,2008.
15. Р.К. Миньяр-Белоручев. Теория и методы перевода. – М.,1996.
16. Г.Э. Мирам. Переводные картинки. Профессия: переводчик. – Киев,2001.
17. Л.Л.Нелюбин, Г.Т.Хухуни. Наука о переводе. - М., 2006.
18. Л.Л. Нелюбин. Толковый переводоведческий словарь. – М.,2003.
19. В.В.Сдобников, О.В.Петрова. Теория перевода. - М., 2006.
20. С.В.Тюленев. Теория перевода.- М., 2004.
21. Г.В.Чернов. Теория и практика синхронного перевода. – М.,2007.
22. К.И.Чуковский. Высокое искусство. – М.,1988.
23. D.Gile. Basic Concepts and Models for Interpreter and Translator Training. –John Benjamins Publishing Co.,1995.
24. G.E. Miram, V.V.Daineko et al. Basic Translation: A Course of lectures on translation theory and practice. – Kiev, 2002.
25. P. Newmark. Approaches to Translation. – Prentice Hall International,1988.
26. M. Snell-Hornby. Translation Studies. An Integrated approach. - John Benjamins Publishing Co.,1995.
Достарыңызбен бөлісу: |