8 тапсырма Тақырыбы: Отбасындағы қарым-қатынас стилдеріне сипаттама беру. Жоспары: І. Кіріспе бөлім



бет4/4
Дата15.09.2022
өлшемі23.9 Kb.
#460816
1   2   3   4
8 тапсырма

Қорытынды
Балаларды дамытудың тиімді шарты – жақсы көретін отбасының болуы. Жақсы көретін отбасы – бұл балалармен үйлесімді және өзара түсіністікке қол жеткізетін отбасы, бұл жерде балалармен қарым-қатынас жасау – үлкен қуаныш, мұнда оң және жақсылыққа негізделген эмоционалды мәдениет басымдылық танытады. Саналы махаббат баланы қабылдаумен, оған деген оң эмоционалды қарым-қатынаспен сипатталып, саналы талаптар және біріккен іс- әрекеттің кооперациясымен анықталады. Ата-ананың балаға қатыстының барлығына, мейлі ол маңызды емес мәселелер болсын, қызығушылығының шынайы болуы, бала өмірінде не болып жатқандығын біліп отыру – міне осыдан ата-ананың балаға деген махаббаты көрінеді. Махаббаттың негізінде адамгершілік мәдениетін тәрбиелеуге болады: тек махаббат қана жақсы көруді үйрете алады. Қазіргі уақытта ата-аналардың басым бөлігінен тәрбиелеу және баланы дамытуға қатысты жауапкершіліктен шеттелу үрдісі байқалады. Ата-аналар баланың даму кезеңдерінде жас шамасы мен жеке дара ерекшеліктері жайлы білімдерінің жеткіліксіздігінен, кейде соқыр түйсікке сүйеніп тәрбиелеу үдерісін жүргізеді. Ата-ананың бала мүддесі жолындағы іс-әрекеті келесі жағдайларда: егер олар педагогтермен серіктес болғанда, баланы жақсы білуіне, оны түрлі жағдайларда көруіне және ересектерге олардың жеке ерекшеліктерін түсінуіне, олардың қабілеттерін дамытуына, құндылықты өмірлік бағдарлар қалыптастыруына мүмкіндік берген кезде ғана табысты болады.
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас –адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға әрекет жасаудың нұсқасы ретінде әлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан әсер ету үстемділігі мен нәтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақта әсер етеді, көп жылдар бойына жалғасады, байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалды қарым-қатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тәрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасызданыдырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатынын сезінуі туралы айтылады. Отбасы балалар өмір сүретін негізгі орта болып табылады. Отбасылық қарым-қатынас барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесі, сезім мәдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Спицин "Хроника семейного общение " М. 1987.

  2. Мұқанов М.М. «Жас ерекшелік және педагогикалық психология», М., 2006 ж.

  3. Елейсізова С. Қарым-қатынас психологиясы-Алматы.1995.57-65 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет