25 слайд. Педагогикадағы әдіснамалық білімнің даму моделі педагогикалық зерттеудегі және оның нәтижелеріндегі пәндік әдіснамалық жобалар қалыптасу үдерісінің мазмұнындағы айырмашылықты білдіреді.
Педагогика үшін әдіснама дамуының көпдеңгейлі жүйелік сипаты маңызды болып табылады.
Енді 26 слайд. Педагогикадағы әдіснамалық білімнің нақты аймағы қандай дейтін болсақ. бұл әдіснамалық білім, педагогқа ғылыми-танымдық қызметтің қандай кезеңдерінде қажет болады деген сұрақ төңірегінде қарастырылады.
Ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, әдіснамалық білім - бұл педагогикалық практиканы зерделеу тәсілдері туралы білім, қажетті эмпирикалық мәліметтер жиынтығы, эмпирикалық мәліметтерден теория құруға, теориялық қағидаларды нақты әдістемелік нұсқаулар тіліне аудару тәсілдері туралы, сәйкес нұсқауларды өзгерту, түрлендіру мақсатында практикаға енгізу тәсілдері туралы барынша ең жоғары сапалы деңгейге ауыстыру туралы білімдер.
27 слайд. Әдіснамалық білімнің бұл түрлері педагогика ғылымының әрекеттік аясында жүзеге асатын негізгі қызметтерімен түсіндірмелік, бейнелеушілік, диагностикалық, жобалаушылық, құрастырушылық және түрлендірушілік қызметтер атқарады. Ғалымдардың пікірлері бойынша, көрсетілген қызметтің әрқайсысын жүзеге асыру іс-әрекет тәсілдері туралы білімдер мен белгілі бір дәрежеде толық қамтамасыз етуді талап етеді.
Мысалы, жобалаушылық қызмет тек қана педагогикалық жобалау объектісі туралы, жобалық зерттеулерді ұйымдастырудың тұғырлары туралы, қажетті жобалау әлеуеті бар әдістер, тәсілдер туралы білім болған жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл білімдердің өздерінің мағынасына қарай әдіснамалық сипаты болады және оларсыз жобалау әрекеті жүзеге асуы мүмкін болмайды.
28 слайд. Тұжырым. Әдіснамалық білімдер қатарына теория негіздері, заңдар мен заңдылықтар, категориялар мен ұғымдар, идеялар, ұстанымдар, постулаттар, ережелер, болжамдар, фактілер мен әдістерді жатқызуға болады. Қазіргі кезде әдіснамалық білімнің мәні, құрылымы, мазмұны және атқарылымдары туралы, оларды алу тәсілдері туралы түсініктерді тереңдету үдеріс жүріп жатқаны байқалады. Ғалымдар педагогикалық әдіснамалық білімнің құрамын анықтай отырып, мынандай топтардың бар екенін көрсетеді:
(педагогикалық практика мен ғылымның әлеуметтік мақсаттары, педагогика білімдері туралы білімдер, педагогика теориясының түсінік қоры, педагогикалық зерттеулер әдістері, педагогикалық жобалау ұстанымдары мен әдістері, ұстанымдары және педагогикалық зерттеулер нәтижесі)
Достарыңызбен бөлісу: |