8-Дәріс. Вулканогенді-шөгінді кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы. Колчеданды кенорнының жаралуы жағдайлары және геологиялық құрылысы



бет2/7
Дата13.02.2022
өлшемі138.5 Kb.
#455315
1   2   3   4   5   6   7
Лекция 8 по Геологии МПИ-к

Кенорындарының типтерi

  • Кенорындарының типтерi
  • Қазiргi кезде вулканогендiк-шөгiндi кенорындар қатарына металл және бейметалл қазбаның көптеген түрлерi жатады. Олардың арасында ең үлкен мәнге мыс, қорғасын мен мырыштың колчедан кенорындары, сондай-ақ темiр мен марганец кенорындары ие.
  • Колчедан типтiлерге рудасы темiр сульфидтерiнен тұратын кенорындар жатады. Олардың минералдық құрамында пирит пен пирротин басым болады, аз мөлшерде марказит, халькопирит, борнит, сфалерит және солғын кендер кездеседi. Бейруда минералдардың мөлшерi аз, олар барит, кварц, карбонаттар мен хлориттен тұрады. Кен жатындарын сыйыстырушы таужыныстар хлориттену өзгерiсiне ұшырайды. Өзгерiс негiзiнен жатынның жатқан қапталында жүредi. Руда денелерi негiзiнен линза, желi, қабат тәрiздi жатындар мен шток, секпiлдiк және желiшiктi белдемдер пiшiндi.
  • Колчедан кенорындарының арасына мынадай типтер бөлiнуi мүмкiн: пирит (күкiртті колчедан), халькопирит-пирит (мысты колчедан), галенит-сфалерит-пирит (полиметалды колчедан) кенорындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет