8-сынып. «Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы оқиға немен аяқталады?
А) Байжан Сәрсенбайға «құдай қосқан құдам ғой» - деп, кешірімге кісі жіберді.
В) Ақырғы тіршілігінің минуты жетіп, жапан далада Жамал жан тәсілім қылды.
С) Боранды түні Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып, Жамал талып кетті.
D) Жұман сол жерде тұра сала кеудеге тепкілеп, Жамалды талдырып тастады.
2. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа түсіп, ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын кім?
А) Текебай В) Қабылбек С) Момыш D) Үбиан
3. Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы Тимурдың мінезін анықтаңыз.
А) Темекі тартады, тілінің уы бар, өте өжет, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырағыш
В) Сыпайы, адамгершілігі мол, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді
С) Өте сүйкімді, үйінің кенжесі болғандықтан ерке, өзгелерді өзіне тез баурап алады
D) Тікмінезді, бұрама тілді, бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналасындағыларға қамқор
4. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының эпилогін анықтаңыз.
А) Орнында екен «Жетім көл»,жоғалмапты,
Ортаймапты немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,Қасиетті аққулар оралмапты.
В) Бота көз сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген?
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!
С) «Жетім көлден» су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай-салада?
Қанатынан үзіліп ән-самалы,
Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән?
D) Күркіреп аспан, ойнатты-ау дейсің жасынды,
Сайратты-ау дейсің мелшиген тау мен тасыңды.
Мылқаудың үні, кереңнің құлағы ашылды,
Кешірім сұрап, бәрі де оған бас ұрды.
5. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның шарықтау шегін анықтаңыз.
А) Бала мен ананың шарасыздығы
В) Ананың аққуларды атуы
С) Жетімкөлдің аққусыз қалуы
D) Ауру баланың өлімі
6. Берілген үзінді қай кейіпкерге тән және кімге бағытталып айтылған? Кейіпкерлердің мінезін жіктеп жазыңыз. - Сөйтіп жүрмең құрысын, өз басыңда еркің жоқ, әркімнің қыздырған тіліне еріп, ақырында Жамалдың көз жасына қалып отырмыз. Ата-бабаң істемеген істі қыламын деп, би болғансып, бір жылдың ішінде қане шыққан мүйізің. __________________________________________________________________________
7. Б. Момышұлы сусындаған ұлттық тәрбиенің бүгінгі күндегі көрінісі қандай? ____________________________________________________________________
8. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдаңыз. ___________________________________________________________________
9. Д. Исабековтің «Әпке» драмасының көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз. ___________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
-қай кейіпкерге тән екенін, кімге бағытталып айтылғанын анықтайды;
-шығарманың идеясын анықтайды;
- жазба жұмысының құрылымын сақтап,әдеби эссе жазады
Достарыңызбен бөлісу: |