қаЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ғЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Абылай хан атындағы
ҚазақХҚжӘТУ ректоры
__________Құнанбаева С.С.
«____» _____________ 2015ж.
«6М050400 - ЖУРНАЛИСТИКА»
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСЕТІНДЕРДІҢ
ТАПСЫРАТЫН ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
2015-2016 оқу жылы
АЛМАТЫ, 2015
Магистратураға түсетіндердің тапсыратын емтиханының бағдарламасы Типтік оқу бағдарламасына сәйкес «6М050400-Журналистика» мамандығына негізделіп құрастырылған.
Бағдарламаны дайындаған:
-
Ф.ғ.д., профессор Кульгильдинова Т.А.
ЖООБбБ кеңесімен ұсынылған. Хаттама №____ «____»________ 2015г.
ЖООБбБ бастығы: с.ғ.к., доцент Байсултанова К.Ш. ______________
Бағдарлама Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің ЖОО-дан кейінгі білім беру кафедрасының мәжілісінде талқыланды және мақұлданды.
Хаттама №____ «___»______________ 2015г.
ЖОО-дан кейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі
Ф.ғ.д., проф. Рысалды К.Т. ____________
Білім беру бағдарламасының жетекшісі
Ф.ғ.д., профессор Кульгильдинова Т.А._______________
6М050400 - ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫ
БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар
1.1 Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
1.2 Магистратураға азаматтарды қабылдау тәртібі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының типтік қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
2. 6M050400 - Журналистика мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның басты міндеттері
бейіндік даярлықта:
-магистранттың жеке білім бағытын таңдау;
-білімгердің өзін-өзі жетілдіруі мен өзіндік дамуын тәрбиелеу, өзінің белсенді өмір сүру қызметіндегі шығармашылықты өз бетімен игерудің қажеттіліктері мен дағдыларын жаңа біліммен толықтырып отыру;
-жоғары мәдениеттік деңгейдегі кәсіби қарым-қатынасты бойына сіңірген, бұқаралық ақпарат құралдарында өз азаматтық көзқарасын ұстай білетін, қоғамның өзекті мәселелерін талдауға қабілетті және оны түрлі публицистикалық жанрлар арқылы жеткізе білетін мамандарды даярлау;
-журналистика магистрлерін қазіргі жаһандану әлеміндегі кәсіби ұшқырлықты айқындайтын нақты біліммен қамтамасыз ету;
-ақпараттық саладағы ұйымдастырушылық пен басқарушылық қызметті сәтті іске асыруға қабілетті, түрлі қоғамдық құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы байланысты зерттей білу;
ғылыми және педагогикалық даярлықта:
-журналистік ғылым мен педагогикалық қызметтің теориялық мәселелерін игеру үшін магистранттарды теориялық және тәжірибелік жағынан жеке дара даярлауды тереңдету;
- магистранттарды әлемнің ғылыми бейнесін толық зерттеуді қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық өзгерістер шеңберіне неғұрлым қажетті де маңызды білім жинақтауға икемдеу;
-бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамның түрлі құрылымдық саласының арақатынасына зерттеулер жүргізу, сонымен қатар әлем елдерінің тарихы, теориясы және тәжірибесі бойынша оқытушылық қызметті іске асыру;
-ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен өткізуге бейімделу, докторантурадағы білімді жалғастыру үшін қажетті ғылыми жұмыстардың тәсілдерін игеру;
- жоғары оқу орындарындағы педагогика мен психология саласы бойынша қажетті білім алу және ЖОО-да оқытушылық тәжірибе жинақтау.
3. 6M050400 - Журналистика мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар
3.1 Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы әртүрлі білім беру мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыс, практика түрлерінен құралады, олардың өзара арақатынасын, өлшемі мен есебін көрсетеді.
Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу игерген материал көлемімен жүзеге асырылады және кредитпен өлшенеді. Білім алудың алдыңғы деңгейлерінде игерілген кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйесі жүзеге асады.
3.2 Оқу жылы жалпы мерзімі 30 аптадан тұратын академиялық кезеңдерден, (семестрлер, триместрлер) аралық аттестаттаудан, қорытынды бақылаудан, тәжірибелерден, демалыс және қорытынды аттестаттаудан тұрады.
3.3 Магистратурада оқыту тек қана күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.
Емтихан сұрақтары:
-
Журналистика бұқаралық ақпарат құралдар көзі: оның функциялары
-
Журналисттік мәтін жанрының әртүрлілігі және түрлі жанрда жазылған ақпараттармен жұмыс істеу ерекшелігі
-
Журналисттің кәсіби-этикалық санасы шығармашылық іс-әрекеттерді реттеу жүйесі ретінде
-
Бұқаралық ақпарат құралдары маркетинг объектісі ретінде
-
Әлемдік өркениет пен журналистиканың белді мәселелері
-
Журналистік қызметтің әлеуметтік теориясы
-
Басылым түрі мен оның бағдарламасын анықтау барысындағы әлеуметтік негіздеу
-
Журналистиканың аудиториямен қарым-қатынасының психологиялық механизмі
-
Әр түрлі мемлекеттердегі БАҚ-ның заманауи құрылымы
-
Шет ел БАҚ қызметінің экономикалық және құқықтық негіздері
-
Бұқаралық коммуникацияның шетелдік заманауи теориялары
-
Журналистика бұқаралық-ақпараттық қызмет саласы ретінде
-
Журналистика қоғамдық саяси қызметтің саласы ретінде
-
Журналистика бұқаралық-ақпараттық қызмет субъектісі ретінде
-
Баспасөз, радио, телевизия материалдарын дайындау барысында редакциялаудың рөлі
-
Журналисттің шығармашылық индивидуалдығы
-
Журналистика жанрларының жүйесі және олардың даму үрдістері
-
Журналистика қағидалары
-
Журналистика типологиясы. Басылымдар мен теле-радиобағдарламалардың негізгі түр қалыптастырушы факторлары
-
Цензура және журналистика
-
Қоғамдық пікір және журналистика: өзара әрекеттесудің диалектикасы
-
Журналисттің кәсіби этикасы және оның тәжірибеде қолдану тәсілдері
-
Қазақстандағы журналистика мен биліктің өзара әрекеттестігі
-
Сараптамалық журналистиканың ерекшеліктері
-
Журналистикадағы оқиғалық ақпарат және оған қойылатын талаптар
26.Журналистикадағы ақпарат және жалған ақпарат ұғымдары
27. ХХ ғ.соңында орын алған жаһандық ақпаратты-коммуникациялық процестер
28. Журналистік мәтін мен әлеуметтік тәжірибе
29. Қазақ журналистикасының пайда болуы. "Қазақ", т.б.
30. ХХ ғасырдағы қазақстандық баспасөз
31. Шетелдегі еркін баспасөз. "Яш Түркістан"
32. Әкімшілік басқару жүйесі мен тоталитарлық режим орнығуы кезеңіндегі журналистика (1928-39 ж.ж.)
33. Ұлы Отан соғысы кезіңдегі публицистика
34. Кеңестік баспасөз жүйесі, оның типологиясы
35. 1960-80 ж.ж. отандық БАҚ жүйесін құру
36. Заманауи БАҚ жүйесі. Даму үрдістері мен мәселелері
37. БАҚ жүйесіндегі радиотаралым
38. БАҚ жүйесіндегі телевизия
39. Редакциялық ұжымның құрылымы мен қызметі
40. БАҚ жүйесіндегі периодикалық баспасөз
41. БАҚ компьютерлік технологиялары
42. "Бұқаралық" және "элиталық" баспасөз
43. Аудитория сипаттамасы, оның мұқтаждықтары мен мүдделері БАҚ жүйесі дамуының факторлары ретінде
44. Журналистік қызметтің тиімділігі, эффективтілігі
45. Редакцияның өндірістік-шығармашылық және коммерциялық қызметінің өзара қатынасы
46. Редакциялық менеджмент
47. Редакциялық маркетинг
48. Құрылтайшы, баспагер, редакция, аудитория: өзара серіктестік мәселелері
49. Ақпараттық агенттіктер мен қызметтер жүйесі
50. PR қызметінің БАҚ-пен арақатынасы
51. Баспасөз-қызметтері жұмысын ұйымдастыру
52. БАҚ-тағы жарнама
53. Батыс елдерінің негізгі редакциялық-баспа корпорациялары мен концерндері (студенттің таңдауы бойынша бір мемлекет мысалы негізінде)
54. Жетекші телевизиялық және радиоарналар мысалы негізінде батыстық БАҚ және бұқаралық мәдениет дамуы
55. Баспасөздің заманауи индустриалды дамыған мемлекеттерде шоғырлануы мен монополизациялану процестері
56. Баспасөз бостандығы мен журналистік қызмет
57. БАҚ қызметін құқықтық реттеу
58. Батыс Еуропа елдерінде баспасөздің "сапалы" және "бұқаралық" болып бөліну процестері
59. Шетелде БАҚ қызметін реттеу және негізгі заңнамалық актілер
60. Интернет жаһандық ақпарат және коммуникация жүйесі ретінде
61. Еуроодақ елдерінің коммуникативті технологиялар мен журналистиканы дамытудағы қызметі
62. Қазақстандық БАҚ-тағы қоғамдық-саяси тақырып
63. Публицистің шығармашылық лабораториясындағы стиль бойынша жұмыс
64. Қолдау топтары мен БАҚ: өзара серіктестік үшін кең шоғыр, спектр
65. ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ публицистерінің (М.Көпеев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы, т.б.) әдеби-публицистикалық мұрасына деген заманауи көзқарас
66. Ақпарат агенттіктері ақпараттық қоғам инфрақұрылымының элементі ретінде. Қазақстанның ақпарат агенттіктері
67. Медиаоқыту (медиабілім) педагогикадағы бағыт ретінде. Медиаоқытудың негізгі міндеттері мен мақсаттары
68. Қазақстан БАҚ-ның кеңестік кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының саяси-экономикалық және әлеуметтік шарттары
69. Публицистикалық материал идеясы ақпарат алушы үшін серпін беруші фактор ретінде
70. Рөлдік ойын заманауи журналистика бойынша алынған білімдерді бекітудің әдісі ретінде
71. Қазақ баспасөзінің пайда болуының тарихи және әлеуметтік алғышарттары
72. Коммуникацияның әлеуметтік және психологиялық модельдері
73. Заманауи әлемде медиабілімнің өзектілігі мен басым бағыттылығының себептері
74. "Қазақ" қоғамдық-саяси газеті (1913-1918). Прогрессивті ұлттық интеллигенцияның саяси жұмысын ұйымдастырудағы рөлі
75. Көркем-публицистикалық жанрлардың құрылымдық ұйымдастырылуы
76. Ақпараттық қоғам құрылымындағы кабельді телевизия. Желідегі радиотаралым
77. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин публицистикалық мұрасының қазақ тіліндегі журналистиканың қалыптасу процестеріне әсері
78. Бұқаралық коммуникацияны зерттеудегі семантикалық әдістер. Белгі, мән-мағына, код, мәтін
79. Сайлау кампаниясы және саяси теледебаттар сайлауалды тартыстың негізгі құралы ретінде
80. Алғашқы кеңестік басылымдар. "Тіршілік" газетінің саяси бағыты. "Қазақ мұңы", "Заря свободы" газеттерінің беттеріндегі қазақ мәселесі
81. Медиакомпетенттілік ұғымы. Оған қол жеткізудің жолдары
82. ҚР "БАҚ туралы Заңы" БАҚ-тың билікпен және қоғаммен құқықтық қарым-қатынастарын реттеуші ретінде
83. Ақпарат табиғаты туралы заманауи түсініктер. К.Шеннон және Н.Винер теориялары
84. БАҚ индустриясының телекоммуникациялық сектормен интеграциясы заманауи конвергентті журналистиканы қалыптастырушы фактор ретінде
85. Студенттердің шығармашылық курстық жұмыстары болашақ радиожурналистті дайындау барысының маңызды буыны ретінде
86. Қазақстандағы әйелдер периодикалық баспасөзінің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы. "Теңдік", "Азат әйел", "Әйел теңдігі", "Жетісу әйелдері" және т.б. Қазақ баспасөзіндегі әйелдер проблематикасы
87. Публицистикалық шығармадағы факт және оның шекаралары
88. Студенттердің шығармашылық курстық жұмыстары болашақ радиожурналистті дайындау барысының маңызды буыны ретінде
89. 1960-85 ж.ж. қазақ баспасөзі. Жаңа басылымдардың пайда болуы. Журналистика жанрларының дамуы
90. Журналистік мәтіндердегі стилистикалық және логикалық қателіктер. Олардың түзетудің жолдары
91. "Телевизияның ақпараттық жанрлары" курсын оқыту әдістемесі
92. Қазақстан Республикасының 1985-91 ж.ж. қазақ газеттері мен орыс тіліндегі баспасөз. Қайта құру кезеңі және баспасөз. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарының жандануы
93. "Конвергенция" ұғымының қоғамдық-саяси мазмұны. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялық құралдар интеграциясы теориясы (У.Ростоу, Я.Тинбергер, Д.Белл)
94. Қазақстанның ақпараттық нарығының заманауи параметрлері: БАҚ коммерциализациясы, медиахолдингтер
95. "Түркістан уалаятының газеті" - Қазақстандағы периодикалық баспасөздің қалыптаса бастауы. Қамтылған тақырыптар мен негізгі бағыты. Тіл мен стиль мәселелері
96. БАҚ индустриясының телекоммуникациялық сектормен интеграциясы заманауи конвергентті журналистиканы қалыптастырушы фактор ретінде
97. Радио және телевизия мамандығы бойынша топтарға іріктеудің ғылыми қағидалары
98. Тәуелсіз Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары. Нарық және БАҚ. Жарнама және қоғам
99. Публицистикалық материал идеясы ақпарат алушы үшін серпін беруші фактор ретінде
100. "Авторлық телебағдарлама" мамандық пәндерінің құрылымында
101. Коммерциялық радио ерекшеліктері
102. Қазақстанның электрондық баспасөзінің Интернеттегі дамуы
103. "Ақиқат" журналының тарихы
104. 1917-20 ж.ж. қазақ журналистикасы
105. КТК телеарнасының әлеуметтік бағдарламалары
106. "Жас Алаш" газетінің тарихы
107. Ақпарат агенттіктерінде жұмыс істеу ерекшеліктері
108. "Қазақстан" телеарнасының таңертеңгілік бағдарламалары
109. Шетелде жарық көрген қазақ газеттері
110. Кәсіби шеберлікті дамытудың үш сатысы
111. Қазақ тілінде ақпарат тарататын шетелдік радиоарналар
112. Журналистік шығармашылықтың негізгі категориялары
113. Телерадиобағдарламаларды дайындау барысында автор мен редактордың байланысы
114. Жарнаманы модельдеу, газет жарнамасының топтамасы
115. "31 арнаның" авторлық бағдарламалары
116. Ақпаратты жинақтау әдістері
117. БАҚ-ның көркем-публицистикалық жанрлары
118. Әдеби редактордың құқықтары мен міндеттері
119. Қазақ телевизиясының тарихы
120. Журналисттің құқықтық мәдениеті
121. Редакция қызметін ұйымдастырудың ережелері
122. Радиоаудитория және оның ерекшеліктері
123. Редакторлық сараптама және әдеби өңдеудің (редакциялаудың) дәстүрлі әдістері
124. БАҚ-ның сараптамалық жанрлары
125. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның радиожурналистикасы
126. Редакторлық зерттеулер, телебағдарламаларды әдеби өңдеу ерекшеліктері
127. Тақырыпқа қойылатын негізгі талаптар
128. Периодикалық баспасөздегі ақпараттық жанрлар
129. Қазақстанның заманауи радиосы
130. "Хабар" агенттігінің ойын-сауық және ағартушылық бағдарламаларының ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |