7-сынып Сабақтың тақырыбы: Африка материгінің халқы мен елдері. Сабақтың мақсаты



Дата27.06.2016
өлшемі46.2 Kb.
#160778
ОҚО, ТҮлкібас ауданы, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Набиева Рухия
7-сынып
1.Сабақтың тақырыбы: Африка материгінің халқы мен елдері.

2.Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Оқушыларға Африка материгінің қазіргі халқының саны, нәсілдік, тілдік, ұлттық құрамын, халықтың орташа тығыздығын, елдерінің табиғат жағдайымен халқының құрамына сәйкес топтастыру ерекшеліктерін түсіндіру.

ІІ. Дамытушылық: Оқыту барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.

ІІІ. Тәрбиелік: Отанды қорғау, халықтар достастығын сақтау

3.Сабақтың түрі: Аралас сабақ

4.Сабақтың әдісі: Тренинг ойыны «Миға шабуыл» жасау стратегиясы, ой қозғау стратегиясы, картамен жұмыс істеу, қызығушылықты ояту стратегиясын қолдану.



5. Сабақтың көрнекілігі: Африканың физикалық картасы, Африка материгінің бүктемесі, тірек-сызба кестелері, мультимедиялық диапроектор.

6. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгелдеу

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру:

а)Тренинг ойыны

б) «Миға шабуыл жасау» стратегиясы

в) «Ой қозғау» стратегиясы

г) Картамен жұмыс

д) «Қызығушылықты ояту» стратегиясы

ІII. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Жаңа сабақты бекіту тірек-сызбалар арқылы қорытындылау

V. Үйге тарсырма беру.

VI. Бағалау.



1.Тренинг ойыны. Африкаға қатысты сөздерді айту.

2. «Миға шабуыл» жасау стратегиясы. Африканың зерттелу тарихы

Сұрақ: Африканың табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан қандай саяхатшыларды білесіңдер?

.

3. «Ой қозғау» стратегиясы. Климаттық белдеулері.

Сұрақ: Африка материгіне қандай климаттық белдеулер тән? Әр климаттың белдеуге тән басты ерекшеліктерін атаңдар.




Климат белдеулері

Ерекшеліктері

Экваторлық белдеу

Гвинея шығанағының жағалауы




Орташа температура t +240 +280 С, жауын-шашын 3000мм-ден жоғары, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді.

Субэкваторлық белдеу

Материктің 1/3 бөлігін алып жатыр



Жазда экваторлық, қыста тропик ауа массалары әсер етеді. Жылдық орташа температура 200С, жауын-шашын 2000мм, тропик маңында 250мм

Тропиктік белдеу

Жыл бойында тропик ауа массалары әсер етеді. Жазда орташа температура t +300 +350 С, жауын-шашын 50-150мм

Субтропиктік белдеу: материктің ең қиыр солтүстік пен оңтүстік аймақ қамтиды.

Жазда тропик, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді. Жазда орташа температура t +270 +280 С, жауын-шашын жазық жерлерде 300-500мм, тау беткейлеррінде 1500мм


4. Картамен жұмыс. Ішкі сулары

Африканың негізгі ірі өзендері мен көлдері


5. Қызығушылықты ояту. Табиғат зоналары

Африка материгі қандай табиғат зоналарынан тұрады?

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіннің ерекшеліктері қандай?
6. Жаңа түсініктер:

Африканың халқы мен елдері.

Халқы


Нәсілдері

Тілдері


Халықтың орналсуы

Африка елдері тарихи-географиялық аймаққа топтастыру


Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн.-нан астам. Материк халқының нәсілдік,тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі.Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің де өкілдері кездеседі.

Негізгі нәсілдері: эфиоптар, Еуропалық тектестер, африканерлер, ағылшындар.








Эфиопия таулы қыратын мекендейтін эфиоптар, Еуропалықтар мен негр тектестердің арасынан шыққан өтпелі нәсілге жатады. Ал Мадагаскар аралында тұратын малагасийлер негрлер мен моңғол тектес нәсілдердің араласуынан қалыптасқан.

Еуропалық тектес нәсілге жататын халықтар Африканық Солтүстігі мен Оңтүстігінде тұрады. Осы нәсілге Солтүстік Африканы мекендейтін араб және бербер халықтары. Жерорта теңізі жағалауында тұратын француздар жатады. Ал Оңтүстік Африкада Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары - африканерлер (бурлар) және ағылшындар тұрады.

Әр халық тобына өзіндік тіл тән, жалпы алғанда Африкада 700-ге жуық жергілікті тіл бар. Солтүстігі нер тектес халықтар судан тілінде , Орталық Африка мен Шығыс Африканың кейбір халықтары негізінен араб тілінде сөйлейді, ал, француз тілі өзара қарым-қатынс құралы болып табылады. Ал Оңтүстік Африкада ағылшын тілі жергілікті тілдермен қатар қолданылады.

Негізгі тілі: Судан, француз, банту, араб, ағылшын тілі.



Африканың халықтары.

Африка материгінде халық әркелкі қоныстаған халықтың орташа тығыздығы -1 шаршы км. Жерге 22 адамнан келеді. Ең сирек қоныстанған жері – Сахар сияқты шөл жерлері. Ең тығыз қоныстанған жері –Ніл өзені аңғары, Гвинея шығанағы, Жерорт теңізі жағалауы.














Елдері: Африкада 50-дей мемлекет бар. Африк елдері табиғат жағдайымен халқының құрамына сәйкес 5 тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады.





Шаруашылығының даму дәрежесі жоғары мемлекет

Мұнай мен табиғи газ өндіретін елдер

Қолөнер, сауда, құрылыс ісі, дүниежүзілік мәдениеті дамыған елдер


Даму дәрежесі өте төмен Мешеу елдер

Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР)



Либия, Алжир, Египет


Египет, Эфиопия, Гана

Мали, Нигер,Чад, Эфиопия, Сомали


VІІ. Үйге тарсырма беру.§51. Халқы және елдері. «Африкада болған 1 күндік саяхатым» атты шығарма жазу.



VІІІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет