(Осы кезде дауыл, желдің дыбысы шығады,
залға құс ұшып кіріп, хат қалдырып кетеді)
Жүрг: (Таңданып, хатты алады, онда күзгі орман, шақыру билеті бейнеленген) Балалар мынау не? Оны неге әкеліпті. (проблемалық жағдаяттан балаларға шығу амалын тапқызу, суретті талдау)
Балалар жауабы: Шақыру билеті ғой, мүмкін бізді қонаққа шақырған шығар.
Жүрг: Кім шақырған екенін. (пролемены шешу- Күзге баратын болатынын) Ендеше бәріміз жолға шығайық
Жүр бала: Жол қысқарсын, ән салып, би билейік.
Жүрг: Олай болса, мың бұралған қыздарға кезек берейік
Би: «Қолшатыр биі»
(Ортағаға, балалардың артында ширманы қою, орманда Орманшы атаға кестеседі).
Орманшы: (Балалардың алдынан шығып) Сәлеметсіңдерме?Жорытқанда жолдарың болсын, қайда беттыңдар?
Жүр:Сәлеметсізбе ата(балалардың жауабы), бізді «Алтын күз» мерекесіне шақырды.
Жүрг бала: Жол көрсетіп жіберіңізші.
Орманшы: (Екі алақанын бір-біріне ысқылап) Жақсы- жақсы екен. Әрине-әрине жол көретемін.(Ішкі қалтасынан ағаштың жоңқасын шығарып жүргізушіге береді де) міне мынау сендерге көмегім. (Балалар таң қалып қарап тұрғанда, білдіртпей шығып кетеді)
Жүрг: Жоңқаны ары-бері айналдырып ондағы тапсырманы табады..........
Ән: «Алтын астық»
Бала жүрг: Балалар, атаның жеміс-көкөністері араласып кетіпті. Келіңдер көмектесейік
Ойын: «Кім көп жинайды»
Жүрг: (Тағыда жоңқадан жіңішке жіпті көреді де,
жан-жағына қарап, ағаш түбінен оралған жіпті табады) Балалар, біз орманша атаның тапсырмаларын орындадық, ол бізге мына жіпті берді, енді не істейміз. (проблемалық сұрақ)
Бала жүр: (Қуанып) Ұқтым, бұл жіп бізге жол көрсетеді.
Жүр:.(Басын шалқайтып, қолымен көзін қалқалап) Балалар күн бұлттанып,жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты, жаңбыр мен бірге нұр келер.Кәне жаңбыр әнін айтып берейікші.
Ән: «Жаңбыр»
(Әннен кейін залға секіріп бтпақ қыз кіреді)
Батпақ: Тамаша-тамаша, құй жаңбыр-құй.(Балаларды көріп тоқтай қалады да) Мында не қыл деп жүрсіңдер, бар-бар кетіңдер, әйтпесе үстеріңе батпағымды шашамын(қолын көтеріп, шашпақша болады).
Жүр: Балалар мынау кім болды. Бізді көріп ашуланып қалды ғой. (Балалардың жауабы)
Батпақ: (Көзін алайтып, таңдана) Менң танымайсыңдар ма, мен жаңбырдан кейін бүкіл жолжда шалқайып жатамын ғой. Сендердің аяқ киімдеріңе жабысамын.
Жүр бала: (Батпақ қызда айналып жүреді де) түсінбедім, жаңбырдан соң жолда не болушы еді. (Балаларға
сауал қою, балалар батпақ екенін шешпесе, жүргізуші көмекке келеді.)
Батпақ қыз: (Екі қолын беліне таянып). Иә-иә, бұл мен Б А Т П А Қ ҚЫ З Б Ы Н. (кір қолымен балаларды ұстағысы келеді).
Жүр: (Оны тоқтатып) Батпақ қыз, қолың неге кір. (балалардан сұрайды) Балалар кір қолмен жүруге болама, неге болмайды? (Балалардың жауабы)
Бала жүрг: Міне біз қандай баламыз.
Ән: «Өнерпаз баламыз»
Тақпақ:
Би: Ұлдар
Батпақ қыз: (Желкесін ұстап) А-а-а, мұнтаздай таза болып жүру үшін не керек.
Жүрг: Қамықпа Батпақ қаз, (балаларға) Балалар, келіңдер «Керек затты тап» деген ойын ойнайық.
Ойын: «Керек затты тап»
Шарты: Балалар үстел үстіндегі заттар арасынан тек тазалыққа керек заттарды таңдап алулары қажет.
Батпақ қыз: (Қуанып) Енді түсіндім, ал өздерің қайда барасыңдар? (Балалардың жауабы)
Жүр бала: Иә, иә. Бізді Алтын күз өз тойына шақырған.
Жүрг: Батпақ қыз бізбен бірге жүр.
Б/Қ: (шапалақтап қуанып) Алақай-алақай менде тойға барамын. (Үлкен сарайдан Ханшаыйым шығады).
Ханшайым: Тақпақ керек.
Қош келдіңдер қадірлі қонақтар, балғын бүлдіршіндер. Менің елімнің құтты қонақтары болыңдар, төрге шығыңдар. (Балалар амандасады)
Кәне, жапырақтар ортаға шығыңдар шыр айналып билейік
Би: Жапырақ
Жүр бала: Бізде өнерлі баламыз, шырқап әнге саламыз.
Ән: «Кел билейік»
Тақпақтар:...
Ханшайым: (Шапалақтап) Тамаша балалар екенсіңдер, Әнді қалай айтыңдар, биді қалай билейсіңдер.
Б/Қ. (Күзің жанына келіп, құлағына сыбырлаған болып) Олар тіпті өте-өте ақылды, иә-иә.
А-күз: (Жан-жағына қарап) Қой рас па. Кәне, көрейін. (Балаларға) Балапандарым мына батпақ қаз сендерді мақтап болмайды. өздері ақылды, өздері күшті, өздері мықты, өздері сұлу, өздері тағыда тағы..
Бала жүрг: Батпақ қыз дұрыс айтады. Біз өнерлі де ақылдымыз.
А-күз: Онда жұмбағымды шешіңдерші
Жұмбақтар білесің бе?
б)Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Ханшайым: Тамаша,керемет мен сендерге қатты риза болып отырмын. Сендердің байлықтарың- ол білімдерің, жақсы тәрбиелерің мен өнерлерің
Бала жүрг: Балалр келіңдер бәріміз «............» ойынын ойнайық
Ойын:
Жүр: Балалар бізге бақшаға қайтатын уақыт келді (Күзге) Алтын күз сізге көп рахмет, рұқсат болса біз өзіміздің балабақшамызға қайтайық.
Ханшайым: Әрине балалар, сендердің менің сарайымиа келгендерің қандай жақсы болды.Сендерге де рахмет! Сендердің арқаарыңда көңілім бір көтеріліп қалды. Ал мынау менің сыйым(деп алма таратады)
Батпақ қыз: Ал сендер үйлеріңе қалай жетесіңдер.
Алтын күз: Уайымдамаңдар мен өзім жеткіземін(Сыйқырлайды)
Жүрг: Балалар көзімізді жұмайықшы. (Көздерін
ашқанда бақшада болады, Қонақтар білдіртпей шығып кетеді)
Жүрг: Міне біз өз бақшамызға келдік, жүріңдер тойды топта жалғастырайық.