7 практикалық сабақ тақырыбы: Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр. Әбілғазы Баһадүрханның (1603–1664) «Шежіре-и түрік»



бет1/2
Дата05.11.2023
өлшемі43 Kb.
#482421
түріСабақ
  1   2
7. ezhelgi zhane hand k dauirdegi adebiet pani boi nsha 7 taps rma


7 практикалық сабақ тақырыбы: Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр. Әбілғазы Баһадүрханның (1603–1664) «Шежіре-и түрік» жешіресі Қадырғали Жалаиридің «Жами-ат тауарих» шежіре кітаптарының идеялық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері. Захириддин Мұхаммед Бабырдың өмірі мен қызметі. «Бабыр-наме» – тарихи шежіресінің көркемдік ерекшеліктері, зерттелуі және аудармалары. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығы. «Тарих-и Рашиди» көркем туындысының композициялық құрылымы, аударма нұсқалары және көркемдік ерекшеліктері


Сабақ жоспары:
1. Әбілғазы Баһадүрханның (1603–1664) «Шежіре-и түрік» жешіресі.
2. Қадырғали Жалаиридің «Жами-ат тауарих» шежіре кітаптары.
3. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығы. «Тарих-и Рашиди» көркем туындысының көркемдік ерекшеліктері.


Сабақтың мақсаты: Студенттердің бейіндік білім алуын жүзеге асыру; болашақ кәсіби іс-әрекетін саналы және жауапты түрде таңдай білуіне жағдай туғызу; дүниежүзіндегі адамзаттық қауымдастықтың қомақты аумағын құрап, өркен жайып отырған түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын бұл шығармалар – ұлтымыздың айнымас куәсі, тарихымыздың терең тамыры болатындығын таныту; студенттерге қазақ халқының ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндардан бастап, төл әдебиетімізге дейінгі аралықтағы әлемдік әдеби асыл мұраларды таныту; студенттердің рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру; студенттерді халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруландыру.
Студентерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: (мына сұрақтар мен тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):
1. Захириддин Мұхаммед Бабыр өмірі мен шығармашылығы. «Бабыр-наме» кітабындағы тарихи оқиғалар, тәрбиелік мәні.
2. «Түрік шежіресі» – бертін келе қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс-тіршілігі, түркі елін басқарған қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы құнды деректері мол шежіре.
3. «Түркі шежіресінің» Шыңғысханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Дешті Қыпшақ, Орта Азия, Таяу Шығыс елдерінде болған түрлі оқиғалар мен әртүрлі мемлекет қайраткерлері жүргізген саясаттың жылнамасы екендігі.
4. «Тарих-и-Рашидидің» зерттеуші, аудармашылары. М.Х.Дулати (1499–1551) – өз дәуірінің ғұлама ғалымы, тарихшы, сөз зергері, ақыны, қоғам қайраткері.


Сызбалар, тапсырмалар және ситуациялар (мына тапсырмаларды жазбаша түрде орындау қажет):
1. «Тарих-и рашиди» шежіресінде негізінен ХІV–ХVІ ғасырлар аралығында Моңғолстан мен Қашқарияда болған тарихи оқиғалар баяндалатыны.
2. «Тари-и-Рашидиде» 15–16 ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғанстан және Үндістанда орын алған маңызды тарихи оқиғалардың көркем тілмен баяндалатыны.
3. Қадырғали Жалаиридің «Жами-ат тауарих» шежіре кітабының идеялық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.
Блиц-тест (сұрақ нөмірін қойып, жанына дұрыс жауаптың әріпін көрсету керек):

1. Фарабидың «Метафизика» кiтабына жоғары баға берген орта ғасырдың ұлы ойшылы.


А) ибн Сина D) ибн-Халликон
В) әл-Байхакий Е) әл-Хорезми С) әл-Кифтий
2. Түркi әдеби тiлi жан-жақты дамып, жетiле түскен кезең.
А) Х-ХII ғ.ғ. С) Х ғ.
В) ҮIII-Х ғ. D) IХ ғ. Е) ХI ғ.
3. «Диуани лұғат ат-түрктiң» авторы
А) Ж.Баласағұн С) М.Қашғари
В) әл-Фараби D) А.Иүгiнеки Е) А.Яссауи
4. М.Қашғари нешiншi ғасырда өмiр сүрген
А) ХI ғ. С) ҮIII ғ.
В) IХ ғ. D) ХIҮ ғ. Е) ХҮ ғ.
5. «Диуани лұғат ат-түрк».
А) дастан С) жыр Е) поэма.
В) сөздiк D) прозалық көркем шығарма
6. «Диуани лұғат ат-түрктi» осман түрiктерiнiң тiлiне тәржiма жасаған ғалым.
А) А.Н.Кононов D) Н.А.Баскаков
В) М.Қашғари Е) С.Муталибов С) Б.Аталай
7. М.Қашғари еңбегiндегi өлең-жырлар мен мақал-мәтелдердi қазақ тiлiне аударған ақын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет