І ерекшелік: Ең басты ерекшелік - Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі және алдыңғы қолданған жаңа технологиялардың( СТО, дамыта оқыту, модульдік оқыту) барлығының осы жаңартылған білім бағдарламасына тоғысуы екенін түсіндім. Шешуін кез - келген мұғалім сабақ беру барысында түсінеді.
ІІ ерекшелігі
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныптарда сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқытуды негіздеу.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларына сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту
Зерттеу пәні: бастауыш сыныптарда сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту үдерісін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. бастауыш сынып оқушыларына сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой – пікірлерді анықтау;
2. бастауыш сынып оқушыларына сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой - пікірлерді айқындау;
3. бастауыш сынып оқушыларына сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту құндылықтарын белгілеу, мүмкіндіктерін қарастыру.
Зерттеу әдістері: педогогикалық, психологиялық, бастауыш әдістемелік, әдеби, әдістемелік нұсқауларға тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.
Курстық жұмыстың құрылымы. кіріспеден, негізгі бөлім екі бөлімнен, үш тармақшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |