Практикалық сабақ: Әзірбайжан әдебиеті
Орындаған: Ысқақ Әсел
Әзірбайжан әдебиеті халықтар әдебиеттерінің ішіндегі ежелгі әдебиеттердің бірі болып саналады. Оның бастаулары- өзінің сан ғасырлық дамуында тығыз байланысқан халық ауыз әдебиетінде.
Тарихи көздерден біздің дәуірімізге дейінгі IV-VII ғғ. Албанияда жазу әліппесі болғандығы және поэзияның дамығаны белгілі. VIIғ. Әзірбайжан құлдармен жаулап алынды және елде әдеби тіл араб тілі болды. Араб тарихшыларының жұмыстарында әзірбайжан жазушылары осы тілде едәуір шығармалар қатарын құрғандығы туралы мәліметтер бар. Осы күнге дейін тек қана ақындар Хатиба Тебризи мен Катрана Тебризидің шығармалары ғана жеткен.
Араб тіліндегі жазба әдебиетпен қатар әзірбайжан әдебиетінде ауызша халық шығармашылығы дамыды.
Көптеген поэмалар мен лирикалық өлеңдердің авторы, өз шығармашылығында заманының ең прогресті идеяларын бейнелеген сол дәуірдің ең ірі ақыны Низами Ганджеви болды. Ол әзірбайжан әдебиетінде романтикалық поэмалар жанрының бастаушысы және Шығыстың көптеген ірі ақындары ізбасарлары болған әдеби мектеп құрды.
Низами және оның замандастары өз туындыларын, сол уақытта Шығыстың көптеген елдерінде әдеби тіл болған парсы тілдерінде жазды.
Ақын Насими әзірбайжан тілінде үлкен өлеңдер жинағын құрған бірінші әзірбайжан лиригі болды. Кейіннен әзірбайжан ақындары өз туындыларын жазу кезінде назарларын жиі-жиі туған тілдеріне аударды. Әдеби әзірбайжан тілінің құрылуы ақын Физули шығармашылығымен тығыз байланысты. Ол араб және парсы тілдерін туған тілге ауыстыру үшін көп қызмет етті.
XVIII ғ. Әзірбайжан Ресейге қосылғаннан кейін, орыс халықтарының алдыңғы қатарлы мәдениеті әзірбайжан мәдениетіне үлкен ықпалын тигізді. Әзірбайжанда XIX ғасырдың реалистік ағартушылық әдебиетінің алғашқы өкілдері А. Бакиханов, Мирза Шафи Вазех, М. Ф. Ахундов және т.б. болды.
XIX соңы мен XX ғғ.басында демократиялық бағыттағы Дж. Мамедкулизаде,
Н. Нариманов, М. А. Сабир және т.б. жазушылардың туындылары пайда болды. Әзірбайжан әдебиетіне жас жазушылар келді, олардың ішінде Самед Вургун, Али Велиев, Мирза Джалал және т.б. бөлініп шықты.
Ашуг әдебиеті дами бастады. Одан әзірбайжан әдебиетінде әр түрлі жанрлар даму алды, революцияға дейінгі әдебиетте тіптен болмаған көптеген романдар пайда болды. Негізін Джафар Джабарлы салған әзірбайжан кеңес драматургиясы айтарлықтай нәтижеге жетті.
Сондай-ақ Әзірбайжанда әдебиеттану мен сынның дамуын атап өту керек. Осы облыста әзірбайжан жазушылары туралы монографиялар, сондай-ақ әдебиет бойынша орта мектеп пен жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар қатарын жазған И. Эфендиев, М. Д. Джафаров, Д. Гаджиев және т.б. әдебиеттанушылар мен сыншылар жұмыс істеді.
Әзербайжан классикалық әдебиетінің негізін қалаған Низами Ганджауи (1141-1209) жылдар аралығында өмір сүрген. Оның әлемге әйгілі «Ескендір-наме», «Қысрау мен Шырын», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жеті ару» еңбектері бар.
«Жеті ару» дастанында ақын мемлекетті қашанда әділ, парасатты, білімді, мейірімді, қарапайым халыққа жаны ашитын адам басқаруы керек идея ұсынады. Дастанның басты каһарманы-Баһрам. Ол Иран елінің патшасы. Баһрам жастық шағын сауық-сайранмен өткізеді де, жасы ұлғайған шағында патша болып ел басқарады.
Келесі көрнекті өкілі Мырза Фатали Ахундов (1812-1876) - әзербайжанның реалистік әдебиеті мен драматургиясының негізін қалаушы қаламгері, ағартушы, ойшыл философы.
М.Ф. Ахуновтың «Мемлекеттің «игі жақсылары» және Ерші Жүсіп туралы хикая» деген шығармасы әзербайжан әдебиетіндегі реалистік прозаның бастамасы болды. Хикаяда өңеші кең, құзғын құлқынды, қара басының қамы үшін өз халқын сатып жіберуге әзір тұрған, қорқақ, әрі зұлым әкімдер-«игі жақсылар» қай заманда да болған.
Әзербайжан мен қазақ халқының тарихи-мәдени байланысына келер болсақ, ол тым әріден басталады. Екі елдің генетик, тамыры мифологиялық, фольклорлық қайнар көзден тарайды. Академик Мамед Атжар айтқандай «тарихи және географиялық жағдайына қарай Шығыс пен Батыстың аралығына орналасқан Әзербайжан ежелден-ақ көптеген елдермен, халықтармен - урарттармен, вавилондықтармен, ассириліктермен, ирандықтармен және басқа елдермен байланыста болды. Сол ерте кездегі саяси, экономикалық және мәдени байланыстары мықты «Отты елдер» Әзербайжанды әлемдік орбитаға, әсіресе шығыс мәдениетіне тартты». Ғалым ежелгі Әзербайжан халықтық-поэтикалық шығармашылығы мен фольклорының көрші шығыс халықтарымен, оның ішінде қазақ халқы поэзиясымен үндесіп жататынын осымен түсіндіреді. Түрік тілдес халықтардың эпик, шығармаларының көпшілігі әр түрлі тілде айтылғанымен олардың мазмұны бір болып келеді. Оған «Алпамыс», «Көрұғлы», «Едіге» т. б. жырларының өзбекте де, азербайжанда да, қазақта да және басқа түркі тілдес халықтарда бар екені дәлел. «Кәмила мен Димна», «Тахир мен Зухра», «Мың бір түн» сияқты жалпы шығысқа тән дастандардың тақырыбы ұқсас, негізгі сюжеттік желісі бір, кей эпизодтары мен кейіпкерлерінің есімдері ұқсас болып келеді. Жалпы түркі тілінің негізін қурайтын мақал-мәтел, өсиет жөнінде айтпағанның өзінде, көптеген түрік тілдес халықтарда әлемге әйгілі «Мың бір түн» сарынымен айтылатын түрлі ертегілер де кездеседі. Географиялық орнының алшақтығына қарамастан Әзербайжан, қазақ халқы мәдениеті мен ғылымы идеялық бағыттастығымен де бір-біріне жақындай түседі. Біртұтас этникалық құрамға енетін жалпы түрік әдебиетінің даралануы жеке ұлттық мәдениеттің құрылуымен аяқталды. Бұл кезеңде әдеби байланыстың жаңа түрі пайда болды. Әзербайжан мен қазақ халқы ақын-жазушыларының шығармашылық байланыстарының ауқымы кең және жиі екені әуелден белгілі. Олардың өзара хат алысулары мен шығармашылық достығы, шығармашылық тәжірибе алмасуы, әр түрлі конференция, симпозиум, съездерге қатысып, кездесуі және басқадай байланыстар екі елдің арақатынасын жақындата түсті. Әзербайжанда қазақ ақындарының, жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойларын атап өту дәстүрге айналған, оларға арналған мереке кеші өткізіледі, мерейтой күніне арналған баяндамалар мен мақалалар жарияланып тұрады. 1954 жылы Абай Құнанбаевтың қайтыс болғанына 50 жыл толуы кеңінен атап өтілді. Республика мерзімді баспасөзінің орталық органдарында («Коммунист», «Адавият веинджесенет» т.б.) Абайдың мерейтойы қарсаңында Әзербайжанның ғалым-зерттеушісі Панах Халиловтың көлемді мақаласы жарияланды. Автор онда қалың оқырманды қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, туған әдебиетіне қосқан ұлан-ғайыр үлесі жөніндегі мол мәліметтермен таныстырады. 1955 жылы Әзербайжанда Абайдың туғанына 110 жыл, 1965 жылы 120 жыл толу тойлары атап өтілді. «Қазақ поэзиясының Күні» атты мақалада Абай поэзиясының басты ерекшеліктері ашып айтылды. Кейінірек, 70-ші жылдары республикалық мерзімді баспасөз беттерінде Абайдың алдағы уақыттағы мерейтойына дайындық жүргізу жөнінде хабарлар жарияланды. Онда салтанатты кеш, кештер, баяндамалар мен оқу конференцияларын өткізу, қазақ ақынының шығармаларының бір томдығын әзірлеу жөнінде айтылған. 1970 жылы Абайдың «Ескендір» (Новруз Гянджали аударған), «Масғұт» (Гасым Гасымзаде аударған), «Әзімнің әңгімесі» (Алекпер Зиятай аударған) мен өлеңдері жинақталған кітабы әзербайжан тілінде жарық көрді. Өлеңдерін республиканың белгілі ақындары С. Рустам, М. Рагим, А. Джамил, М. Дильбаз, А. Бабаев, А. Кюрчайлы, А. Ализаде, И. Тапдыг, Ф. Садыг, М. Араз, А. Зейналл, Р. Зекa, Э. Борчалы т. б. аударған. Ежелгі шығармашылық достық әзербайжан мен қазақ ақындарының байланысын нығайта тусті. Қазақ әдебиеті шығармалары Әзербайжандағы ғылыми-зерттеу жұмысының негізіне айналған. Абай шығармашылығының Шығыс әдебиетіне ықпалы жөнінде профессор А. А. Гаджиевтың «Советтік Шығыс әдебиетіндегі реализм» атты кітабында кең айтылған. «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) шығармашылығы демократиялық поэзияның реализмнен ағартушылық реализмге өту кезеңінің айқын мысалы болып табылады, - деп жазады автор, - оның қоғамдық-ағартушылық және поэтикалық қызметі қазақ қоғамының мәдени дамуындағы алға басқан тарихи қадам еді, ол ауыз әдебиеті поэзиясынан көркем, жазба, жеке авторлық әдебиетке көшудің көш басшысы болды. Бұл сатыға көтерілу үшін Абайға фольклор мен ауыз әдебиетідәстүріне сүйене отырып, Шығыс поэзиясының, XIX ғасырдағы Европа мен орыс әдебиетінің тәжірибесін бойына сіңіру қажет болды». Автор Абайдың орыс, ол арқылы европа мәдениетіне назар аудару арқылы өзінің рухани байлығын молайтқанын да ашып айтады. Күні бүгінге дейін әзербайжан әдебиеті мен қазақ әдебиеті арасындағы өзара рухани байланыс өз жалғасын тауып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |