Жұмыстың ғылыми тәжірибелік маңыздылығы. Қазіргі сән бығытына сай, кәсіптік киім үлгілерін жобалауда ұлттық мотивтерді қолдану, бұйымның эстетикалық сапасымен, киім пішіні мен сәндік безендірілуінің жаңартылуын қарастыру.
отандық киім өндірісінің ассортиментін ұлғайтып, жаңарту;
классикалық киім пішін құру мен қатар ұлттық киім пішін құру үдерісін өрлету;
жоғарғы оқу орындарындарындағы көркемдік саладағы мамандарды дайындау үрдісін жетілдіріп дамыту.
І ТАРАУ. «КОСТЮМНІҢ ПІШІН ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ»
1.1. Бұйымның композициялық құрылымы
Жалпы костюмнің тарихи және өндірістік деңгейде шығарылатын бұйымдардың пішін құру түрлерінің үрдісі талданды.
Костюмді және т.б. өндіріс заттарын көркемдік жобалау барысында ең негізгі болып пішін құрылымын ерекше атап айтамыз. Себебі ол категориялар ішінде ең бастысы болып есептеледі. Костюм пішіні ол киім бөлшектерінің өзара қарым-қатынасы, композициялық тепе-теңдігінің бірлігі. Пішін бірегейлігі құрылыс шешімінің дұрыс есептелуі, оның заңдылықтарының ұқыпты қадағалануы. Костюм пішіні ол киім бөлшектерінің өзара қарым-қатынасы, композициялық тепе-теңдігінің бірлігі болып табылады және пішіннің бірегейлігі құрылыс шешімінің дұрыс есептелуі, оның заңдылықтарының ұқыпты қадағаланумен шешіледі.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлар, жеңіл өнеркәсіп салаларында қызмет ететін үлгілеушілерге жаңа талаптар қоюда. Кәсіпорын тиімділігі көп жағдайда, өнімнің көркемдік және құрылыстық шешімдеріне тікелей байланысты болып келеді. Тұтыну тауарлары нарығында бәсекелестіктің күшеюіне байланысты, шығармашылық еңбектің тиімділігін көрсетуге талпыныс артты. Ол жаңа шешімдер іздеуді рационалды ұйымдастыратын бірқатар әдістер, тәсілдер және әдістемеліктер жасап, ойлау қабілетін белсендіре, адамның шығармашылық қабілеттерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұйымның композициялық құрылымының байлығын көрсететін киім элементтері, үлкен эстетикалық роль атқарады. Мұның бәрі пластикалық – құрамдық әсер күшін арттыруға негізделген. Осы бөліктердің үйлесімді пластикалық үйлесімді тудыру арқылы бұйымға көркемдік жеңілдік және сәнділік береді. Бұйымның негізгі тұтасын композицияның пішінмен үйлесімі арқылы туындайды. Көркемдік шешім жинақтың стилистикалық бөлігін жинақтайтын көркемдік элементтердің үйлесімді түрлерге негізделген. Мұндағы композициялық шешімнің қанықтығы басты белгі болып табылады. Бұйымдардағы көркем жобалауын ұйымдастыру үшін, бөлшектер пішіндері мен түрлерін көркем өнер шарты түрімен жасап, бұйымдардың композициясының көркемдік сипатын нығайту болып табылады.
Келесіні атап өтсек, пішін – ол тек ұйымдастырылған көлем емес, сондай-ақ шектелген жазықтық, мұнда сызықтар оның әр-түрлі жағдайын қалыптайды – олар: ұлғайю, күштену, сығылу. Бұл тарапты киімді жобалауда эксперименталды бастапқы сатыды деп қарастырамыз. Өйткені киімді нобай жүзінде визуалды қабылдағанда, оынң болшақ бейнесі айқындалады. Кейбір кездерде сызықтадың өздері жақындату немесе алшақтату күшіне ие болады. Сығылу пішіні деп, кескін үйлесімінің конфигурациясы қиын геометриялық пішінге жақын болуы, қисықтықтың екінші не одан да жоғары тәртібімен берілуі. «Күштену» түсінігін киімнің үш ғасырлық дамуын зерттеуде американдық А. Кребер ғалымы қолданған.
«Пішін» түсінігіне жан-жақтан келуге болады:
пішін – ол философиялық дәреже;
пішін – ол белгі (таңба);
пішін – ол нысан (зат);
пішін – ол әрекет нәтижесі.
Кез – келген көркем туынды физикалық және психологиялық тепе-теңдікті талап етеді. Физика тұрғысынан тепе-теңдік – ол дененің күйі, сондай-ақ ықпал еткен күш бір-біріне қайтарылып демеп тұрады. Мұнда әр-бір бөлшек тұрақты күйде болады. Тұрақсыз бөлшек кездейсоқ, уақытша сияқты, сол себепті дәлелсіз, қажетсіз болып көрінеді.
Сондықтан, әр-бір пішіннің өзінің орталық орналасуы және ось симметриясы болуы қажет. Орталық көлем мен бағыт қозғалысын анықтап және де психологиялық тұрғыда пішіннің түсінігін береді.
Сурет 1. Тұрақты күйдегі пішін түсінігі
Достарыңызбен бөлісу: |