Жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныстың факторлары:
- жұмыскерлермен өндірілетін тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс көлемі;
- еңбек ресурстарына деген бағалардың деңгейі, яғни жалақы деңгейі;
- өндіріс үдерісіндегі капитал мен еңбектің өзара алмастырылу дәрежесі;
- экономикалық циклдың фазалары;
- елде орын алып отырған экономикалық жағдаят;
- ғылыми-техникалық прогресс;
- жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері.
Жұмыс күшінің ұсынысына әсер ететін факторлар:
- демографиялық факторлар;
- еңбек ресурстарының әртүрлі демографиялық және этникалық топтарының экономикалық белсенділік деңгейі;
- жұмыскерлердің зейнеткерлік жасы;
- еңбекке қабілетті халықтың имиграциясы;
- жұмыскерлерің кәсіби біліктілік дайындығының деңгейі;
- жұмыс күнінің ұзақтылығы;
- кәсіподақтардың жұмыс күшін монополиялық тұрғыдан сатудағы әрекеттері;
- жалақыдан басқа табыс алудың басқа да мүмкіндіктері;
- жұмыс орнын таңдау кезіндегі еңбек жағдайының қолайлылығы.
Жұмыс күші – бұл адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық және ой қабілеттіліктерінің жиынтығы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі.
Жұмыссыздық – бұл еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында тепе-теңдік орын алғанда экономикада толық жұмысбастылық қалыптасады. Бірақ ақпараттың жетілмегендігінен еңбекке қабілетті халықтың белгілі бір бөлігі жұмыс таппай қалады.
Макроэкономикада 16 жастан бастап және одан жоғары жастағы халықты мынадай екі топқа бөліп қарастырады
экономикалық белсенді халық
экономикалық белсенді емес халық
жұмыспен қамтылғандар
жұмыссыздар
(бұлар жұмыс күші құрамына кірмейтін
оқушылар, зейнеткерлер, т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |