6М060700 – «Биология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге «Биология» пәнінен қабылдау емтиханының сұрақтары (дайындық бағыты: ғылыми–педагогикалық және бейіндік)
«Организмдер биоалуантүрлілігі» пәні
-
Биология ғылымының классификациясы. Қазіргі заманғы биологияның негізгі даму бағыттары.
-
Тірі организмдер классификациясына қазіргі замандағы көзқарастар.
-
Прокариоттар. Бактериялардың құрылысы мен функциясы, көбеюі. Бактериялардың табиғатта таралуы және алуан түрлілігі.
-
Вирустардың структуралық құрылымы, химиялық құрамы және көбеюі.
-
Эукариотты балдырлардың морфологиясы және цитологиясы.
-
Балдырлардың өмірлік циклындағы ядро фазалары мен ұрпақ алмасуы.
-
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, олардың құрылысының ерекшеліктері мен көбеюі.
-
Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар, құрылысы, көбеюі, олардың практикалық маңызы.
-
Саңырауқұлақтардың шығу тегі, әртүрлі класстарының арасындағы байланыстар.
-
Қыналар, анатомиялық ерекшеліктері мен көбею жолдары.
-
Тіршілік циклінде гаметофиті басым өсімдіктер.
-
Папоротниктәрізділердің жалпы морфо-анатомиялық сипаты, олардың пайда болуы, көбеюі, табиғат пен адам шаруашылық әрекетіндегі маңызы.
-
Ашықтұқымдылардың шығу тегі, классификациясы, филогениясы.
-
Гүлді өсімдіктердің шығу тегі және морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары.
-
Жабықтұқымдылардың жалпы морфо-анатомиялық сипаты. Пайда болуы. Олардың морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары. Кластарға бөлінуі.
-
Қосжарнақты өсімдіктердің филогенетикалық байланыстары.
-
Даражарнақты өсімдіктер, шығу тегі, негізгі қатарлары.
-
Паразит тіршілік ететін қарапайымдардың типтері.
-
Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі жөніндегі гипотезалар.
-
Көп клеткалылардың эмбриональды даму этаптары.
-
Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы, олардың құрылыс ерекшеліктері, пайда болуы мен систематикасы.
-
Хордалылар типінің жалпы сипаттамасы және олардың жануарлар әлемінің системасындағы орны.
-
Хордалылардың шығуы мен систематикасы.
-
Омыртқалылар тип тармағының морфологиялық және биологиялық жалпы сипаттамасы.
-
Омыртқалылардың негізгі таксономиялық бөлімдері және олардың генеологиялық байланыстары.
-
Балықтардың экологиясы және биологиялық топтары.
-
Бауырымен жорғалаушылардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы мен көбею ерекшеліктері.
-
Құстардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы және көбеюі мен ұрығының дамуындағы ерекшеліктер.
-
Қазіргі сүтқоректілердің географиялық таралуы және системасы.
-
Өсімдік, жануар және микроағзалардың өмірлік цикліндегі гапло және диплофазалардың кезектесуі.
«Өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы»
-
Биологиялық мембраналардың құрылысы, физико химиялық қасиеттері және қасиеттері.
-
Клетка ішіне заттың ену жолдары: сыртқы мембрананың өткізгіштігі, фаго- мен пиноцитоздар және олардың биологиялық рөлі.
-
Өсімдік клеткасына судың ену заңдылықтары.
-
Фотосинтездің жарық сатысы. Циклді, циклсіз фотофосфорлану.
-
Фотосинтездің қараңғы сатысы. Кальвин циклінің реакциялары.
-
Тыныс алудың аэробты кезеңі. Ди– және үш карбон қышқылдарының циклі (Кребс циклы) реакциялары, энергетикалық мағызы.
-
Өсімдіктердің минеральды қоректенуі. Макро-, микроэлементтер, олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы.
-
Өсімдіктер өсуінің ерекшеліктері. Өсу, морфогенез және даму процестерінің байланыстылығы.
-
Ақуыздың құрылымы, қасиеттері. Ақуыз синтезінің кезеңдері.
-
Ферменттер туралы түсінік. Ферменттердің қасиеттері және әсер ету механизмдері. Ферменттер активтілігіне әсер ететін факторлар.
-
Өсімдіктердегі алкалоидтар, олардың синтезделу жолдары.
-
Нуклеин қышқылдары,олардың химиялық құрамы, түрлері, ыдырауы және синтезі.
-
Витаминдер, олардың жалпы сипаттамасы, классификациясы және биологиялық маңызы.
«Адам және жануарлар физиологиясы»
-
Жүйке жүйесінің эволюциясының негізгі кезеңдері. Нейрондардың құрылысы.
-
Рефлекторлық концепция. Әртүрлі рефлекстердің рефлекторлық доғасының құрамы.
-
Вегетативтік нерв жүйесі. Пре- және постанглийлік нейрондар.
-
Эндокриндік бездер жүйесіне жалпы сипаттама және оның гуморальды реттеудегі маңызы.
-
Қанның құрамы, негізгі қызметтері және физико- химиялық қасиеттері.
-
Қан айналу жүйесі органдарының құрылысы мен қызметі. Қан айналу шеңберлері.
-
Жүректің эволюциясы жөнінде түсінік, оның омыртқасыз және омыртқалы жануарлардағы структуралары мен қызметтері.
-
Тыныс органдарының құрылысы мен қызметі. Тыныс алу типтерінің эволюциясы.
-
Ас қорыту жолы және оның бөлшектерінің ас қорытудағы маңызы. Ас қорыту жолындағы сіңіру процесі.
-
Бүйрек және басқа да сыртқа шығару мүшелерінің қызметі. Нефрондар - бүйректің құрылымдық функциональдық бірлігі.
-
Рецепторлар мен талдағыштар жүйесі. Олардың классификациясы және қызметтік механизмі.
-
Бейімделушіліктің жалпы принциптері мен механизмдері. Адамның бейімделу ерекшеліктері.
-
Иммунитет туралы түсінік. Организмнің иммунологиялық реактивтілігі және оның физиологиялық механизмдері.
-
Рефлекторлық теорияның пайда болуындағы И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың енгізген үлестері.
«Генетика және молекулалық биология»
-
Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері.
-
Жасуша бөлінуі және өзін өзі өндіруі. Митоз бен мейоздың генетикалық ролі.
-
Хромосомалар, олардың морфологиясы, структурасы, химиялық құрамы.
-
Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. ДНҚ – тұқым қуалайтын ақпаратты тасымалдаушы құрылым.
-
Моногенді тұқым қуалаудың, ди және полигибридті будандастырулардың заңдылықтары. Г.Мендельдің заңдары. Генотиптің оқшаулығы (дискреттілігі) принципінің генетиканың негізгі принципі екендігінің дәлелдемелері.
-
Гендердің өзара әсерлесуінің типтері.
-
Ген экспрессиясының реттелуі.
-
Гендердің тіркесуі кезіндегі тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары. Кроссинговердің генетикалық және цитологиялық дәлелдемелері.
-
Ген эволюциясы туралы түсінік.
-
Популяцияның генетикалық құрылымы. Харди – Вайнберг заңы.
-
Адам генетикасының зерттеудің әдістері және олардың өзіндік ерекшеліктері. Тұқым қуалайтын аурулар және олардың шығу себептері.
-
Гендік инженерияның қазіргі заманғы жетістіктері. Гендік инженерияның әдістері, оның жетістіктері мен перспективалары.
-
Мутациялардың жіктелуі. Мутацияларды зерттеудің әдістері.
-
Ген табиғаты туралы түсінік. Геннің интрон-экзонды құрылымы.
-
ДНҚ репликациясының типтері.
-
Кроссинговердің молекулалық механизмдері. Рекомбинация типтері.
-
Клеткалық гендердің бағдарланған өлімі (апоптоз). Апоптоздың реттелуінің молекулалық механизмі.
«Эволюциялық ілім»
-
Ж.Б.Ламарктың «түр» туралы концепциясы және эволюциялық ілімінің маңызы.
-
Ч. Дарвиннің эволюциялық көзқарасының қалыптасуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің маңызы. Ч. Дарвиннің негізгі еңбектері.
-
Эволюциядағы тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ролі. Өзгергіштік типтері және олардың өзара әрекеттесуі.
-
Эволюцияның элементарлық факторлары (мутациялық үрдіс, популяциялық толқындар, гендер дрейфі, оқшаулану т.б.).
-
Панмиксия және оқшаулану (изоляция). Оқшаулану, оның түрлері және эволюциялық маңызы.
-
Тіршілік үшін күрес табиғи сұрыптау негізі. Тіршілік үшін күрес формалары.
-
Табиғи сұрыптау – эволюцияның негізгі қозғаушы күші. Табиғи сұрыптаудың формалары туралы қазіргі пікірлер.
-
И.И. Шмальгаузен бойынша табиғи сұрыптау формалары. Табиғи сұрыптау механизмі мен нәтижесі.
-
Бейімділік (адаптация) - табиғи сұрыптаудың нәтижесі. Адаптация түрлері.
-
Биологиялық түр тұжырымдамасы. Биологиялық түр туралы түсінік. Түр критерийлері (морфологиялық, генетикалық , экологиялық). Түрдің құрылымы.
-
Түрдің пайда болуы - микроэволюция нәтижесі. Жаңа түрлердің қалыптасу жолдары. Мысал келтіру.
-
Онтогенез туралы түсінік. Онтогенез эволюциясы.
-
Филогенез және онтогенез қатынасы. Геккель-Мюллердің биогенетикалық заңы. А.Н. Северцовтың филэмбриогенез теориясы.
-
Эволюция процесінің басты бағыттары туралы А.Н. Северцов және И.И. Шмальгаузен көзқарастары.
-
Эволюция заңдылықтары. Филогенез формалары (филетикалық эволюция, дивергенция, параллелизм, конвергенция). Жоғары таксондардың шығуындағы моно- және полифилия принциптері.
-
Жерде тіршіліктің пайда болуының негізгі кезеңдері: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайназой.
-
Адамның пайда болуының негізгі этаптары. Адамның систематикалық орнына көзқарастар. Адам және приматтардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Гоминизацияның негізгі ерекшеліктері. Адам эволюциясында сұрыптаудың түрлі формаларының ролі.
-
Систематиканың дамуы. Д. Рей и К. Линней еңбектерінің маңызы.
-
Ежелгі антикалық грек және рим философиясындағы эволюциялық түсініктер элементтері.
-
Ж. Кювье және Ж. Сент-Илердің ғылыми еңбектерінің эволюциялық идеялар қалыптасуындағы маңызы.
-
Макроэволюция және оның заңдылықтары: бағыттылық, қайтымсыздық, прогрессивті мамандану. Макро- және микроэволюция үрдістерінің үлестік қатынасы.
-
Мутация - эволюция процесінің элементарлық факторы.
-
Қолдан сұрыптау және оның формалары. Үй жануарлар тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерін шығарудағы маңызы.
-
Эволюциядағы прогресс және регресс, олардың критерийлері. Биологиялық прогрестің негізгі жолдары (А.Н. Северцов, И.И. Шмальгаузен т.б.).
«Қазақстан биоресурстары»
-
Қазақстанда таралған дәрілік өсімдіктер, олардың түрлері. Дәрілік өсімдіктердің ағзаға тигізетін әсері бойынша жіктеу қатары.
-
Қазақстанда кездесетін улы өсімдіктер. Шалғындар мен жайылымдардың улы өсімдіктерінің систематикалық жіктелуі, морфологиялық сипаттамасы, таралу ерекшелігі мен экологиясы.
-
Қазақстанда кездесетін бал шығаратын өсімдіктердің ерекшеліктері, өнімдері. Бал шығаратын орман, шалғын, батпақтық, әртүрлі шөптесін өсімдіктер.
-
Сәндік үшін өсетін өсімдіктер, оларды пайдаланудың мүмкіншіліктері. Батыс Қазақстан облысында сәндік үшін өсірілетін ағаштар мен бұталар.
-
Қазақстанның илік заттары (дубильные вещества) өсімдіктері және оларды тиімді пайдалану.
-
Қазақстанның хош иісті (ароматты) және татымды (пряные) өсімдіктері және оларды халық шаруашылығында пайдалану мүмкіншіліктері.
-
Қазақстан флорасындағы жабайы өсетін тағамдық өсімдіктері және оларды шаруашылыққа енгізу. Тағамдық өсімдіктер классификациясы.
-
Қазақстанның техникалық дақылдары. Биоэкологиялық сипаттамасы, өндірісте пайдалануы.
-
Малға азық ретінде пайдаланатын өсімдіктер. Қазақстанның табиғат жағдайына байланысты малға жеуге жарамды өсімдіктердің түрлері.
-
Қазақстанның негізі су биоресурстары. Негізі топтары мен түрлері, таралу аудандары, тиімді пайдалану және қорғау.
-
Қазақстандағы жер бетіндегі омыртқасыздар ресурстарының негізгі топтары мен түрлері, қоры, тиімді пайдалану және қорғау.
-
Құстардың аңшылық кәсіптік түрлері. Негізгі түрлерінің қоры, таралу аудандары, оларды тиімді пайдалану және қорғау.
-
Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын түрлері: ресурстық түрлері, қорлары, тиімді пайдалану және қорғау.
-
Жерсіндіру (акклиматизация) және қайта жерсіндірудің Қазақстан биоресурстары өнімділігін арттырудағы ролі.
-
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи территориялары және олардың түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы ролі.
-
БҚО-ның жануарлар және өсімдіктер жүйесінің көптүрлілігі. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылу қаупі бар түрлері.
-
Жер үсті омыртқасыздары. Өрмекшітәрізділер мен бунақденелілер. Олардан алынатын өнімдер.
-
Қосмекенділер. Негізгі түрлері мен топтар. Негізгі ресурсты түрлерінің қорын тиімді пайдалану және сақтау.
-
Жер үсті омыртқалылары. Бауырымен жорғалаушылар. Тасбақалар. Улы жыландар. Олардан алынатын өнімдер.
-
Сүтқоректілер. Кеміргіштер. Қоянтәрізділер. Жыртқыштар. Ресурстық түрлер. Қорын тімді пайдалану және қорғау.
-
Қазақстандағы кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің топтары.
-
Балық қорларын тиімді пайдалану және қорғау.
Әдебиеттер:
-
Абдрахманов О. Өсімдіктер систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. - Алматы: Ғылым, 2003. – 440 б.
-
Бегімкул Б. Генетика: окулык. - Алматы, 2005. - 387б.
-
Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология: учебник. - М, 2005. - 460с.
-
Бурунбетова, Қ. Қ. Генетика негіздері: оқулық. - Алматы: Дәуір, 2013. - 264 б.
-
Дәуітбаева, К. Ә. Паразитология: оқулық. - Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2011. - 296 б.
-
Догель В.А. Зоология безпозвоночных. – М.: Высшая школа, 1981. (и предыдущие ихдания).
-
Еленевский А.Г.Ботаника. Систематика высших, или наземных растений: учеб. - М, 2006, 2008, 2008. - 464 с.
-
Әметов Ә.Ә. Ботаника: окулық. - Алматы, 2010. - 508 б.
-
Жатқанбаев Ж. Өсімдік физиологиясы: оку қурал. - Алматы, 2006. -184б.
-
Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика: учеб.пособ. - Новосибирск, 2007, 2003. - 479с.
-
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы: оқу құралы / Б. М. Силыбаева [и др.] - Алматы: Print-S, 2012. - 615 б.
-
Иорданский Н.Н.Эволюция жизни: учеб. пособ. - М, 2001. - 432с.
-
Комарницский Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. - М.: Высш.школа, 1975. - 608 с.
-
Коничев А.С.Молекулярная биология:Учеб . - М.: Академия,2005. -400с.
-
Кузнецов В.В. Физиология растений: учебник. - М, 2006 . -742 с.
-
Қазақстан биоресурстары: жануарлар әлемі: оқулық / О. Б. Беркінбай [и др.]; жалпы ред. басқ. О. Беркінбай. - Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. - 564 б.
-
Қалеқенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы: оқулық. - Алматы, 2006. -456 б.
-
Лобашев М.Е. и др. Генетика с основами селекции. – М.: Просвещение, 1970 – 431 с.
-
Натали В.Ф. Зоология безпозвоночных. – М.: Просвещение, 1975. (и предыдущие ихдания).
-
Несіпбаев, Т. Адам және үй жануарлары физиологиясы: оқулық. – Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. – 436 б.
-
Несіпбаев, Т. Жануарлар физиологиясы: оқулық / Т. Несіпбаев. – Алматы: Дәуір, 2012. – 720 б.
-
Нүрышев М. Адам анатомиясы:окулык. -Алматы, 2006. -348б
-
Олжабекова К.Б. Омырткалылар зоологиясы: оку куралы. - Алматы, 2007. - 2 бөлім. - 368б.
-
Олжабекова К.Б. Омырткалылар зоологиясы:оку куралы. -Алматы,2007. -1 бөлім. -400б.
-
Сапин М.Р. Анатомия человека:В 2-х кн.: учеб. пособ. -М,2008. -Кн.1. -304с.
-
Хасанова Г.Б. Антропология: учеб.пособ. - М, 2004. - 240с.
-
Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. – М.: Высшая школа, 1969. – 574 с.
-
Шевченко В.А. Генетика человека: учебник. - М, 2004. - 240 с.
-
Яблоков А.В., Юсуфов A.Г. Эволюционное учение: Учеб. для биол. спец, вузов, 6–e изд., испр. – М.: Высш. шк., 2006. – 310 с.
Кафедра меңгерушісі Б.С. Альжанова
Достарыңызбен бөлісу: |