7 -тақырып Адам философиясы және құндылықтар әлемі

Құндылықтардың көптеген жүйесі мен жіктеу түрлері бар

бет6/7
Дата19.05.2022
өлшемі1.24 Mb.
#457942
1   2   3   4   5   6   7
7 -Тақырып (копия)

Құндылықтардың көптеген жүйесі мен жіктеу түрлері бар

Діни,

философиялық,

моральдық,

эстетикалық және экономикалық түрлерінен өзге,

құқықтық,

әлеуметтік,

мәдени,

саяси,

қаржылық,

экологиялық және тағы басқа түрлері аталады.

Құндылықтарды материалдық және рухани, жеке және ұжымдық, адамзаттық және ұлттық, дәстүрлі және қазіргі заманғы және басқаша да жіктей беруге болады.

Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен ажыратылады.

Батыстың Шығыстан, қаланың даладан, көшпенді қоғамның отырықшы қоғамнан,
Сондай-ақ әрбір ұлттың өзіндік менталитетіне сай айырмашылықтары болады.
Адамзаттың дәстүрлі кезеңінде бағаланған нәрселер мен қазіргі заман құндылықтарының арасында да айырмашылықтар бар. 
  • Құндылықтар жүйесінің бұл көрінісі қалыпқа немесе нормаға айналып кеткен. Ол қалыптарды әлеуметтік құндылықтарға жатқызуға болады, бірақ норма мен құндылық түсініктерінің айырмасы бар. Құндылықтар – бұл абстрактылы жалпы ұғымдар болса, ал қалыптар – адамдардың әр алуан ахуалдарда ұстанатын ережелір мен ұстындары. 

Қазіргі қоғамда қалыптасқан құндылықтардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: денсаулық, отбасы мен туыс жақындар, үй мен материалдық игілік, жұмыспен қамтылу және қанағаттану, қоғамдағы әлеуметтік мәртебе мен жағдай, дін мен рухани құндылықтар, білім алу, шығармашылық, демалыс, еркіндік (таңдау мен сөз еркіндігі т.б.), тұрақтылық және басқалары. 

Қазіргі заман мен қоғамда адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, соған сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, балаларды қорғау, білім мен тəрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану алдыңғы орынға шығып отыр. Сонымен қатар әр алуан ұлттар, діндер мен мәдениеттер өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі үшін өзара түсіністік, сұхбат пен толеранттылық халықаралық ұйымдар тарапынан насихатталуда. Әрине, мұнан басқа да құндылықтар бар. Құндылықтарға қатысты әр адамның әр алуан басымдылықтары болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет