9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау 2020-2021 оқу жылы



бет1/3
Дата26.01.2023
өлшемі9.83 Kb.
#468800
түріБағдарламасы
  1   2   3
9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау 2020-2021 оқу жыл-melimde.com


9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау 2020-2021 оқу жылы

9-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫН ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ 2020-2021 оқу жылы



Бағалау мақсаты:
Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖМББС) сәйкес «Алгебра» пәнінен білім алушылардың оқу бағдарламасының кӛлемін меңгеру дәрежесін анықтау.


Оқу бағдарламасымен байланысы:
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жаңартылған білім беру мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптары үшін «Алгебра» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
Оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейі, дағдылары МЖМББС-ның күтілетін нәтижелерімен анықталады.

Критериалды бағалау жүйесімен өзара байланысы:
Қорытынды аттестаттау критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады, осы жүйеге қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.
9-сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (балл қою тапсырмалары мен схемалары) білім басқармалары дайындайды.
Қорытынды аттестаттаудың мазмұны мен күтілетін нәтижелер әрбір пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.
МАТЕМАТИКА (АЛГЕБРА) ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН ЖҰМЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

  • Орындау уақыты 3 сағат (астрономиялық)
    Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады.

    А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырма 1 балмен бағаланады.

    B бөлімі 8-10 қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтардан тұрады. Тапсырмалар 2-8 балл аралығында бағаланады.
    Оқушылар математикалық құралдарды қолдана алады: сызғыш және циркуль.
    Калькуляторды пайдалануға рұқсат етілмейді.


Бағалау міндеттері (БМ)


1-БМ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет