9 ғасырдың жартысындағы орыс әдебиет ғылымының ұлттық ерекшелігі мен бай мұрасы



бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі44.97 Kb.
#483280
  1   2
аударма 3-100 (Автосохраненный)


КІРІСПЕ
19 ғасырдың 2 жартысындағы орыс әдебиет ғылымының ұлттық ерекшелігі мен бай мұрасы
Аталмыш еңбектен ертеректе жарыққа шыққан «Орыс әдебиеті ғылымының пайда болуы» атты кітапта ХІХ ғасырдың орта шеніндегі орыс әдебиеттану ғылымының ұлттык ерекшелігінің қалыптасуына әкелген орыс әдеби ойы қозғалысының үлкен тарихи жолы қарастырылған. Осы қалыптасу барысында ерекше рөлді революциялық демократиялық сын атқарды. Сонымен қоса, Ресейдегі барлық негізгі әдеби бағыттардың, соның ішінде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы "жалпы сызықты"(«генеральную линию») анықтаған тарихи принциптерді дамытудағы үлесі де зор болды.
Орыс әдеби ойының өзіндік еркіндігі Ф.И.Буслаевтың еңбектерінде айқын көрініс таба бастады. Ағайынды Гриммдердің мифологиялық ілімдерінің негізгі ережелерімен бөлісе отырып, әсіресе ұлттың гриммдік идеясын жоғары бағалай отырып, Буслаев сонымен бірге шығармашылықтағы жеке принципті жоққа шығармайды, "адамзат шығармашылық данышпандықтың ең жоғары көрінісі халық әндерін жасауда ұрпақтардың жиынтық күштеріне, атап айтқанда жеке данышпандарға қарыз емес...»және мифологиялық теорияның белгілі бір тарихшылдыққа жақын Салыстырмалы тарихи зерттеудің ұтымды, сындарлы элементтерімен тығыз байланыста болған жақтарын дамытуға тырысады. Буслаевтың салыстырмалы мифологиялық әдіснамасындағы ең құнды және мазмұнды түрі ретінде көркем фактілердің тарихи болмысын зерттеуге назар аудару: сюжеттер, жанрлар,
қақтығыстар және т.б. болды. Мұндай акцент, сайып келгенде, ғалымды әртүрлі ұлттардың әдебиет құбылыстарының генезисінің бірегейлігі туралы терең тұжырымдарға әкелген болатын. Ал, бұл өз кезігінде ғалымның көне орыс әдебиетін зерттеуіне де әсірін тигізді. Буслаевтың бұл саладағы жұмыстары әлі де алаңдаушылық, тарихтан тыс мифологияның іздерін алып жүрсе де, оларда көне орыс әдебиетінің ұлттық ерекшелігінің көптеген белгілері анықталған. Буслаевтың шәкірттері мен ізбасарлары, оның ішінде А.Н.Афанасьев, О.М.Миллер, А.А.Котляревскидің еңбектерінде мифологиялық мектеп халық әдебиеті мен көне орыс әдебиетін зерттеуде біршама жетістіктерге жеткен болатын.
19 ғасырдың екінші жартысында Ресейдегі ең маңызды мектеп ретінде, мәдени-тарихи мектеп саналды, бұл мектеп ең алдымен А.Н.Пыпин мен Н.С.Тихонравов атымен байланысты. Бұл мектеп өкілдері жазушылардың көркем мұрасын олардың дәуірі контекстінде, оның рухани мәдениетінің алуан түрлілігінде біртұтас зерттеу идеясын қолдады. А.Н.Пыпиннің еңбектерінде әдебиет тарихын зерттеудің жаңа әдіснамалық тәсілі белгіленеді, оны замандастары да өзі де «әлеуметтік-тарихи» деп атады. Бұл тәсіл ,ең алдымен, "әдебиеттің өмір сүру жағдайларын, әлеуметтік жағдайды, оның нақты (көбінесе мүмкін емес, анық айтылмаған) мағынасын"қабылдауды көздеді.
Ал, Тиханравов болса, Әдебиеттану ғылымына дереккөздерді зерттеудің тарихи-сыни әдісі дегенді енгізіп, ақынның, жазушының қолымен жазылған және жарияланған ғана емес, сонымен қатар жобаларды, нұсқаларды, хаттарды зерттеу қажеттілігін айқын көрсетеді. Бұл тұжырым,Тиханравовтың ойынша,әдебиет тарихшысына жазушының іс-әрекетінің шын мәнін анықтауға "берік негіз" бере отырып, біржақтылықтан аулақ болуға көмектеседі.
Айта кету керек, Орыс мәдени-тарихи мектебінің бастауы тек И.Теннің позитивизміне ғана байланысты емес, оларды В.Г.Белинскийдің теориялық және әдеби идеялары да өзек болды.
Орыс әдебиет ғылымына мифологиялық және мәдени-тарихи мектептердің өкілдері енгізген барлық жаңалықтарды ескере отырып, сондай-ақ Батыста кең таралған әдебиет дамуының "эволюциялық" теорияларына өз түзетулерін енгізе отырып, Ресейде,орыс әдебиетінде, салыстырмалы тарихи әдебиеттану мектебі пайда болып, қалыптасты оның көрнекті өкілі Александр Веселовский болды. Ол әдебиетті тарихи зерттеудің шынайы әдісі тек әдеби құбылыстар арасындағы байланыстарды ғана емес, сонымен қатар әдеби емес жағдайлардың әдеби процесіне әсер ету жолдарын қамтиды деп сенді. Веселовский өмірлік дамудың физиологиялық детерминизм идеяларын жоққа шығармай, табиғи тарих заңдарын тарихи процестің тым "алыс негізі" деп санайды. Бұл тұрғыда орыс ғалымы Бенфей типіндегі батыс еуропалық "эволюционистерден" ерекшеленеді.
XIX ғасырдағы орыс әдебиеттануын сипаттай отырып, П. Сакулин Тихонравов, Пыпин және Александр Веселовскийді "ғылыми реализмнің өкілдері"деп атады.
Бұл аталмыш еңбекте қарастырылатын кезең әдебиеттанушылардың өз ғылымының жалпы принциптерін анықтауға деген белсенді ұмтылысымен сипатталады. ХІХ ғасырдың соңына таман шығармалардың кең түрдегі әдіснамалық жинағы қалыптасты, осы жинақтың бастаушысы ретінде Александр Веселовскийдің "Әдебиет тарихының ғылым ретіндегі әдісі мен міндеттері туралы"(«О методе и задачах истории литературы как науки») (1870ж). Ал, сол жылдары зерттеу мен қажетті материалды ұсынудың негізгі қағидалары ашылып көрсетілген әдіснамалық кіріспесіз әдебиет тарихы төңірегінде бірде-бір маңызды еңбектер де шықпаған.
Жалпы, көріп отырғанымыздай, XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс әдеби ойы әртүрлі ағымдар мен мектептермен ұсынылған, марксистік әдебиет ғылымы қандай да бір түрде қолданған ғылыми бай мұрасын құрады.
Бұл еңбекте жинақталған материалдың бәрі дерлік орыс әдебиеті ғылымының ұлттық ерекшелігін, оның көркемдік дамуын, жалпы тарихи-әдеби қозғалыстың, жазушының жеке шығармашылығының және жеке көркемдік құбылыстың алуан түрлі мәселелерін шешуге қосқан жан-жақты үлесін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет