Сабақ негізделген оқу мақсаты Тоғызыншы қарасөзінің мәтінімен танысу, тәрбиелік мәнін ашу Оқу нәтижелері



Дата04.11.2023
өлшемі19.97 Kb.
#482355
түріСабақ
Абайтану-11-5


Абайтану
«Осы мен өзім – қазақпын» тоғызыншы қарасөзі




Күні

Мұғалім есімі

Сынып 11

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны -

Сабақ негізделген оқу мақсаты



Тоғызыншы қарасөзінің мәтінімен танысу, тәрбиелік мәнін ашу

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

  • Қарасөздің мәтінін толық меңгереді

Оқушылардың басым бөлігі

  • Қазақ ұлтына айтылған сын ескертпелерге талдау жасайды

Кейбір оқушылар

Алдыңғы оқу

Абай шығармашылығын еске түсіру

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс

Басталуы

15 минут


Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Психологиялық дайындық:
Мен жақсы адам боламын.
Әдептілікке,сыйластыққа ұмтыламын
Маған қажет білім. Өмірден өз орнымды табамын.
Сабақтың эпиграфы:  Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
(С.Торайғыров.)
Ой қозғау 1. Бұрын Абай туралы тақырыптарды өткендіктен,сынып оқушылары «Инсерт» стратегиясы арқылы білімдерін қайталайды, жүйелейді,толықтырады.

Білемін

Білдім бүгін сабақта

Білгім келеді




Тоғызыншы сөз
Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді.
Мен өзім тірі болсам да, анық тірі де емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен бе? - еш білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Қайратты күнімде қазақты қиып бөтен жаққа кетпек түгіл, өзін жақсы көріп, үміт етіп жүріппін. Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық кайрат, жалын сөніп те қалған екен. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін. Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде «әттегене-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге.



«Абайтану»


«Абай» журналы
1994 №4,5,8

Ортасы
20 минут

Мәтінмен жұмыс. Ашық сұрақтар:
1.Ұлы ақын тоғызыншы сөзін былай деп бастайды. «Осы мен өзім қазақпын.қазақты жақсы көрем бе,жек көрем бе?» Балалар,өз пікірлеріңді ортаға салыңдар.  
2. «Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты» дегенде Абай не айтқысы келді?
3. «Бір жүрген қуыс кеудемін» деген сөзінің мағынасы неде?
4. Абай неліктен өзіне қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе деген сауал қояды?
5. Сонда Абай қазаққа қандай ой тастап отыр?
6.Осы қарасөзінен қандай тәрбие алуға болады?
7. Қазақ ұлтының бойындағы қандай кертартпалықты тұспалдайды?


Мәтін жазылған үлестірме





Аяқталуы
10 минут
Үйге:

«Сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі.» Бұл пікірден нені түсінеміз? (Жауап жазбаша жазылады)
«Алаң болмау» сөз тіркесінің мағынасы қандай?
1-топқа:
Мәтіннен негізгі тірек сөздерді бөліп алыңдар
2-топқа:
Қазақ ұлтын жақсы көру себептерін жазыңдар
3-топқа:
Қазақ ұлтын жек көру себептерін жазыңдар

«Осы мен өзім қазақпын...» ойтолғау жазу



Қағаз, маркер


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет