7N05000 - Әлеуметтану мамандығы бойынша
(PhD) докторантураға қабылдау емтиханының
СҰРАҚТАРЫ
-
Алғашқы әлеуметтанулық тұжырымдамалар
-
Классикалық шетелдік әлеуметтану
-
XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтану
-
Әлеуметтанудағы әдістемелік стратегиялар
-
Әлеуметтанудың объектісі – азаматтық қоғам
-
Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері
-
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы және категориялары
-
Әлеуметтанудың ұғымдық аппараты
-
Арнайы әлеуметтанулық теориялар
-
Әлеуметтанулық зерттеудің түрлері
-
Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы мен әдістері
-
Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру әдістері
-
Қазақстанның ресурстық әлеуеті (потенциалы)
-
Нарықтың әлеуметтанулық проблемалары
-
Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процесстер
-
Еңбек әлеуметтануының пайда болуының шарттары мен себептері
-
Әлеуметтік-экономикалық резервтер
-
Еңбектің әлеуметтік-тұлғалық резервтері
-
Әлеуметтік құрылым ұғымы
-
Әлеуметтік стратификация және оның өлшемдері (критерийлері)
-
Әлеуметтік мобильдік реттеудің механизмі ретінде
-
Отбасы шағын әлеуметтік топ ретінде
-
Отбасылық роль – адамның қоғамдағы әлеуметтік рөлдерінің бірі
-
Отбасы әлеуметтік институт ретінде
-
Мәдениет әлеуметтанулық зерттеудің пәні ретінде
-
Құндылықтық бағыт-бағдарлар және олардың жүзеге асырылуы мәдениеттің өзегі ретінде
-
Мәдениеттің дамуының этикалық және эстетикалық өлшемдері
-
Саяси әлеуметтендірудің мәні және кезеңдері
-
Саяси мәдениет
-
Ұлттық идея және оның саяси әлеуметтендірудегі рөлі
-
Саяси биліктің типтері мен түрлері
-
Адам мен мемлекеттің өзара әрекетінің формалары мен әдістері
-
Жергілікті өзін-өзі басқару
-
Білім беру әлеуметтануының пәні
-
Білім берудің тиімділігі мен сапасы
-
Білім берудің проблемалары және білім берудің перспективалары
-
Тұлғаның әлеуметтендірілуі ұғымы, мәртебелік теориялары, рольдік теориялары
-
Тұлғаның нормативтік тұжырымдамалары
-
Парадоксалды адам – қазіргі заман феномені
-
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының объектісі, пәні және категориялары
-
Бұқаралық коммуникацияның әлеуметтік-мәдени рөлі
-
БАҚ зерттеулеріндегі классикалық және жаңа әлеуметтанулық әдістер мен техникалар: контент талдау және дискурстық талдау
-
Ауытқыған мінез-құлықтың табиғаты
-
Ауытқыған мінез-құлықтың негізгі топтары
-
Әлеуметтік бақылау және оның әдістері: оқшаулау, алшақтату және ақтау
-
Әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі ретінде
-
Әлеуметтік институттардың Қазақстан қоғамын жаңартуға әсері
-
Қазақстандағы әлеуметтік процестер және олардың ерекшеліктері
-
Халықтың этникалық құрылымы әлеуметтік құрылымның элементі ретінде
-
Қоғамды модернизациялау жағдайындағы орта таптың атқаратын ролі
-
Жаңа топтар мен страттар
-
Әлеуметтену индивидтің әлеуметтік жүйеге ену процесі ретінде
-
Тұлғаның бірінші және екінші сатылы әлеуметтенуі
-
Тұлғаның әлеуметтенуінің объективті және субъективті факторлары
-
Қоғамды зерттеудің жүйелік әдісі
-
Детерминистік көзқарас тұрғысынан қоғамды талдау
-
Функционализм мен индивидуализмдегі қоғам тұжырымдамалары
-
Зерттеудің бағдаламасын теориялық әзірлеу
-
Әлеуметтік ақпарат жинақтау әдістері (іріктеу, құжаттарды талдау, бақылау, сұрау, анкеттеу, сұхбатнамана)
-
Алынған мәліметтерді талдау тәсілдері
-
Қазіргі шетелдік әлеуметтану
-
XIX ғ. мен XX ғасырдың басындағы Ресей әлеуметтануының даму ерекшеліктері
-
Кеңестік дәуірдегі әлеуметтану
-
Қоғамның типологиясы
-
«Әлеуметтік өзгеріс», «әлеуметтік даму», «әлеуметтік прогресс», «жаңғырту» (модернизация) ұғымдары
-
Қазіргі әлемдегі әлеуметтік және мәдени процестердің жаһандануы
-
Әлеуметтік қауымдастық ұғымы және оның алуан түрлілігі
-
Әлеуметтік топтар – әлеуметтік қауымдастықтардың негізгі формасы
-
Этникалық қауымдастықтар. Қазақ ұлтының негізгі белгілері мен қалыптасу кезеңдері
-
Тұлға мен қоғамның өзара қарым-қатынасы
-
Тұлғаның құрылымы
-
Әлеуметтендіру процесінде тұлғаның қалыптасуы
-
Әлеуметтанудың пайда болуының әлеуметтік жағдайлары мен теориялық алғышарттары
-
О.Конт пен Г.Спенсер – алғашқы әлеуметтанушылар
-
АҚШ-тағы әлеуметтанудың негізгі кезеңдері мен бағыттары
Достарыңызбен бөлісу: |