12.12.2023 8 «Ә» сынып Оразова М.Б
Қазақ тілі мен әдебиеті
8-сынып
№2 Бөлім бойынша жиынтық бағалау (диктант)
Достық пен татулық- таптырмас бақыт. Төлеген Айбергенов «Бір тойым бар» модулі бойынша БЖБ (диктант).
Оқу мақсаттары:
8.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру;
8.5.1.3 етістіктің шартты рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Бағалау критерийі:
1.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіреді;
2. Дәлелді жауап береді;
3.Етістіктің шартты рай қызметін біледі;
4.Ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады;
5.Тыңдалған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады;
6.Сөздер мен сөйлемдерді орфографиялық ережелерге сәйкес жазады;
7.Тыныс белгілерді орынды қолданады.
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіндегі сөйлемдерді орфографиялық нормаға сай қатесіз жаз.
Дос – көңілдің күмбезі
Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан.
Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» дейді. Біреулер мал-дүниең мен қолыңда бар нәрсе қарап, дос болады. Мұндай достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең.
(90 сөз)
1-тапсырма. Мәтіннен шартты райлы етістіктерді тауып,сөйлем құраңыздар.
2-тапсырма. Берілген шартты райлы сөздерді жекеше,көпше түрде жіктеңіздер.
Айт-са,кел-се,төн-се,жаз-са.
Қазақ тілі
8-сынып
№2 Бөлім бойынша жиынтық бағалау (диктант)
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіреді
|
1
|
дәлелді жауап береді
|
1
|
|
|
етістіктің шартты рай қызметін біледі
|
2
|
ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады
|
1
|
тыңдалған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады
|
2
|
сөздер мен сөйлемдерді орфографиялық ережелерге сәйкес жазады
|
2
|
тыныс белгілерді орынды қолданады
|
1
|
Барлығы
|
10 балл
|
Достарыңызбен бөлісу: |