Абиогенез- жер бетіндегі тіршілік өздігінен пайда болды дегенді мақұлдайтын ілім.
Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі.
Автогамия- 1. қос жынысты жәндіктер мен өсімдіктердің өзін -өзі ұрықтандыруы;
2. төменгі сатыдағы организмдердің бір аналық клеткадағы екі ядросы қосылуынан жана ұрпақтың өсіп-жетілу құбылысы.
Агробиоценоз, агроценоз- ( грек тілінен. agros танап, bios – өмір, koinos – жалпы) – А.ш жерлерде орналасқан мәдени өсімдіктер және егістік мекендеген организм жиынтығы.
Агрономия ( грек тілінен. agros танап және nomos – заң) –өсімдіктерді өсіру, топырақ құнарлығын және өнімді арттыру, а/ш жерлерді тиімді пайдалану жөніндегі ғылымдар комплексі.
Агрофитоценоз (грек тілінен agros танап және фитоценоз) – агротехникалық шаралар негізінде және адаммен күнделікті күтіп баптап қолдан жасалған өсімдіктер қауымы – мал азықтық, дәнді дақылдар егістіктері ( фитоценоз қарандар).
Ағаштар – сабақтары мен тамырлары сүректенген өсімдіктердің тіршілік формасы.
Азотсыз экстрактивті(сығынды) заттар (АЭЗ) – азотсыз органикалық заттар тобы(май мен клетчаткадан басқа) - өсімдік пен малдар организміндегі көмірсудің алмасу заттары. АЭЗ-на қант (глюкоза, фруктоза, сахароза, мальтоза, лактоза), крахмал, инулин, гемицеллюлоза, пектин заттары жатады.
Азықтық өлшем – энергетикалық құндылығы бойынша 1 кг орта сападағы сұлыға тең.
Азықтық өлшемді астықты бидай (Зернокормовая пшеница) – Астыққа жинағанан кейін қайтадан өсіп жаңа өркен қалыптастыратын және мал азығы ретінде қолданатын бидайдың біржылдық түршелері. ХХ-ғасырдың 50-ші жылдары Н.В. Цицинмен бидай мен бидайықты будандастыру арқылы шығарылған.
Ақуыздар, протеиндар – күрделі заттар, молекулалы тізбектер түзе байланысқан мыңдаған, миллиондаған аминді қышқылдарынан құралады. Протеин мөлшері бойынша жем-шөптің сапасын бағалайды. Қорытылытын протеин - мал азығындағы малдар организмімен сіңірілетін % көрсетілген протеин бөлігі. Жем-шөптің сапасына, дайындау мерзімі мен жағдайына, өсімдіктердің өсіп даму кезеңіне, малдар түріне байланысты протеиннің сіңімділігі 40-тан 70 %-ға дейін өзгереді. Ақуыз мал азығы – протеин мөлшері жоғары өсімдіктен жасалған мал азығы. Малдардың протеинмен қамтамасыз ететін негізгі көзі -өсімдіктерден жасалған мал азығы: жасыл балауса, пішен, астық, астық қалдықтары, күнжара, шрот және т.б). Бұршақ тұқымдас дақылдардан дайындаған мал азығы протеинмен өте бай.