СоөЖ №10 Қазақстан азаматтық-саяси қарама-қайшылық жылдарында 1



бет1/3
Дата23.05.2023
өлшемі27.68 Kb.
#474124
  1   2   3
СОӨЖ 10 Қазақс-WPS Office


СОӨЖ №10 Қазақстан азаматтық-саяси қарама-қайшылық жылдарында
1.

І Бүкілқазақ съезді
(Күні, жылы, өткен орны)



Көтерілген мәселелер
(тарихи мән-мазмұны)



Нәтижесі

Тарихи маңызы мен рөлі

1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез.

Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
1.Мемлекеттік құрылыс.
2.Қазақ автономиясы.
3.Жер мәселесі.
4.Халық милициясы.
5.Земство.
6.Оқу мәселесі.
7.Сот мәселесі.
8.Дін мәселесі.
9.Әйел мәселесі.
10.Бүкілресейлік құрылтай жиналысы.
11.Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.
12.Қазақ саяси партиясы.
13.Жетісу оқиғасы.
14.Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.



Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті.

Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселелері бойынша қабылданған шешімдері қазақ зиялыларының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ал әйел теңдігі жөнінде «әйелдер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда әйел мен еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті.

ІІ Бүкілқазақ съезді
(Күні, жылы, өткен орны)



Көтерілген мәселелер
(тарихи мән-мазмұны)



Нәтижесі

Тарихи маңызы мен рөлі

1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.

Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
1.Сібір автономиясы;
2.Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
3.Қазақ-қырғыз автономиясы;
4.Милиция туралы;
5.Ұлт кеңесі;
6.Ұлт қазынасы;
7.Мүфтилік мәселесі;
8.Халық соты;
9.Ауылды басқару және
10.азық-түлік мәселесі.



Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды.

Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады


2.

Орнау жолдары

Уақыты

Қалалар

Нәтижесі

Кеңес (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.

1917 ж. 3 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті.
Өз талаптары өтпейтін болғандықтан большевиктерден құралған Халық Комиссарлары Кеңесі Санкт-Петербургте ашылған Құрылтайшылар жиналысын 1918 ж. 5 (18) қаңтарда қуып тарқатып жіберді.
1917 ж. 29 қарашада (12 желтоқсан) құрылған Түркістан автономиясының Қоқандағы Кеңесі мен Үкіметін 1918 ж. 19 22 ақпанда қарулы күшпен талқандады.
1918 ж. 30 сәуірде Ташкентте РКСФР құрамындағы Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Түркістан АКСР-і, Түркреспублика), 1920 ж. 12 қазанда РКСФР құрамындағы Киргиз (Қазақ) автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Қазақ АКСР-і, Кирреспублика) құрылды (1919 жылдан съезге дейін Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет Қазревком жұмыс істеді)
1924 ж. 27 қазанда Түркістан АКСР-і таратылып, қазақ облыстары Қазақ АКСР-іне қосылды. Ол 1936 ж. Қазақ КСР-іне айналды.

1977 ж. КСРО Конституциясы бойынша жетекшілік рөлін заңдастырып алған (6-баб) КОКП мемл. құрылымдарды толығымен билеп, Кеңес үкіметін алмастыруын ашық жүргізді, Кеңес үкіметі нің басқару жүйесі онан әрі тығырыққа тірелді. Кеңес үкіметінің дамыған елдерге қарағанда саяси және экон. жағынан көп артта қалып қоюы басқару жүйесін жетілдіруді талап етті. Осы мақсатта 1986 ж. жариялылық, жеделдету, қайта құру саясатын жүргізе бастау партиялық диктатура мен оған тығыз байлаулы кеңестік жүйені тоқырауға ұшыратты. 1991 ж. КСРО-ның ыдырауына байланысты, орталық Кеңес үкіметі құлады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет