8 Санама-сызба жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
8.1 Жалпы ережелер
Санама-сызба жұмыстарын орындау – «Электртехника» курсындағы студенттердің негізгі өздік жұмыстарының бірі болып табылады. Оны орындау барысында студенттер есептеудің негізгі әдістері мен электр тізбектері мен электромагниттік өрістерде өтетін физикалық процестер жайында негізгі білім алады.
Тапсырма нұсқасын таңдау студент шифрінің соңғы екі саны бойынша жасалады.
8.2 Санама-сызба жұмысты орындау жүйелігі
№ 1 Санама-сызба жұмысы
Нұсқа номеріне сәйкес келетін және 1.1-1.20 суретте бейнеленген электр сызбасы үшін келесі тапсырманы орындау керек:
Кирхгоф заңдарының негізінде сызбаның барлық тармақтарындағы токтарды өлшеуге арналған теңдеулер жүйесін құру.
Контурлық токтар әдісімен сызбаның барлық тармақтарындағы токтарды анықтау.
Түйіндік потенциалдар әдісімен сызбаның барлық тармақтарындағы токтарды анықтау.
Екі әдіс арқылы алынған өлшеу нәтижелерін кестеге жазып, өзара салыстыру.
Көздердің қуаттарының қосындысын және жүктемелердің қуаттарының қосындысын есептеу арқылы, ток көзі бар сызба үшін қуат балансын жазу.
Эквивалентті генератор әдісімен I1 тогын анықтау.
ЭҚК-ң екеуі де енетін кез келген тұйық контур үшін потенциалдық диаграмма сызу.
Әр нұсқа үшін кедергілердің, ЭҚК-ң, ток көздері токтарының мәндері 1.1 кестесінде берілген.
Нұсқаулар:
1.1 кестеде мәндері берілмеген ток көздерін сызбада көрсетпеу.
п.2 орындау кезінде ток көзін ЭҚК көзіне айналдыру ұсынылады.
п.6-да екі полюстіктің енетін кедергісін анықтау кезінде сызбаның үшбұрыш түріндегі қосылысын жұлдызша қосылысқа түрлендіру ұсынылады
Достарыңызбен бөлісу: |