Э л е к т и в т і к у р с
ТӘЖІРИБЕДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
5 «А» сынып
Мұғалім:
2020-2021 оқу жылы
Түсінік хат
Мектептің негізгі деңгейіндегі 5-сынып қазақ тілі пәнін оқыту мақсатында лексикология мен фонетика бөлімі бойынша элективті курс оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру көзделеді. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі бастауышта меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне қалыптасады.
«Тәжірибедегі қазақ тілі» элективті курсының жылдық сағаты-34 сағат, аптасына 1 сағатқа құрылған. Қазіргі қазақ тілі-мемлекетіміздің өркендеуіне себепші болатын,халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал, жұршылықты жаппай ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір құралы. Осы тұрғыдан алғанда « Сөз шебері» курсы оқушының пәнге деген қызығушылығын ұштап сөздік қорын молайта түседі, шығармашылықта биікте шарықтауына мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты:
- Оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін кеңейту
- Оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа - жағдайда қолдана білуге үйрету.
- Сөз мағыналарын, фонетикасын зерттеу.
Курстың міндеттері:
- Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);
- Оқушыны зейінді ұстау;
- Пәнаралық байланысты сақтау;
- Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау
Күтілетін нәтиже:
логикалық ойлауы қалыптасады;
мәнерлі ,астарлы сөйлеуге дағдыланады;
өз пікірлерін тиянақты, нақты жеткізе алады;
Курстың мазмұны:
-Курс бағдарламасы бойынша барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады.
-Лексикология тарауы бойынша мақсаты, зерттелуі және лексикалық элементтің дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалатындығын, сол арқылы белгілі мағынаны жалпыға білдіру дәстүрі пайда болатындығын оқушыға меңгертіледі.
- Бағдарлама бойынша лексика бөліміне 16 сағат, фонетика бөліміне 12 сағат, бөлімді қорытындылау мақсатында нәтиже сабаққа 2сағат, практикалық тапсырмаларға 2 сағат, талдауға 2 сағат берілген.
«Тәжірибедегі қазақ тілі» элективті курсының бағдарламасы.
(Аптасына- 1 сағат, жылдық сағаты- 34 сағат)
-
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Күні
|
1.
|
Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері
|
1
|
|
2.
|
Сөз. Сөз туралы түсінік
|
1
|
|
3.
|
Сөздің шығу тарихы
|
1
|
|
4.
|
Сөзжасам. Сөз құрамы
|
1
|
|
5.
|
Қосымша. Қосымшаның түрлері
|
1
|
|
6.
|
Шығармашылық жұмыс. Эссе
|
1
|
|
7.
|
Сөздің мағынасын зерттеу
|
1
|
|
8.
|
Тілдік метафора
|
1
|
|
9.
|
Сөздің көп мағыналылығы, полисемия
|
1
|
|
10.
|
Омоним. Омонимдік сөздікпен жұмыс
|
1
|
|
11.
|
Синоним. Синонимдік сөздікпен жұмыс
|
1
|
|
12.
|
Синоним. Синонимдік сөздікпен жұмыс
|
1
|
|
13.
|
Антонимдер
|
1
|
|
14.
|
Нәтиже сабақ
|
1
|
|
15.
|
Табу. Табу сөздерінің шығу төркіні
|
1
|
|
16.
|
Эвфемизм
|
1
|
|
17.
|
Дисфемизм
|
1
|
|
18.
|
Практикалық тапсырмалар
|
1
|
|
19.
|
Тіл білімінің фонетика саласы
|
1
|
|
20.
|
Дауысты дыбыстар, оның түрлері
|
1
|
|
21.
|
Дауыссыз дыбыстар, оның түрлері
|
1
|
|
22.
|
Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру
|
1
|
|
23.
|
Үндестік заңы
|
1
|
|
24.
|
Буын үндестігі.
|
1
|
|
25.
|
Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер
|
1
|
|
26.
|
Дыбыс үндестігі
|
1
|
|
27.
|
Ілгерінді ықпал
|
1
|
|
28.
|
Кейінді ықпал
|
1
|
|
29.
|
Тоғыспалы ықпал
|
1
|
|
30.
|
Екпін. Тасымал
|
1
|
|
31.
|
Фонологиялық талдау
|
1
|
|
32.
|
Орфография және орфоэпия
|
1
|
|
33.
|
Шығармашылық жұмыс. Эссе
|
1
|
|
34.
|
Сынақ тапсырма
|
1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |