«Есте сақтау мен зейінді дамыту»түзету-дамыту жаттығуларының бағдарламасы. Түсінік хат



бет1/10
Дата07.02.2024
өлшемі70.02 Kb.
#491064
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Есте сақтау мен зейінді дамыту»түзету дамыту жаттығуларының бағдарламасы


«Есте сақтау мен зейінді дамыту»түзету-дамыту жаттығуларының бағдарламасы.
Түсінік хат.
Заманауи мектеп өзінің болашақ оқушыларына жоғары талап қояды. Мектепке дейінгі балалық кезеңде балаларда оқу қызметінің алғышарттары қалыптасады, балалардың есте сақтауы, ойлауы, зейіні, қабылдауы қайта құрылады. Бұл үрдістер еріксіз түрден ерікті түрге айналады.
Көбінесе зейін мен есте сақтаудың даму деңгейі баланың мектепте табысты оқуын анықтайды. Мектепте оқу барысында қажетті ақпаратты есте сақтау мен ерік күшін салып зейінді шоғырландыруды талап ететін тапсырмаларды орындау қажет. Сондықтан мектеп оқушыларының ерікті есте сақтауын, ерікті зейінді және оның жеке құрылымдарын (көлемі, шоғырландыру, ауыстыру, тұрақтылығы) дамыту үлкен маңызға ие.
Баланың мектеп қызметіне толық дайын болуы үшін, баланың ерікті психикалық функцияларын қалыптастыру қажет.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі мақсат: есте сақтаумен зейінді түзету және дамыту.
Бағдарламаның қатысушылары – 6-8 жастағы балалар.
Диагностиканың қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушы-балалар топтарға іріктеледі.
( әдістемелер: “10 сөз”, “10 зат”, “Амалдық есте сақтау”, “Корректуралық байқау”, “Иә және жоқ”, “Графикалық диктант”).
Балалар саны – 6-8.
Жаттығу саны -17, жаттығу ұзақтығы - 25 минут.
Болжанатын нәтиже: берілген бағдарлама бойынша жаттығулар курсын өткен бала зейінің шоғырлануы, ауысуы, тұрақтылығы жоғарылайды;
- бейнелі және сөздік-логикалық есте сақтаудың көлемі ұлғаяды;
- есте сақтаудың тәсілдері қалыптасады;
- мағыналы есте сақтаудың даму деңгейі жоғарылайды;
- тапсырма орындауда дербестілік қалыптасады
Берілген бағдарлама бойынша жұмыстың нәтижесін бағалау кезінде қайта диагностика жүргізіледі.
Жаттығулар мен ойындар қосымша түрінде ұсынылған.
Қосымша 1.
Қосымша 2.
Мазмұны
Сағат саны
1.
1.Топтық жұмыс.
Қабылдауды, есте сақтауды түзету және дамыту:
"Айырмашылығын тап", "Ұшады - ұшпайды" "Иә және жоқ - айтылмайды"
Есте сақтауды түзету және дамыту:
"Сөздер топтамасы", "Суретті есіңде сақта ", "Тыңда бәрін есіңде сақта – сұрақтарға жауап бер"


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет